kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?ызы?ты физика» атты ойын кеші

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: «?ызы?ты физика» атты ойын кеші

Ма?саты: О?ушыларды? п?нге ?ызы?ушылы?ын арттыру, ойлау ?абілеттерін дамыту, бір - бірімен досты?, ынтыма?тасты?та болу?а т?рбиелеу. Шы?армашылы? ?абілеттерін шы?дау, ?з бетінше ж?мыс істеуге ?йрету, е?бекке баулу.
 

Мінеки  залда тынышты?,

Естілмейді дыбыс т?к.

М?ны біз де ?остайы?,

Кешіккендерді тоспайы?

?ылымдарды? ?ылымы,

Физикамыз жайында

Кешімізді бастайы?.

?айырлы к?н ??рметті к?рермен!

С?з бастайын термелейтін ?ле?мен.

Т?рбиелі,білімді боп ?р?ашан

?с,?ркенде, ?анат жайып кемелден.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?ызы?ты физика» атты ойын кеші»

Тақырыбы: «Қызықты физика» атты ойын-сауық кеші

Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қостайық,

Кешіккендерді тоспайық

Ғылымдардың ғылымы,

Физикамыз жайында

Кешімізді бастайық.


Қайырлы күн құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.

Тәрбиелі,білімді боп әрқашан

Өс,өркенде, қанат жайып кемелден.


Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!

Баршаңыз да «Қызықты физика» атты ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!

Біз бүгінгі кешімізді 7-11 сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Ендеше,ортаға ойыншыларымызды шақырамыз: «Күш» командасы, «Қуат» командасы. Ойыншыларымызға қол соғып, қошамет көрсетіп қояйық.

Ал,қазір ойын шартымен таныстырып өтейік.Жалпы ойынымыз 6 турдан турады.



Кезек,келіп,өжеттеніп,сөз аппын,

Танысайық, ғажап ойын,ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та,байда емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші

1-турКомандалардың сәлемдесу рәсімі.

Мұнда әрбір команда өздерін таныстырып, әділ қазыларға, көрермендерге

және қарсыластарына сәлем береді.Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға

берейік. «Күш» командасы, «Қуат» командасы.

Міне, біз ойыншыларымызбен таныстық.Осы сәлемдесу рәсімінің бағасын

беріңіздер. Ең жоғарғы ұпай - 5.Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына берейік.

2-тур. «Жорға»

Әр командаға сұрақтар оқылады,әрбір дұрыс жауап үшін бір ұпайдан

беріледі.Сонымен команда капитандары шығып сұрақтарды таңдап алсын.

1 – сұрақтар тобы

1.Энергияның дененің көбірек қозған бөлігінен азырақ қозған бөлігіне қарай таралуы. – Жылу өткізгіштік

2.Заттың сұйық күйден қатты күйге ауысуы – Қатаю, кристалдану.

3. Жиілік қандай әріппен белгіленеді? -

4.Галактика дегеніміз не?

5.Ток тудыратын электр өрісін сипаттайтын шама.-Кернеу.

6.Қуат бірлігі-Ватт (Вт)

7.Бойымен жарық таралатын сызық-Сәуле

8.Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын физикалық шамаларды басқаша қандай шамалар деп атайды?-Векторлық

9.Материяның ажырамас қасиеті?-Қозғалыс

10.ХБЖ жылдамдық бірлігі-(м/с)

11.Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шама – Үдеу

12. Еркін түсу үдеу неге тең ?- 9,8м/с2

13.Период қандай әріппен белгіленеді ? – Т

14.Бұрыштық жылдамдықтың бірлігі ? – (рад/с)

15.Жол қандай шама ? – Скаляр

16.Цетрге тартқыш үдеу қалай бағытталған ? – Центрге қарай

17. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді ? -

2 – сұрақтар тобы

1.Жұмыс істемей – ақ дененің ішкі энергиясының өзгеру процесі – Жылу берілу

2.Заттың қатты күйден сұйық күйге ауысуы – Балқу

3.Инерция заңы кімнің заңы? (Ньютон І заңы)

4.Атомдағы теріс зарядталған бөлшек – Электрон

5.Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы – Электр тогы

6.Кернеу бірлігі – Вольт (В)

7. Астрономия нені зерттейді?

8.Векторлардың проекциялары қандай шамалар болады ?-Скаляр

10.Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді ?-Спидометр

11.ХБЖ үдеудің бірлігі ?- (м/с2)

12.Еркін түсу үдеуі қандай әріппен белгіленеді ? - g

13.Нүктенің шеңбер бойымен 1 айналым жасауға кеткен уақыты ?-Период

14.Шеңбердің 2 радиусының арасындағы центрлік бұрыш – Радиан

15.Орын ауыстыру қандай шама ? –Векторлық

16.Уақыт қандай әріппен белгіленеді ? – t

17.Уақыт қандай прибормен өлшенеді ? – Сағат

18.Электр зарядының бірлігі – Кулон (Кл)




2-тур. «Кім көп формула біледі?»
Екі топ бөлек қағазға формула жазады. Уақыт беріледі.


3-тур: «Иә» немесе «жоқ»
1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)
2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)
2 топқа
1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)
2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)
3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)
4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)
5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) о
6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)
7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)
8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)
9. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)
10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)


4- Формула сыры.

Сайысымыздың бұл сатысында берілген физикалық шаманың белгілетін әріпін және өлшем бірлігін атауыңыз керек. Шаманы атағаннан кейін бірінші болып толық жауап берген топқа 20 және сұрақтың бір бөліміне жауап берген топқа 10 ұпай беріледі 10.



Шама

Белгіленуі

Бірлігі

Шама

Белгіленуі

Бірлігі

Күш

F

Н, Ньютон

Жол

S

м

Жылдамдық

V

м/с

Циклдік жиілік

Гц

Жұмыс

A

Дж

Период

T

С

Уақыт

t

с

Толқын ұзындығы

М

Үдеу

a

м/с2

Кернеу

U

В

Кедергі

R

Ом

Қуат

N(P)

Вт

Жиілік

Гц




5-тур«Жұмбақтар әлемінде»

Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді.Бір жұмбаққа бір ұпайдан беріледі.

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)

6-тур«Капитандар сайысы».

Әр команданың капитандары берілген есепті шығарулары керек.

1-есеп.

Велосипедші еңіске қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.

Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса, 0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?

2-есеп.

Тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10 м жол жүреді?


Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз.

Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Сонымен бүгінгі сайыс кешіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!





































































Шама

Белгіленуі

Бірлігі

Шама

Белгіленуі

Бірлігі

Күш



Жол



Жылдамдық



Циклдік жиілік



Жұмыс



Период



Уақыт



Толқын ұзындығы



Үдеу



Кернеу



Кедергі



Қуат



Жиілік













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«?ызы?ты физика» атты ойын кеші

Автор: Агыбаева Айгерим Шаймуратовна

Дата: 24.01.2016

Номер свидетельства: 282058


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства