1. Кез келген белгісіз параметрлерді о?ушыларды? ?з бетімен таба алуына ?йрету. Осы та?ырып бойынша ала?ан білімдерін жетілдіру, жа?а саба?материалдарын о?ушыларды? ?здеріні? ізденісі бойынша шы?армашлы? ж?мыстар ар?ылы ме?герту.
Просмотр содержимого документа
«Идеал газ к?йіні? те?деуі. 10 сынып »
Ашық сабақ
Тақырыбы:
10 сынып.
Өткізген: Смағұлова Б.Ғ.
Жамбыл орта менктебі
Сабақтың тақырыбы: Идеал газ күйінің теңдеуі.
Сабақтың мақсаты:
1. Кез келген белгісіз параметрлерді оқушылардың өз бетімен таба алуына үйрету. Осы тақырып бойынша алаған білімдерін жетілдіру, жаңа сабақматериалдарын оқушылардың өздерінің ізденісі бойынша шығармашлық жұмыстар арқылы меңгерту.
Көрнекілігі: кигіз үй құрылымы, карточкалар, таратпа материалдар, сабақ жоспары, кестелер;
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатымен таныстырып, үш топқа бөлу.
«Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша сабақ жоспары үш кезең негізінде жүзеге асырылады.
І. «Қызығушылықты ояту» кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
Кіріспе сөз: Қазір Қазақстанда Наурыз тойын тойлағалы жатыр. Сол тойға арнайы әр мемлекеттен қонақтар келіп жатыр. Біз қазақ халқы қонақжай халықпыз, сондықтан осы қонақтарды күту үшін ең бірінші не істейміз?
Киіз үй құрамыз, дастырхан жайып, қазақтың ұлттық тағамдарын қоямыз. Сабағымызды үй берілген тапсырма бойынша киіз үй құрудан бастаймыз. Әр топқа киіз үй макеті беріледі. Сабақтың бұл кезінде ассоциация (топтастыру) әдісі негізінде «Изопрцестер» тақырыбы бойынша ассоциациялық картаға өз ойларын түсіру тапсырылады.
1-топ: Изотермиялық процесс
2-топ: Изобаралық процесс
3-топ: Изохоралық процесс
Тапсырма бойынша қойылатын сұрақтар:
1. Заңды кім, қашан ашты?
2. Заңның математикалық өрнегі
3. Орындалу шарттары
4. Процесс графигі
5. Процесс атауы
Тапсырманы орындап біткеннен кейін оқушылар тақтаға шығып жазғандарын түсіндіріп береді.
ІІ. «Мағынаны тану» кезеңі. Жаңа сабақ түсіндіру.
Бұл кезеңде өткен материалмен байланыстыра отырып, жаңа материалды меңгерту жүзеге асырылады.
Тірек –сызба арқылы сабақты түсіндіру.
Идеал газ күйінің теңдеуі
Газдың берілген тұрақты массадағы күйін сипаттайтын барлық p, V және Т үш параметрін байланыстыратын теңдеуді идеал газ күйінің теңдеуі деп атайды.
- Клапейрон теңдеуі д.а. (1834ж)
Идеал газ күйінің теңдеуін пневматикалық өлшеуіш аспаптардың көмегімен тәжірибе жүзінде тексеруге болады.
- Менделеев-Клапейрон теңдеуі д.а (1874ж)
p-қысым (Па), V-көлем (м3), m-газ массасы (кг), M-молярлық масса (кг/моль)
R-әмбебап газ тұрақтысы ( ), T-температура (К)
2. 3. 4.
Жаңа сабаққа байланысты есептер шығару. Әр топтың тұрғындары өз дастархандарына қазақтың ұлттық тағамдарын қояды, бірақ ол тағамдар оңайлықпен келмейді, еңбекпен ғана келеді. Ендеше біз өз білімімізді көрсету арқылы дастарханымызды дәмге толтырамыз.
І-топтың есептері.
Бауырсақ:
Қуырдақ:
ІІ-топтың есептері.
Наурыз көже:
Ет табақ:
ІІІ-топтың есептері:
Ірімшік:
Құрт:
ІІІ. «Ой толғаныс» кезеңі. Сабақты бекіту кезеңінде «Топтастыру» әдісі бойынша оқушылар тақырыптардың ерекшеліктерін салыстырады.
Бағалау: Сабаққа қатысқан барлық топ оқушыларына баға қойылып, білдері бағаланады.
Үйге: 22-жаттығудағы №1,2,3 есептерді шығарып келу. §32 оқып түсініктерін айтып келу.