Сабақтың басы 10 минут | Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқушылар сурет қиындыларын құрастырып қандай өлшеуіш құралы екенін және осы құралмен нені өлшейді, жалпы өлшеуіш құралына байланыстының барлығын түсіндіріп береді. 1.Электр тогы деген не? 2. Электр тогы бар болу үшін қандай шарттар орындалуы керек? 3.Тұрақты ток деген не? 4.Электр тогының қандай әсерлері болады? 5.Электр тогын сипаттайтын физикалық параметрлерді атаңдар 6.Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. 7.Ток күші дегеніміз не, анықтамасын бер. 8.Электр тогының жұмысы. 9.Электр кернеуі деген не? | Оқушылар өлшеуіш құралдар салынған сурет қиындыларын құрастырады.(электроскоп, амперметр, вольтметр, реостат) | Дескриптор: -Тізбек бөлігі үшін Ом заңын сипаттайды. -Электр тогының жұмысы мен қуатын біледі. -Электр тогын сипаттайтын шамаларды атайды. Жалпы балл-2 | электроскоп, амперметр, вольтметр, реостат сурет қиындылары Интерактивті тақта, электронды оқулық, Оқулық Физика 8-сынып. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева |
Сабақтың ортасы 20 минут | «Ой қозғау» әдісі. Суреттерге арқылы отырып жаңа тақырыпқа шығу. Бүгінгі сабақтың мақсаты электр тогын сипаттайтын негізгі параметрлердің бар екендігімен ерекшеленеді.Яғни бүгін токтың жылулық әсері Джоуль- Ленц заңы тақырыптарымен таныса отырып білімімізді толықтырамыз. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады. Q=A=I2 Rt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды. Өмірмен байланыстыру- өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорцианал. Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды. Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады. «Сәйкестендіру» әдісі Жеке жұмыс (I) Анықтамасы | Формуласы | Өлшем бірлігі | Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең | P=I·U | Вт | Токтың қуатын табу үшін өткізгіштегі ток күшін және кернеуді өлшеп,олардың көбейтіндісін табу керек | Q=I2 ·R·t | Дж | Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады | A=I·U·t | В | Деңгейлік есептер шығару. Джоуль –Ленц заңының формуласына сүйеніп есептер шығару. А,Б,С деңгейіндегі есептерді тақтамен жұмыс жасау арқылы шығару. | Оқушылар суреттерге қарап отырып жаңа тақырыпты ашады. Джоуль –Ленц заңының өрнегін қалай қорытып шығуды түсініп, бұл заңның техникада қолданысын түсінеді. Оқушылар берілген сәйкестендіру қағазындағы тапсырманы орындайды. Жоғарыда алған практикалық білімдерін теорияда есептер шығаруда қолданады. | Дескриптор: -Джоуль-Ленц заңын тұжырымдайды. -Формуласымен өлшем бірлігін сәйкестендіреді. Жалпы балл-2 Дескриптор: -Есеп шартын жаза алады. -Формуланы қолданады. -Дұрыс есептеулер жүргізеді. -Формулаға түрлендірулер енгізеді. Жалпы балл-6 | Оқулық Слайд Дк экран Қосымша-1 Қосымша-2 |
Сабақтың соңы. 10 минут Бағалау Үй тапсырмасы | Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау §43 оқу | Оқушылар сабақ бойынша кері байланыс жасап сұрақтарға жауап береді | Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл | Стикерлер |
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | Жалпы бағалау критерийлер бойынша бағалаймын | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері |
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |