kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Физика пәнін оқытуда жаңа технологиялардың тиімділігі» аудандық физика пәні мұғалімдерінің семинарының ашылуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физика пәнінен аудандық семинардың ашылу сенарийін ұсынып отырмын. Аудандық семинар жоғары дәрежеде болып өтті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Физика пәнін оқытуда жаңа технологиялардың тиімділігі» аудандық физика пәні мұғалімдерінің семинарының ашылуы»

«Физика пәнін оқытуда жаңа технологияның тиімділігі» атты аудандық

семинардың ашылуы.

2016-2017 оқу жылы

Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға тәрбиелеу. Шығармашылық қабілеттерін шыңдау, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, еңбекке баулу.

Олай болса, біздің мектебімізде, жеті санының киелілігіне сеніп, мектебіміздің физика пәнінен аудандық семинарының ашылу салтанатына жеті жұлдыздан тұратын жетіқарақшының келуін жақсылыққа балап отырмыз. Жетіқарақшы жұлдызы не дер екен? Құлақ салып көрейікші.


Жұлдыздар ортаға шығады. Ортада бір жұлдыз, қалғаны айнала тұрады.


1-жұлдыз: Армысыздар, халайық! Жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші жұлдыздардың қонаққа келгеніне таң қалып тұрған боларсыздар?


2-жұлдыз: Әрине, біз бүгін жас ұрпаққа кемел білім беретін Ы.Алтынсарин мектебіде аудандық семинардың ашылу қуанышын бөлісуге, тілек білдіруге келдік.


3-жұлдыз: Иә, иә біз осы мектепте білім алатын жеткіншектердің аудан көлеміндегі ұстаздардан білім алатынын болжағанбыз.


4-жұлдыз: Әрбір бала – бір жұлдыз. Сол жұлдыздың жарық та, әдемі болып жарқырауы ұстаз еңбегінің нәтижесі.


5-жұлдыз: Ендеше, бүгінгі семинарда тәжірибе бөлісуге келген ұстаздардың сабақтарына сәттілік болсын!

6-жұлдыз: Оқушылардың зейіні ашылып, көп жаңалықпен таныссын!

7 -жұлдыз: Бүгінгі семинардан алар жаңалықтарыңыз көп болып, жұлдыздарыңыз жарқырай берсін!


Мират

Бұл Шорға туып-өскен ауылым

Ғасырлардың көрген талай дауылын

Тарихы бар шежірелі бай өлке

Алып жатыр Тарбағатай бауырын


Сезім сырын, көңіл күйін шертемін

Бүгінгідей нұрлы болсын ертеңің

Уа, ағайын, мақтанамыз сол үшін

Ұланымыз біз осындай өлкенің

Ләззат

Қайырлы күн құрметті 80 жылдан астам тарихы бар киелі мекен Тарбағатай ауданының білімді де білікті, қайсар да қабілетті ұрпақтарын дайындап, тәрбиелеп жатқан ұстаздар қауымы, аудандық білім беру бөлімінің қызметкерлері!

Қасиетті де киелі Шорға ауылының Ы.Алтынсарин атындағы білім ордасына қош келдіңіздер!

Мират

Армысың, асыл халқым, дана халқым

Жанбыз ғой берік ұстар қазақ салтын

Сол салттың бір тармағы сәлемдесу

Аман ба, үлкен кіші барша жалпың



Лаззат

Бар өнерді енді ортаға салайық

Бұл семинардан үлкен сабақ алайық

Ы.Алтынсарин мектебінің қабыл алғай сәлемін

Физиктер семинары құтты болсын халайық


Мират

Қош келдіңіз білімді сүйер жас кәрі

Егеменді елдің ашық болсын аспаны

ХХІ ғасыр жаһандану заманында

Көбейе берсін ұлағатты елдің ұрпағы

Лаззат

Сөз кезегін аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі: Құрманғалиева Нұргүл Ақанқызына сөз беріледі.

Айдана

1.Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,
Жансызға жан бітіріп қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бір өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басып озған,
Жалынды патриот, батыр, ғалым,
Ғасырлар түпкірінен басып озған.
Қанат
2. Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой, 
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,
Салғаннан айтылған сөз ішілген ас, 
Бәрінің бағынары физика ғой.
Аңсаған
4. Физика!
Ғылымдардың нақтысы,
Жалқаулықты сүймейтін,
Оңайлықпен бас имейтін,
Көп оқымасаң миыңа кірмейтін,
Жалпылауды білмейтін
Пәннің қиын да жақсысы!

Ұлжан
5. Физика!
Оның қиындығы сонда,
Ұстауға келмейтін қолға,
Көрінбейтін көзге торға,
Бөлшектерді іліп,
Санайтынын қайтерсің,
Ол, ол ма?
Исі жоқ, ізі жоқ,
Дәмі жоқ, түсі жоқ,
Өріспен
Қуалап салар жолға!
Елдар

6. Физика!
Өте ұсақ пен алыпты,
Мұнай мен жарықты,
Пайдаланып,
Не бір техникаға жарытты.
Тұрмысты жеңілдетіп,
Қиындықтан арылтты.
Жасай бер жаса физика!
Оқумен сені қызыға,
Көп сырға жаным қанықты.


Аяужан
7. Физика!
Физика ғылым болғалы,
Пайдасын елге тигізді:
Машина, темір арбаны,
Алысқа жылдам жүргізді.


Жарық қып жерді қараңғы,
От жақпай суды қайнатты.
Шөліркеген далаңды,
Су жеткізіп жайнатты.
Еркеназ
8. Мың шақырым қашықта,
Сөйлеген жанды үйінде,
Сыйғызып көк қапшыққа,
Көрсетті сол бір күйінде

Физика заңымен Архимед,
Көрсе де біршама тауқымет,
Патшаның тәжінің қаншасы,
Таза алтын екенін айтып ед!
Қанат
9. Жатқанда алма ағаш қасында,
Түскен кеп бір алма басына,
Ньютонды әйгі еткен әлемге,
Тартылыс күші сөйтіп ашылған.
Шұғыла
10. Физика ғылымдар ғылымы
Заңдары нақты әрі ғұмырлы,
Жас досым мұны біз ұғайық.
Физика құрметтеуге лайық.


Шытырман физика есебін,
Көп оқып, көп білген шешеді.
Физика үйіңде, тұрмыста,
Неліктен жауады қар қыста?


Дарын
11. Қалайша бұлт пайда болады?
Найзағай тіледі ауаны,
Жарықта қанша түс болады?
Қане кім жауабын табады?

Күн нұры қайтіп ток болады
Ток қалай мұз жасай алады
Тауықсыз балапан баса алған
Бұл ғажап физиктер жасаған!




Алина

12. Табиғат сырын аштырған
Тоқпен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайнмен бастырған
Физика емей немене?

Жол салып көкті тілгілеп,
Шарлады айды, марсты.
Физиканы оқы білгің кеп,
Тұрса егер ғажап алысты.
Әли
13. Физика – ғажайып әлемі
Көп онда қызықтар әдемі,
Физика қоршаған жан - жағың,
Бәрінен құр босқа қалмағын!

Ұққанға табиғаттың сыры терең,
Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем.

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Солтангалиева Асем Алибековна

Дата: 21.12.2016

Номер свидетельства: 372184


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства