kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс ж?мыс "Физика ?лемінде"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «Физика ?лемінде». Ма?саты: о?ушыларды? п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру, п?н бойынша ал?ан білімдерін ?орытындылау, танымды? ?абілетін, ой-?рісін ке?ейту, белсенділігін арттыру. Саба? формасы: топпен ж?мыс істеу. Саба?ты? т?рі: ойын саба?ы. К?рнекілігі: интербелсенді та?та, компьютер, слайдтар. Сайысты? жоспары: Ой?а шабуыл. Кім жылдам? Кестені толтыр. Ойлан тап. Ж?бы?ды тап. Формулалар ?лемінде Физика ма?ал мен м?телде. К?рініс «Плитка мен ?тік» Барысы: ?йымдастыру. Сынып 2 топ?а б?лінеді. Сыныпты топ?а б?лу ?шін о?ушылар?а терминдер, физикалы? шамалар, за?дар жазыл?ан карточкалар таратылады. Олар механика ж?не электр б?ліміні? ?айсысына жататынын аны?тайды. І топ. Механика ІІ топ. Электр ?діл ?азылар ал?асын сайлау. Ой?а шабуыл. Берілген с?ра?тар?а тез жауап беру. І топ?а с?ра?тар. Амперметр тізбекке ?алай жал?анады? (Тізбектей) Жиілігі 20000 Гц тен жо?ары тол?ындар. (Ультрадыбыстар) Сыйымдылы?ты ?андай ??ралмен ?лшейді? (Конденсатор) 1 МПа - да неше Па бар? (1000000 Па) Протонны? заряды ?андай? (О?) 1 мм.сын ба? ?анша паскаль бар? (133,3 Па) ?з с?йы?ымен динамикалы? тепе-те?дікте болатын бу. (?аны??ан бу) Зарядтал?ан б?лшектерді? реттелген ?оз?алысы (Электр тогы) ?ысымны? ?лшем бірлігі (Паскаль) Барометрмен нені ?лшейді? (Атмосфералы? ?ысымды) ІІ топ?а с?ра?тар. Электр зарядыны? ?лшем бірлігі (Кулон) 1 кН - да неше Н бар? (1000 Н) Атомны? теріс зарядтал?ан б?лшегі – (Электрон) Вольтметр тізбекке ?алай жал?анады? (Параллель) С?т неше градуста ?айнайды? (1000С) Атмосфералы? ?ысым ?андай шама?а байланысты? (Биіктіке) Орын ауыстыру ?андай шама? (Векторлы?) Деформацияны? ?андай т?рлері бар? (Пластикалы? ж?не серпімді) Электр зарядыны? ?лшем бірлігі (Кулон) Индуктивтілікті ?андай ??ралмен аны?тайды? (Катушкамен) Кім жылдам? Кестені толтыр. Ойлан тап. Молекула- кинетикалы? теорияны? негізгі ?а?идаларын ретімен орналастыр. Денедегі микроб?лшектер ?зара ?рекеттеседі. 2. Барлы? денелер микроб?лшектерден атомдардан немесе молекулалардан т?рады. 3. Денедегі микроб?лшектер ?здіксіз ж?не хаосты ?оз?алыста болады. Жылдамды?тарды кему ретімен орналастыр. 10 м/с. 2. 72 км/са?. 3. 18 км/са?. 4. 60 м/мин Ж?бы?ды тап ойыны. Физикалы? шама ?лшем бірлігі υ Па S с t м ρ Дж m кг/м3 ν кг F м/с V моль U Н P м3 «Формулалар елінде» (Жасырыл?ан жерге физикалы? шамаларды орналастыру ж?не нені аны?тайтын формула, кімні? за?ы екенін айту) Физика ма?ал мен м?телде. Ма?алды физикалы? т?р?ыдан т?сіндіру ж?не т?рбиелік м?нін ашу. Ж?парды жасыр?анмен иісі білінеді. (Диффузия ??былысы) ?азан отпен, адам ?рекетпен ?ызады. (Ішкі энергияны? ?згеруі) Білекті бірді жы?ар, білімді мы?ды жы?ар. (К?ш) Та? атпайын десе де, к?н ?оймайды. (Жерді? ?з осінен айналуы) ?ол ж?мылмай - жылынбайды. (Жылу берілу) Ас - адамны? ар?ауы. (Энергия) Аузы к?йген ?рлеп ішеді. (Кебу) К?сеу ?зын болса, ?ол к?ймейді. (Жылу ?ткізгіштік) Тасты тау?а с?йрейді, ал т?мен ол ?зі ??лайды (?йкеліс к?ші). Т?зу жолда, ?исы? ж?рме (?оз?алыс). Физикалы? к?рініс «Плитка ж?не ?тік» Плитка- ?тік- Ток к?зі – Бірінші шам – Екінші шам – Реостат – Вольметр – Амперметр – Са?тандар?ыш – ?ожайын – Сахнада ?тік пен плита ?зара арты?шылы?тарын айтып, ма?танып жатады. Плитка: Мені? адамдар?а тигізетін пайдалы ?те к?п. Мені? ?ызуыма олар тама? пісіреді, шай кофе ?айнатады. ?тік: Мені? де пайдам ?те к?п. Менсіз ешкімні? де киімдері ?тіктелмейді. ?не, сен, ?зі?ні? ?сті – басы?а ?арашы, костюм – шалбары?ны? ?ырын к?рді? бе? Б?л мені? ар?ам. Плитка: Сен та?ерте? хош иісі, к?ре? шаймен ?й?ы?ды ашып, саба?та сергек ж?ресі?, ол да мені? ар?ам, Киім ?тіктегенен бас?а не білесі?? ?тік: Кейде плитка б?зылып ?ал?анда адамдар мені т??керіп ?ояды да ш?й шы?арады. Ток к?зі: ?й, таласпа?дар, екеуі?е не бол?ан? Мен сендерге то? беріп т?рмасам, сендерді? керектері? ?анша? ?азір ?шіп ?алайыншы, екеуі?ні? де денелері? м?здап, керексіз болып ?аласы?дар. Кішкене жан – жа?тары?а ?араса?даршы. Отырмыз ?ой ?ндемей. ?азір мен мына екі шамды жа?амын. Бірінші шам: Ой мені? температурам к?теріліп барады. Екінші шам: Кедергі реостаттар ?айда? ?йы?тап ?ал?ан ба? Реостат: Мен кедергіні жасап т?рмын, Амперметр: ?азір мен то?ты ?лшеп жіберейін. То? бір?алыпты. Вольтметр: Мен де кернеуді ?лшеп жіберейін. Ия, екеуі?де де кернеу бір?алыпты екен. Амперметр: Сен бір шамды жа?ып жіберді?. Вольтметр: Мені? ?андай кін?м бар, м?ны істеген реостат ?ой. Реостат: Сендерге не бол?ан, кедергіні мен д?рыс жасадым. Білсем, кін? са?тандыр?ыштарда ?ой деймін. Са?тандыр?ыш: Вольтметр сен ыл?и кернеуді д?рыс ?лшемейсі? барлы? салма? ма?ан т?седі. Міне, та?ы да жанып кеттім. Сендер ?шін к?ніне бір ?ліп, бір тірілемін. Ток к?зі: Тынышталы?дар, тынышталы?дар. ?ожайынымыз келе жатыр. Плитка: Шай ?айна?ан жо?, ?ят болды- ау. ?тік: Киімдерін де ?тіктей алмайтын болды. Шам: ?ап – ?ара??ы болып к?зі де к?рмей ?алатын болды- ау. Са?тандыр?ыш: К?рді?дер ме мені? ?ызметім ?андай екенін? ?ожайын келіп шамды жа?ады. Плитканы ?осады, ?тік ті де ?осады. Еш?айсысы да ?осылмайды. «е, е са?тандыр?ыш жанып кеткен екен ?ой» - деп оны ж?ндеп ?осады. Плитка ысып шай ?айнайды. ?ожайын: Ей, электр ??ралдары, сендер жеке- дара жан – жа??а тартпа?дар. Б?ріміз бірігіп ?ызмет етейік. Адамдарды бір ?ажетіне жарайы?. Келі?дер, б?ріміз тізбектей ?осылып, к??ілді ?н айтайы?. ?н шашу: Физика («Ана туралы жыр» ?ніні? мотиві) ?лемдік тартылыс, К?шін сен сыйлады? Ауырлы?, ?йкеліс, К?шін сен сыйлады? Сыйлады? сен ма?ан, Т?ра?ты сандарды. Ом менен Ньютонны? ?р т?рлі за?дарын Электр ?уатын сыйлады? сен ма?ан, Жасанды к?з н?рын сыйлады? сен ма?ан. Сенсіз б?л ?мірде ж?ру де жо? ма?ан. Сенсіз б?л ?мірді с?ру де жо? ма?ан. ?орытынды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс ж?мыс "Физика ?лемінде"»

Тақырыбы: «Физика әлемінде».

Мақсаты: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, танымдық қабілетін, ой-өрісін кеңейту, белсенділігін арттыру.

Сабақ формасы: топпен жұмыс істеу.

Сабақтың түрі: ойын сабағы.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, компьютер, слайдтар.

Сайыстың жоспары:

  1. Ойға шабуыл.

  2. Кім жылдам? Кестені толтыр.

  3. Ойлан тап.

  4. Жұбыңды тап.

  5. Формулалар әлемінде

  6. Физика мақал мен мәтелде.

  7. Көрініс «Плитка мен үтік»


Барысы:

Ұйымдастыру. Сынып 2 топқа бөлінеді.

Сыныпты топқа бөлу үшін оқушыларға терминдер, физикалық шамалар, заңдар жазылған карточкалар таратылады. Олар механика және электр бөлімінің қайсысына жататынын анықтайды.

І топ. Механика

ІІ топ. Электр

Әділ қазылар алқасын сайлау.


  1. Ойға шабуыл.

Берілген сұрақтарға тез жауап беру.

І топқа сұрақтар.

  1. Амперметр тізбекке қалай жалғанады? (Тізбектей)

  2. Жиілігі 20000 Гц тен жоғары толқындар. (Ультрадыбыстар)

  3. Сыйымдылықты қандай құралмен өлшейді? (Конденсатор)

  4. 1 МПа - да неше Па бар? (1000000 Па)

  5. Протонның заряды қандай? (Оң)

  6. 1 мм.сын бағ қанша паскаль бар? (133,3 Па)

  7. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу.

(Қаныққан бу)

  1. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (Электр тогы)

  2. Қысымның өлшем бірлігі (Паскаль)

  3. Барометрмен нені өлшейді? (Атмосфералық қысымды)


ІІ топқа сұрақтар.

  1. Электр зарядының өлшем бірлігі (Кулон)

  2. 1 кН - да неше Н бар? (1000 Н)

  3. Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (Электрон)

  4. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады? (Параллель)

  5. Сүт неше градуста қайнайды? (1000С)

  6. Атмосфералық қысым қандай шамаға байланысты? (Биіктіке)

  7. Орын ауыстыру қандай шама? (Векторлық)

  8. Деформацияның қандай түрлері бар? (Пластикалық және серпімді)

  9. Электр зарядының өлшем бірлігі (Кулон)

  10. Индуктивтілікті қандай құралмен анықтайды? (Катушкамен)


  1. Кім жылдам? Кестені толтыр.


  1. Ойлан тап.

  1. Молекула- кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын ретімен орналастыр.

  1. Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі. 2. Барлық

денелер микробөлшектерден атомдардан немесе молекулалардан тұрады. 3. Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады.

  1. Жылдамдықтарды кему ретімен орналастыр.

  1. 10 м/с. 2. 72 км/сағ. 3. 18 км/сағ. 4. 60 м/мин


  1. Жұбыңды тап ойыны.

Физикалық шама

Өлшем бірлігі

υ

Па

S

с

t

м

ρ

Дж

m

кг/м3


кг

F

м/с

V

моль

U

Н

P

м3


  1. «Формулалар елінде» (Жасырылған жерге физикалық шамаларды орналастыру және нені анықтайтын формула, кімнің заңы екенін айту)


  1. Физика мақал мен мәтелде.

Мақалды физикалық тұрғыдан түсіндіру және тәрбиелік мәнін ашу.

