kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тапкырлар мен ал?ырлар

Нажмите, чтобы узнать подробности

 мені? ?сынылып отыр?ан сыныптан тыс іс-шара. Та?ырыбы "Тап?ырлар мен Ал?ырлар". Ма?саты физика п?ніне деген ?ызу?ушылы?тарын арттыру, есте са?тау ж?не ойлау  ?абілеттерін дамыту. Адамгершілікке т?рбиелеу. Сайыс 7 кезе?нен т?рады. 9-10 сыныптар?а арнал?ан. О?ушылар ?ызы?ушылы?пен ?атысты. Же?іске 9-сынып жетті. ?р кезе?дері ?паймен ба?аланды. Интербелсенді та?та ?олданылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«тапкырлар мен ал?ырлар »

«Тапқырлар мен Алғырлар» сайысы


НазгүлАхтаева,

Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің физика пәні мұғалімі


Мақсаты:Оқушылардың ой – өрісін дамыту, физика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: интер белсенді тақта, формулалар.

Жүргізуші:

- Көңілді тапқырлар,алғырлар

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

Жиналған ылғи дарындар

Жүректе от, көздерінде жалын бар

Екі топты халайық

Қол соғып қарсы алайық,-деп сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

Тапқырлар мен Алғырлар


Шеберлікті, білімді

Сараптап сіздер көріңіздер.

Әділ-қазы алқасы,

Әділ баға беріңіздер,-деп әділ-қазы алқасын сайлап алайық.


«Тапқырлар мен Алғырлар» атты сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

1. Таныстыру

2.Кім жылдам?

3. Ойлан, тап!

4. Қапы қалма!

5.Қателеспе

6.Ғалым физиктерді білесіңдер ме?

7.Есіңде ме?

Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1.Таныстыру. (әр топ өздерін таныстырады )

2.Кім жылдам?

І –топ.

1. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (уақыт)

2.Сұйықтың ең кішкентай бөлшегі қалай аталады? (тамшы)

3.Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағай)

4.Су неліктен отты өшіреді? (Су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

ІІ топ.

5.Суда бағдарын жоғалтқан жүзгіш төмен мен жоғарыны қалай ажыратады?(ауа көпіршіктерінің қозғалысынан)

6.Мұз әрқашан куб пішінде бола ма?(жоқ , әртүрлі болады)

7. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке , екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне-бірі:

-Достым,мен сені көріп отырмын,-дейді.Олар бірін-бірі қалай көреді?(олар бір-біріне бетпе- бет қарап отыр)

8.Жылуды ең нашар өткізетін орта, ауасыз бос кеңістік (вакуум)


3.«Ойлан, тап»

Жұмбақ,мақал-мәтелдер оқылады, бірақ олардың жауабын физика тілінде түсіндіру.

1.Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді.(диффузия)

2.Отқа жанбас,суға батпас.(мұз, заттың қатты күйі)

3.Саусақ бірікпей-ине ілікпейді.(үйкеліс күші)

4.Тұмсығымен қозғалар

Соңында аппақ із қалар.(бор, жұғу құбылысы)

5.Табаныма байлады

Қос таяқпен айдадым.(шаңғы, сырғанау,үйкеліс күші, қысым)

6.Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.(су, заттың сұйық күйі)

7.Жоқ өзінде бас та, қаста, мойында,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш,өлшеуіш құрал )

8.Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп.(Күн ,жарық көзі)

9.Пайдаланады мені жұрт

Отын менен жарыққа

Қызмет етемін әрқашан

Түсіне білген адамға.( ток .физикалық құбылыс, шама )

10.Аузы күйген үрлеп ішеді. (кебу құбылысы)



4.Қапы қалма.

Бұл кезеңде шаршының астына сурет жасырылған.Сол суретті табу керек .Суреттің бір бұрышы ғана көрсетілген.

1.Г.Галилей ашқан заңның арқасында бүкіләлемге танылған ғимара?

Жауабы:(Пиза қаласындағы мұнара, денелердің еркін түсу үдеуін анықтады)

2.Күнделікті өмірде резонанс құбылысы байқалатын аспап?

3.Бұл дене көптеген оптикалық аспаптардың ішіндегі бір бөлшегі болыр табылады? (ойыс линза)

4.Ток күшін арттыруға арналған құрал? (реостат)


5.Қателеспе.

1.Бір күні аты әлемге әйгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді.Олар келгенде бұл үйдегі апай сыртта бауырсақ пісіріп жатады.Алдар Көсе әңгіме айтып көп отырып қалады, бай оны шайға шақырады.Шайғайбайдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған ыдысқа бауырсақты салып әкеліп, дастарханға қойып жатып былай дейді:

-Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ тез суып қалмас үшін мына темірден өріліп жасалған ыдысқа әдейі салып әкелдім,-дейді.

Сонда көп білетін Алдар былай дейді:

-Жоқ қателесесіз:одан да бауырсақты ағаштан жасалған ыдысқа салған дұрыс.

Сұрақ: Алдардың берген кеңесі дұрыс па?

Жауабы: Дұрыс.Ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суиды,өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі темірден (метал) –аз.

2.Алдар шайға қанып алып, орнынан тұрып кетуге ыңғайланады.Үй иесі есікті ашқаны сол еді, үйге бір мысық кірді.Алдардың көзі үйге кірген мысыққа түсті, мысыққа қарап тұрып:

-Құлақшынымды кие шығайын, далада күн суық екен,- дейді.

Сұрақ: далада күннің суық екенін Алдар қайдан білді?

Жауабы:

Үйге кірген мысықтың жүніне қарап біледі.Күн суықта мысықтың жүні үрпейіп кетеді,өйткені ол өзінің жүндерінің арасында көбірек ауа болатындай етіп жүнін үрпитеді, ал ауа жылуды нашар өткізгендіктен, мысық осы күйінде далада ұзақ бола алады.

5.Ғалым физиктерді білесіңдер ме?

1.Бұл қай ғалым?

А)ғылыми еңбектері механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған.

Б)Механиканың үш заңын ашқан

В) бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан кім? (Ньютон)

2. Бұл қай ғалым?

А)дәлелдеген формуласы бар

Б)математик, астроном

В)өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Эврика!» деп айғалаған кім? (Архимед)

3.Ағылшын физигі кім?

А)Энергияның сақталу заңын тәжірибе жүзінде дәлелдеді

Б)газ молекулаларының қозғалыс жылдамдығын есептеген

В)электр тогының жылулық әсерін анықтаған кім?(Ленцке байланыссыз)Джоуль

4. Бұл қай ғалым?

А)Физика ұғымын енгізген

Б)Барлық ғылымға байланысты еңбектері бар? Орыс ғалымы:(М.С. Ломоносов)


5.Бұл қай ғалым?

А)француз физигі

Б)электрлік, магниттік өзара әсерлесудің негізгі заңдарын тағайындаған

В) ғалымның құрметіне берілген өлшем бірлігі бар (Кулон)

6.Бұл қай ғалым?

А)ауаның салмағын есептеген

Б)Г.Галилейдің шәкірті

В)атмосфералық қысымды есептеген

(Торричелли)

7.Есіңде ме? деп аталатын сайыста, мына аталған заңдылықтардың формулаларын жазыңдар:

1.Менделеев – Клапейрон теңдеуі

2.Ом заңы


3.Кулон заңы F=k

4.Потенциалдық энергия Ep=mgh

5.Электромагниттік тербелістердің формуласы T=2π

6.Линзаның оптикалық күшінің формуласы D=

7.Жылу мөлшерінің формуласы Q-cm (t2 –t 1)

8.Центрге тартқыш үдеудің формуласы a=

9.Термодинамиканың формуласы ΔU=A+Q

10. Ньютонның екінші заңы F=ma


Ендігі сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.

Сайыста белсене қатысқан топты марапаттаймыз.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
тапкырлар мен ал?ырлар

Автор: Ахтаева Назгуль Ануарбековна

Дата: 13.01.2015

Номер свидетельства: 154235


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства