Физика саба?ында а?паратты? технологияларды ?олдану
Физика саба?ында а?паратты? технологияларды ?олдану
Колледж экономики, бизнеса и права
Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза
Конкурс творческих работ
«Энергия – вчера, сегодня, завтра»
среди учащихся 9-11 классов школ Карагандинской области
Цели и задачи:
Просвещение молодежи в истории развития энергетики, формирование у юных жителей страны экологической культуры и активной жизненной позиции по отношению к глобальным энергетическим проблемам, стоящим перед человечеством.
Развитие интереса школьников к творческой работе, содействие развитию творческого потенциала личности.
Формирование развитой личности через здоровый образ жизни, здорового климата в семье, уважение к истории родного края, патриотических чувств к родине.
Виды конкурсов:
1. Конкурс на лучший коллаж «Экономия энергии в нашем районе, селе, доме».
На Конкурс могут быть представляются графические работы в любой графической программе форматом A4, электронные версии на цифровом носителе с расширением *.jpg, *.bmp, *.gif.
На обороте каждого снимка без нарушения лицевой стороны фотографии указывается имя (полностью), фамилия, год рождения автора, название работы, адрес и номер школы, ФИО и контактный телефон классного руководителя, а также название файла, определяющего фотографию.
Электронные версии без отпечатанных фотог
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Физика саба?ында а?паратты? технологияларды ?олдану »
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АО филиалы
Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
Кафедра: Басқару және білім беру сапасы
Жоба
Тақырыбы: «Орта мектепте информатиканы оқытуды бейіндік даралау»
Тыңдаушылар: Елеусизов А.С. №44 ЖББОМ,
Қарқаралы қаласы
Шокпарова Ш.К. №25 ЖББОМ, Қарағанды қаласы
Тлеубекова А.К. №76ЖББОМ,
Қарағанды қаласы
Жетекші: Ташетова С.С.
Жұмысты өткізу мерзімі: 30.01.2015.
Қарағанды, 2015
Мазмұны
Кірісе 1-3
Негізгі бөлім 4-11
Қорытынды 12
Қолданылған әдебиеттер 13
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Әлемдік тәжірибе XXI ғасырда білім беру жүйесін қарқынды дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Білім беру қоғам дамуының тұжырымдамасын анықтайды. Сонымен қатар білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын айқындау−қоғам талабы. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамассыз ету болып табылады. Бейіндік білім беру – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамассыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады. Бейінді оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру. Бейінді оқыту жалпы оқыту процесінің құрылымын, мазмұны мен ұйымдастырылуын өзгерту арқылы оқушылардың қызығушылығын неғұрлым толық ескеруге, олардың қабілетін дамытуға, жоғары сынып оқушыларына өздерінің кәсіби қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға қатысты ұстанған бағыт-бағдарына сәйкес білім беру үшін жағдай туғызуға мүмкіндік беретін саралау мен даралау құралы болып табылады.
Қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі-бұл құбылмалы әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Мұндай тұлғаға -шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, жақсы дамыған интеллект иесі, жоғары білімді, кәсіби сауатты болу талаптары бірінші кезекте тұрады. Осыған орай, баланың дамуындағы маңызды рөлді мектеп атқарады. Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады. Сонда: «Жеке тұлғаның қалыптасуы-үздіксіз күрделі процесс. Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескеріп, балалар мен жастардың білімге, ғылымға ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу»,- деп атап көрсетіліп, мектеп алдындағы міндеттердің бірі етіп қояды. Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр
оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз
бетінше шешім қабылдау қабілетінің қалыптасуы тиіс.
1
9
Зерттеудің мақсаты: Жалпы білім беретін орта мектептің жоғарғы сатысында бейіндік білім берудің құрылымы мен мазмұнын, енгізілуін негіздеу
Зерттеу нысаны: Бейіндік білім беруді ұйымдастырудың мазмұны мен формасын, мақсатын, міндеттерін ашу және әдістемелік бағыттарын зерттеу
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бейінді оқытудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, Қазақстанда бейінді білім беруді жүзеге асыру үшін әдістемелік ұсыныстар жасалса, онда мектеп оқушыларының қабілетіне, бейіміне, дара ерекшеліктеріне және сұраныстары мен қажеттіліктеріне байланысты толыққанды білім алуына жағдай жасалар еді, өйткені орта мектептің жоғарғы сатысында бейіндік білім беруге, бейіндік және бейіналды оқытудың сабақтастығын, кәсіптік білім алуын қамтамассыз етуге және құзыреттіліктерін қалыптастыруға негіз болар еді.
Зерттеудің қойылған мақсаты мен пәні, жасалынған болжамына сәйкес зерттеудің міндеттері анықталды:
- орта мектептің жоғарғы сатысында бейіндік білім берудің құрылымы мен мазмұнына талдау жасау
- Бейіндік білім беруді жүзеге асырудың күтілетін нәтижелерін анықтау
- Бейінді оқыту құрылымын іске асырудың үлгісін жасау.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007ж), Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» халыққа Жолдау, 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамысының жобасы, білім беру мәселесіне арналған ресми құжаттары.
Зерттеудің әдістері: Жалпы ғылыми әдістер: талдау, жинақтау, қорытынды жасау. Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-теориялық
әдебиеттерді, мектептің оқу-нормативті құжаттарын, тұжырымдамалар мен
оқу жоспарларын талдау; эксперимент жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-Бейінді оқыту ұғымына ғылыми педагогикалық анықтама беріліп, оны
қалыптастырудың теориялық ерекшеліктері ескерілді;
-Бейінді оқытудың мазмұны, әдістемесі, құрылымы, формалары ұсынылды;
- Бейінді оқытуды енгізудің негізгі мақсаты мен міндеті анықталды;
-Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден бағдарлы сараланған білім беру компоненттері ұсынылды;
-Жалпы білім беретін орта мектептердің жоғарғы сатысына бейінді оқыту жүйесінің элективті курстары енгізу эксперимент жүзінде дәлелденді.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы Жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы сараланған білім беру бойынша ұсынылып отырған тұжырымдама мен зерттеуден алынған нәтижелер
2
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
1.Білім мазмұнын бағдарлы саралау жоғары сынып оқушыларының бейімділіктері мен қабілеттерін толығырақ ескеруге оқуларын әрі қарай жалғастыру үшін қажетті біліммен қаруландыруға бағытталған бағдарлы оқытуды жүзеге асырудың құралы мен басты шарты болып табылады.
2.Мектептің жоғары сыныптарына бейіндік оқытуды енгізу қажеттілігі мемлекет пен қоғам тарапынан мектептегі білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптардан, республиканың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуынан туындаған заңды құбылыс болып табылады.
3.Жоғары сыныптарға арналған жаратылыстану пәндерінің мазмұны білім беру стандарттар талаптарын, пәнаралық байланысты, үздіксіздік пен сабақтастықты ескеру арқылы құрылады.
4.Курстарды оқытуда оларға ақпараттық технологияларды кіріктіру арқылы білім беру ортасын құруға басымдық беріледі, оқушылардың оқу материалына қызығушылық танытуы, білім мазмұнының әлеуметтік мәнділігі, білім мазмұнының қолданбалы бағытталғандығы, кәсіпке бағдарлана құрылуы, мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келу өлшемдері қолданбалы курс мазмұнын құрудың негіздері болып табылады.
5.Бейінді оқыту ақпараттық қоғам мен қазіргі заманғы технологиялар жағдайында өмірлік таңдап алған бағдарларын жүзеге асыра алатын,
шығармашылықпен дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
3
Негізгі бөлім
Бейіндік білім беру – оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ететін, оқытудың даралануы мен саралануын жүзеге асыратын
жалпы орта білім беруді аяқтау кезеңі. Бұл оқыту әрекетінің ұйымдастыру жүйесінде жоғарғы сынып оқушыларының қызығушылығы мен талабы, қабілеттері ескерілген жағдайда оқушының танымдық, болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасалады.
Бейіндік білім берудің мақсаты: Оқушының кәсіби бағдары мен өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету, оқушылардың саналы кәсіби таңдауын жүзеге асыруға қажетті ресурстарын құру мүмкіндіктерін туғызу.Бұл мақсатты жүзеге асырудың институтционалдық формалары бейіндік мектеп пен жалпы білім беретін мектептің бейіндік сыныптары болып табылады.
Міндеттері:
- Жалпы білім беруді мектептің түлектердің еңбек нарығына ену процесіне назарын күшейте отырып, әлеуметтік-экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету;
- Оқушылардың таңдаған бейініне қарай жалпы орта білім көлеміндегі жеке пәндерді тереңдетіп оқу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- Мектепте білім беру процесінің вариативтілігі мен тұлғаға бағдарлануын қамтамассыз ету, оқушының білім алу әрекетіне қызығушылығын арттыру;
- Оқушылардың оқытудың ішкі бейіндік курстарын нақты таңдауына және икемді білім алу бағдарламаларын құруына мүмкіндік беру;
- Білім беру мазмұнын жаңғырту және оның әрекеттік компонентін күшейту негізінде білім алу процесінің практикалық бағдарлануын іске асыру;
- Оқушының әлеуметтену мүмкіндігін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, мектеп түлегін жоғары кәсіби білім алуға біршама тиімді даярлау. Бағдарлы оқыту – жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сатысында даярлы оқытуға, оқушының әлеуметіне және мектептің жоғары сатысының орта және жоғарғы кәсіптік білім беру мекемелерімен сабақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі.
4
9
19
Мақсаты. Оқушылардың қабілетіне, бейіміне, дара ерекшеліктеріне және сұраныстары мен қажеттіліктеріне байланысты толыққанды білім алуына жағдай жасау
Міндеттері: 12 жылдық білім беру бағдарламасының жеке пәндерін тереңдетіп оқытуды қамтамассыз ету; оқытуды саралау үшін жағдай жасау; бейіндік және бейіналды оқытудың сабақтастығын, кәсіптік білім алуын қамтамассыз ету.
12 жылдық мектеп құрылымы
Бастауыш мектеп
Орта мектеп
Жоғары мектеп
Бейіндік оқыту құрылымы
Бейіналды оқыту
Бір бейінді
Көп бейінді
Бейіндік оқыту
Бір бейінді
Бейіндік оқыту құрылымы
Мектепішілік бейіндеу
Желілік ұйым
12 жылдық мектептегі оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамассыз ету
Білім мазмұнын іріктеу
Оқу жоспарын құру
Вариативті инвариативті бөлік
Бейіндік пәндер
Қолданбалы курстар
Мемлекеттік білім беру стандарттары
Қосымша білім бағдарламаларымен қамтамассыз ету
Нәтижесі: Әлемдік деңгейге көтерілуге жағдай жасайды; Білім мазмұнының тұлғаға бағытталуы; Білімді ізгілендіру; Әдіснамалық құрамның іргелілігі қамтамассыз етіледі; Оқу жүктемесінің көлемі оңтайландырылады; Оқушы алғашқы кәсіптік білімді меңгереді; жеке тұлғаны дамытуға ықпал етеді; Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту басымдықтары; Оқушы құзыреттілігін қалыптастырады.
Бағдарлы оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың өзіндік білім алу бағдарламаларын құрудың және оны жүзеге асыру, оқушының отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, оқушыларды орта және жоғарғы оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету 5
Бағдарлы оқыту – бұл оқушыны жоғарғы оқу орнына дайындауды орындау. Мемлекет әзірге 2 (жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық) бағытты анықтады. Бұған 12 жылдық оқытуға өткенде технологиялық бағыт қосылады. Бағдарлы оқыту типтері:
- Жеке бағдарлы мектеп – нақты бағдарды жүзеге асырады
- Көп бағдарлы мектеп – бірнеше бағдарлы оқытуды жүзеге асырады
- Жалпы білім беретін мектептер мен лецейлерде бағдарлы білім беру
- Лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде ұйымдастырылуы мүмкін.
Бағдарлы оқытудың негiзгi мiндетi бағдарлардың икемдi жүйесiн жасауға және мектептiң жоғары сатысын бастауыш, орта және жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн мекемелермен үйлестiруге келiп саяды. Сонымен бiрге бағдарлы оқыту жеке тұлғаға бағыттала отырып, мынадай мiндеттердi де шешудi қамтамасыз етуi қажет :
- Жалпы орта бiлiм бағдарламасының жеке пәндерiн тереңдете оқыту ;
- Бiлiм мазмұнын саралауға және әр оқушының жеке бiлiмдiк траекториясын құруға жағдай жасау ;
- Жалпы орта және кәсiби бiлiм арасындағы сабақтастықты, бағдарлы сынып оқушыларын жоғары оқу орнында бiлiмiн жалғастыруға дайындауды қамтамасыз ету.
Бағдарлы сыныптар оқушылардың сұранысы мен олардың нақты мүмкiндiктерi, ата-аналар мен таңдалып алынған бағдар пәндерiн оқытатын мұғалiмдердiң пiкiрлерi, әдiстемелiк бiрлестiк ұсыныстары, болжау мәлiметтерi, тестiлеу нәтижелерi ескерiле отырып құрылады. Ол оқушыларға негiзгi назарды болашақ кәсiби бiлiмнiң таңдалып алынған бағдарының негiзiн құрайтын пәндердi оқуға аударуға мүмкiндiк бередi[10].
Бейіндік мектеп оқу жоспарына сәйкес мыналарды оқу қажет:
- Міндетті базалық пәндер;
- Таңдауы бойынша 4-тен кем емес бейіндік пән;
- Таңдау бойынша 3-тен кем емес элективтік курс;
- “Зерттеу және шығармашылық әрекет негіздері” арнаулы курсының модулі. Сонымен қатар 11-12 сынып оқушыларының аудиториялық оқу жүктемесінің жиыны рұқсат етілетін жүктеменің 36 сағатынан аспауы тиіс[23].
Бейінді оқытудың икемді жүйесі оқу пәндерінің түрлі типтерін қамтиды, олар:
- базалық жалпы білім беретін пәндер;
- бағдарлы пәндер;
- қолданбалы курстар;
- таңдау курстары.
Мұндағы базалық жалпы білім беретін пәндер – барлық бағдарларда оқушылардың бәріне тегіс міндетті. МЖМБС бойынша жаратылыстану-математикалық бағытта оқыту үшін мұндай пәндер саны 9, олар: математика, физика, химия, биология, география, өнер, технология, дене тәрбиесі, АӘД.
6
Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық бағыты үшін базалық жалпы білім беретін пәндер саны 12: ана тілі мен әдебиеті, қазақ/ орыс тілі (мектептің оқыту тіліне байланысты), қазақ/ орыс әдебиеті (мектептің оқыту тіліне байланысты), шетел тілі, дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, қоғамдық білім негіздері, құқықтану негіздері, технология, дене тәрбиесі, АӘД.
Қолданбалы курстар – оқыту бағдарының құрамына кіреді, оған қатысу міндетті, ол мектептік компонент есебінен жүзеге асырылады және екі функция атқарады: негізгі бағдарлы пәндерді оқытуды «қолдайды» және оқытуды ішкі бағдарлы мамандандыру үшін қызмет етеді. Қолданбалы курстар мазмұны бойынша ҰБТ өткізілмейді[16].
Қолданбалы курстарды оқытудың мақсаты: оқытуды даралауға және оқушыны әлеуметтендіруге, болашақ кәсіби іс-әрекет саласын саналы және жауапты түрде таңдауға және дайындауға бағдарлау
Міндеттері:
- оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру;
- курстың практикалық бағыттылығын сақтай отырып, зерделенетін
материалды өмірмен байланыстыру;
- қолданбалы курс бағдарламасының кәсіптік училищелердегі,
колледждердегі және жоғары оқу орындарындағы оқыту мазмұнымен сабақтастығын ескеру;
- жоғары сынып оқушыларының іргелес мамандықтарға ортақ қарапайым біліктіліктерді игеруін қамтамасыз ету.
Арнайы курс бағдарламалары құрылымы:
1.Бағдарламаны құрастырушылардың аты-жөні
2.Таңдалып алынған оқыту бағдарына сәйкес қолданбалы курстың тақырыбын анықтау
3.Бағдарламаның түсінік хатын дайындау:
-курстың мақсаты;
-оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар;
-пәнаралық кіріктіру;
-кәсіпке бағдарлау, оны оқушыларды диагностикалау материалдарына сүйене отырып, таңдауды негіздеу;
-уақыт көлемі, сабақтың жиілігі.
4.Курстың тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген мазмұнын іріктеу.
5.Курсты ұйымдастыру формасын анықтау.
6.Курсты оқытуды аяқтау формасы(реферат, жоба, т.б.).
7.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі.
8.Ұсынылатын әдебиеттер (оқушылар мен мүғалімдерге бөлек көрсетіледі)
Ал таңдау курстары – оқыту бағдарының шеңберінен тыс оқушы компоненті (жеке сабақтар, консультациялар және т.б.) есебінен жүзеге асырылады. Оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары шеңберінде жасалатын оқытудың мүмкін бағдарларының мазмұны мектептің жұмыстық оқу жоспарының
7
вариативті құраушысының қолданбалы курстарын бейнелеуі тиіс. Мысалы, оқытуды бағдарлаудың қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы оқыту бағдарлары:
- лингвистика
- филология
- тарихи-филология
- тарихи-құқықтану
-тарихи-қоғамтану және т.б., ал жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқыту бағдарлары:
- математика
- физика-математика
- математика-экономика
- физика-технология
- биология-химия
- география-биология
- биология-экология
- экология-салауаттану және т.б
Бағдарлы оқытудың тұжырымдамасы білім берудің нәтижеге бағытталған жаңа моделі жағдайындағы мұғалімдердің мақсаттарын, міндеттерін, қызметінің құрылымдық – мазмұндық моделін, бағытын анықтайтын стратегиялық құжат болып табылады. Тұжырымдаманың мақсаты – бағдарлы оқытудың стратегиясы мен даму бағыттарын анықтау.
Міндеттері:
-Қазақстан Республикасындағы жалпы орта білім берудің нақты жағдайын анықтау;
- бағдарлы оқытуды енгізудің әлемдегі белгілі тәжірибелерін зерделеу;
-Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің даму деңгейін тежегіш факторларды айқындау;
Бұндағы а) жағдайда жоғары сынып оқушыларын оқытудың бір ғана бағдары (монопрофилизация) туралы айтуға болады. Бұл кезде барлық 10-11 параллель сыныптар таңдалып алынған бір ғана бағдарлау бағыты бойынша, не жаратылыстану-математикалық, не қоғамдық-гуманитарлық бағдардағы оқыту бағдарламаларымен оқиды.
Ал, ә) жағдайында оқытудың бірнеше бағдары (полипрофилизация) туралы айтылады. Бұл кезде мектептің жоғары сатысындағы 10-11 параллель сыныптардың кейбіреулері қоғамдық-гуманитарлық, ал басқалары жаратылыстану-математикалық бағдардағы оқыту бағдарламалары бойынша оқиды.
Қазақстан жағдайында жалпы білім берудің оңтайлы әрі тиімді құрылымы 4+6+2 болып табылады.
Жалпы орта білім берудің ұсынылып отырған 4+6+2 құрылымы аталған кезеңдерге толығымен сәйкес келеді.
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады.
1 саты – жалпы бастапқы білім беру (1-4 сынып – бастауыш мектеп).
2 саты – жалпы негізгі білім беру (5-10 сынып – негізгі мектеп).
3 саты – жалпы орта білім беру (11-12 сынып – жоғарғы мектеп).
12 жылдық мектептің 2 сатысында бағдарлы дифференциалды оқыту белсенді ендіріледі. Ол негізгі мектептің соңғы екі жылын (9-10 сыныпты) қамтиды және оқушыларды білім алуды колледждерде жалғастыруға дайындауды мақсат етеді.
12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында оқу толығымен тереңдетілген
бағдарлы дифференциациялану арқылы, оның ішінде оқушылардың жеке оқу бағдарламалары негізінде құрылады. 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысында да оқушылардың бейіні мен қабілетін дамыту әртүрлі таңдауы бойынша курстарды (пәндерді) оқу арқылы (бұл курстардың сабақтары жеке немесе топтарда жүргізіледі) қамтамасыз етіледі. Бағдарлы сыныптарда бағдарлы (таңдамалы) курстар енгізіледі.
12 жылдық жалпы орта білім беру үздіксіз білім беру принципін сақтауға қолайлы жағдай жасайды, орта және жоғарғы кәсіптік білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етеді.
Жаратылыстану-математикалық циклдар бағыты үшін төмендегідей:
- арнаулы курстар болуы ықтимал:
- шығармашылық ойлауды дамыту;
- өнертапқыштық мақсаттарды шешу теориясы;
- есептеу жүйесі;
- есептеу техникасы (есептеудің тиімді тәсілдері);
Айқындау курстарында бағдарлы оқытудың мазмұны мен әрекет ерекшеліктері айқын көрініс бергені дұрыс. Мысалы, химия-биологиялық немесе физикалық бағдарда оқушы осы бағдардың теориялық, практикалық және эксперименттік құрамдас бөліктерін меңгеруі қажет. Бұл жерде курстар экспериментальдық практикумдар, ізденіс зертханалары түрінде жүргізілгені тиімді. Мысалы, химиялық эксперимент.
9
Жаратылыстану-математикалық бағдар үшін оқушылардың таңдауына төмендегідей қолданбалы курстарды ұсынуға болады:
- логика;
- дифференциалдық теңдеулер;
- қолданбалы физика;
- радиотехника және электроника негіздері;
- математика және бағдарламалау;
- молекулярлық биология;
- биотехнология т.б.
Қоғамдық-гуманитарлық бағытты қамтамасыз ету талаптары:
-Оқу-тәрбие әдістерін қайта қарау, мектеп пәндерін түйсіктік-ұйымдастырушылық деңгейде құрамдастыру;
- Ұлттық мәдениет, мәдени мұра мәселелерін (дистуттарды, пікірталастарды) сұбхаттасу қарым-қатынасы деңгейінде ұйымдастыру;
-Қоғамдық-гуманитарлық пәндерге қызығушылықты арттыруға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану, сонымен бірге оқу қызметін ұтымды ұйымдастыру;
- Қосымша білім беру пәндерін ендіру.
Мұғалім- пән бойынша
1. «Мемлекеттік Білім беру Стандарты» және «Білім берудің 12-жылдық концепциясы мен сабақ берілетін пән бойынша оқушылардың тәрбиесі мен оқытылуы жүзеге асырылады.
2. Оқушының әлеуметтенуіне және оның кәсіптік бағытталуының қалыптасуына септігін тигізеді.
3. Оқушының жекелеген қабілеттерінің дамуына анықтайды және оған әсер етеді.
4. Таңдау бойынша, қолданбалы курстардың бағдарламаларын жоспарлауда және оларды жүзеге асыру үшін жауапкершілік
артады.
5. Оқыту мен тәрбие берудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін, формаларын қолдану.
6. Өз пәні арқылы жұмысты жүзеге асырады.
7. Бейінді оқытуды енгізу бойынша шараларды қамтамасыз ететін мұғалімдердің жұмысына қатысады
Психолог
Мектепте бейінді оқыту мен дайындықтың нормативтік-құқықтық базасын қамтамасыз ететін заң актілерін дайындауға қатысады.
Бейінді оқытудың дайындық процесін психологиялық тұрғысынан көмекті жүзеге асырады.
Оқушылардың және олардың ата-аналарының сұранысы бойынша жекелеген психодиагностика жүргізеді.
10
. Тұлғаның кәсіптік бағытталған жекелеген диагностикасын жүргізеді
Бейінді оқытуды енгізу бойынша шараларды қамтамасыз ететін мұғалімдердің жұмысына қатысады
Педагог- ұйымдастырушы
1. Оқушылардың әр түрлі бағыт бойынша түрлі қызығушылық категорияларын танытатын өзін-өзі басқаратын органдардың жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады.
2. Сабақтан тыс жұмыс үшін оқушылардың марапаттау жүйесін жүзеге асырады.
3. Бейінді оқытуды енгізу бойынша шараларды қамтамасыз ететін мұғалімдердің жұмысына қатысады.
Күтілетін нәтижелер
- Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесін құру
- Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бағдарлы білім беру жүйесінің оқу-әдістемелік жабдықталуының сапасын арттыру;
- Өз бетінше проблемаларды шешуге қабілетті, құзыретті, мол білімді, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ мамандарын даярлау;
- Болашақ мамандарды оқыту мен олардың болашақ қызметінің тығыз байланысын ізгілендіру мен ізгіліктендіру негізінде қамтамасыз ету;
- Мектеп түлегінің нақты өмірге бейімделу проблемасын шешу.
11
ҚОРЫТЫНДЫ
Мектептің жоғары сыныптарында бейінді оқыту қажеттілігі мемлекет пен қоғам тарапынан мектептегі білім беру жүйесіне қойылып отырған талаптардан, республиканың әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуынан туындаған заңды құбылыс болып табылады. Бүгінгі күнгі мектеп тәжірибесінде бейінді оқыту бірқатар қиындықтармен қабаттасып өтіп келеді, бұл оқу бағдарламаларының ғылыми ақпарат ауқымының арттырылуынан туындап отыр. Оқытудың қоғамыдқ-гуманитарлық және жаратылыстану математикалық бағыттарындағы оқу бағдарламалары мен тұжырымдамалары жасалды. Диссертациялық зерттеуге қойылған міндеттер ұсынылған теориялық болжамды дәлелдейді және келесі қорытындыларды жасауға мүмкіндік береді:
- жасалған зерттеу жұмыстары бейінді білім берудегі оқыту мен тәрбие берудің зор мүмкіндіктерін ашады;
- оқушы әлемдік стандарт деңгейіне сай жоғары сапалы біліммен қамтамассыз етіледі, жан-жақты мәдени, құзыретті тұлға қалыптасады.
өз-өзін тәрбиелей алатын, өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі бар, кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгерген азамат тәрбиеленеді;
өзінің жеке басының мүддесін қоғам мүддесімен үйлестіре алатын тұлға қалыптасады;
шығармашылықпен еңбектенетін қоғамдағы нарықтық бәсекелестікке қабілетті, өзін-өзі толық іске кірістіре алатын, сауатты болашақ маман даярланады.
Жоғары сыныптарды (11-12) бейіндеп оқытуға көшу, жалпы еліміздегі білім беру жүйесінде бар түрлі олқылықтар мен кемшіліктерден арылуға жол ашады, әлемдік білімге зер салып жете білуге, мейліне көңіл аударуға мүмкіндік туғызады деп ойлаймын. Білім берудегі кездесетін олқылықтарды толтыру сияқты мәселелерді зерттеу келешектің ісі болып табылады.
12
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
1. Профильное обучение в школе: опыт, проблемы, перспективы. Материалы республиканского семинара-совещания. Под ред. М.Жадриной. – Алматы, 2005
2. А. Айбаршын. Бағдарлы оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. //Қазақстан мектебі, 2009, №6
4. Бағдарлы сыныптарда қолданбалы курстарды оқыту //Физика және астрономия., 2007, №1., .3-6б.
5. Мектептің жоғары сыныптарында қолданбалы курстарды оқыту
//Профильная школа и профобразование.,2007, №2., 8-11б
6. Н.Дәулетов. «Білім туралы» Заң бейінді білім беруді жетілдіреді: Бейінді білім // Қазақстан мұғалімі.,2007,2 қараша., 6б.
11.Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік базистік оқу жоспары
12. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
13. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности учащихся в учебном прцессе. – Москва.,1986