Просмотр содержимого документа
«Внеклассное мероприятие по физике,информатике и математике для 10-11классов на тему: "ХХІ- ғасыр көшбасшысы "»
Тақырыбы:ХХІ- ғасыр көшбасшысы (10,11 сыныптар)
Мақсаты:
1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін,
шығармашылық ізденісін байқау.Оқушыларды физика мен
негізгі пәндерінен алған білімдерін өмірде пайдалануға үйрету.
2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Өз ойларын ашық жеткізуге дағдыландыру.Сөйлеу шеберлігін жетілдіру,белсенділігін арттыру
3.Физика пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар компьютер арқылы көрсетіледі, интербелсенді тақта
Әдіс-тәсілдер: Ойын,сұрақ-жауап
Іс-шараның барысы
Ойынға қатысушылармен таныстыру.
Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгін біздің физика,математика және информатика апталықтарының мерекесіне арналған 10 «А» мен 11 «А» сынып оқушыларының арасында өтетін «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер!
Ал, оқушы, ұстаздар Ортаға назар салайық. Сайыскерлер шықпақ сайысқа, Қол соғып қарсыалайық,- деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1. 10 «А»-сынып оқушысы Сайыпқұранова Жадыра
2. 10 «А»-сынып оқушысы Исламбекова Гулнар
3. 11 «А»-сынып оқушысы Аппаз Мерей
4. 11 «А» сынып оқушысы Жұмабай Бексұлтан
5 11 «А» сынып оқушысы Иса Малика
6. 11 «А»сынып оқушысы Еркебай Айбек
7. 11 «А» сынып оқушысы Ерген Азамат
Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың сайысында Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты-деп
Бүгінгі сайысымызды әділ бағалайтын әділ қазылар алқасымен тансытырып өтейік:
24.Ең жақын екі нүктенің ара қашықтығы қалай аталады? (толқын ұзындығы)
25.Траекторияның ұзындығы қалай аталады? (жол)
Әділқазылар Бәйге жарысы бойынша бағаларыңызды берсеңіздер.
Өнерліміз өрге жүзер өнерде, Білімдіміз, ойда – оқу біздерде. Мақсатымыз – өнерлі болып жақсы оқу, Өнер – білім тең тарады біздерге – дей келе енді келесі айналым– «Полиглот» сайысымызды бастаймыз
Келді кезек полиглотты шешуге, Жауаптарды аударуға үш тілде. Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз, 5 ұпай, шәкірт саған несібе- деп, сайысымызды жалғастырамыз
II кезең – «Полиглот» Бұл асуда сіздерге жұмбақтар беріледі, сіздер соның жауабын тауып, тиісті сөздің үш тілде аудармасын айту. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
Шарты: 1. Бұл сайыста 8 ойыншыға мына экрандағы 4 тақырыпты таңдау ұсынылады. 2. Ойыншылар кезегімен екі тақырыптан таңдайды. 3. Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен
сақталады. 4. 4 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп 4 ойыншы келесі кезеңге
жолдама алады.
физика
математика
информатика
тарих
10
10
10
10
20
20
20
20
30
30
30
30
40
40
40
40
50
50
50
50
Математика
1. Тұрақты санның туындысы нешеге тең? (нольге)
2. Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)
3. Көрсеткіштік функцияға кері функция (Логарифмд3к функция)
4. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем ? (аксиома)
5. Геометрияның жазықтағы заңдылықтарын зерттейтін бөлімі? (Планиметрия)
Тарих
1. Тарихтың атасы кім? (Геродот)
2. Тәуелсіздік құрбандарын кімдер? (Қ.Рысқұлбеков,С.Мұхан қызы, Л. Асанова,Е.Спатаев т.б )
3. Тұңғыш қазақ демограф ғалымы?(М. Тәтімов)
4. Адамзат қоғамы туралы ғылым?(тарих)
5. Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама қай жылы басталды? (1723 ж.)
Физика
Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты ?(Ньютон)
SI жүйесіндегі зарядтың өлшем бірлігі? (Кулон)
Cпектр дегеніміз не ?Ретімен ата? ( Жеті түрлі түсті жолақ)
Дене су бетінде қандай күштің әсерінен қалқып жүреді ?(Архимед күші)
Биіктікті қандай құралмен өлшейді ?Альтиметр)
Информатика
Компьютердің негізгі бөліктерін ата?(Жүйелік блок, Монитор,Пернетақта)
Принтердің неше түрі бар?(3 түрі бар)
Вирустың кері әсерін жоятын программа ?(Антивирус)
“Компьютердің атасы” деп кімді атаған?(Ч. Беббидж)
Қазіргі таңда бұл адам атақты Microsoft компаниясының президенті ?(Билл Гейтс)
Ең көп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
Сендерге рахмет! Болашақта үлкен жетістікке жетеді – деген оймен өздеріңізбен қоштасамыз.
Ұпайларымыз аз болса да,
Адамгершіліктерің жоғары болсын
Өнерліміз өрге жүзер өнерде, Білімдіміз, ойда – оқу біздерде. Мақсатымыз – өнерлі болып жақсы оқу, Өнер – білім тең тарады біздерге –деп, «Дода» айналымын бастаймыз.
III айналым – «Дода»
Бұл сайыстың шартында жұмбақтар беріледі,оның жауабын тауып орыс, ағылшын тілдеріне аудару қажет.
1. Аса қажет өмірге халық үшін, Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін.
(ток, ток, current [каррент])
2. Жалғыз бағыт білері, Бұрғаныңа көнбейді. Жол көрсетіп береді Бірақ өзі көрмейді.
(компас, compass [кампәс])
3. Туыстарын шетінен, Өбеді де бетінен. Бала - шаға ұсағын, Бауырына қысады.
(магнит, magnet [магнет])
4. Көкке қараған, жұлдыз санаған.
(телескоп, telescope [телискоуп])
5. Тар шеңберді айналып, Тұр құдықта байланып. Қаға берер таңдайды, Әдетінен танбайды
(сағат, часы, clok [клок])
6. Қозғалысқа келтіріп, Жылдамдығын береді. Өлшемдерін қарасақ, Ньютонға ол келеді.
(күш, сила, strength [стрензсі])
7. Жоғалмайды ешқашан, Түрлендірсек егер де. Басқа күйге ауысқан, Жұмыс істейді әрқашан.
(Энергия, энергия, energy [енеджи])
8. Жоқ өзінде бас та, қаста, мойын да Ұзындығы жағулы тұр бойында
(сызғыш, линейка, a ruler /айрулер/)
9. Суға салсаң батпайды Отқа салсаң жанбайды
(мұз, лед, ice /айс)
3-ші айналымда ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
Мәңгі бақи есте қалар
Ғажайып бір сайыс болсын
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Сөз әділқазылар алқасына беріледі. Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.
IV айналым– «Жорға»
1-оқушы
Топбасшыларының сайысы 4 айналым. Ойлану уақыты 5 секунд.
1) Бес жұмыртқа 12 минутта піседі, ал он жұмыртқа неше минутта піседі? /12 минут/
2) Бір жанұяда 5 ұлдың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? /6 бала/
3) Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы қалды? /Түйеқұс ұшпайды/
4) Ұшақ Шымкенттен Астанаға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұны қалай түсіндіресің? /Тең/
5) 1 т мақта ауыр ма? әлде 1 т темір ауыр ма? /Тең/
6) Көп үйрек ұшып келеді, екеуі артында, біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі ортасында, екеуі алдында, біреуі артында. Барлығы қанша үйрек? /3 үйрек
7. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Шешімі: Жанат - ұзын
8. Менің атым Медет. Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
9. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
2-оқушы
1.. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?
Жауабы: 4 мысық
2. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
3. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?
Жауабы: үшеу
4. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнайды? Жауабы: екі сағат
5. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
6. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
7. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
8. Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады?
Жауабы: 3+3=6 6-5=1 3+1=4л
9. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
Сайыскерлер алды-артын ондасын, Шешілмеген сұрақтары қалмасын. Бүгінгі ойын жеңімпазын Мына отырған қазылар алқасы тандасын
Тағы келеді сыналар шақ айналып, Тереңіне білім теңіз байланып. Бүгінгі кештің жеңмпазы атанып ХХІ ғасыр көшбасшысы болып ________________ деп, Сөз әділ қазылар алқасына беріледі, қорытынды есепті тындайық және бүгінгі ойын туралы, қатысушылар туралы бірнеше ауыз сөз айта кетсеңіздер. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» жеңімпазы _____ сынып оқушысы ___________________________________________________ Осымен бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасы аяқталды. Жастықтың оты жалындап, Жас жүректе жанған шақ. Талаптың оты арындап, Әр қиянға салған шақ – деп Абай атамыз жырлағандай , Жүректерінде жеңіске жетем деген сенім оты жалындаған бүгінгі ойын жеңімпазын құттықтаймыз.
Еңбекқор білімге қол созады,
Білімді бәрінен озады.
Ізденуден жалықпайық құрметті оқушылар!-деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.