Просмотр содержимого документа
«Электр ?рiсiндегi ?ткiзгiштер. Электр ?рiсiндегi диэлектриктер.»
60 сабақ 11.02.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Электр өрiсiндегi өткiзгiштер. Электр өрiсiндегi диэлектриктер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: тақырып бойынша оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру. Тың мәліметтер беру арқылы білімді қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты: өткізгіштер мен диэлектриктер жайлы мағлұматтарды пайдалана отырып, оларды электр өрісіне енгізген жағдайдағы өзгерістерді салыстыру арқылы тақырыпты меңгеру.
Тәрбиелік мақсаты: Өзін-өзі қорғайтын электрден қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау, шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Қажетті құралдар: өткізгіштер және диэлектриктер, плакаттар, суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, сабақта жоқ оқушыларды түгендеу, себебін анықтау.
Оқулық, дәптер, күнделік,қарындаш, сызғыш, сыртқы киім тазалығын тексеру.
ІІ. Оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеру:
Біртекті өрістен зарядтың орын ауыстыру кезіндегі электр өрісі күшінің атқарылатын жұмысын қандай формуламен анықтайды?
Потенциалдық өріс деген не?
Тұйық контур бойымен заряд орын ауыстырғанда электростатикалық өріс күішінң жұмысы неге тең?
Біртекті электр өрісіндегі зарядтың потенциалдық энергиясын қалай есептуге болады?
Электр өрісіндегі зарядтың потенциалдық энергиясы заряд орын ауыстырған кездегі күішінің жұмысымен қалай байланысқан?
Потенциалдың физикалық мағынасы қандай?
Нүктелік зарядтың өрісінің потенциалы қандай формуламан табылады?
Потенциалдар айырымының физикалық мағынасы қандай?
Кернеулік деп нені түсінеміз ?
Эквипотенциал беттер деген не?
Кернеу мен өріс кернеулігі қалай байланысқан?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Өткізгіш электр өрісіне тап болған кезде, ол бір жақ шетінде оң заряд, ал екінші жақ шетінде шамасы жағынан дәл осындай теріс заряд пайда болатындай түрде электрленеді. Мұндай электрлену электростатикалық индукция деп аталады.
Өткізгіштегі зарядтардың тепе-теңдігі кезінде оның барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей.
Өткізгіштің қандай жолман электрленгеніне тәуелсіз, зарядтардың тепе-теңдігі кезінде өткізгіштің ішінде өріс болмайды, ал өткізгіштің барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей.
Осы кезде электренген өткізгіштің сыртында өріс бар және кернеулік сызықтары өткізгіштің бетіне перпендикуляр.
Ендеше өткізгіштегі зарядтардың тепе-теңдігі орныққан бет эквипотенциал бет болып табылады.
Электр индукция құбылысын тұңғыш зерттеген ХVIII ғасырда орыс ғалымы Ф.У.Элинус зерттеген.
Электр зарядтарының өткізгіштің сыртқы бетінде орналасатынын тұңғыш рет Кавендиш дәлелдеді.
Өткізгіштің бетіне жуық жерлердегі өрістің кернеулігі беттің қисықтығына көбірек жерде күштірек болады. Әсіресе, өткізгіштің шығыңқы және сүйір зарядтың тығыздығы жоғары.
Атом сыртқы электр өрісіне тап болған кезде, электрлік дипольға айналады, ал диполь диэлетриктегі сыртқы электр өрісін әлсірететін өзінің дипольдік электрлік моменті деп аталады
Рэл=ℓq
Рэл=α,E –молекуланың электрондық полярланғыштығы
.
α
Сонда сыртқы өрістің кернеулігі неғұрлым жоғарлаған сайын диэлектриктегі молекулалардың дипольдік моменттері де артады. Осы кезде диэлектрик молекулаларының электрлік дипольдерінің барлық векторлары Е өріске параллель бағытталады. Мұндай диэлектрик полярланған деп аталады.
Молекуланың мүмкін болатын екі конфигурациясы:
А) полярлы емес молекула, оның қорытқы дипольдік моменті нольге тең.
Ә) полярлы молекула, оның қорытқы дипольдік моменті жеке байланыстардың дипольдік моменттерінің векторлық қосындысымен анықталады.
IV. Пысықтау. Рефлексия
Түрі
өткізгіштер
диэлектриктер
Бос
Металдар, электролиттер
Ауа, су, май, парафин, слюда
Электрондар шоғыры
п=1022 1/см3
п=1011 1/см3
Электр өрісінде
Оқулықтағы 8.15
Оқулықтағы 8.18
Электр өрісі
артады
Кемиді
Құбылыс
Электростатикалық индукция
Молекуланың электрондық полярланғыштығы/полярлану
Физикалық шама
ε=0
ε-диэлектрлік өтімділік
Кулон заңы
Біз өткізгіш деп нені түсінеміз?
Сыртқы электр өрісі жоқ болғанда, өткізгіштегіеркін зарядты бөлшектер өздерін қалай ұстайды?
Сыртқы электр өрісіне түскенде өткізгіштерде не болады?
Өткізгіштің ішіндегі электр өрісінің кернеулігі а) зарядталған; ә) зарядсыз, бірақ сыртқы электр өрісінде тұрған неге тең?
Электростатикалық индукция қандай құбылыс?
Өткізгіштер бетіндегі зарядтардың таралу сипаты қандай? Оның сипаты неге тәуелді?
Есеп шығарту.
Радиусы 2 см болатын екі шар бір-бірінен 20 см қашықтықта күшпен әрекеттеседі. Шарлар керосин ішінде олардың потенциалын есептеңдер.
Берілгені: Шешуі:
Ғ=3,2*10-4 Н Кулон заңынан әр шардың заряды
R=20 cм әр шардың потенциалы
r=2 см
Т/к Е-?
Ү.Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §8.7-8.8 3.306-3.316 есептер, дайындық сұрақтары.