kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;

Нажмите, чтобы узнать подробности

8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;

8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;»


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»


Бөлімі:

8.3 А Тұрақты электр тогы

Педагогтің аты-жөні:

Мукаманов А.Б.

Күні:

2.02.2023жыл

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

№ 6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;

8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;

Көптеген оқушылар істей алады: Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі

Кейбір оқушылар істей алады: Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;

Бағалау критерийлері


-Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;

-Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;

-Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөлігіндегі кернеуді анықтай алады;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің жалпы ток күшін анықтай алады;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда жалпы кедергіні анықтай алады.


Құндылықтарға баулу


Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету);

Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру;

Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут







Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу (интербелсенді тақтаны қолдану немесе жұпқа бір ноутбук қолдану).

Оқушылар «Сәйкесін табу» жұмысын орындайды.

Ой қозғау. Үйдегі, мектеп кабинеттеріндегі жарық шамдары қалай жалғанған?

Оқушылардан ауызша болжам жасауларын сұрайды.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады.

Өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау. 




Өткен материалды қайталау мақсатында сәйкесін табу жұмысын орындайды.













Оқушылар үйдегі және мектептегі шамдар қалай жалғанғаны туралы өз ойларын айтады. Соның негізінде жаңа тақырып ашылады.























Дескриптор:

-Шамдар параллель жалғанатынын біледі

-Параллель жалғау ережелерін біледі



Слайд

Сәйкесін табу

http://learningapps.org/display?v=p1bs7kmnn01


Сабақтың ортасы

20 минут




























Жаңа сабақ. Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырады, зертханалық жұмысты орындауға кіріседі.

Жеке жұмыс (I)

Оқушылар жұппен зертханалық жұмысты орындайды. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»

Жұмыс барысы:

С ұлба бойынша электр тізбегін құрастырыңдар. Резисторларды бір біріне параллель етіп және реостатқа тізбектеп қосыңдар. Тізбекке резис-торлармен тізбектеп амперметр мен ток көзін қо-сыңдар.

Ә рбір резисторға параллель етіп жеке вольт-метрді жалғаңдар және көрсетулерін жазып алыңдар. U1=_____________ U2=_____________ Өткізгіштерді параллель жалғағанда кернеудің екі өткізгіштің ұштарында бірдей болатынына көз жеткізіңдер, яғни U1=U2.

Әр резисторға жеке амперметрлерді тізбектей қосып, амперметрлердің көрсетулерін жазып алыңдар. I1=_____________ I2=_____________

Үшінші амперметрдің көрсетуін жазып, тізбек-тегі жалпы ток күші әр өткізгіштегі ток күшінің қосындысына жуық екеніне көз жеткізіңдер. ______________

Өлшеулерден кейін өткізгіштерден өтетін жалпы ток күшін есептеңдер . Iжал есеп=_____________

Iжал есеп Iжал

Есептелген және тәжірибе нәтижесінде алынған ток күшінің мәндерін салыстырың-дар:


Тізбек бөлігіндегі жалпы кедергіні келесі формула бойынша есептеңдер. ______________

______________

Өлшеулер мен есептеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.


Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, өздерінің зерттеулеріне қорытынды жасайды.

Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.


Оқушылар нұсқаулыққа қарап, зертханалық жұмысты орындайды. Бірінші тізбекті жинайды, сосын амперметр мен вольтметр мәндерін жазады.

Дескриптор:

-Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;

-Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;

-Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөлігіндегі кернеуді анықтай алады;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің жалпы ток күшін анықтай алады;

-Өткізгіштерді параллель жалғағанда жалпы кедергіні анықтай алады.


Қосымша-1

Сабақтың соңы.


10 минут






Бағалау




Үй тапсырмасы

Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады немесе ауызша айтады.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмыстыжалғастыру қажет



Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критерийлері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау


Л.Э.Генденштейн, Л.А. Кирик, И.М.Гельфгат физика 8 сынып есептер жинағынан № 16.15, 16.31 есептерді шығару











Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру.

Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыстың орындалуын бағалау критерийлері арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау


Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:


Тексерілді:





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;

Автор: Айдар Мұқаманов

Дата: 15.02.2023

Номер свидетельства: 625743


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства