Просмотр содержимого документа
«Физика п?нінен интелектуалды? ойын саба?ы»
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын «Мыңнан жүйрік, жүзден тұлпар» атта сайысымызды бастаймыз. Ортаға сайысқа қатысушы екі топты ортаға шақырамыз!
Ойынымыз топтық сайыс ретінде өтеді.
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Шығып жүрген жақсы аты
«Алғырлар» тобын ортаға
Шақырайық халайық.
Алғырлар тобының мүшелері:
9-сынып оқушысы - Жомартов Абзал
8-сынып оқушысы – Сейтқұмаров Бекжан
8-сынып оқушысы – Нұрсәлімов Дастан
7-сынып оқушысы – Закенова Айшолпан
Жиналған ылғи дарындар
Көздерінде жалын бар
«Тапқырлар» тобын халайық
Қол соғып қарсы алайық
Тапқырлар тобының мүшелері:
9-сынып оқушысы – Атаманов Азамат
8-сынып оқушысы – Тоқтарова Айым
8-сынып оқушысы – Шаяхметов Айбар
7-сынып оқушысы – Чайканов Ерзат
Сайысқа түсетін топ мүшелерімен таныстық. Жарысқа қатысушы оқушыларымызға сәттілік тілейміз!!!
Ал енді осы сайысымызға әділ бағаларын беріп, төрелік ететін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
Оқу ісі жөнінде директордың орынбасары – Дельдекпаева Г.Т.
Бастауыш пәні мұғалімі – Абылханова Б.Қ.
Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі – Темкенева Т.А.
Ендеше, қатысушы топтарға сайысымыздың шарттарымен таныстырып кетейін. Сайысымыз 7-кезеңнен тұрады.
1 кезең - «Блиц турнир»-деп аталады. Мұнда топқа 1 минутта сұрақ қойылады (1 дұрыс жауапқа 1 ұпай)
2 кезең – «Тапқырлық» - деп аталады. Мұнда топқа физикалық заңдылықты қолдана отырып, тапсырманы орындайды.
3 кезең – «Жұмбақтас» - деп аталады. Мұнда физикалық терминдерді тауып жазады.
4 кезең – «Өнерлілер» сайысы. Әр топ өзінің өнерін көрсетеді.
5 кезең – «Пирамида» - деп аталады. 1 минутта пирамидаға қай топ бірінші боп шығады. Сол топ жеңімпаз болады.
6 кезең – «Капитандар сайысы» «Энергоүнемеуші шамдардың тиімділігі мен тиімсіздігі туралы»
1 – кезең. «Блиц турнир» кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 7 – сыныптан 5 сұрақ, 8 – сыныптан 5 сұрақ, 9 – сыныптан 5 сұрақтан қойылады. Жиынтығында 15 сұрақ әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Барлық дұрыс жауап берген топ 15 ұпай өз қоржынына салады.
Ал дайын болсақ, бірінші болып ойынды бастайтын топты анықтап алайық. Ол үшін тақтада берілген шамаларды өсу ретімен кім жылдам қойып шығады, сол топқа таңдау еркі беріледі.
Бірінші болып бастайтын топты анықтап алдық енді ойынымызды бастайық.
Диффузия дегеніміз не?
Абсолют термодинамикалық шкаладағы температура бірлігін ата? (Келвин)
Жылу берілудің түрлері?
1 каллорияда неше джоуль бар? (4,2)
ауаның салыстырмалық ылғалдылығын өлшейтін прибор?
қатты денеге түсірілген қысым қалай бағытталады?
«гелио» центрлік жүйе дегеніміз?
Н.Коперниктің гелиоцентрлік жүйесінің қателігі?
Деформация дегеніміз не?
Қысымның өлшем бірлігі?
Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар қандай шамалар? ( векторлық)
Гравитациялық тұрақтының мәні нешеге тең? (6,67*10-11)
Бірінші ғарыштық жылдамдықтың мәні? (7,9 км/с)
Ғарышқа алғашқы қадам жасау осы атақты ғалымнан басталды? (Циолковский)
Орбитаның Күнге ең жақын нүктесі? (Перигелий)
Бірінші топқа сұрағымыз аяқталды, екінші топ дайын болса бастайық.
Жылулық қозғалыс дегеніміз не?
Абсолют нөл температурасының мәні нешеге тең? (-273,15)
Электроленуді байқауға арналған құрал? (электроскоп)
Аттас зарядттар тебіледі, ал әр аттас зарядтар ше?
Іштен жанатын қозғалтқыш неше тактіде жұмыс істейді?
Заттың агрегаттық күйлерін ата?
«Гео» центрлік жүйе?
Жол мен орын ауыстырудың айырмашылығы?
Инерцияны ашқан италиянның атақты ғалымы? (Г.Галилей)
Күшті өлшейтін прибор?(динамометр)
Орбитаның Күнге ең алыс нүктесі? (афелий)
Планеталар шын мәнінде Күнді шеңберде өзгеше, элипсс бойымен айналатынын анықтаған неміс астрономы? (И. Кеплер)
Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдылығын сипаттайтын шама? (үдеу)
Тек сан мәнімен ғана сипатталатын шамалар? (скалярлық шамалар)
Қазақстандағы ғарыш айлағы? (Байқоңыр)
2 кезең – «Тапқырлық» - деп аталады. Мұнда топқа физикалық заңдылықты қолдана отырып, тапсырманы орындайды.
Бұл турда оқушыларға шырпы, бiр картоп, банкi және түбiнде тиыны бар су құйылған тәрелке берiледi. Олар осы қосымша затты қолдану арқылы тәрелке түбiндегi тиынды қолдарын суламай алулары керек. Ойыншыларымызға ойлануғала 1 минут уақыт берiледi. Ұпайды әдiл-қазы мүшелерi бередi.
3 кезең – «Жұмбақтас» - деп аталады. Бұл кезеңде алдарыңда тұрған плакаттағы әріптерді қосу арқылы физикалық терминдер шығаруларың тиіс. Көп термин тапқан топқа 10 ұпай.
4 кезең – «Өнерлілер» сайысы. Әр топ өзінің өнерін көрсетеді.
5 кезең – «Пирамида» - деп аталады. Пирамиданың шыңына бірінші жеткен жұп бұл кезеңде жеңімпаз болады. ол үшін әр сынып бойынша берілген есептерді шығарамыз. Егерде тақтада шығара алмасақ тобымызбен бірге шығаруға болады. Өзі шығарған ойыншыға 5 ұпай, егер көмекмен шығарса 4 ұпай. Толықтай өздері шығарса бұл турды 20 ұпай иеленеді.
Бірінші топ есептері.
7 – сынып. Текшенің көлемі 150 м3, ал істелген заттың тығыздығы 2700 кг/м3 болса, текшенің массасы қандай болады?
8 – сынып. Кедергілері 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?
8 – сынып. Ток көзі ЭҚК-і 6 В, өткізгіш кедергісі 1 Ом, ішкі кедергісі 2 Ом болатын электр тізбегіндегі ток неге тең болатынын табыңдар.
9 – сынып. Ұзындығы 2,5 м болатын математикалық маятниктің тербеліс периодын есептеп табыңдар.
Екінші топ есептері.
7 – сынып. Массасы 6000 кг сырғанақ тіреуінің ауданыт 2 м2. сырғанақ тіреуге түсіретін қысымды есептеңдер.
8 – сынып. Кернеуі 220 В ток көзіне электр шамы қосылған. Шамнан өтетін ток күші 0,3 А-ге тең, оның 20 с ішіндегі жұмысын анықтаңдар.
8 – сынып. Кедергілері 3 Ом және 6 Ом болатын екі резисторды тізбектей және параллель жалғағанда тізбектің жалпы кедергісін анықтаңдар.
9 – сынып. Массасы 5 кг денеге әсер ететін қорытқы күш 10 Н. Дененің үдеуі нешеге тең?
6 кезең – «Капитандар сайысы» «Энергоүнемеуші шамдардың тиімділігі мен тиімсіздігі туралы»