Ма?саты: О?ушыларды? белсенділігін ж?не логикалы? ойлау ?абілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапша?дылы?ына,тап?ырлы??а, т?зімділікке ж?не ?зара сыйласты??а, с?йлеу м?дениетілігіне т?рбиелеу. Татулы? ?арым – ?атынасын ны?айта отырып, о?ушыларды? адамгершілік ?асиеттерін ?алыптастыру ж?не п?нге деген ?ызы?ушылы?ын ту?ызу.
Просмотр содержимого документа
«Физика сыр шертеді »
Күні: 11.04.2015ж
Сағаты: 11 25
Тақырыбы:« Физика сыр шертеді »
Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына,тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым – қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.
Армасыздар, құрметті қауым! Бүгінгі біздің «Физика сыр шертеді» кешімізге хош келдіңіздер»! Кешімізді ашық деп жариялаймыз! Сіздер бүгін физиканың қызық та, қиын сұрақтарына жауап беріп, күнделікті көріп жүрген үйреншікті құбылыстың өзінде қаншама физика заңдылықтары жатқандығының куәсі боласыздар.
Жүргізуші: Табиғатта физикалық құбылыс сансыз көп, сол жайлы оқып білгендеріңді ортаға салып білмейтін біраз құбылыстарды бүгінгі біздің кешімізден яғни физиканың ғажайып әлемінен табасыздар.
Жүргізуші: Физика терең ойлап, көп толғанды, тәжірибе жасап, көз жеткізгенді жақсы көретін пән, асығыстықты, жалқаулықты сүймейді.
Жүргізуші: Бүгінгі ойынымызға әділ төрелік ететін Әділ қазы алқасын сайлап алайық.
Жүргізуші:
Ойдың білім атасы
Көрегенді данасы
Көп алғысы бар батасы
Әділқазы алқасы деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Жүргізуші:
Сұраққа жауап беріп айтысайық
Сауалды іліп алып тартысайық
Бәрін айтпа бірін айт алдыменен
Жүргізуші:
Әр топ өзін-өзі таныстыру (ұран, эмблема)
«Сырлы сауалдар» (талас сұрақтар)
«Суреттер сыры»
«Ғажайып қоржын»
Мына құралдарды ата және ол нені өлшейді?
«Ғалымдар» немесе «құралдар»
«Иә» немесе «жоқ»
«Логика»
Капитандар жарысы «Жеңімпаз»
I тур. Әр топ өзін-өзі таныстыру (ұран, эмблема).
Жүргізуші:
Үлгілі тәртіп,жақсы оқу
Алға қойған мақсаты
Әрқашанда мектепте
Шығып жүрген жақсы аты
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар.
Жүргізуші: Архимед, Ньютон топтарын,
Қол соғып қарсы алыңдар - дей келе, сайысымыздың бірінші бағыты бойынша әр топ өз-өзін таныстырып өтсін. Топ басшылары ортаға шығып, өз тобын таныстырады.
Тобы: «Архимед»
Ұраны: «Нақтылы жауап, сапалы білім бере біл,
Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл».
Тобы: «Ньютон»
Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске».
Жүргізуші:
Ағатын мөлдір бұлақтар
Білімнен кім бар жырақтар
Тақтаға қарап үңілсең
Сырлы сауал сұрақ бар-дей келе сайысымыздың екінші бағыты бойынша сырлы сауалдарға кезек берейік.
II тур. «Сырлы сауалдар» (талас сұрақтар)
Архимед тобына:
Қыстыгүні қай үй жылы болады: ағаштан соғылғаны ма, әлде кірпіштен соғылғаныма?
Ж: Қыстыгүні ағаштан жасалған үй жылы болады, өйткені ағаштың жылуөткізгіштігі кірпіштікінен аз.
Желдеткіштен шыққан ауаның қатты ағыны суық болады. Осы ағында балмұздақты ерітпей сақтауға бола ма?
Ж: Болмайды. Өзін қоршап тұрған ауаның энергиясын бойына сіңіретіндіктен балмұздақ ериді.
Жаздыгүні қандай түсті көйлек кисең ыстықтамайсың?
Ж: ақ түсті көйлек кисең ыстықтамайсың, ақ түс қара түске қарағанда жылуды өзіне нашар жұтады.
Термосты тоңазытқыш ретінде уақытша пайдалануға бола ма?
Ж: Болады. Суық су ұзақ уақыт суық күйінде сақталады, өйткені ондағы ауасыз бос кеңістік, жылтыр қабат энергияны шағылтып, сәуле шығару арқылы берілуіне кедергі жасайды.
Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тонады: кең аяқ киімнен бе, әлде тар аяқ киімнен бе?
Ж: тар аяқ киім кигеннен аяқ тез тоңады. Кең аяқ киімдегі ауа жылудың сыртқа өтуіне кедергі жасайды, өйткені ауа жылуды нашар өткізеді.
Оңтүстік ендіктерде тұратын халықтардың аптап ыстықтарда сенсең бөрік пен мақтадан сырып тігілген шапан киетіндері неліктен?
Ж: ыстық өтпес үшін, мақтадан тоқылған тоқыма киімдердің талшықтарының арасында ауа қабаты болады, ауа жылуды нашар өткізеді.
Ньютон тобына:
Айдың бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма?
Ж: жоқ, өйткені айда атмосфера жоқ.
Сарқыраманың қай жерінде судың температурасы жоғары?
Ж: сарқыраманың табанында
Алпинистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенмен бірақ тамағы піспеді. Не үшін?
Ж: атмосфералық қысым төмен болғандықтан .
Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма?
Ж: болмайды, өйткені атмосфера өте сирек.
Сынапты термометрмен бір тамшы ыстық судың температурасын өлшеуге бола ма?
Ж: болмайды, бұл жағдайда тамшының температурасы лезде өзгереді
Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?
Ж: температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады.
III тур. «Суреттер сыры»
Жүргізуші: Келесі сайысымыз суреттер сырын ашайық. 2 сурет берілген. Біріншісі алтын жұмыртқа туралы, бұл суреттегі жұмыртқаны кім сындырды, қалай, физикамен қалай байланыстырамыз?
Архимед тобысурет сырын ашып тарқатып берсін. Алдымен шартын тыңдап алыңыздар:
Ата мен әже өздерімен - өзі өмір сүріп жатты. Олардың тауығы болды. Осы тауығы алтын жұмыртқа әкелді. Атасы ұрып көрді жарылмады, әжесі ұрды жарылмады. Бір кезде бір бұрыштан тышқан шыға келіп құйрығымен жұмыртқаны қағып кетті ме екен, әйтеуір әлгі жұмыртқа жарылып қалды. Атасы мен әжесі жұмыртқаны жарылып қалғанын көріп жылап жібереді, сонда тауығы: « Ата, әже сіздер жыламаңыздар мен сіздерге енді алтын емес кәдімгі жұмыртқа тауып беремін» , - дейді. Сонда жұмыртқаны кім сындырған?
Жауабы: Жұмыртқаны кім көрді немесе қозғады сол сындырды: атасы ма, әжесі ма немесе тауық па? Тынышта тұрған кезде жұмыртқада ( қарт кісілермен салыстырғанда олар еденнен биікте орналасқан орындықта отыр ғой) потенциалдық энергия болады, оны көтере бастаған кезде потенциалдық энергия кинетикалық энергияға айналады. Бұл жағдайда тышқан құйрығымен іліп жұмыртқаны қозғалысқа түсіреді. Сонтығысу кезінде (тышқанның кинетикалық энергиясы) кинетикалық энергия әсерінен жұмыртқаның пішіні деформацияланып ( сынып ), яғни жарылады.
Жүргізуші: Ал екінші сурет балды жақсы көретін аю туралы. Бұл сұраққа Ньютонтобыжауап берсін.Алдымен шартын тыңдап алыңыздар:
Аю балды өте жақсы көреді. Аралар орналасқан ағашқа жоғарғы жағынан жіпке ағаш цилиндр байлап қояды. Аю ағашқа өрмелеп жіпке байланған кесек ағашты итеріп, ара ұясына жетпек болады. Ал кесек ағаш маятник немесе әткеншек сияқты қозғалып, қайта аюға соғады, осылайша қозғалыс бірнеше рет қайталанады, аюды соғып тастайды. Бір кезде аю құлап қалады. Аюды құлатқан кім?
Жауабы: Аюды құлатқан өзі. Бұл жұмыс аюдың өзінің энергиясы есебінен жасалды. Аюды қатты итеріп жіберген ағашы біршама биіктікке көтеріледі. Осы кезде потенциалдық энергия ( аюдың потенциалдық энергиясы ) ағаштың кинетикалық энергиясына айналып, қайта аюға соғады, осылайша жалғаса береді. Ызаланған аю ағашты одан сайын бар кұшімен итереді, кесек ағаш болса өзіне қайта соға береді, Сөйтіп аю күшінен айырылып, шаршап, оның үстіне кесек ағаш соғып әбден шаршап, құлап қалады. Сөйтіп ол өзін өзі құлатады.
IV тур. «Ғажайып қоржын»
2-жүргізуші:
Түйемен ақсақал келеді
Сендерге ұрпағым деп сенеді
Ғажайып қоржын тартуын
Екі топқа үлестіріп береді – сайысымыздың үшінші бағыты ғажайып қоржын.(екі топқа нөмірленген асықтар үлестіріліп беріледі.)
Архимед тобы:
Екі адам тоғыз құмалақты 2сағатта ойнаса, әрқайсысы неше сағатта ойнайды? (2сағат)
Түнгі сағат онда жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап шығуы мүмкін бе? (Мүмкін емес, жоқ түнде күн шықпайды)
Жанұяда 5 ұл әр ұлдың бір-бір қарындасы бар, жанұяда барлығы неше бала бар? (6 бала)
Столдың 4 бұрышы бар, бір ұшын кесіп тастаса неше бұрышы қалады? (5 бұрышы)
Қос ат 40км жол жүрсе, бір ат қанша км жол жүреді? (40км)
Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр, әрбір мысықтың алдында 3 мысық. Үйде жиыны қанша мысық бар? (4 мысық)
Ньютон тобы:
8- наурызда екі шешеймен екі қызына, әжеймен немересіне 3 орамал сиға таратылды, бұл қалай? (Әжесі, шешесі, қызы)
Дорбадан 10 асықты 10 бала бір бірден алды, сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (асықты бір бала дорбасымен алды)
4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір)
Ағаштың басында 10 торғай отыр, мылтықпен біреуін атып түсірсе ағашта қанша торғай қалды? (Қалғандары ұшып кетеді)
Қалай 7 ті этаждан секіріп жараланбауға болады? (1-этаждан секірсе)
V тур. Мына құралдарды ата және ол нені өлшейді?
Жүргізуші:
Физика – табиғаттың тілі екен ғой,
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой,
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап
Алдыңнан қалмайды екен тірі де ол.
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Космос кораблі, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жер
Бәрінің бағынары физика ғой
Сондықтан табиғаттың сырын терең
Деушіге оқып, зерттеп,білем, көрем,
Демесең болсын егер еңбегің еш
Әуелі физиканы оқы дер ем! Дей келе- сайысымыздың келесі бағыты. «Мына құралдарды ата және ол нені өлшейді?» атты сайысымызды бастаймыз.
VI тур. «Ғалымдар» немесе «құралдар»
''Архимед'' тобы
Мына тақтада ғалым-физиктердің портреттері тұр. Төменгі жағында осы ғалымдардың аты-жөні жазылған және олар рет саны бойынша нөмірленген.
1.Попов А. С. 2.И.Ньютон 3.Г. Галилей
4.М.В.Ломоносов 5.Н.Е.Жуковский
Енді ойынға қатысушыларға қойылатын сұрақтар:
1.Орыстың бірінші академигі, ғалым-энциклопедист. Ақын, суретші, тарихшы,астроном.Осы ғалым арқасында Россияда физика ғылымымен шындап айналыса бастады.
(жауабы 4)
2.Денелердің құлап түсу заңдарын және маятниктің тербеліс заңдарын ашқан.Ол инерция құбылысы бар екенін алғаш көрсеткен ғалым. (жауабы 3)
3.Радио байланысты алғаш рет ойлап тапқан орыс ғалымы. (жауабы 1)
4.Авиацияны дамыту үшін көп еңбек сіңірген орыс ғалымы.
(жауабы 5)
5.Ағылшын физигі және математигі. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (жауабы 2).
''Ньютон'' тобы
Мына үстел үстінде және тақтада физикалық құралдаркөрсетілген.Төменгі жағында құралдың аттары мен нөмірлері жазылған.
2.Сұйықтық көлемін өлшеуге қолданылатын өлшеуіш цилиндр
(жауабы 1)
3.Температураның жоғары-төмен екендігін анықтайтын құрал.
(жауабы 2)
4.Өте кішкене денелердің массасын өлшейтін құрал.
(жауабы 5)
5.Атмосфералық қысымнан артық немесе кем қысымдарды өлшеуге арналған құрал.
(жауабы 4)
VII тур. « Ия» немесе «Жоқ»
Жүргізуші: Келесі сайысымыз « Ия» немесе «Жоқ» деп аталады.
Архимед тобына:
Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (Жоқ)
Заттар үш күйде болады ма? (Иә)
Желді күні асфальт беті тез кебедіме? (Ия)
Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (Жоқ)
Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (Жоқ)
Жылдамдық бірлігі метр/секунд па? (Ия)
Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (Жоқ)
Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия ма? (Ия)
Уақытты сағатпен өлшейді ме?( Ия)
Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (Ия)
Ньютон тобына:
Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (Ия)
Судың тығыздығы 1000 кг/ м3 – қа тең бе? (Ия)
Қуаттың өлшем бірлігі Вольт па? (Жоқ)
Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (Ия)
Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет пе? (Ия)
Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (Жоқ)
Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме?( Ия)
Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (Ия)
қысымның формуласы ма? (Ия)
ұмыстың өлшем бірлігі Ватт па? (Жоқ)
VIII тур. «Логика»
Аузы жабық ыдыста шыбындар қозғалмайды. Ыдысты өлшеп массасын анықтаймыз. Ыдысты шайқап шыбындарды қозғалысқа келтіреміз. Тағыда массасын өлшейміз. Масса өзгереме? (өзгермейді)
Стол үстіне азғана тұз сеуіп, оған қосымша ұнтақталған бұрыш қосамыз. Тұзға да бұрышқа да қол тигізбестен бір бірінен қалай бөліп аламыз? (Тарақты шашқа тарап, зарядтап тұзбен бұрышқа тигіземіз. Бұрыш тараққа жабысып қалады)
IX тур. Капитандар жарысы «Жеңімпаз»
Үстелдің екі жағына финалға капитандар отырады.
Сосын физикалық сөз алынады. Мысалы, ''Температура'’. 1мин. ішінде кім осы сөзден көп сөз құраса, сол жеңіске жетеді. Мысалы.Темп,тур,метр,парта,пар,перат,ура,терме,тура,тума...
Жүргізуші:
Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап, артыңнан қалмайды екен тірі де ол
Саған ән, айтылған сөз ішілген ас,
Ғарыштың кемелері атылған тас,
Аққан су, соққан дауыл айтылған жыр,
Бәрінің бағынары физика ғой! –дей отырып, ендігі сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Жүргізуші:Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін ат салысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін көп рахмет!