kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ж?лдызды са?ат" ойыны

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ж?лдызды са?ат» ойыны

Ма?саты: о?ушыларды? ойлау ?абілетін дамыту, ?ызы?ушылы?ын арттыру, ?з бетімен ж?мыс ат?ару?а да?дылану

І бастаушы: ?ымбатты білім с?йгіш жас талапкер! Со??ы жылдары планетамызды? экологиясы ластана т?суде. К?птеген аурулар пайда болып, жан-жануарлар ?ле бастады. Сонды?тан да бізді?  Ж?лдызды са?атымыз таби?и ортаны ?ор?ау?а арналады. «Экология» деген с?з тіршілік ету мекені, ?мір с?рген орта туралы ?ылым дегенді білдіреді. Оны немісті? таби?ат зерттеушісі Эрнест Геккель 1866 жылы ?ылыми с?здік ?ор?а ?осты. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ж?лдызды са?ат" ойыны »

«Кім білімді, кім жылдам?»

білімділер сайысы

Мақсаты:

1. Білімділік. Оқушылардың физикадан алған білімдерін жүйелеп , өз бетінше тұжырымдауға дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық. Заңдылықтарды өзара салыстыра отырып ажырату, формулаларды еске сақтау дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелілік. Әр оқушы өз пікірін тиянақты , сауатты жеткізуге жаттығу, оқушылардың білімге қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс

Сабақ көрнекілігі: слайд, сөзжұмбақ, формула

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, сайыс.

Жүргізуші:

І Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Физикаға қызығушылар

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар

ІІ Есепті түрлі түрлі шығарамыз

Арасында ойын ойнап жарысамыз

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар

Әзіл есепке де отырамыз

ІІ Олай болса бұл не тұрыс

Кешімізді бастайық

І Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалайтын әділқазылар алқасын таныстырып өтейік

ІІ Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім терең ой сыналады

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады

І Жалпы бүгінгі өтетін сайысымыздың ретін атап өтсек, сайыс 7 кезеңнен тұрады: атап айтсақ

1. таныстыру

2. сұрақ- жауап

3 .Сөзжұмбақ шешу

4 сөзқұрау

5 .кесте толтыр

6 қорытынды


І олай болса 7 а сынып оқушылар мен 8 а сынып оқушыларының командасын ортаға шақырамыз

ІІ І кезең «Топты таныстыру » Әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып өтеді, сондай ақ таңба мен тақырыпқа сай плакаттары бағаланады.

7 сынып «Архимед» тобы

8 сынып «Ампер» тобы

І Әділқазылар алқасы І кезеңнің бағаларымен таныстырып өтсе екен

ІІ ІІ кезең «Сұрақ- жауап», бұл кезеңнің шарты әр сыныптың деңгейіне сай физикалық шамалар, құбылыстар бойынша сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беру керек. Әр топқа 6 сұрақ беріледі.

7 сыныпқа

  1. Күш дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі?

  2. Қысым дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі?

  3. Атмосфералық өысым дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі?

  4. Жылдамдық деген не? Формуласы, өлшем бірлігі?

  5. Инерция дегеніміз не?

  6. Салмақ дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі?

8 сыныпқа

  1. Кедергі дегеніміз не? Формуласы. SI жүйесінде кедергінің өлшем бірлігі не болып табылады?

  2. Ток күші дегеніміз не? Формуласы. SI жүйесінде ток күші өлшем бірлігі не болып табылады?

  3. Кернеу дегеніміз не? Формуласы. SI жүйесінде кернеудің өлшем бірлігі не болып табылады?

  4. Электр тогының жұмысы дегеніміз не? Формуласы. SI жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі не болып табылады?

  5. Тізбектей және параллель жалғау дегеніміз не? Тізбектей және параллель жалғауда кернеуді, ток күшін, кедергіні қалай есептейміз?

  6. Меншікті кедергі дегеніміз не? Формуласын жаз. SI жүйесінде меншікті кедергінің өлшем бірлігі не болып табылады?


ІІІ кезең «Сөзжұмбақ шешу » бұл кезеңнің шарты әр сыныпқа бір сөзжұмбақтан беріледі. жылдам әрі дұрыс жауап беру керек.

7 сынып «Манометр» сөзжұмбағы 8 сынып «Ареометр» сөзжұмбақ

Жауабы: 1.масса Жауабы: 1.марс

2.зат 2.инерция

3.нормаль 3.метр

4.барометр 4.молекула

5.атом 5.жылдамдық

6. секунд 6.дене

7.метр 7.материя

8.уран 8.сорғы


ІV кезең «Сөз құрау» әр топқа бір әріп беріледі сол әріптен басталатын физикалық шама, өлшем бірлік, прибор , құбылыстар, заңдылықтарды жазу. К Т

Мысалы: манометр, масса, метр, механикалық қозғалыс т.б

V кезең «Кесте толтыру» бұл сайыста әр топқа кесте беріліп сол кестені дұрыс толтыру керек.

шамалар

белгіленуі

формуласы

Өлшем бірлігі

қысым

Р

Р= F/S

Паскаль

Қорытынды І орын «Архимед» 7 сынып

ІІ орын «Ампер» 8 сынып марапатталды



«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектеп» КММ









7-8 сыныптар арасында

білімділер сайысы

Орындаған: Манарбекова Л.М



















2012-2013 оқу жылы

«Жұлдызды сағат» ойыны

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс атқаруға дағдылану

І бастаушы: Қымбатты білім сүйгіш жас талапкер! Соңғы жылдары планетамыздың экологиясы ластана түсуде. Көптеген аурулар пайда болып, жан-жануарлар өле бастады. Сондықтан да біздің Жұлдызды сағатымыз табиғи ортаны қорғауға арналады. «Экология» деген сөз тіршілік ету мекені, өмір сүрген орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Оны немістің табиғат зерттеушісі Эрнест Геккель 1866 жылы ғылыми сөздік қорға қосты.

ІІ бастаушы: Қазір сіздерге табиғаттағы физикалық құбылыстарға байланысты жұмбақ айтылады және жұмбақтың шешуіне қарай бір сұрақ қойылады. Айтылған жұмбақты дұрыс шешіп,қойған сұраққа толық жауап берген оқушы ойынға қатыса алады.

І бастаушы: Суға салсаң-батпайды,

Отқа салсаң-жанбайды. (Мұз)


ІІ бастаушы: Қандай жағдайда шәйнектегі ыстық шәй тез суыйды: шәйнекті мұздың үстіне қойғанда ма, әлде мұзды шәйнектің қақпағының үстіне қойғанда ма?Жауабы: мұзды шәйнектің қақпағының үстіне қойғанда бұл жағдайда мұздың айналасында судың суық бөлігі пайда болады.Ол бөлік басқа қалған бөліктерден ауыр, сондықтан ол төмен қарай түседі.Энергияның конвекциялық ағыны пайда болады.

І бастаушы: Аяғы жоқ,қолы жоқ, бірақ үйге кіреді. (жылу мен суық)

ІІ бастаушы: Неліктен суық күндері көптеген жануарлар денесін жиырып алып ұйықтайды.Жауабы: Денесін жиырғанда жануарлар көлемін кішірейтін, өзін қоршаған суық ауамен аз әсерлеседі.

І бастаушы: Аспанда алай-дүлей болып келіп, шатыр-шұтыр етеді.

Жүз өзенді бойлап, жүз ауылға жетеді. Бұл не? (күннің күркіреуі)


ІІ бастаушы: Алыстан күн күркірейді. Қай құбылысты бірінші сеземіз: күннің күркірегенінбе? Әлде найзағайдың жарқылылдағанын ба? Жауабы: Бірінші найзағайдың жарқылдауын көреміз, одан кейін күннің күркірегенін естиміз. Өйткені электромагниттік толқындардың вакуумдағы таралы жылдамдығы 300 000 м/с, дыбыстық ауаның жылдамдығы 340 м/с.


І бастаушы:Қусаң –қашады, жеткізбейді,

Қашсақ-қуады (көлеңке)


ІІ бастаушы: Көкжиек санақ жүйесі бола алама? Жауабы: Жоқ, өйткені бақылаушы орын ауыстырғанда ол да бірге қозғалып барады.


І бастаушы: Жұлдызды сағат ойнымыз 6 турдан тұрады.Ойнымыздың бірінші турын бастаймыз. Бұл турда сіздердің алдарыңызда әртүрлі формулалар жазылған слайд болады. Әр түрлі формулалар жазылған үстінде нөмерлер бар.

ІІ бастаушы: сіздерге 1,2,3,4,5,6 нөмерлер таратылды. Біз сіздерге сұрақ қоямыз сол қойылған сұрақ бойынша нөмірленген қағаздар көтеру арқылы жауаптарыңызды көрсетесіздер. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.


Енді әділ –қазылармен танысайық:

Физика пәнінің мұғалімі:Такебаев Манарбек Сыдықович

Математика пәнінің мұғалімі: Ноғаева Элмира Маликовна

І бастаушы: 1) жылдамдықтың формуласы (1)

2) қысымды анықтайтын формула (5)

3) Архимед күшін анықтайтын формула (3)

4) ауырлық күшін анықтайтын формула (2)

5) заттың тығыздығын анықтау (6)

6) Дененің массасын анықтау (4)


ІІ бастаушы: Алдарыңызда физикалық бірліктер берілген.

1) тығыздықтың өлшем бірлігі (5)

2) қысымның өлшем бірлігі не? (2)

3) көлем бірлігі не? (6)

4) күштің өлшем бірлігі не? (4)

5) жылдамдықтың бірлігі (1)

6) уақыттың бірлігі (3)

І бастаушы: ІІ тур қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығады. ІІІ тур шарты, алдарыңызда әртүрлі денелердің жылдамдықтары көрсетілген.

1)Самолеттің (ұшақтың) жылдамдығы (2)

2) жаяу адам жылдамдығы (1)

3) жеңіл машинаның жылдамдығы (4)

4) ғарыш кемесінің жылдамдығы (5)

5) электр поезының жылдамдығы (3)

6) конкишінің жылдамдығы (6)


ІІ бастаушы: ІV тур бастайық .Сіздердің алдарыңызда бірнеше физикалық приборлардың суреті берілген.Сол құралдарға анықтама беріледі, құралдың не үшін қолданылатыны айтылады, сол бойынша жауабын көрсетесіздер,

1) күшті өлшейтін құрал (Диномометр) (6)

2) ток күшін өлшейтін құрал - амперметр (3)

3) дененің салмағын анықтайтын құрал –таразы (1)

4) электр кернеуін анықтайтын құрал -вольтметр(2)

5) сұйықтардағы қысымды өлшейтін құрал -манометр (4)

6) артық қысымды анықтайтын құрал –барометр (3)

І бастаушы: 1)Физика оқулығын алғаш рет аударған ғалым- Ломоносов (2)

2) Адамзаттың тұңғыш ғарышкері –Юрий Гагарин (4)

3) Ең алғаш радионы ойлап тапқан – А. С. Попов (3)

4) Гелиоцентрлік жүйені ашқан ғалым- Н. Коперник (5)

5) Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділігік заңын ашқан- Ом (1)

6) Алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген француз

ғалымы – А. Ампер (6)


ІІ бастаушы: V тур шарты мынадай. Ең көп ұпай жинаған 2 оқушы қалып қалған оқушылар ойын алаңынан босатылады. Екі қатысушыға ақтық ойынға қатысып отыр. Сіздерге жеке-жеке 10 сұрақ қойылады. Жауап бойынша ұпай жинайсыздар.


І ойыншыға:

  1. ХVІІІ ғасырдағы физика оқулығын алғаш рет орыс тілінде аударған ғалым кім? (Ломоносов)

  2. Заттың ең ұсақ бөлшегі не? (молекула)

  3. Заттың үш күйі (қатты, сұйық, газ)

  4. Қозғалыс заңын және тартылыс заңын ашқан ағылшын физигі (Ньютон)

  5. Қысымның өлшем бірлігі (Паскаль)

  6. Атмосфералық қысымды алғаш өлшеген кім? (Торричелли)

  7. Кері итеруші күшті қандай күш деп атаймыз? (Архимед күші)

  8. Жұмыс бірлігіне не қабылданған? (Джоуль)

  9. 20гПа қанша Паскаль бар? (2000 Па)

  10. Паскаль қай елдің ғалымы (француз)


ІІ ойыншыға:

  1. Ток күшін кім анықтаған (Ампер)

  2. Қуаттың өлшем бірлігі не? (Ватт)

  3. Электрленген денелерді анықтайтын прибор (электроскоп)

  4. Атом құрлысын зерттеген кім? (Резерфорд)

  5. Электр кернеуінің өлшем бірлігі? (Вольт)

  6. Кедергі байланысын анықтаған неміс физигі кім? (Ом)

  7. 3кВ-та не Вольт бар? (3000 В)

  8. Электр зарядының өлшем бірлігіне не қабылданған (Кулон)

  9. Зарядтың неше тегі бар? (2 +,- )

  10. Ньютон қай елдің ғалымы? (ағылшын)


І бастаушы: өздеріңіз куә болған біздің «Жұлдызды сағат» ойнымыздың жеңімпазы анықталды. Жеңімпазға сөз береміз. __________________________________________________________

ІІ бастаушы:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер-деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар.


«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектеп» КММ













Орындаған: Манарбекова Л.М

















2014-2015 оқу жылы


Апталық ашылуы

Лездеме

  1. Физика еді өмірдің

Асыл бір үлкен саласы.

Жаңарды сол физикамен

Елімнің өзен, даласы.


  1. Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге

Бақтырып жұлдыздарды өскен желге.

Жансызға жан бітіріп, қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.

Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған.

Қай жүйрік Архимедті басып озған,

Жалынды патриот, батыр ғалым

Ғасырлар түпкірінен қолын созған.


  1. Сырлары көп ғылымның

Шешілмеген әлі де

Физиканың заңдары

Керек екен бәріне


  1. Пайдаланып көп ғалым

Физиканың заңдарын

Сол заңдармен таныды

Табиғаттың сырларын


  1. Айға, Марс, Шолпанға

Астрономия жол ашты

Сол сапардың бәрі де

Физикамен санасты


















«Ғажайып физика»

интеллектуалдық ойын

Мақсаты:

1. Білімділік. Оқушылардың физикадан алған білімдерін жүйелеп , өз бетінше тұжырымдауға дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық. Заңдылықтарды өзара салыстыра отырып ажырату, формулаларды еске сақтау дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелілік. Әр оқушы өз пікірін тиянақты , сауатты жеткізуге жаттығу, оқушылардың білімге қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс

Сабақ көрнекілігі: слайд, сөзжұмбақ, формула

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, сайыс.

Жүргізуші:

І Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Физикаға қызығушылар

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар

ІІ Есепті түрлі түрлі шығарамыз

Арасында ойын ойнап жарысамыз

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар

Әзіл есепке де отырамыз

ІІ Олай болса бұл не тұрыс

Кешімізді бастайық

І Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалайтын әділқазылар алқасын таныстырып өтейік

ІІ Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім терең ой сыналады

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады

І Жалпы бүгінгі өтетін сайысымыздың ретін атап өтсек, сайыс 7 кезеңнен тұрады: атап айтсақ

1. сәлем –сөздің анасы

2. физика біздің айналамызда (жұмбақ шешу)

3 .бұл не? (құралдарды табу)

4 .бәрін білгім келеді (ойын)

5.ойлан тап!

6. әділқазы сұрақтары

7.Қорытынды.


І олай болса 7 -8-9 сынып оқушыларының командасын ортаға шақырамыз

ІІ І кезең «Сәлем сөздің анасы » Әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып өтеді, сондай ақ таңбалары болу керек.

7 сынып «Архимед » тобы

8 сынып «Диффузия» тобы

9 сынып « Фюзис » тобы

І Әділқазылар алқасы І кезеңнің бағаларымен таныстырып өтсе екен.

ІІ кезеі бойынша «Физика біздің айналамызда (жұмбақ шешу)» жұмбаұты бірінші жолдан тапса 5 ұпай, егер екінші жолдан тапса 3 ұпай, үшінші жолдан 2 ұпай, 4 жолдан 1 ұпай есептелінеді.


1. а) Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді 5 ұпай

б) Жүрегіңнің қуаты 2.2 Вт 3 ұпай

в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай

г) жердегі ең ақылды кім? 1 ұпай (Адам)


2.а) Адам организмінде бар зат - 5 ұпай

б) Заттың үш күйінің біреуі - 3 ұпай

в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай

г) Жерде онсыз өмір жоқ 1 ұпай (су)


3.а) Зерттеу жұмыстарына құрал ретінде қолданылады 5 ұпай

б) Іші ауаға толы 3 ұпай

в) Спортшы осы денемен дос 2 ұпай

г) Шар тәріздес 1ұпай (доп)

ІІІ кезеңде «Бұл не?» әр сыныптан бір оқушыдан шығып қағаздағы жазылған құралдарды тауып, анықтама береді.

7-сынып : диномометр, білеуше, магнит

8-сынып: іштен жанатын қозғалтқыш, амперметр, реостат

9-сынып: бу турбинасы, вольтметр, маятник

ІV кезең «Бәрін білгім келеді» ойыны сіздердің алдарыңызда 10,20,30 ұпайдан тұратын сұрақтар жасырылған Бөліі: табиғат, математика, ғалымдар.

Табиғат: 10-ұпай ауыр кеме суда жүзіп жүре алады. Суға батырылған шеге батып кетеді. Мұның себебі неде? Жауабы: тұтас қатты дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық. Сондықтан шеге суға батып кетеді. Яғни шегенің тығыздығы судан артық.

20-ұпай: көлемдері бірдей екі шелекке су толтырылған. Бір шелектегі суға ағаштың бөлігі салынған. Қай шелектің салмағы көп? Жауабы: екі шелектегі судың салмағы бірдей. Себебі Архимед күшіне байланысты ағаш өзінің көлеміндегі суды ығыстырып шығарады.

30-ұпай: : Бір ыдыста қайнаған су, екіншісінде шикі су қыздыру бірдей болғанда, қай ыдыстағы су тез қайнайды? Жауабы: Шикі су тез қайнайды. Себебі; еріген ауа көпіршіктері бар.

Ғалымдар 10-ұпай:

  • Оны “сер” деп атаған.

  • Оны классикалық механиканың атасы деп атаған.

  • Оның құрметіне күштің өлшем бірлігіне аты берілген. (Ньютон)

20-ұпай: “Бірінші орыс университеті” деп Пушкин кімді атады? (А.Ломоносов)

30-ұпай:

Өмірдегі маңызын

Электромагниттік өрістің

Фарадейменен қоса-

Біле білген ғалым кім? (Максвелл)

Математика 10-ұпай: Дөңгелек тортты үш сызықпен 8 бөлікке бөлу керек.

20-ұпай: Бірнеше қояндарға арналған тор бар.Әр бір қоянды бірден торға отырғысса 1 тор артық қалады.Екіден отырғысса 2 тор бос қалады.

Сұрақ: неше қоян, неше тор бар?

30-ұпай: Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары 6,10,11.Бұл үшбұрыштың периметрі теңқабырғалы үшбұрыштың периметріне тең. Теңқабырғалы үшбұрыштың қабырғаларының ұзындығы қандай?

V кезең «Ойлан тап!» бұл кезеңде сіздерге алдарыңыздағы сандарды таңдау және сол сандарда формула жасырылған, соларды атымен атау.

Қысым. Салмақ, орын ауыстыру, толқын ұзындығы, үдеу, период


VІ кезең әділқазы сұрағы

1)неліктен үрленген қайық су түбіне батпайды? Жауабы: үрленген қайықтағы ауа тығыздығы, судікіне қарағанда кем. Сонымен бірге қайық қабырғаларының салмағы да аз.

2) Шайды металдан жасалған шәйнекке ме, әлде шыныдан жасалған шәйнекке демдеген дұрыс па? Жауабы: Шыныда. Себебі, шай қызады және жай суиды, жылуды ұзақ ұстайды.

3) Аспанның түсі неге көк. Жауабы: атмосфера күннен келетін жеті спектрдің көгін жақсырақ жұтады.

Қорытынды: әділқазыға сөз береміз

І орын Фюзис тобы 9-сынып

ІІ орын Архимед тобы 7-сынып

ІІІ орын Диффузия тобы 8-сынып

Физика еді өмірдің,

асыл бір үлкен саласы.

Жаңарды сол физикамен,

Ғылым – техника саласы.

физик, ғалым, астрономдар өтіпті,

қиялымен көкке самғап жетіпті.

Табиғаттың саясында тербеліп,

Заңдарын мұра етіп кетіпті.


Бүгін көріп, тамашалаған интеллектуалды сайысымыз, «Ғажайып физика » сайысы оз мәресіне жетті.

«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектеп» КММ











7-8-9 сыныптар



Орындаған: Манарбекова Л.М















2014-2015 оқу жылы


"Ғарышқа - 54 жыл»атты өнеге сағаты

Мақсаты: сөздік қорларын, дүниетанымын,тіл байлығын, шеберлігін, шығармашылығын дамыту.

І бастаушы:

Зеңгір аспан көгілдер

Алтын күн төрінде

Тамылжытып төгіп тұр.

Шаттық сыйлап көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр

Жандарымыз жайдары

ІІ бастаушы: Ғарышкер ит – ЛАЙКА (слайд №5)

  • Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.

  • 1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.

  • Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен берге тағы екі итті жаттықтарған болатын. Олар:  Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.

  • Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болсағ, өз кезегінде, АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.

  • Аты әлемге тарап, атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылап, сигарет шығарылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді.

І бастаушы: Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы —Қазақстанның тұңғыш ғарышкер ұшқышы (слайд №7)

1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген, қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры.

1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіді.

Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибек, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991ж  ж. қазаннаың 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.

ІІ бастаушы: Тоқтар Әубәкіров — мәжілісмен(слайд№ 8)

  • Қазақстанның: «Халық Қаһарманы» атағы

  • «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы

  • «Отан» ордені (1995)

  • Кеңес Одағының:

  • «Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987)

  • «Герой Советского Союза» (Кеңес Одағының Ері) атағы (1988),

  • «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988)

  • «Ленин» ордені (1988),

  • «Заслуженный Летчик-испытатель СССР» (КСРО еңбегі сіңірген сынаушы ұшқыш) (1990)

  • «Летчик-космонавт СССР» (КСРО ғарышкер-ұшқышы) (1991)

  • «Октябрьская революция» (Қазан революциясы) ордені (1991)

  • Ресейдің:

  • «Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1995)

  • Аустрия Республикасының:

  • «Алтын Крест» ордені 1988)

  • «Алтын Крест» ордені (1993)

І бастаушы: Ғарышкер -Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы(слайд№ 9)

  • Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.

  • 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.

  • 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.

  • Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге.

  • Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.

  • 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.


ІІ бастаушы: Талғат Мұсабаев марапаттары(слайд № 10)

  • «Халық Қаһарманы» атағы (1995)

  • «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» атағы (1995)

  • «Отан» ордені (1998)

  • «Барыс» 1-ші дәрежелі ордені

  • «Астана» медалі (1999)

  • Ресей Федерациясы:

  • «Дружба народов» ордені (1991)

  • «Герой Российской Федерации» атағы (1994)

  • «Лётчик-Космонавт РФ» (1994)

  • «За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998)

  • «За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені

  • Аустрия Республикасы:

  • Аустрия Республикасының ордені

  • Америка Құрама Штаттары:

  • «Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998)


І бастаушы:“Ғарыш әлемінде” ойыны(слайд № 11)

1.Алғашқы ғарышқа ұшу ұзақтығы қанша уақытқа созылды?

(108 минут) (слайд№ 12)

2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері қашан ұшты (1991 ж 2 қазан) (слайд№ 13)

3. Юрий Гагарин ұшқан ғарыш кемесі қалай аталады? (Восток) (слайд№ 14)

4. Ғарышқа адамзат ұшқанға дейін не жіберді, аттарын білесіңдер ме? (Лайка,Белка,Стрелка) (слайд№ 15)

5. Ғарышқа ұшатын ракеталар біздің облысымыздағы қай ғарыш айлағынан ұшырылады? (Байқоңыр) (слайд№16)

6. Әйелдер арасынан 1963 жылы алғашқы рет ғарышқа кім ұшты? (Валентика Терешкова) (слайд№ 17)

7. Еліміздің тұңғыш ғарышкері кім? ( Тоқтар Әубәкіров) (слайд№ 18)

ІІ бастаушы:

Ғарышкер болғысы келетіндерге! (слайд№ 19)

Барлығы да армандаудан басталатынын ұмытпаңдар.

Армандаудан қорықпаңдар!

Жалқаулыққа салынбаңдар!

Қорытындылау.



























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Ж?лдызды са?ат" ойыны

Автор: Манарбекова Ляззат Манарбековна

Дата: 12.04.2015

Номер свидетельства: 200368


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства