«Физика тұрмыста» атты сыныптан тыс жұмыста оқушылардың физика заңдылықтарын тұрмыста дұрыс қолдана білуге, физикалық құбылыстарды қарапайым тәжірибелер жасау арқылы түсінуге үйрету мақсат етіліп қойылды.
Түрі: танымдық ойын және сайыс.
Барысы:
Топты таныстыру
Білгенге маржан
А) Логикалық сұрақтар.
Неліктен үлкен өзендер мен көлдердің айналасында орналасқан жеміс-жидек ағаштары басқа ағаштарға қарағанда кешірек гүлдейді?
Жауабы:Судың меншікті жылуы көп
Бір ыдыста қайнаған су,екіншісінде шикі суды бірдей қыздырғанда қай ыдыстағы су тез қайнайды.
Жауабы:Шикі су. Себебі,онда еріген ауа көпіршіктері бар.
Шай қандай ыдыста тез суиды: металл шәйнекте ме, әлде шыны шәйнекте ме?
Жауабы: Металл. Себебі, шыны ыдыс жылуды ұзақ ұстайды.
Не себептен найзағай жарқылы көрінгеннен кейін, біраздан соң ғана күн күркірегені естіледі?
Жауабы: Дыбыс жылдамдығынан жарық жылдамдығы көбірек.
Ә) Біліміңді тексер
Классикалық механиканың негізін салушы
Жауабы: И.Ньютон
Физика тарихына енген ғалым, ағылшын ботанигі?
Жауабы: Броун.
Самос аралында дүниеге келген ұлы математик және философ және олимпиада ойындарының жеңімпазы кім?
Жауабы: Пифагор
Б)Қарапайым сұрақтар
1.Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама /қуат/
2.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы /ток /
3.Сұйықтың буға айналу құбылысы /кебу /
4.Бірлік ауданға түсірілген күш /қысым /
III.Қызықты тәжірибелер жасау
1.Қажетті заттар:Шикі жұмыртқа, суы бар стакан, бірнеше қасық ас тұзы.
Тапсырма.1. Суы бар стаканға жұмыртқаны ептеп сал.
Не байқалады? Жұмыртқа стакан түбіне дейін түседі, яғни батады.
Себебі: Жұмыртқаның тығыздығы судың тығыздығынан артық.
2. Су құйылған тарелканың түбіндегі тиынды қолды суламай алу керек.
Жауабы.Қағазды жағу керек, жанып тұрған қағазды стаканның ішіне қойыңыз және жылдам стаканды тиынның қасына түбін жоғары қаратып тарелкаға қою керек.Қағаз өшеді, стакан ақ түтінмен толады, сосын тарелкадағы су атмосфералық қысымның әсерімен өзінен-өзі стаканға жиналады.
3.Су көмегімен үлкейту
Қажетті заттар:банка,карындаш,су.
Тәжірибе барысы:1.Карындашты табаны дөңгелек болатын шыны
ыдыстың ішіне салып, су құямыз.Ыдыс суға толған соң , жақындап қараймыз.
2.Қарындашты алып, суы бар ыдыстың артына сурет салынған қағазды қоямыз.
НЕ байқалады? Қарындаштың суға салынған бөлігі үлкен болып көрінеді,сурет үлкен үлкейіп көрінеді.
Себебі:күн сәулесі судан ауаға өткенде сынады. Егер ыдыстың қабырғасы дөңес болса, сәуленің сынуы ол заттың кескінін тіпті үлкейтіп көрсетеді.
IY.Мақал-мәтелдер.
1.Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. /жылулық қозғалыс/
2.Көсеу ұзын болса, қол күймейді. /жылу өткізгіштік /
3.Азықсыз адам алысқа бармайды./энергияның сақталу заңы /