Мінеки, мұнда тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. Командалар сайысын, Көпшілікті тостырмай, Міне, қазір бастаймыз. Жүргізуші:
Физика еді өмірдің
Асыл бір үлкен саласы. Жаңарды сол физикамен Елімнің өзен, даласы. Ендеше, құрметті оқушылар, «Физика майталмандары»атты физикалық сайысымызды бастаймыз.Жүргізуші:
Ойдың білім атасы
Көрегенді данасы Көп алғысы бар батасы
Әділқазы алқасы - деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:
1
2
3
Жүргізуші:
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар.
___________ және _____________топтарын,
Қол соғып қарсы алыңдар - дей келе сайысымыздың қатысушыларын ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Сұраққа жауап беріп айтысайық
Сауалды іліп алып тартысайық Бәрін айтпа бірін айт алдыменен Жобасымен сайыстың танысайық
І. «Таныстырсам өзімді» (таныстыру) ІІ. «Физикалық лабиринт» (Венгр сөзжұмбағы) ІІІ. «Эрудит балықшылар» (сұрақ-жауап) ІV. «Құпия конверт» (формулалар құрастыру) V . «Физика тәжі» (тәжірибе) VI. «Домино» (сөздерді жалғастыру)
VIІ. «Жұмбақтар әлемінде» (жұмбақтар шешу)
VIІІ. Қорытынды (Марапаттау)ІІ. Негізгі бөлім:
Жүргізуші: «Таныстыру»
Сайысымыздың бірінші бағыты бойынша «Таныстырсам өзімді» кезеңіне кезек береміз. Ойын шарты бойыншаәр топ өз-өзін таныстырып өтсін. Топ басшылары ортаға шығып, өз тобын таныстырады.
Жүргізуші:
Ағатын мөлдір бұлақтар Білімнен кім бар жырақтар Тақтаға қарап үңілсең Сырлы сауал жұмбақ бар – дей келе сайысымыздың екінші бағыты бойынша «Физикалық лабиринт» (Венгр сөзжұмбағы) кезеңіне кезек берейік. Әрбір топтың алдына Венгр сөзжұмбағы жазылған парақша үлестіріледі. Сол парақшадағы сөзжұмбақты оқушылар топ болып шешулері қажет. Берілетін уақыт - 5 минут. Тапқан бір дұрыс жауап үшін 1 ұпай иемденеді.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі «Эрудит балықшылар» (сұрақ-жауап) деп аталады. Бұл сайыста әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, көлдегі балықтарды аулайды. Қармаққа қай балық ілінсе, сол балықтың сұрағына жауап беріп, ұпайды иемденеді. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай. Балықшыларымызға сәттілік тілейміз!
1. Кім барлық тілде сөйлейді? (Жаңғырық.)
2.Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
3. Теңізде қандай тастар табылмайды? (Құрғақ)
4. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)
5. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (Көлеңке)
6.Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)
7.Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)
8.Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)
9.Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)
10.Ыстық суда қандай стакан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма? Жұқасы ма? (қалыңы, ішкі қабаты бірден жылымайды)
11. Видео сұрақ: Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)
12. Видео сұрақ: Түнгі сағат 11-де жаңбыр жауса, 48 сағаттан соң күн шығады деуге бола ма? (Жоқ, себебі 48 сағаттан соң қайтадан түн болады)
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі «Құпия конверт» (формулалар құрастыру). Бұл сайыста әрбір топқа физикалық шамалар жазылған конверттер үлестіріледі. Ойын шарты бойынша оқушылар конвертте берілген шамалардан формулалар құрастырулары қажет. Әрбір дұрыс формулаға 3 ұпай беріледі. Берілетін уақыт - 7 минут
1-топтың конверті:
1.Сұйық табанының ыдыстың табанына түсіретін қысымы P=ρgh
2.Заттың тығыздығы: ρ=m/V
3.Үйкеліс күші: F=µN
4.Қысым: p=F/S
5.Жылдамдық: υ=S/t
6.Ауырлық күші: FA=mg
2-топтың конверті:
Гук заңы: F=kx
Жылдамдық: υ=S/t
Ауырлық күші: FA=mg
Заттың тығыздығы: ρ=m/V
Орын ауыстыру: S=υt
Сұйық табанының ыдыстың табанына түсіретін қысымы: P=ρgh
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі кезеңі «Физика тәжі» (тәжірибелер) деп аталады. Бұл кезеңде топ басшысы қара жәшіктегі тәжді алып, ішіндегі жасырынған тәжірибені ала отырып керек құралдарын өздері тауып, сол тәжірибені жасай отырып түсіндіру қажет.
1.Стакан, су, бір парақ қағаз. (Стаканға жартылай су құйып, бетін бір парақ қағазбен жабыңдар. Қағазды қолмен жабып тұрып, стаканды төңкеріндер. Егер қолды қағаздан тартып алсақ стакандағы су төгілмейді. Қағаз стаканның жиегіне жабысып қалғандай болады. Неліктен?)
2. Тарелка, тиын, су, қағаз, стакан. (Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады.)
Жүргізуші: Келесі кезең «Домино»ға кезек берейік. Бұл кезеңде 1 мин уақыт беріледі. Мен бір сөз бастаймын, бірінші оқушы сол сөздің соңғы әріпінен басталатын физикаға қатысты бір сөз айтуы тиіс. Екінші оқушы бірінші оқушы айтқан сөздің соңғы әріпінен басталатын сөзді айту керек. Осы кезекпен, осы шартпен топ оқушылары бірінен соң бірі сөздерді атайды.. Бұл жерде оқушылардың шапшаңдығы, тапқырлығы сыңға түседі. Әрбір сөзге 1 ұпайдан беріледі. Ойын шарты түсінікті болса, сайысымызды бастайық. Топтарға сәттілік тілейміз!
I-топқа берілетін сөз: Физика
ІІ-топқа берілетін сөз: Молекула
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Жүргізуші:
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Әділқазы сіздерге сөз береміз
Жеңімпаздар кім болып сарапталды?- дей келе әділ-қазыларға сөз берейік. Озып шыққан топ марапатталады.
Жүргізуші:
Бүгін де физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте.
Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,
Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!
Сондықтан табиғаттың сырын терең,
Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем,
Демесең болсын егер еңбегім еш,
Әуелі физиканы оқы дер ем. – деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.