Я, Кулова Сандугаш Дюсеновна, учитель школы-интерната №3 для слабовидящих детей, учитель физики. Спасибо, Вам, за такую возможность, что можно бесплатно опубликовать свои уроки! Процветания вашему сайту.
Я, рада, и буду всегда опубликовать свои уроки, внеклассные, наши дети, очень хорошие, умные, тоже могут участвовать в ваших олимпиадах и конкурсах.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
"Нашар көретін балаларға арналған №3 мектеп-интернат" КММ
“Ғалымдар кеңесі” атты
сыныптан тыс іс-шара
7-10 "А"сыныптар арасында
Физика пәні мұғалімі: С.Д. Кулова
Семей қаласы 2016 жыл
Мұғалім сөзі:
- Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім-ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана, еліміздің тірегі, сүйеніші болады, - деп ойлаймын.
Сондықтан, бүгінгі “Ғалымдар кеңесі” атты сыныптан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына. Ұқыптылық пен зеректік, Жеткізсін сіздей өренді. Физиканың сырына,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға, -
дей келе сыныптан тыс іс-шарамызға қатысатын 7-10"А" сынып оқушыларын ортаға шақырайық!
Іс-шарамызды өткізуге дайындық:
А) Сыныптан тыс іс-шарамызға қатысатын оқушыларға ғалымдар бөлініп
беріліп, сол бойынша киім даярлап, олар жайлы түсінік бере отырып, ашқан жаңалықтарын, тәжірибелерін көрсетеді.
Ә) Сыныптан тыс іс-шара өткізілетін орынды безендіріп, сахнаны дайындау.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Ұжымдық әрекетке, қарым-қатынас жасай білуге, өзіндік жұмысқа, ақпаратты тауып қолдана, пайдалана білуге тәрбиелеу.
Түзетушілік: әр түрлі жаттығулар жасату арқылы көз жанарын сақтау.
- ақ қағаз, әр түрлі денелер (тығын, металл шарик);
- шыны ыдыс - мензурка, қарындаш, шам-лампа;
- піскен жұмыртқа.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныптан тыс іс-шараның жүргізілу барысымен таныстыру.
1-бастаушы Айнұр 9 "А" сынып оқушысы:
Қайырлы күн қымбатты көрермен!
Сөз бастайын термелеп өлеңменен.
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан,
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден.
2-бастаушы Нұржан 9 "А" сынып оқушысы:
Табиғаттың сырын ұққан кемеңгер,
Бұл өмірден өтті дана шеберлер.
Ғалым демей кім? - деп оны айтарсың,
Даналықтан мұра қалған өнерден.
1-бастаушы Айнұр 9 "А" сынып оқушысы:
Физик, ғалым, астрономдар өтіпті,
Қиялменен көкке самғап жетіпті.
Табиғаттың аясында тербеліп,
Даналығын мұра етіп кетіпті.
2-бастаушы Нұржан 9"А" сынып оқушысы:
Ой-санамда болса да, балалығым,
Ғылым сырын білемін, даналығын.
Физика заңдылығын меңгертіп,
Зерделімін, білімдімін, саналы!
1-бастаушы Айнұр 9 "А" сынып оқушысы:
Физика патшалығы өмір сүрген,
Заңдары ашылыпты дана тілмен!
Патшалыққа саяхат жасай жүріп,
Әр адам табиғаттың сырын білген.
2-бастаушы Нұржан 9 "А" сынып оқушысы:
Қиыннан қиысады сөз сарасы,
Табиғаттың бар болар сан-санасы,
Физика патшалығының бір өзінде,
Бар екен дана, ғалым он баласы.
1-бастаушы Айнұр 9 "А" сынып оқушысы:
Сөз кезегін беремін «патша» сізге,
Бар екен, сый-құрмет бізден сізге.
Ұғынып біз көрейік, сіз арқылы.
«Физика» құдіреті осы неде?
Патшасөзі Нұржан 9 "А" сынып оқушысы:
Уа, жұртым тыңдаңдар!
Кешке бармай қалмаңдар.
Патшалықтың әр саласы.
Мына ортада тұрғандар!
Табиғаттан нәр алған,
Адам болып жаралған,
Мына маған бағынып,
Білімді болып саналған.
Қозғалады бар әлем.
Мына маған бағынып,
Айтылады ән-әуен!
Патшалығым қарыштап,
Жетер жері алыста,
Мына маған бағынып,
Ұшты адамзат ғарышқа!
Хабар алып алыстан,
Жеткен талай табысқа.
Мына маған бағынып,
Атом мен адам табысқан,
Қарыштап ғылым дамиды,
Данаға сана дариды -
Компьютермен қамтимын,
Толтырып әлі әр үйді!
Құдіретті күштімін!
Патшамын мен саналы.
Бөлімдерім сан-сала,
Әкелгем он баланы!
1-бастаушы Айнұр 9 "А" сынып оқушысы:
Балалары сөз кезегін алады,
Таныс болып сіздерге сөз салады.
Әр баланың сөз өнерін көрейік
2-бастаушы Нұржан 9 "А" сынып оқушысы.
Көрермендерге сұрақ: Төбесіне жүк қойып көтеріп келе жатқан адамның, пішіні сымбатты болып көрінеді. Неліктен? Жауап: Ауырлық центріне сәйкес тепе-теңдік сақталады.
1. Архимед. Гидростатика принципін ашқан Архимед шомылып жатқан жерінен атып шығып, сол күйінде: «Эврика» - деп айқайлап, көше аралап жүгірумен әйгілі. Аса көрнекті грек математигі болған ол П санының 3 ондық белгісін, сфера бетінің көлемі мен ауданын есептеп шығарып, қару ойлап тапқан, тұтқалар мен блоктардың принципін түсіндірген. Ол: «Маған ұзын тұтқа мен тіреу нүктесін беріңдерші, сонда мен Жерді орнынан жылжытамын», - деген. Архимед б.з.д. 287ж. Сицилия аралында дүниеге келді. Әкесі оны жастайынан білім-ғылым жолына тәрбиелеп, көп оқытты. Александрияда жүрген кезде Архимед астроном ғалым Канонмен, астроном-математик Эратросфенмен танысып жолдас болып, өмірінің кейінгі күндері олармен ғылыми хат-хабар алмасып отырған. Сонымен қатар, кітапқа ерекше еліткен ол жергілікті кітапханада отырып, Демокрит, Евдокс секілді ғалымдардың еңбегін зерттеп, зерделеді. Архимед Сицилияға мықты математик болып оралса да, кейінгі зерттеулерін механика саласында жүргізді. Көпке белгілі иінтірек (рычаг) принципі, ауырлық центрі, Архимед заңы секілді теоремалар осы кісінің еңбегі. Ғалым ашқан жаңалығына масаттанып отырып: "Маған тіреу нүктесін тауып берсеңдер, жерді де көтере аламын", - деп айтқан деседі. Сонымен қатар, ғалымның талантты
конструкторболғандығын да айтып өтелік. Сол кезеңдердегі механика ғылымының ең басты проблемасы статика мәселелері болды. Құрылыс, әскери техникалардың дамуы үшін осы тұрғыдағы кейбір сұрақтарды шешу керек болды. Осы қажеттіліктің арқасында жоғарыда атап өткен иінтірек, ауырлық центрі секілді ұғымдар пайда болды. Осылай адамзат баласы табиғаттан қулығын асыра алды. "Механе" ежелгі грек тілінен аударғанда дәл осы "қулық" деген сөзді білдіреді. Ғалымның жасап шығарған әскери машиналары сол кезеңдерде римдіктерден қорғануға жақсы құрал болды. Тарихшылардың айтуынша, Архимед сондай бір шайқас кезінде қаза тапқан.
Аңызда айтылатындай, Сиракуз патшасы Гиерон Архимедке зергер жасаған тәждің таза алтыннан немесе алтын мен күмістің қоспасынан жасалынғанын анықтауды тапсырды. Бұл есепті шеше алмай, Архимед көп күн әуреленді. Бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде кенеттен ойына әлгі есептің шешуі келген екен дейді. Өзінің ашқан жаңалығына шаттана куанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен. Сірә, жаңалық ашқан адам ерекше бір сезімге бөленетін болар.
1-бастаушы Айнұр 9 "А"сынып оқушысы.
Көрермендерге сұрақ:
Басқан жерде із қалар,
Айтқан жерде сөз қалар. Жауап: Қысым заңдылығы.
Арамызға Блез Паскальді шақырайық - Нұржан келеді.
2. Блез Паскаль (фр. ғалымы 19.06.1623ж.-19.08.1662ж.). XVII-ғасырда өмір сүрген француз математигі және физигі, әдебиетшісі. Математикалық анализ, ықтималдық теориясының, кескіндік геометрияның негізін салушылардың бірі, гидростатиканың негізгі заңының авторы. Паскаль 12 жасынан бастап ғылыммен шұғылданды. Әкесі Этьен математик және астроном болған. Әкесі баласын ғылым үйірмесіне қатыстырған. Сол кезде зерек бала сол кездегі ғалымдармен бірдей ғылым туралы пікірлескен. 16 жасында Паскаль «Қима туралы» еңбегін жазады. Ол газ бен сұйықтардың қасиетін көп зерттеп, заңдылығын тағайындаған және атмосфералық қысымның бар екендігін өз тәжірибесімен дәлелдеп берген. Оның атымен қысым бірлігі және информатикада программалау тілі аталған. Ол бағдарламалау тілін 300 жыл бұрын ашқан алғашқы адам болып есептеледі.
Паскаль заңы.
Сұйықтар мен газдар қысымды, жан-жаққа бірдей таратады. Ауаның кысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін балалар ойнайтын резеңке шарды, кол допты және т.б. үрлеген кезде бақылауға болады.
Үрлеген кезде ауаның бір бағытта берілетініне қарамастан, шар немесе доп барлык бағытта біркелкі ұлғаяды.
Паскаль шары деп аталатын құралмен тәжірибе жасап көрейік. Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылаулары бар шардан және поршеньді цилиндрден тұрады. Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршеньді бассақ, шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағытқа бірдей ұзындықта шапшып немесе будақтап шығатынын байқаймыз. Бұдан қысымның барлық бағытқа таралып қана қоймай, оның мәнінің де бірдей болатыны көрінеді. Бұл сұйықтар мен газдардың өзіне түсірілген қысымды барлық бағытқа бірдей жеткізетінінің дәлелі. Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізе алуы оларды құрайтын молекулалардың еркін қозғалғыштығымен түсіндіріледі.
2-бастаушы Нұржан 9 "А" сынып оқушысы.
Көрермендерге сұрақ: Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен.
Жауабы: Жүніннің арасында ауа бар. Ауаның жылуөткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді.
Арамызға Джеймс Джоульді шақырайық - Сара келеді.
3. Джеймс Прескотт Джоуль. Джоуль Манчестердің қасындағы Солфорд қаласындағы сыра өндіретін зауыты бар дәулетті отбасында өмірге келген, Ол үйден білім алу жүйесі бойынша ғылым салаларына оқытылған. Айтарлықтай жағдай - бірнеше жыл оның элементарлық математика, бастапқы химия және физика пәндерін үйреткен мұғалімі Джон Дальтон болған. Оқумен бірге қоса 1833ж. бастап, 15 жастан сыра зауытында жұмыс істеген, 16 жасынан сыра зауыты жабылғанынша, 1854 жылға дейін кәсіпорынды басқаруға көмек берген. Алғашқы эксперименталдық зерттеулерді жас ғалым 1837 жылы бастады: ол сыраханадағы бумен жұмыс істейтін машиналардың электр қозғалтқышымен істейтін машиналарға алмастырып көрген. 1838 жылы Джон Дэвис ағылшын мұғалімінің ұсынысы бойынша Джеймс Джоуль өзінің бірінші электрқуатқа байланысты жұмысын «Annals of Electricity» ғылыми журналында шығарған. Бұл мақалада Джоуль электромагниттік қозғалтқыштары жұмысы туралы жазған. 1840 жылы ол магниттің қаныққандықтан магниттелген ферромагнетиктер әсерін тауып, 1840–1845 жылдар аралығында осы құбылысты эксперимент жолымен зерттейді. Электротоктарды өлшеу туралы ең жақсы әдістерді іздеп, 1841ж. Джеймс Джоуль өз атымен атанған заңды ашты, квадраттық тәуелділікті ток күшімен және бұл токтағы шыққан жылылық энергиясымен байланыс болғандығын дәлелдеген (орыс әдебиетінде бұл заң Джоуль-Ленцтің деп саналады, өйткені бұл заң Ленц орыс физигімен 1842 жылы тәуелсіз Джоульге қарай ашылған еді). Бұл заңды ашылғандығы Лондон патшайымдық қауыммен бағаланбаған еді, сонымен ол жұмысты Манчестер әдеби және философиялық қауым журналында жарияланды. 1840 жылы Манчестірге Стерджен келеді және де практикалық білімдер Галереясын көзбасшысы болады - коммерциялық шығарма білім беретін мекеме, 1841ж. сол жерге Джоуль бірінші лектор ретінде шақырылады. 1840 ж. жұмыстарда Джоуль экономикалық электромагниттік қозғалтқыштардың маңыздылығын зерттеу жұмысында мынадай ойға келеді: "Мүмкін электромагниттердің қайнар көзі бітпейтін сандардардың механикалық жұмысы болуы мүмкін". Бірақ зерттеулерден соң, ол ренжиді, өйткені бумен жұмыс істейтін машиналер пайдалы қасиеттері көбірек болып шығады. Джеймс Джоуль
97 ғылыми жұмыстың авторы, оның ішінде 20-сы Томсонмен және Лайон Плэфэрмен бірге жазылған. Барлық шығармалары 1884-1887 жылдары Лондондық физикалық қоғамымен 2 томдық басылымда шығарылған.
Тәжірибе: 9 "А" сынып оқушысы Сара.
«Піскен әрі аршылған жұмыртқаны бүтіндей бөтелкеге қалай салуға болады?»
Қажетті құралдар: бөтелке, піскен жұмыртқа, сіріңке, қағаз.
Жауабы: Жанған қағаз жалыны шыныдағы ауаны қыздырады. Қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шыны аузын жұмыртқамен жапқан кезде, жалын сөніп ондағы ауа суиды. Шынының ішіндегі ауа мен сыртындағы қысымы тең болмағандықтан, жұмыртқа ыдыс түбіне түседі.
1-бастаушы Айнұр 9 "А" сынып оқушысы:
Жұмбақ көрермендерге:
Жарқылдан соң жаңағы, Суға бөкті бар алап. Көкте түрлі жолақты, Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ
Мұны ашқан ғалым - Исаак Ньютон.
Нұржан оқиды.
4. Исаак Ньютон - классикалық физиканы құрған әйгiлi ағылшын ғалымы, 1643 ж. Вулсторпада дүниеге келген. 1665 ж. Кембридж университетiн бiтiрiп, сонда 1669-1701 жж. кафедраны басқарған. Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Классикалық механиканың негiзгi заңдылықтарын есептеген, бүкiләлемдiк тартылу заңын, жарық дисперсиясын ашқан, жарықтың корпускулалық теориясын дамытқан, Лейбництен тәуелсiз дифференциалдық және интегралдық есептеулердi шығарған. Ол бүкiләлемдiк тартылыс заңынан Кеплердiң 3 заңының шығатынын көрсеттi, айдың қозғалыс ерекшелiгiн түсiндiрдi, жердiң фигурасының теориясын дамытты, жердiң жасанды серiктерiнiң құрылу проблемасын қарастырды және т.б. Ньютонның оптикаға әкелген еңбегi мол. 1666 ж. үш жақты шыны призма көмегiмен ақ түстi жетi түске орналастырып, оның күрделiлiгiн дәлелдедi. 1668ж. және 1671 ж. телескоп-рефлекторды ойлап тапты. Жұқа пластиналардың түстерiн зерттеп, жарықтың дифракциясы мен интерференциясын анықтады. Өзiнiң оптикалық зерттеулерiн «Оптика» еңбегiнде жариялады. Ньютонның атымен Халықаралық бiрлiк жүйесiнде күштiң өлшем бiрлiгi – ньютон аталған. Ньютон сақинасы – екі сфералық линза беттің немесе дөңес сфералық линзаның жазық табақшамен түйіскен нүктелерінің маңайында монохромат жарықпен жарықтандырған кезде байкалатын кезектескен ақ және қара сақиналар.
Тәжірибе: 9 "А" сынып оқушысы Ақерке - Диск және сабын көпіршіктері.
Сабын– тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін, жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады.
Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж.) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен: Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас…
Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған. Тоқыма, былғары, металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады.
Суық түсіп, жаңбыр жаумай тұрып, балалық шақты еске алып, өзіңізге қуаныш сыйлаңыз. Көпіршіктерді өзіңіз жасап көріңіз. Сонымен үлкен сабын көпіршіктерін жасау үшін сізге мына нәрселер қажет:
1/2 л су;
1/2 л ыдыс жуатын сұйықтық;
1/2 глицерин;
жуан сым;
таяқша;
изолента.
Шелекте су, ыдыс жуатын сұйықтық пен глицеринді араластырамыз. Сымнан ілмек жасап, таяққа изолентамен бекітеміз. Дайын болған құралды шелекке малып, үрлейміз.
Кішкентай сабын көпіршіктері үшін:
300 мл су;
100 гр ыдыс жуатын сұйықтық;
50 мл глицерин керек.
Бәрін жақсылап араластырып, көпіршіктерді үрлей беріңіз!
Көпіршіктердің сапасын жақсарту үшін, мына кеңестерге құлақ іліңіз:
Суды алдын ала "жұмсартып" аламыз. Ол үшін жаңбыр суын не қайнаған суды қолданса болады.
Глицерин көпіршіктердің жарылып кетпеуіне кепіл береді.
Сабын көпіршіктері пішінін сақтау себебі - ішкі қысымның біркелкі болуында. Ол газдар мен сұйықтықтар бағытына қарамастан, жан - жаққа бірдей қысым көрсететіні туралы қағидаға байланысты.
Гаухар тасындағы - дисперсия құбылысы.
1-бастаушы Айнұр 9 "А" сынып оқушысы.
5. Галилео Галилей итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған.Ол Италияның Пиза қаласында 1564ж. он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581ж. Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия
мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. Кейін
Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кафедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысын онан әрі жалғастырады. Аристотельге қарсы "Қозғалыс туралы сұхбат" деген еңбек жазады. 1592 жылы Падуяда математика кафедрасын басқарады. Бұл кезең (1592 -1610жж.) Галилей шығармаларының көмеліне келген шағы болатын. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты,
Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты. Дін басылары Н.Коперник іліміне тыйым салған соң (1616), Галилей ұзақ уақыт үй тұтқынында ұсталды. 1630 жылы "Әлемнің екі негізгі жүйесі туралы сұхбат" деген еңбегін Римге алып келді. Мұнда Коперник пен Евклидтің дүние жүйелері қаралған еді. 1637 жылы Галилей екі көзінен айырылады. Галилей XVII ғасырдағы механика, оптика және астрономия ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Ол ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Статика тарихы Архимедтен
басталса, динамика тарихы Галилейден басталады. Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.
2-бастаушы Нұржан 9 "А" сынып оқушысы.
Көрермендерге сұрақ: Күннің көзі неше рет шығады? (365)
6. Ферма Пьер француз математигі, физигі. Мамандығы бойынша заңгер.
Сандар теориясының негізін қалаушылардың бірі. Осы теорияның бір теоремасы Ферманың есімінен аталады. Ферма геометриядағы координаттар тәсілін Р.Декарттан бұрынырақ жүйелі түрде дамытқан. Ғалым шексіз аз шамаларды есептеуде дифференциялаудың жалпы заңын ашты. Ол максимум мен минимумды (экстремумдарды) табатын есептермен, қисықтарға жанама жүргізу тәсілімен, дененің ауырлық центрін анықтаумен, қисық (шеңбер)
доғасының ұзындыған есептеумен, ықтималдық теориясының есептерін шешумен, т.б. шұғылданды. Ферма физикада 1660 жылы Фермапринципі
деп аталатын геометриялық оптиканың негізгі принципін тұжырымдады. Бұл принцип Мопертюи-Эйлердің ең аз әсер принципіне негіз болды.
Ферма принципі - геометриялық оптиканың жарық сәулесінің кеңістіктің белгілі бір нүктесінен екінші нүктесіне ең аз уақыт кететіндей жолмен
(олардың арасын қосатын басқа жолдармен салыстырғанда) таралатындығын тұжырымдайтын негізгі принципі. Ферма принципінен геометриялық оптиканың негізгі заңдары - жарықтың түзу сызық бойымен таралу, шағылу және сыну заңдары қорытылады.
Жарық – қуаттың бір түрі. Осының арқасында тірі жаратылыстардың барлығы, оның ішінде адам баласы да айналасындағы әлемді көре алады. Жарықтың өзі көзге көрінбейді, алайда өзі басқа заттардың барлығына көруіне себепші болады. Ол түзу сызық бойымен қозғалады, жолында мөлдір емес зат кездессе, сол заттың көлеңкесі пайда болады.
Көлеңке дегеніміз- жарық көзіне қарама-қарсы жақта пайда болатын қараңғы аймақ.
Жарықтың шағылу заңы: бетке түскен сәуле, одан шағылған сәуле және сол бетке сәуленің түсу нүктесі арқылы жүргізілген нормаль бір жазықтықта жатады; шағылу бұрышы түсу бұрышына тең:
α=β
Жарықтың сыну заңы: түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесі арқылы екі ортаның шекара бетіне жүргізілген нормаль бір жазықтықта жатады; түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы берілген екі орта үшін тұрақты шама болады:
n21 = sinα /sinγ
мұндағы n21- екінші ортаның бірінші ортаға қатысты сыну көрсеткіші, ол шекарасынан жарық өтетін орталардың қасиеттеріне тәуелді, α мен β бұрыштарының үлкен – кішілігіне байланысты емес.
Жарықтың осылай тұжырымдалған сыну заңы жарық бір изотроп ортадан екінші изотроп ортаға өткенде ғана орындалады.
Тәжірибе: 10 "А" сынып оқушысы Айым - шыны ыдыстағы қарындаштың суда сынуы. Айналардың шағылуы.
1-бастаушы Айнұр 9 "А" сынып оқушысы.
7. Циолковский Константин Эдуардович (5(17).9.1857, Ресей, Рязань губерниясы, Ижевское ауылы — 19.09.1935ж., Калуга қаласы) — осы заманғы космонавтикамен ракеталық техниканың негізін қалаған ғалым. Жас кезінде ауыр науқастанып, есту қабілетінен мүлдем айрылған.
1880 жылдан Боровскідегі уездік училищеде математика және физика пәндерінен сабақ берді.
1885 жылдан басқармалы тұтас металл дирижабльді, металл қаңқалы (каркасты) ұшақ-монопланды жобалаумен әрі олардың теор. мәселелерімен айналысты.
1897 жылы Ресейде тұңғыш рет аэродинамикалық құбырды жасап, қарапайым модельдерді сынаудан өткізді. Бірақ Циолковскийдің техникалық идеялары патшалық Ресейде жүзеге аспады. Қазан төңкерісінен кейін Циолковскийдің еңбектері кеңес өкіметі тарапынан жан-жақты қолдау тапты. Циолковскийдің негізгі ғылыми еңбектері реактивті қозғалысқа, космонавтиканы және ракета жасауды дамытудың ең тиімді жолдарын анықтауға, көп сатылы ракета түрін жасауға, ракеталық отын түрлеріне, сұйық отынды ракеталық қозғалтқыш мәселесіне, планетааралық қатынастың даму болашағына арналған.
1924 жылы Циолковскийге Н.Е. Жуковский атындағы Әуе флоты академиясының құрметті профессор атағы берілді. КСРО ҒА планетааралық қатынас саласындағы үздік еңбектері үшін берілетін К.Э. Циолковский
атындағы Алтын медалін белгіледі. Айдың көрінбейтін жағындағы кратердің бірі Циолковский есімімен аталады.
Реактивті қозғалыс - Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен
бөлінген кездегі қозғалысы. Реактивті қозғалыстың қарапайым мысалы ретінде, үрлеп одан кейін, еркін қоя берілген ауа шарының қозғалысын қарастыруға болады. Үрленген шардың ішіндегі қысым сыртқа атмосфералық қысымнан едәуір артық болатыны белгілі, ал бос қоя берілген шардың ішіндегі біраз ауаның төменгі саңылау арқылы сыртқа шығуы шардың жоғары қарай көтерілуін тудырады. Ол біраз уақыт бөлме ішінде әрлі-берлі ұшатын болады. Шар ішінен шығатын ауа оны қарама-қарсы бағытта қозғалуға мәжбүр етеді.
Реактивтік қозғалыс принципі бойынша: сегізаяқ, кальмар, теңізқұрт, медуза сияқты теңіз жәндіктері қозғалады. Бүгінгі күні реактивті қозғалыс принципін пайдалану адамның бір кездегі арманы және қиялы болған тылсым Әлеммен тілдесе бастауына әкелді. Реактивті қозғалыс принципі сағатына бірнеше мыңдаған километр жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды, Жердің жасанды серіктерін, планетаралық саяхат жасайтын ғарыш зымырандарын жасауға мүмкіндік туғызды. Адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы үшін асқан кемеңгершілік, аса ыждағатты есеп, өте күрделі техника және асқан ерлік қажет.
Келіңдер, бәріміз тізбектей қосылып, көңілді ән айтайық.
Ән шашу: Физика («Ана туралы жыр» әнінің мотиві)
Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың.
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың.
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның,
Әр түрлі заңдарын.
Электр қуатын, сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын, сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде, жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді, сүру де жоқ маған.
Қорытынды:
Сонымен, біздің "Ғалымдар кеңесі" атты кешіміз өз мәресіне жетті. Өз білімдерін көрсетіп, белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын. Табиғаттың таңғажайып құбылыстарын ұғынып, білім нәрімен сусындауда "Физика пәні" өздеріңе, ақылшы әрі сенімді, серік болады деп сенемін. Келесі кездескенше, сау болыңыздар!