Физика есептерін ж?йелі т?рде шы?ару — та?ырып бойынша берілген за?дардын физикалы? ма?ынасын тере?ірек т?сінуге к?мектеседі; оларды нактылы жа?дайда ?олдана білу м?селелерін ?йретеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Дарынды о?ушылармен ж?мыс"»
«Қостанай қаласының №10 орта мектебі» ММ
БАЯНДАМА
«ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС»
Орындаған: Ошакбаева Ж.К – №10 орта мектебінің
физика мұғалімі
Қостанай қ 2015 -2016 о.ж
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді.
Физика есептерін жүйелі түрде шығару — тақырып бойынша берілген заңдардын физикалық мағынасын тереңірек түсінуге көмектеседі; оларды нактылы жағдайда қолдана білу мәселелерін үйретеді.
Жекелеген есептердің мазмұны, түрлері әр түрлі болғанымен, жалпы есеп шығарудың белгілі бір реті бар. Сондықтан физика пәнінен арнайы, қолданбалы факультативтер қосымша өткізіледі. Оқушылардың физика пәнін жақсы игеруіне көмекші болатын факультатив сабақтар міндетті, ұдайы түрде өтуі қажет. Осы мәселені негізге ала,мен, Ошакбаева Ж.К. физика пәнінен факультативтерді өткізіп жүрмін. Факультативтер 7,8,10 сыныптарда аптасына 1 рет өткізіледі. Факультативтік курстың бағдарламалары Қазақстан Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы No1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Еліміздің ғылыми- техникалық потенциалының артуы, табиғат тану және техникалық білім- өндіріс саласында жоғарышебер технократ мамандарға деген казіргі заманғы сұраныс орта мектепте білім берудің жаңа формаларын шешімді түрде енгізуді және насихаттауды қажет етеді.
Сонымен қатар, қазіргі тез өзгеретін заманда өзінің білімін көтеруге, өздік шешім жасауға, өзінің мүддесіне лайық мақсаттар қойып, шеше білуге қабілетті жастар өсіріп-тәрбиелеу қоғамымыздың басты мақсат- мүддесі болса, физика пәніде, өз деңгейінде осы мәселелерге үлес қосуы қажет. Бұл бағытта орта мектептегі білім беру жүйесінде физика пәнінің ролі зор. Физика пәні, табиғат тану пәндерінің ішінде, дәлірек айтсақ, орта мектептің білім беру жүйесінде- жас дарындардың өрісін ашып, ойын кеңейтетін- жетекшісі десек еш артық емес.
Физикалық теорияны оқып- үйренуде, оның мағынасын терең меңгеруде күрделі, қиындатылған физика есептерін шығартудың орны ерекше. Физика ғылымы тек теориялық ғана ғылым емес, аса жоғары деңгейдегі экспериментальдық ғылым екенін және бұл ретте орта мектеп оқушысы шұғылдана алатын эксперименттік есептер базасы да ұшы- қиырсыз екенін ескерсек, таңдап алынған элективті курс физика- математика бағытындағы интеллектуалды мектепте физика пәнін оқытудың талай күрделі проблемасын шешуге көмектесері сөзсіз. Ал, эксперименттік есептерге келетін болсақ, олардың әрқайсысын оқушы үшін кішігірім зерттеу іс- әрекеті ретінде алуға болады.
Физика пәнінен қиындатылған, олимпиадалық деңгейдегі есептерді шығару- физикалық құбылыстарды, оны сипаттайтын заңдылықтарды дұрыс және терең түсінуге көмектеседі. Физикалық пәндік олимпиадалар жастар арасында білімді насихаттауда, физиканың оқытылу сапасын көтеруде аса маңызды орта болып табылады. Ал, мектепішілік, қалалық және аймақтық олимпиадаларға нәтижелі қатыса білу аса зор дайындықты, дәлірек айтсақ, сабақтан тыс дайындықты қажет етеді. Ұсынылып отырған арнайы курс осы мақсаттарды көздейді.
Курс бағдарламасы бұрынғы кеңес мектептерінде сәтті қолданылып, казірде де үйлесімді өз жалғасын тапқан бай мұраны негізге ала отырып, мемлекеттік тілде оқитын сынып оқушыларының осы тілде оқу- дидактикалық әдебиеттермен қамтамасыз етілу деңгейіне сәйкес реттеліп жасалған. Әдебиеттер тізімінен көріп отырғанымыздай, ана тілімізде қажетті сұраныс- деңгейін қамтамасыз ететін, жоғары сапалы әдебиеттер жоққа тән. Әсіресе, Интернет арқылы алынатын электронды оқулықтарға келсек, жағдай бұданда төмен. Бұл жәйт курс жетекшілерінен әр сабаққа тыңғылықты, өте сапалы дайындықты қажет етеді. Сонымен қатар, курс мақсаты- тақырыбында анық көрсетілгендіктен, сабақтардың парлап қойылуы, әр тақырыпқа кем дегенде екі сағаттан бөлінуі оң нәтиженің кепілі болып табылады.
Мектеп қабырғасында физика пәнінің олимпиадалық, қиындатылған есептерді шығарудың арнайы курсы ретінде қосымша оқытылуы - техникалық жоғары оқу орындарына қажетті- арнайы дайындықпен келетін жастарды, еліміз аса зәру, жоғары білімді технократ- мамандарды дайындауда басты себепкер болары сөзсіз. Шын мәнінде дипломды маман баршылықта, техникалық жоғарышебер мамандар саусақпен санарлық екені құпия емес.
Тақырыптар қарастырылды.
7 сыныптарда физика пәні алғашқы рет болғандықтан, факультативтік сабақтар ұдайы, үздіксіз өтті. Бірнеше тәжірибелерді оқушылар өздері орныдады. 7 «А» сыныбының белсенділігі 7 «Б» сыныбына қарағанда төмен. Оқушылар аз қатысады. Сынып жетекшісіне ескерілді. Бұл факультативтерде негізгі мақсатым: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын жоғалтып алмау еді, сондықтан жұмысқа оқушылармен бірге ат салыса қызу кірістік.
10 сыныптармен факультатив сабақтары аптасына 3 рет өтеді. Мен, нәтиже болу үшін, 10 сынып оқушыларын 3 – топқа бөліп, жұмыс жасаймын. Факультатив сабақтарында біраз есептерді талдаймыз, сабақта түсінбеген есептерді талдадық. 10 сыныптың оқу бағдарламасы қиын болғандықтан, оқушылар бірінші реттен ұғып ала алмайды, сондықтан 10 сыныптың деңгейіне қарай есептер сұрапталып, деңгей бойынша беріледі, талданады.
Есептеу кезінде оқушылардың көбі дәрежеден қателік жібереді.