Жоспар: Электрография әдісі. Электрограмма Электрокардиография әдісі. Эйтховен теориясы. Электродтар. ЭКГ БЕКІТПЕЛЕРІ. А) Стандартты екі полюсті бекітпелер. Ә) Қол мен аяқтың күшейтілген бекітпелері. Б) ЭКГ кеуделік бекітпелері. ЭКГ-нің стандартты тармақтары ЭКГ-де тіркелетін тісшелер. P, Q, R,S, T. Электрокардиограмма. Брадикардия, тахикардия, аритмия Биопотенциалдар ағзалар мен тіндердің функционалдық күйін өте жақсы көрсететін болғандықтан оларды тіркеудің талдау жүргізудің физиологиялық зерттеулерде және диагностикада маңызы өте зор. Медицинада бұл әдісті элекрография деп атайды. Қазіргі уақытта көптеген ағзалардың биопотенциалын тіркеу әдістері қолданылады. а) Электрокардиография (ЭКГ)- жүректің бұлшық ет жасушаларының қозуы нәтижесінде пайда болған биопотенциалдарын тіркеу ә) Электроэнцефалография (ЭЭФГ)- бас мидың биоэлектрлік белсенділігін тіркеу, жазу б) Электромиография (ЭМГ) - бұлшық еттердің биоэлектрлік белсенділігін тіркеу, жазу в) Электроретинография ЭРГ –көздің торқабындағы биопотенциалды тіркеу, жазу және т. б. Төменгі кестеде осы әдістерде өлшенетін биопотенциалдардың шамасы көрсетілген Әдістердің түрі | Жиілік шамасы, Гц | Амплитудасы, мкВ | жоғарғысы | төменгісі | ЭКГ | 0,2÷120 | 1500-2000 | 100-300 | ЭЭФГ | 1-300 | 200-300 | 5-10 | ЭМГ | 3-600 | 1000-1500 | 30-40 | Электрограмманы талдау екі мақсатта жасалады: Тікелей-электрограмманың пайда болу механизмін анықтау немесе ағза моделінің алдын ала белгіленген сипаттамасы бойынша потенциалдың шамасын есептеп шығару; Керісінше-электрограмманың сипатына қарай ағзаның жағдайын, күйін анықтау. Солардың ішінде ең көп тарағаны электрокардиография. Электрокардиографияда тіркелетін биопотенциалдар айырымы жүректің жүйке-бұлшық ет жүйесінің қозу нәтижесінде пайда болады. Жүректің жүйке-бұлшық ет жүйесінің түрліше элементтерінің пайда болған потенциалдар өзара қосыла келе осы жүйенің қозған (теріс потенциалдар)және қозбаған (оң потенциалдар) бөлшектеріндегі жалпы потенциалдар айырымын түзейді. Жүректің жүйке бұлшық ет түрліше бөлімдерінде қозу процесі, өзіне тән ерекшелікпен біртіндеп тарайды. Сондықтан қорытқы потенциалдар айырымы жүрек жұмысының циклында шамасы жағынан да, нүктелердің орны бойынша да өзгереді. Электрокардиографияның негізгі мақсаты –осы өзгерістерді тіркеу. Электрокардиография әдісі Эйтховен теориясына негізделген. Бұл теорияда жүректі біртекті өткізгіштік ортада орналасқан электрлік диполь деп қарастырады. Осы дипольдің электр өрісі адам денесінің сыртқы бетінде тіркеуге болатын потенциалдарды тудырады. Дипольдің электр моментінің векторы жүрек биопотенциалдарының қорытқы айырмасын сипаттайтын вектор болады. Ол вектор жүректің интегралдық векторы (ИЭВ) деп аталады да Е әрпімен белгіленеді. 1-сурет. Кеңістіктің кез-келген А және В нүктелеріндегі потенциалдар айырмасы осы нүктелерге түсірілген дипольдің электрлік моментінің векторының проекциясына пропорционал болады, яғни 1-сурет (1) Мұндағы, k-пропорционалдық коэффициент Р-дипольдің электрлік моменті -А және В нүктелерін қосатын түзудің диполь осьімен жасайтын бұрышы. Осы қағиданы негізгі ала отырып Эйтховен адам денесінің үш нүктесіне электродтар қойып, жүректің ИЭВ әсер ету нүктесімен сәйкес келетіндей болуы керек. Осы үшбұрыштың төбелерін қосатын түзудің бойымен бағытталған дипольдық электрлік момент пайда болады. Жеке алғанда олар жүректің ИЭВ-мен сәйкес келеді, яғни: (2) Осы векторлардың проекциясының жиынтығы ИЭВ-дың шамасын, бағытын және бұрышын анықтайды. Қалыпты жағдайда жүректің ИЭВ-ы оның анатомиялық осьімен сәйкес келеді. Бірақ бір циклда жүректің ИЭВ-ы өзінің бағытын да, шамасын да өзгертеді. Бұл өзгерістер жүректің қозуын жүйкелік-бұлшық еттің бойымен біртіндеп таралуына байланысты болады. Сонда ИЭВ-дың бастапұы нүктесі, яғни ИЭВ-дың басы өзгермейді, тұрақты болады. Ал ұшы кеңістікте күрделі қисық сызады. Осы өзгерістерді бақылау үшін электрокардиография әдісі қолданылады. Жүректің биопотенциалдарын зерттеу үшін Эйтховен үшбұрышының электрлік эквиваленттілік А, В және С нүктелеріне электродтар қойылады. Суретте А-СҚ-сол қол, В-ОҚ-оң қол және С-СА –сол аяқ. Электродтар қойылатын екі нүкте біріге келе стандартты тармақ құрайды. І-тармақ (СҚ-ОҚ), ІІ-тармақ (СА-ОҚ) және ІІІ-тармақ (СА-СҚ) Электродтар-электр тізбегінің екі нүктесін қосуға арналған, арнайы пішінді өткізгіштер. Бұл жұмыста электр импульсының көзі ретінде адам денесін, ал электр импульсын қабылдағыш ретінде ЭКГ аппараты қарастырылады. Электродты адам денесіне жапсырғанда адам денесі мен электрод арасында өтпелі кедергі пайда болады. Ол кедергі биопотенциалдың амплитудасын азайтып, пішінін бұзады. Осы кедергіні электродтың ауданын үлкейту арқылы азайтуға болады. Бірақ аудан неғұрлым үлкен болса, қоршаған ортаның әсері соғұрлым көбейеді де кедергінің шамасы артады. Сондықтан бұл әдісті ЭКГ-да қолдануға болмайды. Өтпелі кедергіні азайту үшін электрод пен терінің арасына физиологиялық ерітіндіге (электролит) малынған дәке қойылады. Клиникалық электрокардиографияда 12 электрокардиографиялық бекітпелер тараған (3 стандартты, 3 қол мен аяқтардағы күшейтілген бір полюсті бекітпелер және 6 кеуделік бекітпелер). Бұл бекітпелердің электрокардиографиялық ауытқулары әр бекітпеде жүректің барлық қосынды ЭҚК -ін білдіреді. ЭКГ БЕКІТПЕЛЕРІ Стандартты екі полюсті бекітпелер, 1913 жылы Эйнтховен ұсынған, жүректен алыс жатқан және қол мен аяқтардағы фронталь жазықтықта орналасқан екі нүктенің арасындағы электр өрісінің потенциалдар айырмасын тіркеу үшін электродтар электрокардиографқа үш стандартты бекітпелердің әр қайсысына жұп етіп қосылады. Қол мен аяққа қойылған стандартты бекітпелерден тіркеу үшін төмендегідей электродтарды жұп етіп жалғайды : I бекітпе – сол қол электроды (+) және оң қол электроды (-); II бекітпе – сол аяқ электроды (+) және оң қол электроды (-); III бекітпе – сол аяқ электроды (+) және сол қол электроды (-). Қол мен аяқтың күшейтілген бекітпелері. Қол мен аяқтың күшейтілген бекітпелерін 1942 жылы Гольдбергер ұсынған. Олар берілген бекітпенің ( оң қол, сол қол немесе сол аяқ ) және басқа екі қол мен аяқтың орташа потенциалын, оң таңбалы белсенді электроды қойылған қол мен аяқтың біреуінің арасындағы потенциалдар айырмасын тіркеуге мүмкіндік береді .Осылай етіп бұл бекітпелерде теріс электрод ретінде 2-сурет Гольдбергердің біріккен электроды деп аталынған, екі қол мен аяқтың қосымша кедергісі арқылы жалғанумен құралатын электрод пайдаланылады. Қол мен аяқтардың күшейтілген үш,бір полюсті бекітпелері төменде көрсетілгендей етіп белгіленеді : aVR – оң қолдан және біріккен электродтан (СА +СҚ); aVL – сол қолдан және біріккен электродтан (СА +ОҚ); aVF – сол аяқтан және біріккен электродтан (СҚ +ОҚ ). ЭКГ кеуделік бекітпелері. Кеуделік бір полюсті бекітпелерді 1934 жылы Вильсон ұсынған Кеуделік бекітпелер латынның бас әріптеріне V (потенциал, кернеу) оң таңбалы белсенді электродтың позиция номерін қосып араб цифрларымен белгілейді. 6-сурет. Кеуделік электродтардың орналасуы V1 бекітпе - белсенді электрод төстің оң жақ шетінде төртінші қабырға аралыққа қойылған . V2 бекітпе – белсенді электрод төстің сол жақ шетінде төртінші қабырға аралыққа қойылған . V3 бекітпе – белсенді электрод екінші және төртінші позиция арасында болады, шамамен сол жақ парастернальдық сызық бойынша төртінші қабырға деңгейінде. V4 бекітпе – белсенді электрод сол жақ шынтақ орталық cызық бойынша бесінші қабырға аралықта орналасқан. V5 бекітпе - белсенді электрод сол горизонталь деңгейде, V4 сияқты сол жақ алдыңғы қолтық сызығы бойынша орналасқан. V6 бекітпе - белсенді электрод сол жақ орташа қолтық сызығы бойына, V4 және V5 бекітпе электродтары сияқты горизонталь деңгейде. Жүрек өзінің ритм жүргізушісінің жетекшілігімен өз жұмысын атқарады. Ол жүргізуші электр импульстарын қорытып шығарып оларды өткізгіштік ортаға қарай бастайды. Жүрек ритмін жүргізуші қуыс веналардың қосылған жерінде оң жүрекшеде орналасқан. Осы нүктені синус түйіні деп атайды. Қалыпты жағдайда синус түйіні 60-90 электр импульсын қорытып шығарады. Оларды өткізгіштік жүйесіне бірқалыпты таратып тұрады. Осы импульстар өткізгіштік жолындағы миокарда бөлімдерін қоздырады. Электрокардиограмма дегеніміз-жүрек жүйесінің электр сигналдарының өткізгіштік жолымен өткен импульстарды график түрінде тіркеу. Олар Р, Q, R, S, T тістері түрінде және түзу сызықтар түрінде де болады. Синус түйінінен шыққан электр потенциалы алдымен оң жүрекшені қоздырады. Сол жүрекшенің қозуы оң жүрекше қозған кезде басталады. Екі бірдей жүрекшенің қозуын ЭКГ аппараты таспаға Р тісі ретінде жазады. Олай болса Р-тісі электр импульсының алдымен оң жүрекшенің (қисықтың көтерілген бөлігі) содан кейін сол жүрекшенің (қисықтың төмен түскен бөлігі) қозуын сипаттайды. Қалыпты жағдлайда осы екі қисық симметриялы болады. Жүректің өткізгіштік жүйесімен өткен электр импульсы қарыншаларға өтіп олардың миокардасын қоздырады. Осы процесс ЭКГ-де QRS комплексімен кескінделген. Жүректің қарыншалары белгілі бір ретпен қозады. Алдымен 0,03с аралығында қарыншаралық перде қозады. Оның қозуы Q тісін тудырады. Р тісімен Q тісінің арасында электрлік өзгерістер болмайды, ЭКГ-де түзу сызық арқылы сызылады. Оны изоэлектрлік процесс деп атайды. Содан кейін жүректің ұшы және оған жақын орналасқан аймақтар қозады. Соның нәтижесінде R тісі пайда болады. Жүрек ұшының қозу уақыты шамамен алғанда 0,05с болады. Ең соңында жүректің негізі қозады да S тісі пайда болады. Оның қозу уақыты шамамен 0,02с болады. Миокарда тіндері қозған күйде ұзақ тұра алмайды. Сондықтан синустық түйіннен басталған қозу процесі қарыншаларды қоздырғаннан кейін біртіндеп өше бастайды. Бұл арада аса күрделі физиологиялық процесс жүреді. Ол реполяризация. Реполяризация процесі ЭКГ-де S-Т кесіндісімен және Т тісімен кескінделеді. Реполяризация уақыты қалыпты жағдайда 0,3±0,02с. Осы уақыт ішінде жүрек қозғанға дейінгі алғашқы күйіне қайта оралады, яғни келесі қозу процесіне дайын күйге келеді. R-R аралығы (уақыт) қалыптан аз болса, жүректің соғу жиілігі қалыптан жоғары болады, оны тахикардия дейді, ал сол аралық қалыптан көп болса жүректің соғу жиілігі төмен болады, оны брадикардия деп атайды. Егер R-R аралығы бірде артып, бірде кемісе оны аритмия деп атайды. |