kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Миллион кімге б?йырады?!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: О?ушыларды? физикадан ал?ан білімдерін жина?тау, ж?йелеу, ?айталау, физикалы? білім – біліктерін орта?а салу ар?ылы, бас?а ?ылымдармен байланысын ашу ар?ылы, физиканы? та?ы бір сыры – ойын т?рінде сахнада?ы физиканы ашу ар?ылы физикадан кім ж?йрік екенін аны?тау; Дамытушылы?: О?ушыларды? п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыра отырып, ойлау, есте са?тау, теория мен практиканы ?штастыра білу ?абілеттерін физикалы? д?ниетанымдарын дамытып; Т?рбиелік: О?ушыларды ?йымшылды??а, топты?, жеке, ж?пты? ж?мыстар жасау?а, б?секеге ?абілетті, ?з ойларын еркін жеткізе алатын, физиканы жетік ме?гере алатын жан – жа?ты ??зіретті ?скеле? ?рпа? т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Миллион кімге б?йырады?!»



18 орта мектеп








Тақырыбы: Миллион кімге бұйырады?!

Пән мұғалімі: Джарылгасова Жазира
























Жаңаөзен қаласы, 2015 жыл




Сыныптан тыс шараның тақырыбы: Миллион кімге бұйырады?!

Сыныптан тыс шара мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың физикадан алған білімдерін жинақтау, жүйелеу, қайталау, физикалық білім – біліктерін ортаға салу арқылы, басқа ғылымдармен байланысын ашу арқылы, физиканың тағы бір сыры – ойын түрінде сахнадағы физиканы ашу арқылы физикадан кім жүйрік екенін анықтау;

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау, есте сақтау, теория мен практиканы ұштастыра білу қабілеттерін физикалық дүниетанымдарын дамытып;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, топтық, жеке, жұптық жұмыстар жасауға, бәсекеге қабілетті, өз ойларын еркін жеткізе алатын, физиканы жетік меңгере алатын жан – жақты құзіретті өскелең ұрпақ тәрбиелеу.

Сыныптан тыс шара түрі: сайыс

Сыныптан тыс шара көрнекілігі: кітап көрмесі, оқулықтар, тәжірибе құрал-жабдықтары, плакаттар, слайдтар, бағалау парағы, марапаттау қағаздары, нақыл сөздер.

Сыныптан тыс шараның өту барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

  • Оқушылармен амандасу, сайысты ашу (сайысқа қатысатындар мен көрермендер)

  • Ортаға оқушыларды шақыру. шақыру

  • Оқушыларды, қатысып отырған топ мүшелерін, мұғалімдерді шарт ережелерімен таныстыру



































1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Физика пәнінен өткелі отырған "Миллион кімге бұйырады?" атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыста 7-сынып оқушылары сайысқа түспек. 2-жүргізуші: Ұққанға табиғаттың сыры терең, Дегенде оқып, зерттеп, көрем, білем. Демесең болсын егер еңбегім еш, Әуелі физиканы оқы дер ем,-дей келе ортаға сайысқа қатысушы оқушыларды шақырамыз. 7 "д" Сұлтан Махаббат 7 "е" Бисенов Бауыржан 7 "ж" Жұмабаева Айдана 7 "г" Мамбетова Айжан 7 "ғ"Истурлиева Сағира



1-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын әділ төрелігін айтатын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.



1.______________________________________ 2.______________________________________ 3.______________________________________ 4.______________________________________



Оқушыларды сайыс бағдарламасымен таныстыру:

1. Депозит бөлімі (Оқушылар өздерінің физикамен байланыстырып салған суреттері).

2. Кредитор бөлімі (әр оқушыға өтілген тақырыптардан есеп беріледі 5 мин)

3. Агент бөлімі (Физика үлес қосқан ұлы ғалымдарды табу, өмірі мен ашқан жаңалықтарын таныстыру ).

4. «4 жаңалық» (Физикадан 4 жаңалық айта отырып, физиканы жырға қосып аяқтайды 3-4мин).

5. Несие бөлімі (әр бір оқушыға физикаға қатыстысты 2 минутта оқылатын сұрақтарға жауап беру ).

2-жүргізуші:

Ғылым сырын ұғына,

Шығып әзіл шыңына.

Қаныңыздар сусындап,

Физиканың сырына.

Соныменен бүгінгі,

Сайысқа қатысушы топтарға,

Биіктерге самға!

Біз айтамыз сіздерге,

Тек қана алға!

1 – кезеңге жол берейік. Депозит бөлімі (Оқушылар өздерінің физикамен байланыстырып салған суреттері 2-3мин)

Әр оқушыға хабарлап отыру

Оқушылардың бағаларын сұраймыз әділ қазы мүшелерінен

Әр оқушының бағаларын оқып айтып шығу.

1-жүргізуші

Ойла – ойла тереңнен,

Жақсы емес көп бөгелген.

Физиканы білмесең,

Таяқ жейсің өмірден! – деп келесі сайысымызға жол берейік.

Кредитор бөлімі (әр оқушыға өтілген тақырыптардан есеп беріледі 5 мин)

Әр оқушыға хабарлап отыру.

1. Алматыдан шыққан автобус Сарыөзекке дейінгі 180 км жолды 2,5 сағ жүреді. Автобустың қозғалысын бірқалыпты деп ұйғарып, оның жылдамдығын анықтау керек.



2. Жер Күнді айнала 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Бір сабақ өткенде, яғни 45 мин ішінде Жер қандай жол жүреді?

3. Автомашина 1500 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтау керек.

4. 750 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын ұшақ 6 сағ ішінде қандай аралықты ұшып өтеді.

Оқушылардың бағаларын сұраймыз әділ қазы мүшелерінен.

Әр оқушының бағаларын оқып айтып шығу.

2-жүргізуші:

Қолына қалам алатын

Еңбекті әділ бағалар,

Әділ қазы апайлар мен ағайлар.

Алдарыңызда бұл тұрғандар,

Білім жолын қуғандар,

Қызықты кеш қойғандар-

Келешек физик ғалымдар! – деп сайысымыздың келесі бөлімінде. Агент бөлімі (Физика үлес қосқан ұлы ғалымдарды табу, өмірі мен ашқан жаңалықтарын таныстыру ).

Әр оқушыға хабарлап отыру.

Оқушылардың бағаларын сұраймыз әділ қазы мүшелерінен.

Әр оқушының бағаларын оқып айтып шығу.

1-жүргізуші:

Жас достарым,

Мұны жақсы ұғайық.

Физика – құрметтеуге лайық,

Дүниедегі құбылыстың мәніне,

Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес физикасыз түсіну,



Физикаңыз – дүние кілті әлі де. – деп сайысымыздың соңғы 5 – бөлімін тамашалауға шақырамыз.

«4 жаңалық» (Физикадан 4 жаңалық айта отырып, физиканы жырға қосып аяқтайды 3-4мин).

Әр оқушыға хабарлап отыру.

Оқушылардың бағаларын сұраймыз әділ қазы мүшелерінен.

Әр оқушының бағаларын оқып айтып шығу.

2-жүргізуші:

Сырлары көп білімнің,

Шешілмеген әлі де.

Тереңдігі білімнің,



Керек екен бәріне – деп келесі кезекті сайысымыздың Несие бөлімі (әр бір оқушыға физикаға қатыстысты 2 минитта оқыталатын сұрақтарға жауап беру).

1. Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар-осылардың барлығы қандай ұғымды білдіреді? Жауабы: Табиғат.

2. Табиғат құбылыстар дегеніміз не? Әлемде орын аладтын сан алуан өзгерістер.

3. Табиғатта үздіксіз не болып жатады? Өзгерістер.

4. Физика ғылымын зерттейтін табиғат құбылыстары дегеніміз не? Физикалық құбылыстар.

5. Күннің тұтылу құбылысы қандай? Жерді айнала қозғалатын Ай Күн мен жердің өткен кезде Күннің көзін көлегейлеп жауып қалады? Осы кезде Жер бетіне Айдың көлеңкесі түседі.

Әр оқушыға хабарлап отыру.

6. Ғарыштану деген не? Космогония

7. Айға алғаш барған Американ азаматтары? Н. Армстронг пен Э. Олдрин.

8. Н. Армстронг пен Э. Олдрин қай жылы айға барды? 1969 жыл.

9. Грекше гелиос деген не? Күн

10. Жекелеген заңдылықтар арасында жүйелі байаныстар табылатын болса, ол қандай теория? Ғылыми теория

11. Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар қандай әдісті пайдаланады? Теориялық талдау әдісін пайдаланады.

12. М. В. Ломосовтың досы кім? Г. В . Рихман.

13. Эксперимен нені дәлелдей алады? Ғылыми болжамды ұсыну үшін ашылған ақиқат жаңалық емес. Кез келген болжамныңда, теорияның шынайлығын тек қана практикалық тәжірибе дәлелдей алады.

14. Экспериментте дәелелденген ғылыми болжамдар мен теориялар қандай теория қатарына жатады? Шынайы физикалық теория.

15. Физикалық теория дегеніміз не? Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып түсіндіретін жүйелі білім.

16. Классикалық механика теорисы деген не? Жылдамдығы аз, ірі денелердің механикалық қозғалысына байланысты түсіндіреді.





17. Термдинамика және молекулалық физика теориясы қандай сұрақтарға жауап береді? Жылулық құбылыстарына.

18. Кванттық механика дегеніміз не? Өте жылдам қозғалатын, көзге көрінбейтін элементар бөлшектерге байланысты құбылыс.

19. Физикалық шамалар деген не? Құбылыстардың қасиеттерін сандық тұрғыдан сипаттайды.

20. Бағыты көрсетілген физикалық шаманы не деп атаймыз? Вектор.

Оқушылардың бағаларын сұраймыз әділ қазы мүшелерінен.

Әр оқушының бағаларын оқып айтып шығу.

Әділ қазы мүшелерінің қорытындысын тыңдап, оқушыларды марапаттап, оқушыларға, мұғалімдерге, оқушыларға рахмет айту.

Марапаттау грамоталары:

І орын, ІІ орын, ІІІ орын тағайындап мадақтама грамота беру:




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Миллион кімге б?йырады?!

Автор: ДЖАРЫЛГАСОВА ЖАЗИРА ЭРКЕБАЕВНА

Дата: 10.01.2016

Номер свидетельства: 274505


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства