"Ж?зді? бірі" атты сыныптан тыс саба? жоспары информатика, математика ж?не физика апталы?ында жаса?ан болатынмын. Б?л сыныптан тыс жоспарында айтыл?ан п?н бойынша с?ра?тар, ?ызы?ты ойындар, бейне с?ра?тар мен логикалы? тапсырмалар кездеседі. ?р тапсырма о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттырады, б?секелестікке алып барады. Саба? сіздерге к?мек береді деп ойлаймын!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 30 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім- патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
Құрметті Ұстаздар, сайысқа келуші көрермендер «Жүздің бірі» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. «Батылдық- балалық шақта шыңдалады» десек, баланы бала ететін тәрбие құралының бірі-ойын екендігі белгілі. Ойын алаңына сайысқа қатысушы топтарды шақырамыз.
1- жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар!
2-жүргізуші: Саламатсыздарма көрермендер мен қатысушы топтар!
1 жүргізуші: Ойынымызды бастамас бұрын әділқазы алқасымен таныс болайық!
«Таныстыру» сайысымыздың 1-ші кезеңі. Әр топ өз командаларымен таныстырып өтсін. Бұл кезең 1-5 ұпай аралығымен бағаланады. Ортаға топтарды шақырамыз. (2 минут)
(Әр топ «Таныстыруды» аяқтаған соң ұпай бағалары сұралады.)
1-жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен – дей отырып, келесі кезең «Көкпар».
2-жүргізуші : Бұл кезеңде үш категория берілген, яғни математика, физика және информатика. Және 10-нан 40-қа дейінгі ұяшықтар бар. Топ бойынша ретімен қалаған ұяшықтарды таңдаймыз. Жауап берілмеген жағдайда, сұрақ қарсы топтарға беріледі.
1-жүргізуші:
Физика
Информатика
Математика
10. Күшті өлшейтін құрал? динамометр
20. Скаляр шама: күш, көлем, үдеу ?Көлем
30. Суретте көрсетілген құралдын аты?электроcкоп
40. Ай бетіндегі ұзындығы 22000см математикалық маятниктің тербеліс периоды қандай болады? Айдағы еркін түсу үдеуі 1,62м/с2.
≈23с
10. лат. informatio — түсіндіру, мазмұндау деген мағына беретін сөз?ақпарат
20. Суретте көрсетілген блок-схема элементі ...әрекеті үшін қолданылады?
амалдар
30. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал?
Компьютер
40. Ақпарат түрлері ?
мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба
10. Ежелгі дәуірдегі грек математигі. Ол математикадан жазылған теориялық алғашқы трактаттың авторы, басты еңбегі – «Негіздер» деп аталады ?Грек математигі Евклид
20. x² + y² = z² ?
Пифагор
30. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады?
Бір пұт
40. 5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек?
Төрт алманың әр қайсысын беске бөлу керек.
2-жүргізуші: Бұл сайыста дұрыс жауап берген ұяшықтардың ғана ұпайларын және қосымша жауап берген ұпайлар есептеліп, бағалау парақшаларына белгіленіп қойылады.
1-жүргізуші: Топ қатысушылары келесі кезең « Қара жәшік» деп аталады. Бұл сайыста бірінші қағаз таңдайсыздар. Қағазда берілген есептің мәніне сәйкес нөмірленген жәшіктерді аласыздар. Қара жәшіктің ішінде берілген затқа байланысты ойларыңызды айтасыздар.
Түрлі-түсті қағаздардағы есептер: (шығаруға 1 мин беріледі)
2-жүргізуші: Құрметті әділ-қазы алқалары топтардың жауаптарына баға берілсе.( әр топтың бағалары айтылады, 1-5 аралығындағы ұпайлар)
1-жүргізуші: Мықты болсаң – алдағыны басып оз, Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе! Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда! Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, - деп келесі сайысымыз 2-жүргізуші:Ендігі кезектегі сайысымыз «Бейне сұрақтар» деп аталады. Бірінші видео көрсетіледі, соған байланысты сұрақ қойылады. Тетікті бірінші басқан топ жауап береді. Дұрыс жауап берілмесе, сұрақ қарсылас топтарға көшеді.
1 видео: Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау туралы айтылды.
Сұрақ: Өткізгіштерді параллель жалғаған кезде түйісетін нүктесін қалай атаймыз және тізбек бөлігіндегі кернеу , жалпы ток күші мен жалпы кедергіні табу формулалары қалай болады? (ойлануға 1мин)
Жауабы: Өткізгіштерді параллель жалғаған кезде түйісетін нүктесін түйін деп атайды.
1-жүргізуші:
2 видео: Параллелограмм
Сұрақ: Параллелограммның қасиеттері?
Жауабы: Қарама – қарсы қабырғалары тең . Қарсы жатқан бұрыштары тең. Диагональдары қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді. Бұрыштарының іргелес біржақты жатқан қабырғаларының қосындысы 180º-қа тең.Диагональдарының квадраттарының қосындысы оның барлық қабырғаларының квадраттарының қосындысына тең.
2-жүргізуші:
3 видео: Компьютер
Сұрақ: Компьютердің негізгі қызметі?
Жауабы: Бастапқы кезеңдерде компьютердің негізгі қызметі-есептеу болса, қазір басқару болып табылады.
1-жүргізуші:
4 видео: Планеталар
Сұрақ: Телескопсыз, жерден көзбен көруге болатын планета?
Жауабы: Юпитер
2-жүргізуші:Айыра біл жақсы менен жаманды Айыра біл, қарындаш пен қаламды. Айыра біл, соқпағын да өмірдің, Айыра біл тапсырмаңды алдағы , - келесі соңғы кезеңіміз «4сурет 1 мағына» деп аталады.
1-жүргізуші:Яғни , қатысушы топтар экранда суреттер беріледі. Сол суретті бір-бірімен байланыстырып құрағанда белгілі бір мағына туады. Бұл кезеңде логикалық ойды қажет етеді.
2-жүргізуші: Ал, бастайық 1 сурет...
Жауаптары: ЕКОЕ, күш, еркін түсу үдеуі, дискриминант, реактивті қозғалыс, көз, геометриялық фигуралар, компьютер, тербелмелі қозғалыс, дыбыс, тұрақты шамалар.
1-жүргізуші: Ең соңғы кезеңіміз де аяқталды. Әділ-қазы алқалары ұпай сандарын шығарып болғанша бәрінізді ортаға биге шақырамыз!
2-жүргізуші: Сөз әділ-қазы алқасында:
1-жүргізуші: Бүгінгі жеңімпаз топты құттықтай отырып, «Жүздің бірі» атты зияткерлік сайысымызды аяқтаймыз! Келесі кездескенше!!)))
Көкпардағы есептер:
40. 5 алманы 5 кісіге тең бөліп беру керек және де себетте бір алма қалу керек?
30. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады.
40. Ай бетіндегі ұзындығы 22000см математикалық маятниктің тербеліс периоды қандай болады? Айдағы еркін түсу үдеуі 1,62м/с2