kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Сыныптан тыс саба? "Физика патшалы?ы" 7 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? физика п?нінен   кызы?ушылы?ын арттыру ма?сатында сыныптан тыс ж?мыстарды ?йымдастыру о?ушыларды? р?п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру физика ?леміні? ?ызы?ты сырлары мен ?ылымдары туралы физика сыры, физика ?лемі, о?ушы бойын сі?іре отырып физика за?дары, ?ылымдары ?ылым?а ?ос?ан жа?алы?тары мен 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Сыныптан тыс саба? "Физика патшалы?ы" 7 сынып»

Физика  патшалығында  

Мұғалім:

Қайырлы күн қымбатты көрермен!

Сөз бастайын термелеп өлеңмен.

Тәрбиелі , білімді боп әрқашан

Өс өркенде қанат жайып кемелден.

Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,

Бұл өмірден өтті дана шеберлер.

Ғалым демей кім деп оны айтарсың

Даналықтан мұра қалған өнерден.

Физик, ғалым, астрономдар өтіпті,

Қиялменен көкке самғап жетіпті.

Табиғаттың аясында тербеліп,

Даналығын мұра етіп кетіпті.

Ой санамда болса да балалығым,

Ғылым сырын білемін, даналығын.

Физика заңдылығын меңгертіп,

Зерделімін, білімдімін, саналымын!

Физика патшалығы өмір сүрген

Заңдары ашылыпты дана тілмен!

Патшалыққа саяхат жасай жүріп,

Әр адам табиғаттың сырын білген.

Қиыннан қиысады сөз сарасы,

Табиғаттың бар болар сан-санасы,

Физика патшалығының бір өзінде,

Бар екен дана, ғалым он баласы.

Сөз кезегін беремін «патша» сізге

Бар екен сый-құрмет бізден сізге

Ұғынып біз көрейік сіз арқылы

«Физика» құдіреті осы неде?

Патша сөзі:

Уа, жұртым тыңдаңдар!

Кештен қалып қалмаңдар.

Патшалықтың әр саласы.

Мына ортада тұрғандар!

Табиғаттан нәр алған,

Адам болып жаралған,

Мына маған бағынып,

Білімді болып саналған.

Қозғалады бар әлем.

Мына маған бағынып

Айтылады ән- әуен!

Патшалығым қарыштап,

Жетер жері алыста,

Мына маған бағынып,

Ұшты адамзат ғарышқа!

Хабар алып алыстан,

Жеткен талай табысқа

Мына маған бағынып,

Атом мен адам табысқан,

Қарыштап ғылым дамиды,

Данаға сана дариды.-

Компьютермен  қамтимын,

Толтырып әлі әр үйді!

Құдіретті күштімін!

Патшамын мен саналы.

Бөлімдерім сан-сала,

Әкелгем он баланы!

Мұғалім:

Балалары сөз кезегін алады,

Таныс болып сіздерге сөз салады.

Әр баланың сөз өнерін көрейік,

«Молекула» саған кезек берейік.

Молекула сөзі:

Затты құрап ортаңызға оралдым,

Сүйікті ұлы патшаның мен боламын.

Жәй көзге ерекшемін көрінбейтін,

Қозғалуға ешқашан ерінбейтін

Заттардың ең кішкене бөлшегімін

Әр заттың көрінбейтін өлшемімін

Еншімді алар  едім осы кеште,

Көрінуге еркіндік берсе бүгін.

Мұғалім:

Бір сенен басталды өмір өзек

«Қозғалыс» саған енді келді кезек.

Қозғалыс сөзі:

Қозғалыс мен аталған бір баласы,

Зерттеген Ньютондай ер данасы

Бар әлем мен арқылы нұрланады,

Бар әлем мен арқылы қозғалады,

Қозғалу алға ұмтылу, қалмау кейін

Оқы үйрен заңдарды қойып зейін.

Ғарышқа барып кейін отырарсың,

Бұдан артық мененді не тілейін.

Мұғалім:

Келді кезек «Жылдамдық» бір өзіңе

Құлақ қойып тыңдайық әр сөзіне!

Жылдамдық сөзі:

Қозғалыс тездігін мен сипаттаймын

Өзімді мен әлсізге ұқсатпаймын.

Желаяқ желдей ессе зымырайды

Шындасам «күш» өзің ұстатпаймын

Шығады басқалардан асқақ әнім,

Уақыт пен жол дегенді басқарамын.

Мұғалім:

Өмірге жол бастайтын болып өзек,

«Жол» саған, міне, енді келді кезек.

Жол сөзі:

Мен патшаның ұлымын,

Көп ұлының бірімін.

Жолың болсын жолаушы

Жол аталған ұғыммын.

Жылдамдық пен уақыт,

Сыйлайды  маған  мол  бақыт!

Сәтті  күні  әрқашан

Маған  сен  де  жолға  шық!

Жол  боламын  атақты.

Патшаның  бір  ұлымын!

Жолың  болар  жолаушы,

Білсең  жолдың  ұғымын!

Мұғалім:

«Уақыт»  саған  сөз  бердім,

Сөз  алып  кәне,  ерлегін.

Уақыт  сөзі:

Өткені  ешкімге  де  сезілмейтін,

Ұлымын  уақыт  атты  білінбейтін.

Өлшемім  сағат,  минут,  секунд  болған

Көзіңе  елес  болып  көрінбеймін.

Уақыт  бос  өтпесін,  оқы  достым!

Жасыңа  әр  жыл  сайын  бір  жыл  қостым!

Ғасырға  қадам  бастық  мен  арқылы,

Міне,  менің  құдіретім,  осы  достарым!

Мұғалім:

Массаны енді тыңдайық,

Қоя тұрып басқаны

Ауырлау да мінезі

Масса асып саспады.

Масса сөзі:

Патшаның мен ардақты

Ұлымын міне жан-жақты,

Удеуге мені көбетсең,

Білдіремін салмақты. 

Мұғалім:

Көлдей болған көлемнің

Бар екен, қандай өнері

Сөз кезегін алады

Ортаға барып салады.

Көлем сөзі:

Патшаның сүйікті ұлы,

«Көлем» атым!

Қызыл тілім жасқанба,

Сөйле батыл!

Масасны тығыздыққа бөліп берген,

Көлемнің ерлігімен,

Шыққан аты!

Мұғалім:

«Тығыздық» тұр  шыдамай

Айналаға ұнамай

Ал сөйлесін тығыздық,

Сөз төркінін қуалай.

Тығыздық сөзі:

Патшаның мен ұлы едім тығыздық  атым,

Денені салыстырған салтанатым.

«Тығыздық» мен боламын ұғына біл!

Салыстырып әлемді шыққан даңқы.

Денең де тығыз болсаң, шымыр болсаң

Бұлшық ет бұлтиып бір күшке толса,

Тығыздық құдіретін түсінер ең,

Басыңа физикалық білім қонса!

Мұғалім:

Патшаның «Күш» аталған  құдіретті

Бар екен бір ьаласы ақ ниетті

Берейік сөз кезегін күш өзіңіе,

Көрсетіп өз күшіңді сөйле епті.

Күш сөзі:

Патшаның баласы едім өзім епті,

Қозғауға барлық затты күшім жетті.

Мен арқылы қозғалып барлық дене,

Атандым әрі күшті, әрі текті.!

Мен арқылы тартылып барлық ғалам

Өрекпіп өр көңілім оттай жанам

Жететін маған кім бар кел  ортаға,

Жетілді білім алып ой мен санам.

Мұғалім:

Патшаның «Қысым» атты баласына

Сөз кезегі келіті данасына

Қысым сөзі.

Патщшаның баласы едім «Қысым» атты

Жалғайтын бабалардың дәстүр салтын,

Зерттеген Паскаль атты мені дана

Дарынды,  ғажап неткен парасатты.

Мен едім қысым деген қызық атым,

Денелер еркін тұрмай қысылатын,

Көмегім бар екен-ау табиғатта

Қысымды көбейтуді ұсынамын!

 Мұғалім:

Қымбатты білімді жас өрендер! Сіздер «Физика» атты патшалыққа саяхат жасағандай әсерде  болып, Физика патшасымен және оның сан-саласы ретінде  танысқан он баласымен жүздестіңіздер!  

Ендігі кезекте физика патшасының қазынасынан кім көбірек енші алады деген ниетпен топ болып сайыс ұйымдастырылады.

            1топ - Мұрагер, 2топ –Мирас деп аталып, әр топқа бес-бестен патша балалары қатысады. Сайыстың кезеңдері:

  1. «Жорға» (сұрақ- жауап)

  2. «Үй тапсырмасы» (музыкалық сәлемдеме)

  3. «Кім көп біледі?» (берілген прибордың атын, атқаратын қызметін айту)

  4. «Полиглот» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

  5. «Пантомимо» (карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсету)

  6. «Домино» (екі топқа бір сөз беріледі. Сол сөздің соңғы әріпінен басталатын физикаға байланысты сөз айту керек. )

  7. «Шығармашылық жұмыс» (есептер шығару )

Сайыстың барысы:

1.«Жорға» (сұрақ- жауап)

1. Көлем бірлігіндегі заттың массасына тең шама (Тығыздық)

2. Үйкеліс күшінің түрлерін ата? (Домалау, сырғанау, тыныштық)

3. Жылдамдықтың өлшем бірлігі - (м/с)

4. Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс қалай аталады? (Бірқалыпты )

5. Су неше градуста қайнайды? (1000С)

6. Күш дегеніміз не? ( денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама)

7. Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)

8. Ауырлық күші деген не?(Денелердің жерге тартылу күші ауырлық күші деп аталады)

9. F=-kx кімнің заңы? – (Гук заңы)

10. Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама? ( Температура)

11. Қысымның өлшем бірлігі – (Па)

12. Күннен қашықтығы бойынша үшінші планета? Жер

13. «Физика» грек тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді? (табиғат)

14. Физиканың бірінші атасы? (Аристотель)

15. Жолдың формуласы? ( )

2.«Үй тапсырмасы» (музыкалық сәлемдеме)

3.«Кім көп біледі?» (берілген прибордың атын, атқаратын қызметін айту)

Манометр, Динамометр, Барометр ,Градусник,Таразы, Секундомер

4.«Полиглот» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

1.Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды (Масса, масса, weight )

2. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді,

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш. Сила, force)

3.Жұқа тақтай бөлшегi,

Ұзындықтың өлшемi. (Сызғыш, линейка, ruler)

4.Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп, телескоп, telescope )

5. Жердің жүзін шарлайсың

Онсыз еш жерге бармайсың

Көлікпен де, жаяу да

Саралайсың, таңдайсың. (Жол, дорога, road)

6. Көп болса алыстайсың

мезетпен қашықтайсың

Асықсаң аз болады

Табасың мұны қайсысың? (Уақыт, время, time)

7.Бірдей көлемдегі масса, кейде

Аз да кейде көп

Делінеді бұл шама

Аталуын тапшы тек. (Тығыздық, плотность, density)

8.Күш көбейсе артады

Ауадан артқа тартады

Жүзі жұқа үшкір зат

Одан бірақ қорқады. (Қысым, давление, pressure)

9.Көтерілсе жоғары

Ерітеді мұхит

Төмен түссе шамала

Сездірер суық ызғарын (Температура, температура, temperature)

5.«Пантомимо» (карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсету)

Физикалық құбылыстар: диффузия, деформация, тартылыс құбылысы, денелердің өзара әрекеттесуі

6.«Домино» (екі топқа бір сөз беріледі. Сол сөздің соңғы әріпінен басталатын физикаға байланысты сөз айту керек. )

7.«Шығармашылық жұмыс» (есептер шығару ).

Динамометр, сызғыш көмегімен ағаш білеушенің стол бетіне әсер ететін қысымын анықтау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Сыныптан тыс саба? "Физика патшалы?ы" 7 сынып

Автор: Айбекова Несібелі К?шкінбай?ызы

Дата: 25.02.2016

Номер свидетельства: 298856


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1650 руб.
2350 руб.
1480 руб.
2110 руб.
1940 руб.
2770 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства