Көкірегінде болсын көз деп,- Абай айтқандай келесі сайысымызды бастаймыз
3.«.Тапқырлық»кезеңі
Мына сөздерді физикалық шамаларға ауыстыр.
Керуен 1.Кернеу
Мысық 2.Қысым
Самса 3.Масса
Тауық 4.Уақыт
Заңдылыққа физикалық сеніңдер
Салыстырып барлығында көріңдер
Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар,
Ойларынды ептілікке ораңдар.
4. «Қателеспе».
1-тапсырма.Бұл кезеңде шаршының астына сурет жасырылған.Сол суретті табу керек .
2- тапсырма.
1.Көлемдері бірдей екі шелекке су толтырылған. Бір шелектегі суға ағаштың бөлігі салынған.Қай шелектің салмағы көп?
Жауабы: Екі шелектегі судың салмағы бірдей.Себебі Архимед күшіне байланысты ағаш өзінің көлеміндей суды ығыстырып шығарады.
2.Ауыр кеме суда жүзіп жүре алады.Суға батырылған шеге батып кетеді.Мұның себебі неде?
Жауабы: Тұтас қатты дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық. Сондықтан шеге суға батып кетеді.Яғни шегенің тығыздығы судан артық.
3.“Тон жылытады” деген сөз дұрыс па?
Жауабы:Дұрыс емес, өйткені адам денесін тон жылытпайды, бірақ тон астарының арасында ауа жылуөткізгіштігі нашар болғандықтан, денедегі жылуды ұстап тұрады.
4.Спиртпен сылағанда дененің салқындайтыны неліктен?
Жауабы:Дене қызуы әсерінен спирт буланғанда өзімен бірге энергияның бір бөлігін ала кетеді
Бұл адамдар ардақтаған халықтар,
Ғылымда даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан, зерек болсаң, балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
5.Ғалым физиктерді білесіңдер ме?
1.Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған кім? Әл-Фараби
2. Жер төңкергіш ғалым кім? Архимед
3.Алғаш рет «электр тогы»түсінігін енгізген ғалым кім? (Андре Ампер)
4.Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан кім? (Исаак Ньютон)
5.Физика ұғымын алғаш орыс тіліне енгізген ғалым (М.С. Ломоносов)
6.Инерция заңын ашқан ғалым (Галилео Галилей)
Физика- табиғаттың тілі екен ғой,
Көз таратар табиғаттың сыры екен ғой,
Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,
Бәрінің бағынары физика екен ғой.
6.Мағынаны ашу
1- тапсырма: Кімнің әні немесе осы әнді орындайтын әнші
2-тапсырма: Осы әннің бір шумағын орындау
3 - тапсырма:Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу
І топ.
Желсіз түнде жарық ай.
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен гүрілдеп,
(Жауабы: Жарықтың шағылуы, жарықтың сынуы, су мен жердің үйкелісі,дыбыстың шағылуы)