Күні: Сынып: 9 | Өткізген: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | §54 Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлері. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Денелер шығаратын сәулелердің түстерге жіктеліп, олардың орналасу қатарына байланысты аталуын, спектрлік анализ және сутегі атомы үшін арналған Бор постулаттары, Бальмер сериясы туралы мағлұматтар беру; |
Сабақтың мақсаттары | Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, есеп шығара алады Кейбірі: күрделі есептерді шығара алады. |
Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс | Химия, математика, тарих |
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, атомдық физика саласында еңбектері сіңген оқымыстылардың портреттері, α,β және γ сәуле шығару суреті, Менделеевтің химиялық элементтерінің периодтық таблицасы, Резерфорд тәжірибесінің суреті, жарықтың спектрге жіктелуіне арналған құралдар, сутегі атомының энергетикалық деңгейлері және сәуле шығару өтулері, спектрдің түрлері (тұтас(жолақ), жұтылу және шығару). |
Оқыту әдісі: | саралап-даралап оқыту, БЛУМ таксономиясын қолдану, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың білімдерін тексеру және бекіту. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. |
|
Сабақтың ортасы 8 минут І. Білу | Тірек тапсырмалары арқылы оқушылардың алған білімдерін тексеру 1.Жылулық сәулелену немесе сәуле шығару дегенім не? 2.Абсолют қара дегеніміз қандай дене? 3.Квант дегеніміз не? 4.Жылулық сәулелену қандай энергияның есебінен орын алады? 5.Фотоэффект құбылысының басталу шарты қандай? Фотоэффектінің қызыл шекарасы деп нені атаймыз? 6.Рентген сәулелерінің табиғаты қандай? 7.Атомның планетарлық моделі қандай тәжірибеге негізделген? Протонның, электронның зарядтары неге тең? |
Интербелсенді тақта, оқулық. |
ІІ Түсіну. 12 минут | Жаңа сабақты түсіндіру «Атомдардың сәуле шығару және сәуле жұту спектрлері. Бор постулаттары». Денелердің шығаратын сәулесінің түрлі түске жіктеліп немесе сызықтар түрінде көрінуін спектр деп деп атайды. Спектрлер: 1.жолақ (тұтас) спектрді – тығыздығы өте үлкен денелер шығарады. 2.шығару сызықтық спектрін – тығыздығы өте аз қызған газдар немесе плазма береді. 3.жұтылу сызықтық спектрі – өте қызған денеден шыққан жарықты сирелген газ арқылы өткізген кездегі қара жолақтар. Химиялық элемент қандай толқын ұзындығында сәуле шығарса, сондай толқын ұзындығында сәулені жұтады. Заттың химиялық құрамын оның сызықтық спектрі арқылы анықтау әдісі спектрлік анализ деп аталады. Бұл әдісті 1859 жылы Г. Кирхгоф пен Бунзен экспериметтік зерттеулерге енгізді. Спектрлік анализдің көмегімен гелий, германий, және скандий элементтері ашылды. 1855 жылы И. Бальмер сутегі спектрін талдай отырып, оның көзге көрінетін толқын ұзындықтарын анықтайтын формуланы көрсетті: =λ0 Мұндағы λ0=364,6 нм, n=3,4,5,6. Бұл формула Бальмер сериясы деп аталады. И. Ридберг 1890 жылы Бальмер сериясындағы спектр сызықтарының жиілігін анықтау формуласын ұсынды: v=R. Мұндағы, n=3.4.5.6. мұндағы R=3.288*1015 Гц – Ридберг тұрақтысы деп аталады. Эксперимент жүзінде алынған жоғарыдағы нәтижелер мен формулаларды теориялардың бірде-біреуі түсіндіре алмады. Бұл тұйықтан шығудың жолын 1913 жылы Нильс Бор өзінің екі постулаты арқылы түсіндірді. Бордың 1-ші постулаты. Атом ерекше стационарлық күйде бола алады. Ондай күйде атом электромагниттік толқын (сәуле) шығармайды әрі жұтпайды. Бордың 2-ші постулаты. Атом энергиясы Еп стационарлық күйден энергиясы Ек стационарлық күйге ауысқанда: Һv = Еп— Ек шамасында тең болатын энергияны шығарады немесе жұтады. | Интерактивті тақта, атомдық физика саласында еңбектері сіңген оқымыстылардың портреттері, α,β және γ сәуле шығару суреті. Спектраскоп. |
ІІІ Талдау 4 мин | 1859 ж. Спектрлік анализ деп аталатын әдісті Г.Кирхгоф және Р. Бунзен эксперименттік зерттеулерге енгізді. 1895 ж. Неміс ғалымы В. Рентген рентген сәулелерін ашты. 1896 ж. Б. Беккерель уран тұздарының сыртқы күштің әсерінсіз белгісіз сәуле шығаратындығын және ол сәуленің рентген сәулесіне ұқсастығын байқаған. 1898 ж. М. Складовская – Кюри мен П. Кюри радиактивті элементтер – полоний мен радийді ашты. 1900 ж. Макс Планк сәулелік энергия үздіксіз шығады деген классикалық физика түсінігіне мүлдем қайшы келетін батыл гипотеза ұсынды. 1911 ж. Э. Резерфорд атомның ядролық моделін жасады. | Таратпа қағаз. Интербелсенді тақта. |
IV Қолдану. 8 мин
| Деңгейлік есептер шығару I деңгей 1.Толқын ұзындығы 720нм қызыл сәуле толық жұтылған кездегі фотонның иммульсі неге тең: (h=6,62*10-34 Дж.с) ; ; 2.Толық жұтылған кездегі фотондардың иммульсі болатын ультракүлгін сәулесінің толқын ұзындығы қандай? (h = 6,63 *10-34 Дж.с) II деңгей 1.Энергиясы тыныштық күйден 3,3В потенциалдар айырмасы арқылы үдетілген электронның кенетикалық энергиясына тең болатын фатонның толқын ұзындығын тап. (h=6,6*10-34 Дж.с; e=1,6*10-19 кл.) E=M; III деңгей 1.Потенциалы 600В өріс нүктесінен ұшып жыққан электронның жылдамдығы , ал бағыты өріс күш сызықтарымен бағыттас. Электрон келіп тоқтайтын нүктенің потенциалын анықтаңыз. (e = 1,6 * 10-19кл; m = 9,1 * 10-31 кг) |
Оқулық, дәптерлер. |
VСинтез (жинақтау, жүйелеу). 3 минут | Физикалық диктант 1.Бір –біріне жайыла ұласқан спекторларды__________ ________деп атайды 2. _________ _________ жіктеліп, түрлі түсті жолақтар немесе сызықтар түрінде көрінуін спектр дейді. 3. Денелер сәуле ________ қатар оларды ________ алады. 4. Заттың химиялық құрамын оның өзіне ғана тән _________ _______ арқылы анықтау әдісін спектрлік анализ деп атайды. 5. Тығыздығы өте аз қызған спектрлері кесінді сызық түрінде бір- бірінен алшақ орналасса, ______ ______ ______ деп атайды. |
Карточкалар.
|
VI Бағалау 3 мин |
Жаңа тақырыпты бекіту. Спектр дегеніміз не? Ол қандай түстерге жіктеледі? Оларды ата. Қандай спектрлер тұтас немесе сызықтық деп аталады? Қандай жағдайда шығу және жұтылу сызықтық спектрлері байқалады? Спектрлік анализ деген не? | Кітап. |
Рефлекция « Жеміс ағашы» | Өзін-өзі алған білімдерін « Жеміс ағашына» Стикерлер арқылы ойларын білдіріп жазады.. | Стикерлер |
V. Сабақты қорыту, бағалау | Бағалау парағы бойынша бағаланады | |