Просмотр содержимого документа
«?арыш?а - 53 жыл" атты ?неге са?аты »
Ғарышқа - 53 жыл" атты өнеге сағаты
12 сәуір – Ғарышкерлер күні
Юрий Гагарин адамзат баласындағы тұңғыш ғарышкер
Ғарышкер ит – ЛАЙКА
Лайка — ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.
1957 жылдың 3-қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы «Спутник-2» ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен, 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.
Кеңес Одағының ғалымдары Лайкамен бірге тағы екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка мен Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканың ұшырылуынан біраз жылдар алдын ала арнайы коммисия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.
Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде, АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.
Аты әлемге тарап, атаққа кенелген Лайканың құрметіне әндер жазылап, сигарет шығарылды. Тіпті, топтарының атын өзгерткен әншілер де болды. Ғарыш күніне орайластырылып әр түрлі ашықхаттар әзірленді.
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы —
Қазақстанның тұңғыш
ғарышкер ұшқышы
1946 ж маусымның 27-інде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, «1-інші май» ұжымшарында дүниеге келген қазақ. Жоғары білімді. Техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, авиация генерал-майоры.
1991ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан “Союз ТМ - 12” ғарыш кемесімен ұшып, “ Мир” орбиталдық комплексінде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибек, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді. 1991ж ж. қазанның 10-ында ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
Тоқтар Әубәкіров — мәжілісмен
Қазақстанның: «Халық Қаһарманы» атағы
«Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы
«Отан» ордені (1995)
Кеңес Одағының:
«Знак Почета» (Құрмет Белгісі) ордені (1987)
«Герой Советского Союза» (Кеңес Одағының Ері) атағы (1988),
«Золотая Звезда» (Алтын Жұлдыз) медалі (1988)
«Ленин» ордені (1988),
«Заслуженный Летчик-испытатель СССР» (КСРО еңбегі сіңірген сынаушы ұшқыш) (1990)
Қазақтың қара баласы Талғат Мұсабаев ғарышқа қасиетті Құран кітапты, туған жердің бір уыс топырағын, көк байрақты ала ұшқан.
1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған.
Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге.
Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
Марапаттары
Қазақстан Республикасы
«Халық Қаһарманы» атағы (1995)
«Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» атағы (1995)
«Отан» ордені (1998)
«Барыс» 1-ші дәрежелі ордені
«Астана» медалі (1999)
Ресей Федерациясы:
«Дружба народов» ордені (1991)
«Герой Российской Федерации» атағы (1994)
«Лётчик-Космонавт РФ» (1994)
«За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998)
«За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені