Просмотр содержимого документа
«Ауыр ядроларды? б?лінуі. Тізбекті реакция. Ядролы? реакторды? ж?мыс принципі. Атом электр станциялары. »
ФИЗИКА
9 сынып
Сөзжұмбақ «Атом ядросы»
А саны
Заряды жоқ бөлшек
Протондар мен нейтрондардың жалпылама аталуы
Химиялық элементтер кестесін жасаған ғалым
Z саны
Нейтронды ашқан ғалым
Оң зарядты бөлшек
Ядролық физикадағы ұзындық бірлігі
Өлшем бірлігі м.а.б. аталатын шама
- …,- …,- …
9.04.2014 ж.
Ауыр ядролардың бөлінуі. Тізбекті реакция. Ядролық реактордың жұмыс принципі. Атом электр станциялары.
Сабақтың мақсаты:
Атом және ядролық физика саласындағы, оның ішкі энергиясын пайдаланудағы қажетті шарттар мен заңдылықтар туралы оқып үйрену.
Элементар бөлшектердің түрленуі материя қасиеттерінің сарқылмайтындығының дәлелі екендігін айту арқылы философиялық ой салу, дүниетанымын кеңейту.
Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқуға, ізденуге тәрбиелеу.
1938 жылдың 18 желтоқсанында неміс ғалымдары О.Ган мен Ф.Штрассман уран ядроларын нейтрондармен атқылағанда, олардың екі үлкен бөліктерге бөлініп, басқа химиялық элементтерге айналатынын тәжірибе жүзінде ашты.
Ядроларды бөлу деп оны нейтрондармен атқылау арқылы ірі жарықшақтарға ажыратуды атайды.
Ауыр ядролардың тізбекті бөлінуі
Туынды нейтрондардың қатысуымен ядролардың тасқынды жарылуы тізбектіядролық реакциядеп аталады.
Л.Мейтнер, О.Фриш, Я.И.Френкель, Н.Бор, Дж.Уилер
Жылдам нейтрондардың кинетикалық энергиясын азайтып, жылдамдықтарын кеміте алатын материалдардытежегіштер (баяулатқыштар)деп атайды.
Жақсы тежегіштер: графит түріндегі көміртек, су, берилий.
Ауыр ядродағы энергия тек оны бөлгенде ғана босайды.
Жеңіл ядролардағы энергия тек оларды бір ядроға біріктіргенде ғана босайды.
Атомдардың ядроларын бөлетін немесе біріктіретін реакциялар орындалатын қондырғыларды атомдық (ядролық) реакторлар немесе атомдық (ядролық) бомбалар деп аталады.
Ең бірінші қолдан басқарылатын ядролық реактор АҚШ-тың Чикаго қаласының іргесінде Э.Фермидің басшылығымен 1942 ж.2 желтоқсанда іске қосылды.
Екінші реактор, бұдан үш жылдан соң, КСРО-да Москва түбіндегі Серпухов қаласында И.В.Курчатовтың басшылығымен салынды.
1 – басқарушы және апаттық таяқшалар
2 – нейтрон қайтарғыш
3 – графит тежегіштер
4 – қалың болат сауыт және биологиялық бетон қорған
5 – ядролық отынмен толтырылған таяқшалар
6 – жылу тасығыш
Есептер шығару.
Үйге тапсырма.
1. 59, 60 – тақырып.
2. Реферат жазу.
1) Атом бомбасы. Семей полигоны.
2) Ядролық энергетиканы қолдану. Чернобыль АЭС-індегі апат.