kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"МИФ - кафесі" физика пәнінен сыныптан тыс жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физика пәнінен сыныптан тыс жұмыс. "МИФ - кофесі" аудандық семинарда өткен жұмыс. Әр ас мәзіріне бір физикалық тапсырмалар орындалады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"МИФ - кафесі" физика пәнінен сыныптан тыс жұмыс»


«МИФ кафесі» сайысы

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сабақта алған білімін одан әрі тереңдету, физикаға және информатикаға қызығушылығын дамыту, шығармашылық еңбекке баулу, тез ойлап, әр түрлі жағдайда тапқырлыққа, ұйымшылдыққа үйрету

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа,шапшаңдыққа,іздемпаздыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу

Көрнектіліктері: Ойын тақырыбы жазылған плакат.Кешке байланысты нақыл сөздер безендірілген зал,  карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел

Өткізілу түрі: ойын

Өткізілу әдісі: сайыс

Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден !


1-жүргізуші:

Армысыздар ұстаздар, оқушылар және «МИФ»кафесінің құрметті қонақтары! «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін нәрсе - білім» - деп М. Әуезов айтқандай, бүгінгі сайыс білім, ізденіс, шығармашылық сайысы.

2-жүргізуші:

Физика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21- ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды.

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер –

Сайысымызды бастайық

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділ-қазыларды  ортаға шақырайық! Олар:(Әділ-қазы алқасымен таныстыру )

_________________________________________

_________________________________________

_________________________________________

Сіздерден кафенің«Бухгалтерлік мекеме»   деп аталатын бөлмесіне жайғасуларыңызды сұраймыз!

Сонымен қатар бізге есепші де қажет. Бір есепші тағайындап алайық

2-жүргізуші:

Мектебімізде «Експо -2017» көрмесіне және Тәуелсіздіктің – 25 жылдығына орай бүгін ашылғалы тұрған «МИФ  кафесіне» қош келдіңіздер демекпін! Біздің кафеде бүгін алғырлар, тапқырлар   білімдер күш сынасады.Осы кафенің ашылуына орай арнайы шақырылған  меймандарымыз бар ендеше олармен таныс болыңыздар.

1-жүргізуші:

Құрметті кафе қонақтары!    Өздеріңізге арнайы әзірленген столдарға жайғасыңыздар. Өздеріңізді үйлеріңізде отырғандай еркін сезініңіздер!

2-жүргісуші: (Жоспармен таныстыру)

1. Командалар өздеріңізді таныстырып өтсеңіздер

 І – топ: Шапшаңдар. Міндетіміз білім алу, Мақсатымыз: жеңіп шығу.

ІІ - топ: Алғырлар. Ұраны: «Алғырлар жарыспайды, жарыста қалыспайды»

Қонақтарды ас мәзірімізбен таныстырып өтсек:

Ас мәзірі:

1. "Мәңгі ұмытылмас" салаты. (сұрақ-жауап)

2. "Мақал қосылған винегрет салаты ".( мақалдардың физикалық мағынасын түсіндіру қажет).

3. "Физикалық бешбармақ". (ғалымдардың атын табу)

4. "Тез пісір" атты қаймақ қосылған борщ.  (өмірмен байланысты сұрақтарға жауап береді)

5. "Манты ".(формулалар жазу )

6. Тұшпара. (сергіту сәті сұрақтары)

7. «Физикалық  рулет"(Қораптағы затты табу)

8 . Дәмді «МИФ» торты (марапаттау)

1 - жүргізуші: Құрметті кафе қонақтары! Біз сіздерге кафенің аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын"Мәңгі ұмтылмас" салатын ұсынамыз. Бұл салат сіздердің бойларыңызға жағымды сіңуі үшін сұрақтарға жауап бере отырыңыздар. Егер бір команда сұраққа дұрыс жауап бере алмаса,онда басқа команда жауап беру құқығына ие болады.Дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді

І. Ас мәзірінен «Мәңгі ұмтылмас»  салатын ұсынамыз. Астарыңыз дәмді болсын.

1 – топқа:

  1. Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі – (кристалдану, қатаю)

  2. Тұтас алғанда атом заряды? – (бейтарап)

  3. Тоқ күшін өлшейтін құрал – (ампермерт)

  4. Қуатты өлшем бірлігі – (Ватт)

  5. Материяның ажырамас қасиеті – (қозғалыс)

  6. Жылдамдықтың өлшем бірлігі – (м/с)

  7. Бойымен жарық таралатын сызық – (сәуле)

  8. Еркін түсу үдеуі неге тең – (9,8 м/с)

  9. Толқын ұзындығы қандай әріппен белгіленеді – (λ)

  10. Кеңістікте жөңкіп тарайтын тербелістер қалай аталады? – (толқын)

  11. Дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруі? (деформация)

  12. Жиіліктің өлшем бірлігі – (Герц)

  13. Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының аралығындағы бос орынға өтуі. (Диффузия)

  14. Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тең кімнің заңы – (Ньютонның ІІ-заңы)

  15. Инерцияны ашқан итальян ғалымы? (Галилео Галилей)


2 – топқа:

  1. Ядроның бейтарап бөлшегі – (нейтрон)

  2. Сұйық дененің көлемін өлшейтін құрал? (мензурка)

  3. Энергияның өлшем бірлігі? (Дж)

  4. Кедергінің өлшем бірлігі – (Ом)

  5. Жолдың жылдамдыққа қатынасы? (уақыт)

  6. Толқын түрлері – (қума және көлденең)

  7. Атомның моделін құрған кім? (Резерфорд)

  8. Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тең кімнің заңы – (Ньютонның ІІ-заңы)

  9. Тербелістің ең үлкен ығысуы не деп аталады – (Амплитуда)

  10. Қазақстанда ең алғаш телевидение қай жылы пайда болды –(1958 ж)

  11. Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон)

  12. Катушкадан, конденсатордан тарайтын  тербелмелі жүйе не деп аталады – (тербелмелі контур)

  13. Ең алғаш радионы ойлап тапқан кім – (Попов)

  14. Қай планетаның сақинасы бар? (сатурн)

  15. Күшті өлшейтін құрал? (динамометр)

2-жүргізуші:

Ойын толық, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.- дей келе

 ІІ.«Мақалдар қосылған винегрет» салатын кафенің қонақтарына ұсынайық

1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.     /энергияның сақталу заңы/

2. Терек қисайған жағына жығылады.   /ішкі энергия/

3. Жұпарды жасырғанмен исі білінеді.    /диффузия құбылысы/

4. Қазан отпен, адам әрекетпен қызады.    /ішкі энергияның өзгеруі/

5. Ит жүгіріп тазы болмас.  /        жылдамдық/

6. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.   /Күш/

7. Таң атпайын десе де, күн қоймайды. /Жердің өз осінен айналуы/

8. Көктеректің жапырағы, желсіз де сыбдырлайды.    /Конвекция/

9. Қол жұмылмай - жылынбайды.     /Жылу берілу/

10. Ас - адамның арқауы.  /Энергия/

1-жүргізуші:

Ойын толық жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.

ІІІ. Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте "Физикалық бешбармақ" ұсынылады.Даяшылар ұсынған астан ала отырыңыздар! Сіздерге       Бұл кезеңде екі топқа  сұрақтар, суреттер беріледі сол арқылы ғалымдардың атын табу қажет. (Сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді)

  1. Оны “сер” деп атаған.

Оны классикалық механиканың атасы деп атаған.

Оның құрметіне күштің өлшем бірлігіне аты берілген. И.Ньютон

  1. Ашқан жаңалығы?

А.С. Попов

3. “Бірінші орыс университеті” деп Пушкин кімді атады?

М.И. Ломоносов

4. Мына ғалымдардың қайсысы физик?

  • Архимед

  • Курчатов

  • Лобачевский

  • Ньютон

  • Лебедев

  • Ломоносов

  • Паскаль

  • Торричелли

5. Казан қаласының көшесі кімнің есімдерімен аталған? Курчатов

6. Жұмбақта жасырылған ғалымның есімі?

Өмірдегі маңызын

Электромагниттік өрістің

Фарадейменен қоса-

Біле білген ғалым кім? Д. Максвелл

2-жүргізуші:

Шындап тұрған шынардай арманы бар,

Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар

"Тез пісір" бөліміне келіп жеттік,

Ойлантып отырғанды таң қалдырар, – деп қонақтарға келесі тағамымызды ұсынайық

ІV. "Тез пісір" атты қаймақ қосылған борщ.  Қонақтарға өмірмен байланысты сұрақтар қойылады. Қолдарыңыздағы белгіні қай топ бірінші көтереді сол топ сұраққа жауап береді.

«Физика. ..- тек қана техникаға алғашқы қадам емес, сондай-ақ адамзат ойының түкпіріне жол» (М.Борн)
1.Сұрақ: Шөпті басып, жапырып кетіпедіңдер, ол қайта көтеріліп кетіпті, неге?
Жауап: Серпімділік құбылысы
2.Сұрақ: Судан шыққанда жануарлар сілкінеді. Олардың судан сілкініп құрғатылуы физиканың қандай заңына негізделген?
Жауабы: Инерция заңы
3.Сұрақ: Неге суданшыққан балықтық қолда ұстау қиын?
Жауап: Өйткені балықтың денесі үйкелісті азайтатын сілекейлі қабықшамен қапталған. Сыртқы шырыш қабығы үйкелісті азайтады да, балықты қолға ұстаптұру қиын болады
4. Cұрақ: Басқан жерде із қалар
Айтқан жерде сөз қалар
Жауап: Қысым заңдылығы
5.Сұрақ: Оқу шеберханасында саймандарды қайрау кезінде қандай физикалық құбылыс пен заңдылық қолданылады?
Жауап: Қысым және қатты денелер арасындағы үйкеліс
6.Сұрақ: Адамның шашын, қасын мұртын қырау шалатыны неліктен?
Жауап: Тыныс алғандашыққан бу суық ауамен кездескенде конденсаяцияланады.
7.Сұрақ: Сорпа ыстық екен, ағаш қасықтарының бар ма, ауыз күймегенге сол жақсы, неге?
Жауап: Ағаш жылуды нашар өткізеді.
8.Сұрақ: Балалар, міне орманды аралап келесіңдер, айнала жайқалған гүлдер, гүлден –гүлге қонған көбелек, ызылдаған ара, масалар ұшып жүр. Гүлдердің жұпар иісі аңқып тұр.Бұл қандай құбылыс?
Жауап: Диффузия.
9.Сұрақ: Саусақ бірікпей, ине ілікпейді
Жауап: Үйкеліс құбылысы
10 сұрақ. Сұрақ Суда бағдарын жоғалтқан жүзгіш төмен мен жоғарыны қалай ажыратады?

(Жауабы: ауа көпіршіктерінің қозғалысын байқау арқылы).

1-жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

 V. «Манты». Әр топ 5 формула жазуы қажет. Әр формула 1 ұпаймен бағаланады

1-топқа:

Жылдамдық

υ = s / t

Жылу мөлшері

Q = cm (t2 – t1)

Сызықтық жылдамдық

υ = ω *R

Дене импульсі

P = m* υ

Кулон заңы

F = k q1 * q2 / r2

2-топқа:

Жол

s = υ / t

Меншікті балқу жылуы

λ = Q / m

Ньютонның екінші заңы, үдеу

a = F / m

Үйкеліс күшінің формуласы

F = µ * N

Конденсатордың электр сыйымдылығы

C = q / U

2-жүргізуші:

VІ. Тұшпара. Көрермендерге «МИФ» кафесінің аспаздарының дайындаған тұшпарасынан дәм татырайық (сергіту сәті)

Сұрақтар:

  1. Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы)

  2. Қияр ыстық суда әлде суық суда тез тұздала ма? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез тарайды)

  3. Үстіне құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады )

  4. Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)

  5. Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ))

1-жүргізуші:

VІІ.  Ас мәзірінен келесі «Физикалық рулет» кафе қонақтарына ұсынайық     

Бұл кезеңде қонақтарымыз қораптардағы фиикалық құралдарды табу керек

1. Күшті өлшейтін құрал. / Динамометр/         8 сынып

2. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал. / Барометр/   8 сынып

3. Қысым айырымын өлшейтін құрал. / манометр/      8 сынып

4. Ток күшін өлшейтін құрал. /Амперметр/      9 сынып

5. Кернеуді өлшейтін құрал. /Вольтметр /     9сынып

6. Температураны өлшейтін құрал. /Термометр/            9 сынып

7. Массаны өлшейтін құрал. /Таразы/    8 сынып

 

2-жүргізуші:

Бүгінгі кеш талай шабыт шыңдады

 Кеш қызығын талай адам тыңдады

 Тәрбиелер тәлімі мол, әсерлі

 Болса егер көңілді жақын тыңдады.

1-жүргізуші:

VІІІ. Дәмді «МИФ» торты. Тортымызды дәмдендіре түсу үшін әділқазылардың қорытындысын тыңдасақ. Барлық кезеңдерді қортындылап жеңімпаз топты анықтау үшін    әділқазылар алқасына сөз беріледі.

 Білім деген биік шың

 Бақытқа сені жеткізер

 Білім деген ақыл шың

 Қиындықтан өткізер – деп сайысымызды қорытындылаймыз.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"МИФ - кафесі" физика пәнінен сыныптан тыс жұмыс

Автор: Солтангалиева Асем Алибековна

Дата: 21.12.2016

Номер свидетельства: 372178


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства