І.Ұйымдастыру кезеңі: Бұл сайысқа 7.9,10 сынып оқушылары қатысады. Әр сыныптан 4 оқушыдан қатысады. Әр сыныпқа «Физикалық лото» билеті тапсырылады. Әр биелетте 15 сұрақ белілген. Сол сұрақтарға толық жауап берсе 15 сұрақтың ұяшығы жауылып, жеңімпаз атанады. Әр сыныпқа өз пәндері бойынша сұрақ қойылады. Әр топтың алдыңда қорапша болады. Сол қорапшадан сұрақтарды алып отырып, кезекпен кезек жауап береді. Лото мына түрде берілген:
Мұғалім: Жарыс заңы ежелден
Жеңімпаздар анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Сәт сапар тілеп бәріне
Сайысты біздер бастайық. Бірінші болып 7 сынып оқушылары бастайды.
7-сыныпқа берілетін тапсырмалар:
Логикалық сұрақ. Алманың жартысы неге ұқсас? (2-ші жартысына )
Ереже. Тең әрекетті күш. Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күш сол күштердің теңәрекетті күші деп аталады.
Жұмбақ. Бар-жоғын оның білмейсін, онсыз өмір сүрмейсің (ауа)
Жіпке ілдім мен өзім, кіп-кішкентай Күн көзін (лампочка)
Есеп. 16Н 14Н 6Н 10Н
Берілген массасы m білеуге әсер ететін екі күштің шамалары мен бағыттары бойынша олардың теңәрекетті күшін анықтаңдар.
FR=F1+F2 =16H+14H=30H FR=F2 - F1=10H – 6H = 4H
Мақал-мәтел. Отқа салса темір де балқиды. (Заттың үш күйі)
Тұлға. Физика – табиғат туралы ғылым ретінде «бірінші ұстаз» атанған гректің ұлы ойшылы. (Аристотель)
Құрал. Жылдамдықты өлшейтін құрал (спидометр)
Өлшем бірлік. Массаның өлшем бірлігі (килограмм, грамм)
Формула. Тығыздықтың формуласы. ρ=m/V
Бейне сурет.
Мына суретте не
түсіңдірілген?
Жедел тест.
Дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағыталған кескінді не деп атаймыз
А. жол Ә. орын ауыстыру Б.траектория В. санақ денесі
Жылдамдық формуласы
А. s=υ·t Ә. υ=t/s Б.υ=s/tВ. t=s/υ
3. Уақыттың өлшем бірлігі:
А. сағ, мин, сек Ә. сағ, метр Б.мин, кг В. сек, грамм
4. Жылдамдықты өлшейтін құрал.
А. динамометр Ә.спидометр Б.секундомер В.манометр
Мағынасын табу. «Инерция» сөзі қандай мағынаны білдіреді.
(латынша инерция – қозғалыста емес әрекетсіздік)
Шама. F- қандай шама? (күш)
Сөзжұмбақ.
Ж
Ы
Л
Д
Ж
А
Т
О
М
М
Ы
Л
А
Д
Ғ
С
Ы
Ы
С
Қ
З
А
Д
Ы
Қ
м/с пен өлшенетін шама?
кг/м3 пен өлшенетін щама?
м мен өлшенетін шама?
кг мен өлшенетін шама?
Ребус. , , , , , , ,
Масса
9-сыныпқа берілетін тапсырмалар:
Логикалық сұрақ. 3,5 таяқтың неше ұшы бар? (8 )
Ереже. Ньютонның үшінші заңы. (Денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы: F1=F2).
Жұмбақ. Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ үйге кіреді (жылу мен суық)
Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жаңбайды (мұз)
Есеп. Массасы 1,5т автобус орнынан 1,5 кН тарту күшінің әрекетінен қозғалады, онда оның үдеуі неге тең? (1м/с2)
Мақал-мәтел. Көсеу ұзын болса, қол күймейді.
(Жылу өткізгіштік)
Тұлға. Динамиканың негізгі заңдарын ашқан ұлы ағылшын ғалымы кім? (Исаак Ньютон)
Құрал. Ток күшін өлшейтін құрал (амперметр)
Өлшем бірлік. Жиліктің өлшем бірлігі (Герц)
Формула. Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласы.Т=2π
Бейне сурет.
Мына суретте не
түсіңдірілген? (инерция)
Жедел тест.
1. Периодқа кері шама
А. жилік Ә. жылдамдық Б.траектория В. санақ денесі
2.Үдеу формуласы
А. а=υ·t Ә. а=t/υ Б. а=υ/t В. а=s/υ
3. Энергияның өлшем бірлігі:
А. Дж Ә. Вт Б.Н В.Гц.
4. Уақытты өлшейтін құрал.
А. динамометр Ә.спидометр Б.секундомер В.манометр
Мағынасын табу. «Гравитация» сөзі қандай мағынаны білдіреді. (латынша гравитация - ауырлық )
Шама. ν- қандай шама? (жилік)
, , , , , , , ,
( жұмыс)
Сөзжұмбақ.
Э
Н
Е
Т
П
Р
Е
Е
Г
М
Р
И
Ү
Б
И
Я
Д
Р
О
Е
Д
У
Дж мен өлшенетін шама?
м/с2 пен өлшенетін щама?
Адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік баяу беретін дыбыстың сапасы?
сек. пен өлшенетін шама?
10-сыныпқа берілетін тапсырмалар:
Логикалық сұрақ. Күннің көзі жылына неше рет шығады? (365 )
Ереже. Энергияның сақталу заңы. (Дене энергиясы еш уақытта жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады).
Жұмбақ. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамын күн сайын жарық үшін (ток)
Дәмі де жоқ, түсі жоқ
Пайдаланбас кісі жоқ (ауа)
Есеп. 10 м/с жылдамдықпен қозғалып келе жатқан троллейбус тежелгеннен кейін 5 с ішінде тоқтайды. Тежелу басталғаннан кейін ол қандай тұрақты үдеумен қозғалады? (2 м/с2)