Білімділік: Электромагниттік толқындардың қасиеті,таралуы, қолданылуы және тарау бойынша негізігі заңдылықтарды оқып үйрену.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу білікті-ліктерін дамыту,есте сақтау, логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
1.Ұйымдастыру бөлімі 2. Блиц- турнир. «Теңге алу» ойыны (сұрақ-жауап). 3.«Арқан тарту» ойыны (ТИ кестесі) 4.Шығармашылық жұмыс. «Радиотолқындар» 5. Тест жұмысын орындау «Сұрақтар сыры» 6.Қорытындылау 7.Оқушылар білімін бағалау 8.Үйге тапсырма
Сабақтың барысы.
Оқытушының кіріспе сөзі.
1862 жылы Максвелл электромагниттік толқындардың бар болуы жөнінде болжам ашты. Оның есептеуінше олардың таралу жылдамдығы жарықтың ауадағы таралу жылдамдығына тең.Г.Герц тәжірибелерінен кейін электромагниттік толқындардың жаңа жиіліктегі түрлері ашыла бастады. Электромагниттік толқындардың әртүрлі диапазондары әртүрлі атауға ие болды,бірақ барлық сәулелердің табиғаты бір және толқын ұзындығымен ерекшеленеді. Электромагниттік толқындар қатары:
Төменгі жиіліктегі толқындар.
Радиотолқындар
Ультра-қысқа толқындар
Инфрақызыл-сәулелер
Көрінетін сәуле шығару
Ультракүлгін сәулелер
Рентген сәулелері
Гамма сәулелері
Электромагниттік өріс
Біз электромагниттік индукция құбылысын оқығанда магнит өрісінің өз-
геру электр өрісінің пайда болуына әкеліп соқтыратынын байқаған едік. 1865
жылы Максвелл осыған кері құбылыстың, яғни электр өрісінің өзгеруі маг –
нит өрісінің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін деген жорамал айтқан бола-
тынды. Кейіннен бұл жорамал дәлелденді. Сонымен, электромагниттік ин –
дукция құбылысы мынадай екі құбылыстан тұрады екен.
1) Кеңістіктің бір нүктедегі магнит өрісі В индукциясының өзгеруі көрші –
лес нүктелерде кернеулігі өзгеріп отыратын құйынды Е электр өрісінің пай –
да болуына әкеліп соқтырады. Электр өрісінің күш сызықтары магнит өрісі-
нің күш сызықтарын орап алады және оның жазықтығына перпендикуляр
орналасады. Құйынды өріс векторлық шамамен сипатталады, оны өріс құйы-
ны немесе өріс роторы деп атайды.
2) Кеңістіктің бір нүктесіндегі электр өрісі Е кернеулігінің өзгеруі көршілес
нүктелерде индукциясы өзгеріп отыратын құйынды В магнит өрісінің пайда
болуына әкеліп соқтырады. Магнит өқрісінің күш сызықтары электр өрісінің
күш сызықтарын орап алады және оның жазықтығына перпендикуляр орна –
ласады.
Электромагниттік толқындардың қасиеті.
1.Электромагниттік толқындар басқа толқындар тәрізді шағылады және сынады.Осы кездегі радиотехникалық құрылғылар арқылы бақылаулар жүргізуге болады.Осы кезде сантиметрлік диапазондағы толқындарды пайдаланған ыңғайлы. Бұл толқындар аса жоғарғы жиілікті арнаулы генераторлар арқылы таратып шығарылады.
2. Электромагниттік толқындар жұтылады.Рупорларды біріне –бірін
қарсы орналастырып, дыбыс зорайтқышты дыбыс жақсы естілетіндей жағдайға келтіріп,рупорлардың арасына диэлектрик денелер қойғанда дыбыстың бәсеңдегені байқалады.
3.Электромагниттік толқындар көлденең толқындар.Е және В вектор-
лары бір- біріне перпендикуляр және олардың жатқан жазықтығы толқынның таралу жылдамдығының v векторына перпендикуляр болып келеді.
Олардың модулдерінің арасында мынадай тәуелділік бар.
=
4.Егер Е және В векторлары толқын жиілігі деп аталатын тұрақты жиілікте
гармониялық тербеліс жасайтын болса, онда электромагниттік тербелістер
монохромат тербелістер деп аталады.
5. Электромагниттік толқындар жолында кездескен кедергілерге қысым
түсіреді.
6. Электомагниттік толқындар интерференцияланады және дифракциялана-ды. Электромагниттік толқынның ұзындығы тербеліс жиілігі u және толқынның ортада таралу жылдамдығы v өзара мынадай тәуелділікте болады.
λ=v / u=v Т немесе λ= с / ụ= сТ
Мұндағы с- электромагниттік толқынның вакуумдағы таралу жылдамдығы.
7. Электромагниттік толқын ағынының тығыздығы I деп ∆t уақытта сәулеге
перпендикуляр ауданы S бет арқылы өтетін электромагниттік энергияның
∆W ауданы мен ∆t уақыттыңкөбейтіндісіне қатынасын айтады.
Электромагниттіктолқындардың көмегімен радиобайланыс, радиохабарлар, радиолокация, ғарыштвқ байланыс және басқалар іске асырылады.
«Теңге алу»ойыны.
Оқушылар екі топқа бөлініп алдын-ала үйден дайындап келген сұрақтарға жауап береді.Теңгелерді көп жинаған топ ұтысқа ие болады.
Теңгедегі сұрақтар:
Толқындар дегеніміз не?
Толқынды сипаттайтын шамаларды ата
Электромагниттік толқындар дегеніміз не?
Максвелл теориасының идеяларын түсіндір.
Электромагниттік толқындарды қалай шығарып аламыз?
Детекторлау және модуляция дегеніміз не?
Арқан тарту ойыны.
Екі топ оқушылары электромагниттік толқындардың пайдасы мен зиянын жан-жақты саралап береді.
Пайдасы
Зияны
Байланыс жүйесінің дамуына
Экономиканың өркендеуіне, халықаралық байланыс және ғарыштық байланыс жүйелерінің артуына
Адамның денсаулығына, ми,бүйрек,асқазан,көз жанары,тыныс алу мүшелеріне,жүрек-тамыр,нерв жүйесіне.
Шығармашылық жұмыс
Топ басшылары шығып алдын-ала дайындалған шығармашылық жұмыстарын қорғайды.Олар өздері дайындаған интернет, оқулық материалдарын, слайдтарды пайдалана отырып,байланыс құралдарының дамуына тоқталып өтеді.Байланыс құралдарының дамуы:
1. Теледидар байланысы
2. Телефон және телеграф байланысы.
3. Жердің жасанды серіктері(спутниктік байланыс)
«Сұрақтар сыры»- тест жұмысын орындау
Барлық оқушыларға тест жұмысы таратылып беріледі.Белгіленген уақыт аяқталған соң көрші отырған оқушылар бір-бірінің сұрақтарын тақтадағы дұрыс жауаптарымен салыстыра отырып тексеріп шығып, тиісті балын көрсетеді.
Тест жұмысы:
Көлденең толқын қандай ортада таралады а)сұйықта б)газда в)қатты денеде
Толқын дегеніміз не? а)синусоидалы траекториямен қозғалатын дененің қозғалысы б)тербелістің кеңістікте таралу процесі в)периодты қозғалыс
Толқын ұзындығы дегеніміз не?
а)бірдей фразада тербелетін жақын екі нүктенің арақашықтығы б)толқын максимумдарының арақашықтығы
в)толқын ойыстарының арақашықтығы
Электромагниттік толқындар дегеніміз не? а)электр және магнит өрістерінің біртұтастығы. б)кеңістікте жарық жылдамдығымен таралатын электромагниттік тербелістер . в)электр зарядының үдемелі қозғалысы.
Электромагниттік толқындарды шығаружәне қабылдау үшін не пайдаланылады? а)жабық тербелмелі контур б)ашық тербелмелі контур в)радиолокаторлар.
Қорытындылау: Сарапшылар әр топтың ұпайын есептеп,әрбір топтың жауаптарына сараптама жасай отырып, жеңімпаздарды анықтайды.Сайысқа жақсы қатысып отырған оқушылар жеке бағаланады.
Үйге тапсырмалар:Оқушылар деңгейіне қарай есептер беріледі.