kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физикалық казина

Нажмите, чтобы узнать подробности

смммммам  с  с.аааааааа.аааааа.аааааааааааа

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физикалық казина»



Виртуалды мектеп оқушысына арналған тапсырмалар

А деңгейі

Білу, түсіну және қолдану дағдылары негізінде ақпараттарды дұрыс анықтау, ажырату және қолдана білу бойынша тапсырмалар.

А деңгейі 3 тапсырмадан тұрады. Әр тапсырма 5 балмен бағаланады.



1-тапсырма. Берілген сөздердің баламаларын (синонимдерін) көрсетіңіз. 2 артық жауап бар. Жауабыңызды астында көрсетілген кестеге жазыңыз.


1) Шыдам


2) Анық


3) Алыс


4) Дәулетті


5) Жедел

  1. айқын

  1. көрнекі

  1. ауқатты

  1. жуық

  1. төзім

  1. шалғай

  1. дереу


[5 балл]


2-тапсырма. Берілген үзіндіні оқыңыз. Үзіндіден септік жалғаулы сөздерді теріп жазыңыз.


Қазақстанда бүркітті ерте заманнан бері өте жоғары бағалайды. Осы күнге дейін бүркіт салып, аң аулау кең етек алған, себебі қазақтар қыран құстарды бағалай білген.


__________________________________________________________________________________________________________________________________________


[5 балл]


3-тапсырма. Берілген тұрақты тіркестерді мағыналас сөздермен сәйкестендіріңіз.


  1. үріп ауызға салғандай

  1. тату

  1. арасынан қыл өтпейтін

  1. батыр

  1. жүрегінің түгі бар

  1. тып-тыныш

  1. тайға таңба басқандай

  1. әдемі

  1. құлаққа ұрған танадай

  1. анық








[5 балл]


В деңгейі

Мәтінмен жұмыс жасай отырып, нақты жағдайда және жаңа жағдаятқа анализ жасай білуін есепке алуға арналған тапсырмалар.


В деңгейі 4 тапсырмадан тұрады. Мәтін бойынша меңгерген теориялық біліміңізді қолданып, тапсырмаларды орындаңыз. Әр тапсырма 10 балмен бағаланады.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орында.


Бір мәуелі бақта биік кәрі қарағай өсіп тұрыпты. Көктемде оның басына қарлығаш пен шөже торғай ұя салып, балапан шығарыпты.

         Шөже торғай балапанына қурай басын сындыртпай, ерке-тотай қылып өсіріпті. Балапан тентек, ойынды ғана біледі екен. Қарны ашса, шешесіне келіп, аузын ашады, анасы тапқан-таянғанын балапанына береді.

         Ал қарлығаштың балапаны елгезек, еңбекқор болып өсіпті.

         Уақыт зымырап өте береді. Күз түседі. Екі балапан да ержетеді. Енді олар өз беттерімен күнкөріске кіріседі. Қанаты қатайған соң қарлығаштың балапаны жол қиыншылығынан қорықпай, жылы жаққа ұшып кетеді.

         Шөже торғайдың балапаны жерден теріп жейтін дәнге сеніп, бақта қалады. Қыс түседі. Жерді қар басады. Не азығы, не бас сұғар панасы жоқ шөже торғай әбден ашығады. Ақыры үскірік аяз соғып, ештеңеге ебі жоқ, тоғышар балапанды бүрістіріп тастайды.

         Қайтадан көктем келеді. Қайта оралған қарлығаштың балапаны шырылдап, құрдасын іздей бастайды.

         — Жылама, – дейді оған кәрі қарағай. — Шөже торғайдың балапаны еңбек етпеді. Сөйтіп аштан өлді. Еңбексіз тіршілік жоқ. Соны біліп қой.


1) Мәтіндегі қай сөз "елпілдек" деген мағынаны білдіреді? Сөзді мәтіннен тауып, мына жерге жазыңыз. ___________________________________

[2 балл]



2) Шөже мен қарлығаш балапандарын салыстырыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[2 балл]



3) Мәтіндегі "қурай басын сындыртпай" тіркесі қандай мағынаны білдіреді?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[3 балл]


4) Мәтіннің негізгі ойы қандай? Ойыңызды 4-5 сөйлеммен жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________


[3 балл]


2-тапсырма. Берілген мысалды оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.


Көзі тоймайтын ит


Көпірге түсті бір ит сүйек тістеп,

Ойы бар көпірменен дария кешпек.

Көрінді су бетінде бұған бір ит,

Мұнда да бір сүйек бар бақса түстеп.

Судағы ит - бұл бейбақтың көлеңкесі,

Білерлік көлеңкені болмады есі.

Толымды көрінген соң анау сүйек,

Ол иттен тартып алмақ бар дәмесі.

Сол оймен атты суға айбаттанып,

Бар күшін жинап бойға, қайраттанып.

Түскен соң жойқын суға ол батырдың

Ісінің не болмағы айдан жарық.



Әрқайда ашкөздінің олжасы осы,

Байқасаң, іс түбіне көзің салып.  

1) Мәтін мазмұнын қара сөзбен жазыңыз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[2 балл]



2) "Ашкөздік" сөзі қандай мағынаны білдіреді? Мәтіннен мысал келтіріп сөздің мағынасын ашыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[3 балл]

3) Мысалдың ғибраты қандай? Ойыңызды 4-5 сөйлеммен білдіріңіз. _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[5 балл]


3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.


Қамбар батыр


Өткен заманда Қара қасқа атты Қамбар батыр ертелі-кеш аң аулап, өзінің ағайындарын аң етімен бағыпты. Қолына сұңқар қондырып, көлден қаз, үйрек ілдіреді. Тазысын ертіп, киік, бөкен, құлан, қарсақ, түлкі, қасқыр аулайды. Аңдарды тұлпарымен қуып шабақтаса, тазысы жетіп тамақтайды.

Бір күні қалың ну тоғайды аралап келе жатып, өліп жатқан торайды көреді. Мұны өлтірген қандай аң екен деп жан-жағына қараса, шөккен нардай болып атылғалы тұрған жолбарысты көреді. Күш-қайратына сенген ер Қамбар қабынан қылышын суырады. Сол уақытта көзі оттай қызарған жолбарыс аузын арандай ашып батырға қарай атылады. Қаһарланған Қамбар оның құйрығынан шап беріп ұстап алады басынан айналдырып-айналдырып лақтырып жібереді. Жолбарыс қырық қадамдай жерге барып дүрс ете түседі. Ырылдауға шамасы келмей қатады. Батырдың ерлігіне бүкіл ел таңданады.

Кейін қыз Назымды күшпен алмақ болған қалмақ ханы Қараманмен соғысады. Оның өзін өлтіріп, артындағы қалың қол әскерін де қырады. Батыр еліне пана болып, халқына қадірі артады.


1) Мәтінде жолбарысты сипаттау үшін қандай тіркестер қолданылған?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[3 балл]


2) Мәтінде қандай тарихи сөздер кездеседі?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[3 балл]


3) Мәтінде Қамбар батырдың қандай ерліктері сипатталады?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[4 балл]



С деңгейі

Талдауды және орындау тәсілін таңдауды қолдана отырып, білімді ықпалдастыруға негізделген тапсырмалар.


С деңгейі әрқайсысы 15 балмен бағаланатын 3 тапсырмадан тұрады. Мәтін бойынша меңгерген теориялық біліміңізді қолданып, тапсырмаларды орындаңыз.

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.



Жапонияда Жаңа жылды қарсы алу дәстүрі



Жапонияда Жаңа жылды түнде қарсы алмайды. Олардың Жаңа жылы біздің түнгі сағат он екіде емес, ертеңіне, бірінші қаңтар күні, таңмен бірге басталады. Таң алдында жапондар үйлерінен шығып, көтеріліп келе жатқан Жаңа жылдың алғашқы күнін салтанатпен қарсы алады. Сауық-сайран содан кейін басталады.

Кісіге сыйлық тарту - жапон ұғымында үлкен құрмет, сондықтан Жаңа жыл күні әдемі кимоно киген әйелдер мен барын үстіне киіп, сәнденіп шыққа ерлер біріне-бірі шама-шарқынша сыйлық тартады. Жапондар Жаңы жыл дәстүрі бойынша көшеге қолдарына қарағайдың, тал, қарақаттың бұтақтарымен безелген бамбук шыбық ұстап шығады. Жапон халқының ырымы бойынша, қолына бұл күні әлгіндей әшекейлі бамбук ұстап шыққан адамға жаңа жыл қарағай жасының ұзақтығы, бамбуктың беріктігі, тал, қарақаттың тез өсетін қасиеттері дариды-мыс.



Әр елде Жаңа жылды қарсы алу дәстүрлері өзгеше. Мәтін негізінде "Менің отбасымдағы Жаңа жылды қарсы алу дәстүрі" тақырыбында 100-120 сөз көлемінде әңгіме жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[15 балл]





2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.



Қайтпай қалған қарлығаш

Т. Тайбазарұлы



Асан ерте тұрып, терезенің пердесін ысырды да, сыртқа көз жіберді. Айнала аппақ қар. Күн нұрына шағылысады.

Күрек алайын деп қораға кірді. Есік маңдайшасында бүрісіп отырған қарлығашқа көзі түсті. Жаңылыс көрдім бе деп, көзін уқалап қайта қарады. Өзі асыраған қарлығаш. Атасы кигізген сақинадан таныды. Бұл жайды атасына айтуға асықты. Үйге жүгіріп келді де:

- Ата, біздің қарлығаш жылы жаққа қайтпай қалыпты. Қорада отыр. Қатты тоңыпты, - деді.

Қанатынан жараланған қарлығаш ұшуға дәрменсіз болған соң қалып қойыпты.

Оны үйде күтіп асырауға тура келді. Қарлығаш оңай үйрене алмаған соң атасы темір тор жасап, алдына үгіндісі мен тары, су қойды. Бірте-бірте қолға үйреніп, жасқанбайтын болды. Сөйтіп, Асан өзінің кішкентай досын қыстан аман алып шықты.

Көктем шығып құстар келе бастаған мезгілде Асан атасы екеуі қарлығашты ұшырып жіберген.

Қарлығаш жер бауырлай ұшып, үйді екі айналды да биікке самғай көтерілді. Асан қарлығаш ұзап кеткенше қарап тұрды.

Мәтін бойынша қарлығаштың атынан бас кейіпкерге хат жазыңыз (100-120 сөз көлемінде).

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[15 балл]





3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз.



Мақсаттың атасы жылқы бағады. Оны әрдайым күтіп, баптайды. Көктем, жаз, күз және қыс мезгілдерінде атасы Мақсатты өзімен бірге ертіп, жылқыларды көріп қайтады. Атасының аттары онша көп емес.

– Қазірше осы бес-алтауы жетеді, – дейді атасы. – Жасыма сай. Бұларды бағу, күту, қарау оңай емес.

– Ата, мен жасым  үлкейгенде сізге көмекші боламын, – дейді Мақсат. – Аттардың санын көбейтемін.

– Менің немерем өскенде кәсіпкер болады. Ата-бабасының кәсібі – жылқышы болу ғой, – дейді атасы да Мақсаттың басынан сипап.

Мақсат балалық балғын мінезбен басын изей күлімсірейді.

– Рас, ата, мен өз сөзіме берікпін. Аттарға қарағанды, күтіп, баптағанды жақсы көремін.

– Қайсы бір іс болса да, жаның сүйіп беріле жасасаң, соның рақатын көресің, балам, – деді атасы ат үстінде келе жатып.

Атасы мен немересі қырқаның үстінде жайылып жатқан аттарға келді. Айғыр мен биелері және тайлары мен кұлындары қарындары тойып, бір үйір болып, бір-біріне жақын тұр екен. Атасы мен Мақсатты көрген биелер кісіней жөнелді.

– Ата, аттарымыз бізді таныды. Қараңызшы, жатырқамай бізге келе жатқан құлындарды, – деді Мақсат.

– Жануарлар сезімтал ғой. Бәрін де біледі. Сезеді. Таниды, – деді атасы.

– Атты сен айдай бер, балам. Мен жаяу жүрейін. Аттарды үйге қарай қайыр. Қайыруға оп-оңай көнеді. Күн ыстыққа қалмасын. Тойыныпты. Көлеңкеге апаралық, – деді атасы аттан түсіп.

Мақсат аттарды үйге қарай бағыттады. Жануарлар Мақсаттың дегеніне лезде-ақ көнді. Бәрі де бірінен соң бірі жай жүріспен Мақсаттың алдына түсті.

– Ата, – деді Мақсат. – Менің досымның атасы кей-кейде кейіген сәттерде «қайыруға көнбеген  жылқы іспеттес» деген сөзді көбірек айтады. Ол не деген сөз, ата?

– Е-е, балам, айтқан сөзді құлаққа аспаған соң ренжиді. Өз бетіне лаққан жылқы да солай. Тізгін тимеген, құрық ілінбеген ат тарпаң, асау болады. Айтқаныңа көнбейді. Өзінің иесін шаршатады. Босқа арам тер етеді. Содан соң қайыруға көнбеген жануар дейді. Адам баласы да солай. Сөзге түсінбеген, оны ұғынбаған адам қайыруға көнбеген жылқымен бірдей.

Мақсат ойлы жүзбен атасына қарады.

– Сонда адам мен жылқының әрекеті, іс-қимылдары өзара ұқсас екен-ау, ата, – деді ол.

– Әрине, – деді атасы, – ата-бабамыз жылқы асырауды өзіне етене жақын еткен. Әдемі, көрікті жандарды құлын мүшелі деп, ал алысыңды жақын ететіндіктен, «Ат – ердің қанаты» деп айтқан.

Атасы немересінің сөздің мәнісіне назар аударғанына разы болды. Әлі жас болса да, қолғанат бола бастаған алғашқы қадамына шынайы түрде шаттанды.



Жылқы бағу - халқымыздың ежелден келе жатқан кәсібі. Неліктен жылқы қазақ үшін ерекше қастерлі жануар? Осы тақырыпта өзіңнің көзқарасынды білдіріп жаз (100 - 120 сөз көлемінде).

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[15 балл]





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Физикалық казина

Автор: Шокпарова Шынар Косибаевна

Дата: 30.11.2018

Номер свидетельства: 488401


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства