"Денелерге бір т?зуді? бойымен ?рекет ететін к?штерді ?осу" 7 сынып
"Денелерге бір т?зуді? бойымен ?рекет ететін к?штерді ?осу" 7 сынып
урок по физике 7класс
Саба?ты? ма?саты
1.Білімділік: денелерді? электрлену ??былысын т?сіндіру, денелер мен материя б?лшектеріні? ерекше ?асиеті ретінде электр зарядына аны?тама беру, электр зарядыны? са?талу за?ыны? т?жырымдамасын беру.
2. Дамытушылы?: о?ушыны? ойлау ж?не есте са?тау ?абілеттерін арттыра отырып, ?з беттерімен, шы?армашылы?пен ж?мыс жасай білуге да?дыландыру
Просмотр содержимого документа
«"Денелерге бір т?зуді? бойымен ?рекет ететін к?штерді ?осу" 7 сынып»
«Петровка орта мектебі» ММ
Физика пәнінің мұғалімі:
Толағайқызы Айнұр
04.02.2016
Сынып жұмысы
Үлкенге де сіз дейміз,
Кішіге де сіз дейміз
Салем бердік сіздерге
Құрметпенен біз дейміз!
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Жылуыңа жылу қос
Сабақтың тақырыбы:
Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тең әрекетті күн, бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең ірекен күші, бір түзудің бойымен қарама- қарсы жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекет күші туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар, тест тапсырмаларын, математикалық есептер бере отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей отырып бірін бірін тыңдай білуге, ұжымдасып жұмыс істеуге, бірін- бірін сыйлай білуге, шапшаңдыққа, өз ойларын еркін айтуға тәрбиелеу
Жоспар
I.Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Кім жылдам» ойыны
III. «Қанша тілді білесің?
IV. Жаңа сабақты түсіндіру
V. Есеп эстафетасы
VI. Тәжірибе тағы да тәжірибеVII. «Формулалар әлемі»VIII.Сабақты қорытындылауIХ. Үй тапсырмасын беруХ. БағалауХI. Жүрек лебізі
I топ «Атом»
II топ «Молекула»
II Үй тапсырмасын тексеру.
«Кім жылдам».
Мұнда оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін саралау, толықтыру. Әр топқа 15 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа топқа 1 жұлдызшадан беріліп отырады.
«Атом» тобы
1.Табиғат туралы ғылым?
2.Заттың 3 күйін ата?
3.Бірінші ұстаз?
4.Материя дегеніміз не? Оның неше түрі бар?
5.Табиғатты зерттеудің неше әдісі бар?
6Температура дегеніміз не?
7.Деффузия дегеніміз не?
8.«Физика» сөзіне алғаш орыс тіліне аударған ғалым? (
9.Бір жұмыртқа 5 минутта піседі, ал 6 жұмыртқа неше минутта піседі?
10.Күн қай жақтан шығады?
11.Халықаралық Бірліктер Жүйесінде ұзындықтың өлшем бірлігі?
12.Гипотеза дегеніміз не?
13Қозғалыстың неше түрі бар?
14.Серіпелі деформация дегеніміз не?
15.Күш дегеніміз не?
«Молекула» тобы
1.Аспан денелерін зерттейтін ғылым?
2.Дене дегеніміз не?
3.Тарихта «екінші ұстаз» атанған ғалым?
4.Эксперимент әдісін жазудың неше талабы бар?
5.Броундық қозғалыс дегеніміз не?
6. Температураны өлшейтін құралды қалай атайды? 7.Халықаралық Бірліктер Жүйесінде уақыттың өлшем бірлігі? 8.Егер қара шарфты суға салса не болады?
9.Деформация дегеніміз не?
10.Жылдамдықтың формуласы?
11.Пластикалық деформация дегеніміз?
12.Күштің өлшем бірлігі?
13.Гук заңы?
14.Инерия заңы?
15.Күшті өлшейтін құрал?
Физика ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар
III. «Қанша тілді білесің»
Екі топқа бірдей физикалық жұмбақтар қойылады.
Жұмбақтың жауабын үш тілде айту керек.
Қай топ бірінші көтерсе, ұпай сол топқа беріледі.
Жұмбақтар
1.Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланады күн сайын жарық үшін
2.Жоқ өзіндебас та, қас та, мойында
Ұзындығы жазулы тұр бойында
3.Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды
4.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің
5.Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың
Көлікпен да, жая да
Саралайсың, таңдайсың
6.Көп болса асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың?
7.Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?
8.Жылт- жылт еткен,
Жылғадан өткен.
9.Қайық мініп биікте жолығайық,
Көз көрімде кетеді болып ғайып.
Күш– денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.
Әр түрлі денелердің қозғалыс жылдамдығын бірдей шамаға өзгерту үшін оған әр түрлі күштер түсіруіміз керек .
.
Күш өлшем бірлігі 1 Н .
Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама.
Сызбада күш ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді түрінде беріледі.
Динамометрлер түрлері:
а) мектептік зертханалық динамометр
ә) қол динамометрі
б) тарту динамометрі.
Егер екі күш денеге бір бағытта әрекет ететін болса, онда олардың тең әрекетті күші де солай қарай бағытталады және осы күштер мәндерінің қосындысына тең:
Егер денеге қарама-қарсы бағытталған екі күш әрекет ететін болса, онда олардың тең әрекетті күші көбірек түсірілген күш жағына қарай бағытталады және осы күштердің мәндерінің айырмасына тең:
V. кезең «Есеп эстофетасы»
карточкамен тапсырма
«Атом» тобына
1.Жылдамдығы 0,8 м/сағ ағыспен жүзген кеме қанша уақыт ішінде 16 км жол жүреді?
2.10-ның дәрежелеріне байланысты есептер
3.Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әрекет етеді: F 1 =50H, F 2 =100H, F 3 =150H. Олардың тең әрекет күші неге тең.
«Молекулка» тобына
1.Автобус 9км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта жүп өтеді. Уатытты секудпен өрнекте.
2. 10-ның дәрежелерәне байланысты есептер
3.Денеге бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытта үш күш әрекет етеді: F 2 =100H, F 3 =150H. Олардың тең әрекет күші неге тең.
Тәжірибе тағы да тәжірибе
«Атом» тобына
1.Тарелке, екі жұмыртқа, сызғыш беріледі.
Сұрақ:шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады?
«Молекула» тобына
2. Топқа кілті бар конверт, қайшы, сіреңке беріледі.
Сұрақ:конверт ішіндегі кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады?
«Формулаларәлемі»
Атауы
Белгісі
Формуласы
Халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі
Сабақты қорытындылау
Сұрақ- жауап
- Қандай күштерді тең әрекетті күш дейміз?
- Бір түзудің боймен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әрекет күші неге тең?
- Бір түзудің боймен қарама- қарсы бағытталған екі күштің тең әрекет күші неге тең? Ол күш қай жаққа қарай бағытталады?