Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«“Білгенге маржан” интеллектуальдық сайыс.»
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп
Құрметті : ұстаздар мен сайысқа қатысушы оқушылар! Сіздер бүгін физиканың қызық та, қиын сұрақтарына жауап беріп,күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстың өзінде қаншама физика заңдылықтары жатқандығының куәсі боласыздар.
Табиғатта физикалық құбылыс сансыз көп, сол жайлы оқып білгендеріңді ортаға салып білмейтін біраз құбылыстарды бүгінгі біздің кешімізден яғни физиканың ғажайып әлемінен табасыздар.Физика терең ойлап, көп толғануды, тәжірибе жасап, көз жеткізгенді жақсы көретін пән, асығыстықты, жалқаулықты сүймейді.Ал оқушылар ғылымдардың ғылымы әрбір істі шешуге көмектесуші, қызық та ғажайып әлемге саяхат жасайық!
7 - 10 сынып оқушыларынан құралған сыныпты екі командаға бөліп бірінші командаға – “Білімділер”деп, екінші командаға « Білгіштер » деп ат қойып, әр командаға капитан сайлап алып сайысымызды бастайық.
Сайыстың шарттары:
I – бөлім: Жұмбақтар
II – бөлім: Кім көп біледі.
III - бөлім: Қызықты тәжірибелер.
IV- бөлім. Логикалық сұрақтар.
V - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
VI–бөлім: Ойын “Жер-Теңіз”
1. Тар шеңберді айналып,Тұр құдықта байланып.Қаға берер таңдайды,Әдетінен танбайды2. Қозғалысқа келтіріп,Жылдамдығын береді.Өлшемдерін қарасақ,Ньютонға ол келеді.3. Жоғалмайды ешқашан,Түрлендірсек егер де.Басқа күйге ауысқан,Жұмыс істейді әрқашан.4. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсіңОл жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.5. Жұрттың бәрі соны сүйеді,Бірақ қарағысы келмейді.
5. Жарқылдан соң жаңағы,Суға бөкті бар алап.Көкте түрлі жолақты,Өрнек тұрды ғаламат.6. Күндіз қасыңнан қалмайды.Бірақ ешкім ұстай алмайды.Қорқақ па, қараңғыға бармайды.6.Жалғыз бағыт білері,Бұрғаныңа көнбейді.Жол көрсетіп бередіБірақ өзі көрмейді.7. Алтын теңге кетеді,Күміс теңге келеді.8.Отқа жанбас,Суға батпас.9. Табаныма байладым,Қос таяқпен айдадым.
IІ– бөлім: Кім көп формула біледі.
1.Ауырлық күшінің формуласы.
2. Жылу мөлшері
3.Үйкеліс күші
4.Бұрыштық жылдамдық
5.Серпімділік күші
6.Ток күші
7.Күш моменті
8.Центрге тартқыш үдеу
9.Электр тогының жұмысы
10. Кинетикалық және потенциалдық энергия
11.Тең әрекетті күш
12.Бүкіләлемдік тартылыс заңы
13.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
14.Авагадро тұрақтысы.
15.Математикалық және серіппелі маятник.....
16. Еркін түсу үдеуі....
17.Больцман тұрақтысы....
18.Планк тұрақтысы....
19. Электр заряды....
20.Менделеев-Клапейрон теңдеуі....
IIІ – бөлім: Қызықты тәжірибелер
І топ1. Тәжірибе: Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.2. Үріліп жіпке байланған екі шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатамыз. Не байқалды:Екінші шар жарға жабысады? Қалай? Неге?
ІІ топ3.Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады?
4. Суы бар тарелкенің ішінен тиын салынады. Қолымызды суға батырмай тиынды алу керек.
ІVбөлім
Неліктен су аяқтан дымқыл шұлықты шешу қиын?
Жауабы: Аяқ су болған кезде дымқыл шұлық аяққа жабысады, олардың молекулаларының арасындағы өзара тартылыс күші болады.
Терезенің әйнегін неге екі қабаттан жасайды?
Жауабы: Себебі терезе әйнегінің ортасында ауа болады. Ол жылуды нашар өткізеді. Сондықтан іштегі жылы ауа сыртқа шықпайды,сырттағы суық ішке кірмейді.
Адам жүргенде көлеңкесінен тез жүруі мүмкін бе?
Жауабы: Мүмкін, егер көлеңке қабырғаға түссе және одан оған қозғалу керек. Жарық көзі адамның алдына түсу керек.
Әлсіз өсімдіктің өзі қалайша асфальті жарып өсіп шығады?
Жауабы: Жапырақ пен сабақтың ішкі қысымы жоғары
1 топ.
1.t1=70Cтемпературадағы массасыm2=0,2кг су бар массасыm1=0,1 кг жез калориметргеt3=1270Cтемпературадағы массасыm3=0,1кг денені салады. Осыдан кейін калориметрге Ө=270C-тағы температура орнығады.Дене жасалған материалды меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар.
2-топ
2. Массасы mo=1.5*103кг ракета v=1,2*108м/с жылдамдық алу үшін оған қандай кинетикалық энергия беру қажет?
VI - бөлім. Ойын «Жер - Теңіз »1 - топ «Теңіз»2 - топ «Жер »Сұрақ: Осы екі сөз туралы физика, биология, химия , әдебиет тілдерінде не айта аласыңдар?