kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Линзада кескін алу.Жұқа линзаның формуласы.Линзаның сызықтық ұлғайтуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты

 Оқушыларға линза, оның түрлері, салыстырулар жасап, сипаттама беруге, линзаның оптикалық күшінің,жұқа линзаның формуласын қорытып шығаруға  және линзада кескін салудың жолдарын меңгерту.

Міндеттері

1)  Линзалар,линзаның оптикалық күші, линзада кескін  алу,жұқа линзаның формуласын.линзаның сызықтық ұлғайтуы әр түрлі әдістер арқылы оқушыға түсіндіру 

2) Алған білімдерін өмірде  қолдана білуге үйрету

3) Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру

4) Топпен жұмыс істеуге қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

Оқушылар  линза және оның түрлерімен танысады, салыстырулар жасап, сипаттама бере алады, формуласын қорытып шығара алады, линзада кескін салудың жолдарын біледі.

Жұптасып және топта жұмыс, сондай-ақ бір-бірімен және мұғаліммен жұмысты талқылау, басқалар пікірін құрметтеуді  үйренеді, өз ойларын қорықпай еркін жеткізуге қалыптасады

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Линзада кескін алу.Жұқа линзаның формуласы.Линзаның сызықтық ұлғайтуы»

Сынып

8 сынып физика пәнінің мұғалімі: Г.М.Сапакбаева

№8 мектеп-кешені

Сабақ тақырыбы

Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Линзада кескін алу.Жұқа линзаның формуласы.Линзаның сызықтық ұлғайтуы

Сілтеме

Физика 8 сынып, электронды оқулық.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Мақсаты


Оқушыларға линза, оның түрлері, салыстырулар жасап, сипаттама беруге, линзаның оптикалық күшінің ,жұқа линзаның формуласын қорытып шығаруға  және линзада кескін салудың жолдарын меңгерту.

Міндеттері

1) Линзалар,линзаның оптикалық күші, линзада кескін алу,жұқа линзаның формуласын.линзаның сызықтық ұлғайтуы әр түрлі әдістер арқылы оқушыға түсіндіру

2) Алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету

3) Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру

4) Топпен жұмыс істеуге қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

Оқушылар линза және оның түрлерімен танысады, салыстырулар жасап, сипаттама бере алады, формуласын қорытып шығара алады, линзада кескін салудың жолдарын біледі.

Жұптасып және топта жұмыс, сондай-ақ бір-бірімен және мұғаліммен жұмысты талқылау, басқалар пікірін құрметтеуді үйренеді, өз ойларын қорықпай еркін жеткізуге қалыптасады

Сабақтың түрі

Сындарлы оқыту

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Микроскоп,телескоп, әр түрлі линзалар, оптикалық құралдар ,май шам,экран ,интерактив такта

Әдіс-тәсілдер

АКТ, жұптық, топтық, жекелей жұмыс, СТО, өзіндік бағалау, диалогтық оқыту, кері байланыс


Сабақтың барысы

Ұйымдастырыу

-Сәлемдесу; түгендеу; топқа бөлу

(Өз қалаулары бойынша).

-Жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін төмендегі психологиялық жаттығуды орындау:

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан әр күнге

Үй тапсырмасын тексеру

Қызығушылықты ояту сатысы

    1. Ой шақыру. «Иә,жок» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады.

1.Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады. (иә)

2.Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең емес.(жоқ)

3.Түскен сәуле, шағылған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады (иә)


4.Жазық айнадағы нәрсе кескінінің ерекшеліктері: кескін жалған, тура , өлшемдері нәрсенің өлшеміне тең, нәрсе айна алдында қандай қашықтықта тұрса, кескін айнаның ар жағында сондай аралықта орналасады.(иә)

5.Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жарықтың сынуы деп атайды.(иә)

6.Түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатпайды (жоқ)

7.Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген орта үшін тұрақты шама болып табылады:

(иә)

8.n шамасы сыну көрсеткіші емес (жоқ)

Бөлімі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Білу




Оқушыларға оптикалық құралдар көрмесі көрсетіледі. Бүгінгі тақырыптан не білуіміз керек?

Геометриялық оптика — оптиканың жарықты геом. сызық ретінде қарастыра отырып, жарықтың таралу заңдарын зерттейтін бөлімі.

Линзалар деп екі сфералық немесе бір сфералық және бір жазықтықпен шектелген мөлдір шыны денелерді атайды. Линзалардың екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш

Оптикалық құралдарда негізгі қызмет атқарушы линза екенін біледі. Оның түрлерін ажыратып көрсетеді

Топтар пікірлеседі, ой бөліседі. Жаңа сабақтың мақсатын айқындайды.

Түсіну



Негізгі идеялар

Сыну беттерінің пішініне қарай бөлінетін линзалар түрлері:


Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердің С1, С2 центрлері арқылы арқылы өтетеін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды.

Оптикалық осьтің бойында линзаның центрінде жатқан О нүктесін линзаның оптикалық центрі деп атайды.

Линзаның центрінен фокусқа дейінгі ОҒ ара қашықтығы линзаның Ғ фокустық қашықтыы деп аталады. 2Ғ нүктесі екі еселенген фокустық қашықтық деп аталады.

Линзада кескін шығарып алу:

d –нәрседен линзаға дейінгі қашықтық,

f –линзадан кескінге дейінгі қашықтық.

1.

.

Кескін шын , төңкерілген және кішірейтілген.

2.

Кескін шын, төңкерілген және өлшемдері нәрсенің өлшемдеріне тең.

3.

Кіші ғылыми жоба.

Мағынаны тану

Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау.

Линзаның шығу тарихы

І топ.Линзалар. Линзаның оптикалық күші

ІІ топ.Линзада кескін алу

ІІІ топ. Жұқа линзаның формуласы.Линзаның сызықтық ұлғайту


Салыстырулар жасайды.

Тәжірибе арқылы көрсетеді: жарық жолына дөңес және ойыс линзаларды кезек қою арқылы сәулелердің тоғысуы немесе шашырауын түсіндіреді.

Линзаның сипаттамалары, кемшілігі, олардың сызбадағы орналасуы, формуласын, ұлғайтуын айтып шығады.


Бейнероликтерден көрсетілімдер


Қолдану

«Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?» әдісімен жинағыш линзада кескін алуды тәжірибе арқылы тексереді

Жұппен бірлесіп, алдыңғы теориялық білімдерін нығайтады.

Сергіту сәті

Сергіту сәті. Көз жаттығуын жасау.
Көз гимнастикасы:
1 - жаттығу. - Көзді 2 - 3 секунд қатты жұмамыз, ашамыз - 2 - 3 секунд. 3-4 рет қайталаймыз;

- Алысқа 2 - 3 секунд тесіліп қараймыз, мұрынның ұшына 2 - 3 секунд қараймыз және бұны 3-4 рет қайталаймыз;
2 - жаттығу. Кірпігімізді тез - тез 1 - 2 минут қағамыз;
3 - жаттығу - Түрегеліп тұрып, басты қимылдатпай оңға - солға, солдан - оңға, жоғары - төмен, төмен - жоғары қараймыз.

Оқушылар көз жаттығуын жасауды

Талдау

«Ой толғаныс» есептер шығару (жұппен жұмыс)

Жұппен бірлесіп, төмендегідей есептер шығаруға тапсырма береді:


1.Есептер жинағы 8 сынып..№ 866.

Линзалардың фокустық қашықтықтары 1,5м, 0,25м, 8 см. Линзалардың оптикалық күштері неге тең?


2.Нәрседен линзаға дейінгі қашықтық 10 см,ал линзадан кескінге дейінгі қашықтық 40 см болса,линзаның фокус аралығын және оптикалық күші неге тең?

3.Шашыратқыш жұқа линзадағы нәрсенің кескінін салыңдар. Кандай кескін алынады?

Әрбір оқушы берілген есепті шешеді, түсінбегендерін топпен талқылайды

Есептер шығарып, шығарылу жолын түсіндіреді

Жинақтау

« Мен қандай кескінмін»

1 -нәрсе линзаның қос фокусында


2-нәрсе линза мен оның бас фокусының арасында орналасқан кездегі кескінін салыңдар.

3-нәрсе екі еселенген фокус пен бас фокусының аралығында орналасқан кездегі кескінін салыңдар.
Алынған кескінге сипаттама беріңдер

Бейнесюжеттен көрсетілім

Оқушылар сұраққа жауап береді

Линзаның негізгі сипаттамаларын біледі

Бағалау

1. Топ басшысы жиынтық бағалауды айтады

топ басшысы топтағы оқушылардың сабақтағы жұмысына баға береді.

Кері байланыс

Рефлексия




Оқушылар сабақтан алған әсерлерін білдіреді

Үйге тапсырма

§66-68 30 жаттығу №1




Ойланып жауап беріп келеді





























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Сапакбаева Гульжан Мейрамгалиевна

Дата: 15.05.2019

Номер свидетельства: 510407


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства