kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"МИФ әлемінде" сыныптан тыс шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 - сыныптарға арналған "МИФ әлемінде" атты сыныптан тыс шара

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"МИФ әлемінде" сыныптан тыс шара»

Тақырыбы: «МИФ әлемінде»


Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым – қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, ойын, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі:


Сабақтың барысы:

Уа, халайық, халайық!

Бәріңе жар салайық!

Бүгінгі кеш төрінде,

Физика елінде,

Информатика тілінде,

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып.

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып.

Көңілді кеш жасайық,

Жұмбақ шерді шашайық.

Ат салысып аянбай,

Бар өнерге басайық.


Қайырлы күн құрметті ұстаздар, әділ қазылар алқасы, қатысушы топтар, оқушылар және көрермен қауым! Бүгінгі біздің «МИФ әлемінде» атты кешімізге қош келдіңіздер! Кешімізді ашық деп жариялаймыз!


Топтарымызды ортаға шақырамыз! Ойынға қатысушы үш топ, әр топта төрт ойыншыдан тұрады. Қарсы алыңыздар!

1– топ ______________________

2– топ ______________________

3– топ ______________________


Бүгінгі біздің сайсымыз 6 бөлімнен тұрады.

1. «Білімділік»

2. «Танымдылық»

3. «Сиқырлы кубик сайысы»

4. «Шапшаңдық»

5. Жұмбақтарды шешу

6. «Кім жылдам?»


1.Мәңгі – бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын – дей келе сайысымыздың 1 – ші бөлімін бастаймыз. I – бөлім «Білімділік» деп аталады. Ойын шарты: сұрақ – жауап, әр топқа 9 сұрақтан қойылады. Сұрақтар құрамы физика, математика және информатика пәндерінен аралас келеді. Әр сұраққа 1 ұпай.


Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? (жарық)

  2. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)

  3. Сұйықтың буға айналу құбылысы?  (булану)

  4. Сағаттың ¼ -і неге тең? (15 минут)

  5. Радиусы 5-ке тең болатын шеңбердің диаметрі қанша?  (10)

  6. Бұрышты өлшейтін құрал?  (Транспортир)

  7. Сурет салуға арналған бағдарлама? (Paint)

  8. Мәлімент енгізу құрылғысы? (пернетақта) 

  9. Информатикадағы негізгі өлшем бірліктер? (бит, байт) 


Екінші топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Термометрді кім жасады? (Швед астрономы, физигі Цельсий)

  2. Тізбекті жалғаудың қандай тәсілдерін білесің? (тізбектей, параллель)

  3. Жұмыстың өлшем бірлігі? (Джоуль)

  4.  1 % дегеніміз не?  (1/100 бөлік)

  5. Тәуліктің 24-тен 1-і? (1сағат)

  6. Түзудің бойынан 2 нүкте белгілесек, қанша кесінді пайда болады? (1)

  7. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым? (информатика) 

  8. Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер) 

  9. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама? (антивирус)


Үшінші топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Сұйықтың буға айналу процессі? (Конденсация)

  2. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады? (параллель)

  3. Жылу алмасусыз жүретін процесс? (адиабаталық)

  4. Квадрат метрде қанша квадрат сантиметр бар? (10000 см2)

  5. Санды 0-ге көбейткенде... (0 шығады)

  6. 12 санының квадраты нешеге тең? (122)

  7. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын) 

  8. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word) 

  9. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (корзина) 

2.Бұл адамдар ардақтаған халықты,

Физикада даңқы шыққан алыптар.

Қара, ойлан зерек болсаң балақай,

Алыптарды әрқашанда танып қал - дей келе II – бөлімімізбен таныстырып өтейін. «Танымдылық» деп аталатын бұл бөлімде оқушылар ғалымдардың суретіне қарап, олардың есімін сәйкестендіру қажет

  1. Пифагор

  2. Франсуа Виет

  3. Фалес Милетский

  4. Архимед

  5. Андре Ампер

  6. Георг Симон Ом

  7. Блез Паскаль

  8. Чарльз Бэббидж

  9. Билл Гейтс


3.Кубикті лақтыр бағыңа,

Кездесті қандай формула.

Айтып жібер, ойлан тез,

Формула болды қандай кез

Келесі сайыс «Сиқырлы кубик сайысы» Ойын шарты: Берілген кубикті латырып, ол кубикте берілген 1 – ден 6 – ға дейінгі сандардың бірі кубиктің үстінгі бетіне түссе, онда сол санға сәйкес келетін нөмірленген қағазды алып ондағы берілген формуланы табамыз.

Кубикте берілген нөмірлерге сәйкес келетін формулалар:

  1. Q = cm(t2 – t1) заттың меншікті жылу сыйымдылығының формуласы.

  2. Q = r*m меншікті булану жылуының формуласы

  3. конденсатордың электрсыйымдылығының формуласы

  4. ЭҚК формуласы

  5. ток күшінің формуласы

  6. меншікті кедергінің формуласы

4.Келесі сайысқа көшетін болсақ, келесі сайысымыз «Шапшаңдық». Бұл сайыста үш топқа информатика пәнінен берілген сөздерді дұрыс құрастыру қажет және артық сөзді алып тастау міндетті.


І – топтың сөздері

1.NFMOITNRANO – INFORMATION

2.GORMARP – PROGRAM

3.TUOECRMP – COMPUTER

4.ETKITC – TICKET

5.РЕТЬЮПОМК – КОМПЬЮТЕР

6.АТЕКСИД – ДИСКЕТА

7.ЛАЙФ – ФАЙЛ

ІІ – топтың сөздері

1.SICIA – ASCII

2.HTISF – SHIFT

3.ETBLA – TABLE

4.NSOWDIW – WINDOWS

5.УНШАИКНИ – НАУШНИК

6.ЧЕСВЕНТИР – ВИНЧЕСТЕР

7.МЬПЯТА – ПАМЯТЬ

ІІІ – топтың сөздері

1.NEMLGTENA – GENTELMAN

2.CAEPAKCBS – BACKSPACE

3.LKAPCSCO – CAPSLOOK

4.ELETDE – DELETE

5.СХЕРОМИКМА – МИКРОСХЕМА

6.ВРЕДАЙР – ДРАЙВЕР

7.ФИНОРАМИКТА – ИНФОРМАТИКА


5. Жұмбақтарды шешу

І – топ

1. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын. (тышқан, мышка, mouse)

2. Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді. (күш, сила, force)

3. Он бір түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 5 ешкі.
2 қоян, 3 түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28, жиырма сегіз, двадцать восемь, twenty eight)

ІI – топ

1.Барлық сурет, мәтінді
Компьютерге енгізген
Керек емес жеріңде
Компьютерден өшірген. (сканер, сканер, scanner)

2.Көп болса алыстайсың
Мезетпен қашықтайсың
Асықсаң аз болады
Табасың мұны қайсысың? (уақыт, время, time)

3. Жоқ өзінде баста,

қаста, мойында
Ұзындығы жазулы

бір бойында (сызғыш, линейка, ruler)
ІIІ – топ

1. Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап,таратқан (компьютер, компьютер, computer)

2. Сипаттайды жұмысты
Тындырады көп істі
Ол көп болса ширақсың
Кімдер әлсіз, кім күшті? (қуат, мощность, power)


6. «Кім жылдам?» атты алтыншы кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?   

М    К    А    К    О    М    П
О    Н    К    С    Т    Н     Ь
В    И    Т    У    Ы    А    Ю
И    Т    О    Р    Ш    Қ    Т
Р    П    С    К     А    Р    Е
У    Е     Е    Т    Н    Е    Р
С    Р    Н    А    Қ    Т     А


Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)

Осымен бұл қызықты тамамдасақ, 

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ? 

Үйрендік білмегенді осы жолы, 

Тағы да үйренеміз аман болсақ! 


Бүгін көріп, тамашалаған интеллектуалды ойынымыз, «МИФ» әлемінде атты сайысы өз мәресіне жетті. Қорытынды жасау үшін, яғни жеңген команданы және «ең үздік ойыншыны» анықтау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.

Құрметті көрермендер, сіздерге айтарымыз, көңіл – күйлеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын! Қош сау болыңыздар!












                               





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"МИФ әлемінде" сыныптан тыс шара

Автор: Алмагамбетова Нургуль Арматовна

Дата: 06.02.2018

Номер свидетельства: 455138


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства