САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: Газ қысымы.Ауырлық күші әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым. | Мектеп: Хлебодаровка орта мектебі |
Күні: | Мұғалімнің есімі:Аяпбергенова Ляззат Мухетановна |
СЫНЫП:7 класс | Қатысқандар саны:23 | Қатыспағандар саны:2 |
Сабақ негізделген оқу мақсаты: | Газдардың қатты денелермен сұйықтардан айырмашылығын игереді;ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын кысымның қасиетін біледі, газ қысымының температураға,көлемге,сұйықтың қысымының биіктікке,оның тығыздығына тәуелділігін меңгереді;газ қысымы,ауырлық күші әрекетінен болатын қысым анықтамаларын біледі; сұйық бағанының ыдыстың табанынатүсіретін қысымын таба алады,есеп шартына сай жалпы формуладан белгісіз айнымалыны таба біледі., біліктігі мен дағдысы қалыптасады; оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды. |
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: |
Газдардың қатты денелермен сұйықтардан айырмашылығын игереді;ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын кысымның қасиетін біледі, газ қысымының температураға,көлемге,сұйықтың қысымының биіктікке,оның тығыздығына тәуелділігін меңгереді;газ қысымы,ауырлық күші әрекетінен болатын қысым анықтамаларын біледі. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
|
Кейбір оқушылар: |
|
Тілдік мақсат | Оқушылар:сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасқан болса,ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғырлым үлкен болатынын,сұйық ішіндегі қысымның тереңдікке тәуелді болатынын біледі.. |
Негізгі сөздер мен тіркестер: тығыздық,биіктік,көлем,температура. |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
Газдың барлық бағытта бірдей қысым түсіруі,сығылғандағы,ұлғайғандағы,сұйық қабатының тереңдігіне байланысты қысымның өзгеруіне зерттеушілік әңгіме |
Алдыңғы оқу | Аз күш жұмсау арқылы,үлкен қысым түсіруге болатын білді. |
Жоспар |
Жоспарланған уақыт | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Жұмыс тәсілдері | Ресурстар |
2 минут. | Оқушыларға үш түсті шар таратады. | Шар түстеріне қарап топтасады. | Топтасу | шарлар |
| | | | |
3 минут «Миға шабуыл» Сұрақ- жауап әдісі Ой толғау. Ой қорыту. | шарды ауызбен бір бағытта үрлегенде жан-жақты бірдей қампиюы неліктен? Өздеріндегі шарды үру сұралады. Бүгінгі тақырыбымыз қандай болуы мүмкін? | Қолдарындағы шарды үріп,сұраққа жауап беруде,ақылдасып өз ойларын айтады. | СТО өзіндік сана-сезім | |
Жаңа сабақ. «Білу» 10минут. | Оқушылар пікірлеріне сай жаңа сабақ тақырыбын хабарлайды.интерактивті тақтада әр топқа суреттерді көрсетеді.суреттер айырмашылығына тоқталады зерттеушілік әңгіме құрады   Топтардың пікірлерін тыңдайды. | Егер газ массасын өзгермейтіндей етіп,оның көлемін азайтса,онда газдың әрбір текше сантиметріндегі молекулалар саны артатынын,сұйықтың өз ішінде қысым болатынын,сұйықтың төменгі қабаттарына оның жоғарғы қабаттарының салмағы түсетініне көз жеткізеді . | Блум таксономиясы ВЕНН диаграммасы | слайдтар |
«Түсіну | Топтарға тапсырма береді. | Тапсырмаларды бірігіп орындайды. | Топпен жұмыс | оқулық |
5 минут. «1 бақылаушы, 1 жүргізуші» |   Әр топтан бір жүргізуші, бір бақылаушы тағайындайды. рТоптарға тәжірибе жасауға тапсырма береді. | газ көлемін кішірейтсе,газ қысымы артатынын,ал көлемін ұлғайтса,қысымы кемитінін,сұйық қысымы сұйық бағанының биіктігіне тәуелді екеніне тәжірибе жасап көреді.формуланы дәлелдейді. P=рġĥ | | Медициналық ине лер,тәжірибеге әзірленген,баклашка 1,5л үлкен текше. |
«Қолдану»7 | Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысымның қолданылуын өмірден мысал келтіру сұралады.1-топ(сұйық) 2-топ(газ) | Су жинағыштан судың өздігінен ағуын мысал етіп ,дәлелдеді.Ал ауадағы қысымның артуына ұшақта қалам сиясының тасуын,мысал етті | Топаралық жұмыс | оқулық |
«Талдау»5 | Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысымды салыстыруға дәлел барма? | Оқушылар өз тарапынан есеп құрастырып сұйық және газ тығыздықтарын пайдаланып қысым шамаларын салыстырды.яғни елеусіз аз екеніне көз жеткізді. | Жеке жұмыс | Оқулықтағы 7,8 кесте |
«Жинақтау»5 | 17-жаттығу есептері топқа таратылады | Формуланы пайдаланып әр топ берілген есептерді бірлесіп шығарып,тақтаға жазып,бірін-бірі бағалады | Топаралық жұмыс | оқулық |
«Бағадау-5 | Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысымды білу біздің күнделікті тұрмыста маңызы қандай? | Жұмысты жеңілдетеді,ауыр науқастың алдын алатынын біледі | Жеке жұмыс | Өз пайымдауы |
Сабаққа кері байланыс(3 минут) Смайлик түрлері Кейінгі тапсырмалар | 17 ж(3)17т(2) | Кейінгі оқу | Газ қысымы. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым | Қосымша ақпарат.Оң және теріс сандардың, плюс, минус таңбаларының шығу тарихынан...(интернет материалдары) |