  1. Жұпарды жасырғанмен иісі білінеді. (Диффузия құбылысы)

  2. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады. (Ішкі энергияның өзгеруі)

  3. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. (Күш)

  4. Таң атпайын десе де, күн қоймайды. (Жердің өз осінен айналуы)

  5. Қол жұмылмай - жылынбайды. (Жылу берілу)

  6. Ас - адамның арқауы. (Энергия)

  7. Аузы күйген үрлеп ішеді. (Кебу)

  8. Көсеу ұзын болса, қол күймейді. (Жылу өткізгіштік)

  9. Тасты тауға сүйрейді, ал төмен ол өзі құлайды (Үйкеліс күші).

  10. Түзу жолда, қисық жүрме (Қозғалыс).


  1. Физикалық көрініс «Плитка және үтік»

Плитка-

Үтік-

Ток көзі –

Бірінші шам –

Екінші шам –

Реостат –

Вольметр –

Амперметр –

Сақтандарғыш –

Қожайын –

 Сахнада үтік пен плита өзара артықшылықтарын айтып, мақтанып жатады.

Плитка: Менің адамдарға тигізетін пайдалы өте көп. Менің қызуыма олар тамақ пісіреді, шай кофе қайнатады.

Үтік: Менің де пайдам өте көп. Менсіз ешкімнің де киімдері үтіктелмейді. Әне, сен, өзіңнің үсті – басыңа қарашы, костюм – шалбарыңның қырын көрдің бе? Бұл менің арқам.

Плитка: Сен таңертең хош иісі, күрең шаймен ұйқыңды ашып, сабақта сергек жүресің, ол да менің арқам, Киім үтіктегенен басқа не білесің?

Үтік: Кейде плитка бұзылып қалғанда адамдар мені төңкеріп қояды да шәй шығарады.

Ток көзі: Әй, таласпаңдар, екеуіңе не болған? Мен сендерге тоқ беріп тұрмасам, сендердің керектерің қанша? Қазір өшіп қалайыншы, екеуіңнің де денелерің мұздап, керексіз болып қаласыңдар. Кішкене жан – жақтарыңа қарасаңдаршы. Отырмыз ғой үндемей. Қазір мен мына екі шамды жағамын.

Бірінші шам: Ой менің температурам көтеріліп барады.

Екінші шам: Кедергі реостаттар қайда? Ұйықтап қалған ба?

Реостат: Мен кедергіні жасап тұрмын,

Амперметр: Қазір мен тоқты өлшеп жіберейін. Тоқ бірқалыпты.

Вольтметр: Мен де кернеуді өлшеп жіберейін. Ия, екеуіңде де кернеу бірқалыпты екен.

Амперметр: Сен бір шамды жағып жібердің.

Вольтметр: Менің қандай кінәм бар, мұны істеген реостат қой.

Реостат: Сендерге не болған, кедергіні мен дұрыс жасадым. Білсем, кінә сақтандырғыштарда ғой деймін.

Сақтандырғыш: Вольтметр сен ылғи кернеуді дұрыс өлшемейсің барлық салмақ маған түседі. Міне, тағы да жанып кеттім. Сендер үшін күніне бір өліп, бір тірілемін.

Ток көзі: Тынышталыңдар, тынышталыңдар. Қожайынымыз келе жатыр.

Плитка: Шай қайнаған жоқ, ұят болды- ау.

Үтік: Киімдерін де үтіктей алмайтын болды.

Шам: Қап – қараңғы болып көзі де көрмей қалатын болды- ау.

Сақтандырғыш: Көрдіңдер ме менің қызметім қандай екенін?

Қожайын келіп шамды жағады. Плитканы қосады, үтік ті де қосады. Ешқайсысы да қосылмайды. «е, е сақтандырғыш жанып кеткен екен ғой» - деп оны жөндеп қосады. Плитка ысып шай қайнайды.

Қожайын: Ей, электр құралдары, сендер жеке- дара жан – жаққа тартпаңдар. Бәріміз бірігіп қызмет етейік. Адамдарды бір қажетіне жарайық. Келіңдер, бәріміз тізбектей қосылып, көңілді ән айтайық.



Ән шашу:

Физика («Ана туралы жыр» әнінің мотиві)


Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған.


Қорытынды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Сыныптан тыс ж?мыс "Физика ?лемінде"

Автор: Курмангалиева Сауле Оматаевна

Дата: 11.05.2015

Номер свидетельства: 210004


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства