kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физика саба?ында а?паратты? технологияны тиімді пайдалану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?секеге ?абілетті ьілім ке?істігін ??ру?а ба?ыттал?ан ?аза?станды? білім беру реформасыны? басты ма?саттарыны? бірі- инновациялы? технологшиялар?а с?йене отырып, баланы? ойында шы?армашылы?  ойлауды дамыту?а м?мкіндік жасау болып отыр.М?ндай к?рделі міндеттерді шешуде  а?паратты? технологияны пайдалану зор мумкіншілік береді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физика саба?ында а?паратты? технологияны тиімді пайдалану »

«Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

17 орта мектебі» КММ-і

физика және астрономия

пәнінің мұғалімі

Саттыбекова Айжан Аманкуловна



Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану.

Білім беру- оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат- жан- жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-талғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, корытындыға келу, ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу. Ұстаз-мұғалімдер кауымының алдында өте үлкен міндет жүктеледі. Әрбір өскелең жастың ішкі резервін, талант, дарын деп аталатын үлкен бір психиологиялық міндетті тарбиелеу, оқыту жолында мұғалімнің жаңашылдығы, патриоттығы, іскерлік, т.б. касиеттеріне байланысты болды.

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі. Осы мақсаттарды жүзеге асырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Сөйтіп оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруге болады. Өз сабағымда оқушыларды шығармашылық жұмысқа жұмылдыра отырып, іскерлікке баулимын және электронды оқулықты пайдаланамын.

Сондықтан осындай принциптерді басшылыққа ала отырып, ақпаратты жаңа технологиямен оқыту мақсатында төмендег Мемлекеттік білім беру стандартына сүйенсек әр мұғалім зертханалық жұмыстарына міндетті түрде жоспарға сай өткізуі керек. Осыны ескере отырып , физика пәнін интербелсенді тақтамен байланыстыра оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін сабақ үстінде пайдаланып жүрмін, Ондағы мақсатым:

  • оқушылардың пәнге деген кызығушылығын арттыру;

2. оқушылардың шығармашылык белсенділігін көтеру;

3. оқытудың сапасын арттыру;

Пәнге деген қызығушылығын тудырудың бірнеше тәсілдері бар:

- физика пәніне арналған электрондық оқулықтар оқушылардың әр деңгейдегі білімдерін сапалы түрде оқып үйренуге арналған құралдың бірі деп есептеуге болады. Электронды оқулықта барлық тәжірибелер, тарау бойынша тест сұрақтар, өзіндік есептер, зертханалық жұмыстар толықтай қамтылған. Оқушылар электронды оқулықты пайдалана отырып, үлкен ізденіс үстінде жұмыс істеуге, оқуға, дүниені біліп-тануға деген қабілеті шындай түседі. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділігін арттыруда жаңа ақпараттық құралдардың қолданылуы зор рөл атқарады. Оған дәлел болатыны: компьютерлік графиканың объектілері мен дыбыстың жүйелерін, оқушылардың сабақ барысында дисплей экранынан жылдамдықты, қозғалысты, түр-түсін, ұзындық өлшемдерін тез қабылдауына көмегін тигізеді.

- Интербелсенді тақтаны сабақтың барлық кезеңінде пайдалануға болады: жаңа сабақты түсіндірген кезде, сабақты бекіткен уақытта, қайталауда, жүйелеуде және бақылауда. Интербелсенді тақтаны оқушыға әр түрлі жұмыс құралы ретінде, оқыту объектісі ретінде және ұжымдық қарым-қатынас жасау сияқты функцияларын атқарады. Компьютер және ақпараттық технологиялар оқушыны тілдесуге, кең ауқымды ақпарат алуға, нақты пән салаларын түсініп үйренуге, қорытынды жасауға дағдыландырады.

Мұғалім мен оқушы арасында физика сабағында: интеракцияға (оқушылармен тәлімдегі қиындықтармен білім берудің тиімді стратегияларын бақылауды, диагностика жасауға) қолайлы. Оқушылар топқа бөлініп, алдын-ала берілген тапсырмаларды дайындайды. Бұл сабақтарда әр оқушы мұғалім рөлін атқарып, өзінің жұмысын жолдастарының алдында көрсетіп береді.

9 сыныптарда «Алты қалпақ», «Ньютонның ІІ заңы. Күш. (Жигсо әдісі)», «Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу(практикалық жұмыс INSERT әдісі бойынша)” оқытылды.

Рефлексия кезеңін мынадай жұмыстарымен түйіндеу керек. Өзін-өзі сатылап талдау (физика пәнінің 7-11 сынып курсы бойынша «Күш. Күш түрлері», «Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірліктері», «Әртүрлі ортадағы электр тогы»).

Әр тақырыпты оқып болған соң, компьютерлік технологияның көмегімен мынадай міндеттер шешіледі. Оқушының алған білімі білім мониторингісінің кестесіне енгізіледі және оқушының мониторингтік жетістігі электронды журналға тіркеледі. Microsoft Excell де жасалған диаграмма, электронды кестелерде оқушылардың тізімі, күні, уақыты, сағат саны, тақырыптық жоспарға сәйкес реттік нөмірі жазылады. Сол арқылы оқушының нақты білім сапасы мен білім көрсеткішін айқындауға болады.

Қорыта келгенде, сабақта оқытудың жаңа технологиясын, оқушылардың электрондық оқулықтарымен деңгейлік тапсырмаларды және қолданса оқушылардың ойлау қабілеті дамып, сабаққа деген ынтасы артады. Мұндай тәсілдер сабақтың бірсарынды болып өтуінен сақтайды. Білім сапасы артып, оқушының сабақтың жаңа әдіс-тәсілдерінен қорықпай, өзіне деген сенімінің пайда болуына, білімінің нақты, жан-жақты болары сөзсіз. Сондықтан « ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» демекші, жаңа технологияларды пайдалану, интербелсенді тақтада өздігінен жұмыс істеу арқылы оқушының ынтасы, білім сапасы мәнді де, нақты жетілдіруге болатындығына кәміл сенемін.
































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Презентации

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Физика саба?ында а?паратты? технологияны тиімді пайдалану

Автор: Саттыбекова Айжан Аманкуловна

Дата: 18.03.2015

Номер свидетельства: 188645


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства