kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Температура ж?не ?ны ?лшеу.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? жоспары  05

Топ

    1-топ

 3-топ

    5-топ

8-топ

Саба?ты?  ?ткізілетін к?ні

П?н аты:      Физика

Саба?ты? та?ырыбы:  Температура ж?не ?ны ?лшеу.

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік: Температура ж?не ?ны ?лшеу.т?ралы ал?аш?ы т?сініктерні?  ма?саттары мен олар?а  ?ойылатын талаптарды?   ма?ызын т?сіндіру

Т?рбиелік:                    Студенттерді? о?ып отыр?ан п?ніне ы?ыласын,

                                          ?ызы?ушылы?ын арттыру

Дамытушылы?:         Т?жірибиеде теориялы? материалдарды ?олдана білуге, сауатты жауап беруге икемділігін ?йрету

Саба?ты? типі:                Жа?а білім игеру саба?ы.

Саба?ты? т?рлері:                Практикалы?

П?наралы?  байланыс:   Математика.

Саба?ты? к?рнекі ??ралдары:  Кеспе ?а?аздар, плакаттар,о?улы?

Саба?ты? ??рылымы мен мазм?ны.

I.?йымдастыру кезе?і : 

                                           Студенттермен  с?лемдесу.                                                                                                           

                                           Т?гелдеу.

                                           О?ушыларды? зейінін саба??а аудару

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Температура ж?не ?ны ?лшеу. »

Сабақ жоспары 05


Топ

1-топ

3-топ

5-топ

8-топ

Сабақтың өткізілетін күні






Пән аты: Физика

Сабақтың тақырыбы: Температура және өны өлшеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Температура және өны өлшеу.түралы алғашқы түсініктернің мақсаттары мен оларға қойылатын талаптардың маңызын түсіндіру

Тәрбиелік: Студенттердің оқып отырған пәніне ықыласын,

қызығушылығын арттыру

Дамытушылық: Тәжірибиеде теориялық материалдарды қолдана білуге, сауатты жауап беруге икемділігін үйрету

Сабақтың типі: Жаңа білім игеру сабағы.

Сабақтың түрлері: Практикалық

Пәнаралық байланыс: Математика.

Сабақтың көрнекі құралдары: Кеспе қағаздар, плакаттар,оқулық

Сабақтың құрылымы мен мазмұны.

I.Ұйымдастыру кезеңі :

Студенттермен сәлемдесу.

Түгелдеу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:

Студенттердің тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау және оны талқылау

Тексеру әдісі: Сұрақ- жауап, жалпы сұрау арқылы білім деңгейлерін тексеру.

Сұрақтар:

Идеал газ жағдайында Fn нормаль күштiң шамасы келесi өрнекпен анықталады: (1.11) мұнда, n – газ молекуласының концентрациясы (бiрлiк көлемдегi молекулалар саны: n=N/V), m0 - молекула массасы.Бұл қатынастың қорытындысы. Газдың барлық молекулаларда vx жылдамдық мәнi бiрдей бола бермейдi, олай болса қабырғаға әсер ететiн күштiң уақыт бойынша орта мәнi v2x -қа емес, жылдамдықтарының орташа квадратына пропорционал:(1.10)-шi формуланы ескере отырып, алатынымыз: Анықтамасы бойынша p = Fn/S. Бұдан шығатыны Егер арқылы молекуланың iлгерлемелi қозғалысының орташа кинетикалық энергиясын белгiлесек: , онда (1.12) теңдеуiн басқаша түрде жазуға болады (1.12) немесе (1.13) қатынастар газдардың молекулалық-кинетикалық теориясының негiзгi теңдеулерi болып табылады. Олар, тiкелей өлшенетiн, макроскоптық шама – қысымды қозғалыстағы молекулаларды сипаттайтын микропараметрлармен байланыстырады

III. Жаңа материалды түсіндіру:

Түсіндіру әдісі: Дененiң молекулалық-кинетикалық құрылымы ескерiлмегенде макроскоптық дене күйiн сипаттайтын шамаларды макроскоптық параметрлер деп атайды.


Бұндай шамалар қатарына көлем V, қысым P, температура T және басқалар. Көлем мен қысым механикалық сипатталатын шамалар. Температура дененiң қызу дәрежесiн бередi, оның iшкi энергетикалық күйiн анықтайды. Егер қандайда бiр оқшауланған жүйенi құрайтын денелер температурасы бастапқы уақытта әртүрлi болса, онда уақыттың келесi мезеттерiнде олар бiртiндеп теңесе бастайды да ақырында бiрдей болады, денелер арасында жылулық тепе-теңдiк орнайды. Жүйенiң жылулық тепе-теңдiгi деп оның барлық макроскоптық параметрлерi қай уақытта да ұзақ өзгерiссiз қалуын айтады.


1.6-сурет

Осылайша, температура денелер жүйесiнiң жылулық тепе-теңдiк күйiн сипаттайды, атап айтқанда: өзара жылулық тепе-теңдiкте тұрған жүйенiң барлық денелерiнiң температуралары бiрдей болады. Оны өлшеу үшiн кез келген макроскоптық белгiлi шаманың температурадан тәуелдiлiгiн пайдалануға болады. Практикада дененiң жылулық кеңу қасиетi жиi қолданылады, атап айтқанда, қысым тұрақты болғанда сұйық көлемiнiң өзгеруiнiң температурадан тәуелдiлiгi. Температураны өлшейтiн прибор – термометр, осы принципте құрастырылған. Термометрдi градуирлегенде санақ басын (0 деңгейiн) мұздың еру температурасын алады. Екiншi тұрақты нүктесi (мәнi) ретiнде (100 деңгейi) қалыпты атмосфералық қысымда судың қайнау температурасы алынады (1.6 - сурет).

1.7-сурет

Бұл Цельсийдiң градустер шкаласы деп аталады. 0-мен 100 нүктелерiнiң аралығын градус деп аталатын теңдей 100 бөлiкке бөлiнген (1.7 - сурет). Сұйық бағанының бiр бөлiкке жылжуы (орынауыстыруы) температураның 1 градус Цельсийге өзгеруiне сәйкес келедi. Әртүрлi сұйықтардың қыздырылғанда кеңуi (ұлғаюы) бiрдей болмағандықтан, термометрлерде оған сәйкес градуирленген. Температура - идеал газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясының өлшемiБарлық газдар жылу тепе-теңдiгi кезiнде температуралары бiрдей болады. Молекулалардың жылулық қозғалысы сөз болғандықтан, температураны молекулалық деңгейдегi физикалық шамалар арқылы жазу керек. Бұндай шама ретiнде молекуланың iлгерлемелi қозғалысының кинетикалық энергиясын алуға болады. Бұл жорамал үш ыдыспен жасалған тәжiрибеде толық дәлелденедi. Тәжiрибе көрсеткендей, θ=pV/N қатынасы температурадан басқа ештеңеден тәуелдi емес, сондықтан оны Т температураның бiрден-бiр өлшемi ретiнде қарастыруға болады.

IV.Жаңа материалды бекіту: Студенттерге сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты бекіту.

V.Қорытындылау: (білім бағалау)Студенттердің үй тапсырмасын қорытындылау және бағалау

Үй тапсырмасы : А-2тар 2.2

Б-3тар 4.2


ПЦК торағасы : Убаев К.К.

Оқытушының қолы: Шатемирова А.Р



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Температура ж?не ?ны ?лшеу.

Автор: Шатемирова А?ида Рахматуллаевна

Дата: 13.05.2015

Номер свидетельства: 210672


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства