kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«ФИЗИКА ?ЛЕМІНЕ САЯХАТ» атты саба?тан тыс іс-шара

Нажмите, чтобы узнать подробности

Физика ?леміне саяхат

 

Жоспары:1-б?лім.Сайыс

1. Таныстыру, эмблема?ор?ау.

2. «Блиц-турнир»

3. «?анша тілді білесі?? »

4. Есеп эстафетасы

5. К?рермендерк?рімдігі

6. «Раундровер»

2-б?лім.. «Т?жірибе, та?ыдат?жірибе»

           

1-ж?ргізуші:

-Уа,жара?дар,жара?дар!

Б?рі? бері ?ара?дар,

Б?рі?е жар салайы?.

Б?гінгі кеш т?рінде

Физика – астрономия елінде

Физика-астрономия тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Ж?мба? шешіп а?дысып,

Шабыттасып шал?ысып,   

Есеппен ?н салысып,

К??ілді кеш жасайы?.

Асып ?сте саспайы?,

Батыл ?адам жасайы?,

Кеш ?ызы?ын,ейдостар,

Осылайша шабытпен

Кане,енді бастайы?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««ФИЗИКА ?ЛЕМІНЕ САЯХАТ» атты саба?тан тыс іс-шара »

КММ №19 жалпы орта білім беретін мектеп












Физика, математика және информатика онкүндігі аясында өткен

«ФИЗИКА ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ»

атты сабақтан тыс іс-шара




Өткізген: физика пәнінің мұғалімі

Терликбаева А.Н.




Физика әлеміне саяхат


Жоспары:1-бөлім.Сайыс

1. Таныстыру, эмблемақорғау.

2. «Блиц-турнир»

3. «Қанша тілді білесің? »

4. Есеп эстафетасы

5. Көрермендеркөрімдігі

6. «Раундровер»

2-бөлім.. «Тәжірибе, тағыдатәжірибе»

1-жүргізуші:

-Уа,жараңдар,жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Физика – астрономия елінде

Физика-астрономия тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыттасып шалқысып,

Есеппен ән салысып,

Көңілді кеш жасайық.

Асып әсте саспайық,

Батыл қадам жасайық,

Кеш қызығын,ейдостар,

Осылайша шабытпен

Кане,енді бастайық.

2-жүргізуші:

Шақырамыз,келіңдер жарысуға,

Күш ,өнер,біліммен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға,

Кәнеки, кім шығады сайысуға.

1-жүргізуші:

Ендеше, құрметті көрермендер, «Физика әлемінесаяхат» атты физикалық кешімізді тамашалайық. Кеш екі бөлімнен тұрады.

1. Сайыс түрінде 2. «Тәжірибе, тағы да тәжірибе» құралдармен таныстыру.

 2-жүргізуші:

Бүгінгі ойынның жұлдыздары:1.7 «А» сыныбынан құралған «Атом» тобы

2.7 «Е» сыныбынан құралған «Молекула» тобы

1-жүргізуші: Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы:

Физика және математика пәндерінің мұғалімдері: Букабаева Әсем Тусупжановна және Жумабаева Саулеш Арғынбековна

2-жүргізуші: Бүгінгі ойынның шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 5 турдан және көрермендер сайысынан тұрады:

I-тур. Таныстыру, эмблема қорғау. Мұндаәр топ басшысы өз топтарын таныстырады, эмблема қорғайды.

I I-тур. «Блиц-турнир»- депаталады. Мұнда әр топқа 15 сұрақ қойылады.(1 дұрысжауапқа 1 жұлдыздан) Дұрыс жауап үшін топқа жұлдыздар таратылады.

I II -тур. «Қанша тілді білесің?»деп аталады.Мұнда оқушыларға жұмбақтар жасырылады.Жұмбақ шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуы керек.

IV-тур. Есеп эстафетасы .Бұл турда екі топқа бірдей деңгейдегі  есептер беріледі.Олар ойланғанша, «Көрермендер көрімдігі» өткізіледі.

V-тур. «Раундровер»- деп аталады. Бұл ойында екі топ маркер көмегімен физикалық ұғымдарды жазады. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.

Кешіміздің 2-ші бөлімі «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»-деп аталады.Мұнда оқушыларды тәжірибелік құрал-жабдықтармен таныстырып, құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы тәжірибе көрсету.

1-жүргізуші: Егер барлығы түсінікті болса, онда ойынымызды бастайық.

I-тур. Таныстыру, эмблема қорғау.

2-жүргізуші: Үлгілі тәртіп, жақсыоқу,

Алға қойған мақсаты .

Шығып жүрген жақсы аты,

«Атом» тобын ортаға,

Шақырайық халайық.

«Атом» тобы өз топтарымен, эмблема, ұрандары мен таныстырып кетеді.

1-жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

«Молекула» тобын халайық,

Қол соғып қарсыалайық.

«Молекула» тобы өз топтарымен, эмблема, ұрандарымен таныстырып кетеді.

2-жүргізуші: «Блиц-турнир»

Бірінші болып, сұрақтарға «Атом» тобы жауап береді.

1.Табиғат туралы ғылым.(физика)

2.Жылу, электр, жарық, механикалық құбылыс табиғи құбылыс бола алама? (жоқ, олар физикалық құбылыстар)

3.Заттың үш күйін ата.(қатты, сұйық,газ)


4.Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы болжамды ұсынған кім? (Франклин)

5.Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені біріншіжағасың: май шамдыма, әлдегаздыма? (сіріңкені)

6.Біржұмыртқа 4 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минута піседі?(4 минутта)

7.Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндег іөлшемі не? (метр)

8.Күн шығатын жақ (шығыс)

9.Кемпірқосақта неше түс бар? (7)

10.Теректегі алма қай кезде гүлдейді? (теректе алма өспейді)

11.Мензурка қандай құрал? (сұйықты өлшейтін құрал)

12.Жай көзге көрінбейді, Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)

13.Болжам дегеніміз не? (ғылыми жорамал,гипотеза)

14.Жазғы күн тоқырауы қай күні болады? (22 маусым)

 

1-жүргізуші: «Молекула» тобына қойылатын сұрақтар:

1. Аспан денелерін зерттейтін ғылым (астрономия)

2. Жылу құбылысына мысал келтір (күннің сәуле шығаруы, болаттың балқуы)

3. Табиғатты зерттеудің қандай үш әдісі бар?(бақылау, эксперимент, теория)

4. Айға аяғы алғаш тиген астронавт кім? (Н.Армстронг, Э.Олдрин)

5. Адамға қай кезде көзілдіріктің қажеті жоқ? (ұйықтағанда)

6. Көк шарфты суға салса, не болады? (су болады)

7. Уақыттың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (секунд)

8. Күн  бататын жақ (батыс)

9. Темірқазық жұлдызын тағы басқаша қалай атайды? (жетіқарақшы)

10.Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ,ішінде не қалады? (ауа)

11. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы (телескоп)

12.Заттың ең ұсақ бөлшегі (атом)

13.Бақылау дегеніміз не? (бірнәрсені бағдарлау)

14.Күн мен түннің  көктемдетеңелуі (22 наурыз)


1-жүргізуші: «Өзге тілдің бәрін біл,

                          Өз тіліңді құрметте.»- дегендей, келесі турымыз

«Қанша тілді білесің? » .Екі топқа бірдей жұмбақтар қойылады. Қай топ бірінші көтерсе, ұпай сол топтікі.

1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін-.(ток ток-energy)

2. Жоқ өзінде бас та, қаста,мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.( сызғыш-линейка-ruler)

3. Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз-лед-ice)

4. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.(ауа-воздух-air)

5. Керегенің басында кетпен жаулық,

Кет десемде кетпейді,неткен жаулық (күн-солнце-sun)

6. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз ешжерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың ,таңдайсың.(жол-дорога-road)

7. Көпболса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұнықайсың? (уақыт-время-clock)

8. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама  шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?(жылдамдық- скорост-speed)

9.Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен.(су-вода-water)

10. Қайық мініп биікте жолығайық,

Көзкөрімде кетеді болып ғайып.(ұшақ-самолет-aircraft)



1-жүргізуші: Есеп эстафетасы

 Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан, цифр термек үшін

Көрсетіп есептеудің жолын қалай

Келдім айтып оларды бермек үшін,дейкеле кезекті есепке береміз.

«Атом» тобы:

1.Жылдамдығы 0,8м/с ағыспен жүзген сал қанша уақыт ішінде 16 км жол жүрді?

2. Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есепте. Керосиннің тығыздығын тап.

«Молекула» тобы

1.  Автобус 9 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта жүріп өтті?Уақытты секундпен өрнекте.

2. Мұзжарғыш кеме тәулігіне 200 г уран пайдаланады. Уранның тығыздығы 18,7 кг/м3 болса, оның көлемі қандай?


2-жүргізуші: Есеп шешіліп болғанша,көрермендерге сұрақ қойылады.«Көрермендер көрімдігі»

1.Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

2. Дайындауға болады,

Бірақ жеуге болмайды. (сабақ)

3. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалайбөліп жейді? (атасы, әкесі, немересі)

4. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда 1 ретатапөтеді.Бұл қай күн?(29 ақпан)

5. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұз күйінде)

6. Қалай 10м сатыдансекіріп, жараланбауға болады? (сатының ең төменгі сатысынан секіру керек?

7. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (уақыт)

1-жүргізуші:

Мықты болсаң- алдағыны басып оз,

Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң-шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң-бөгеттерді бұзыпөт!

Мықты болсаң-заманыңды көктеп өт!

2-жүргізуші: Енді соңғы турымыз «Раундровер» деп аталады. Бұл ойында екі топ маркер көмегімен физикалық ұғымдарды жазады. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.


Кешіміздің 2-ші бөлімі: «Тәжірибе, тағы да тәжірибе».

Стол үстінде тұрған құралдармен оқушыларды таныстырып, олардың қалай жұмыс істейтінін , олармен тәжірибелер жасап көрсету 

1-жүргізуші: Олар жайлы төреші,

                        Көрермендер өздерің.

Ақ-қарасын айырып,

Куә болды көздерің,-деп әділқазылар алқасына сөз беріледі.Жеңімпаздар марапатталады.

2-жүргізуші:Көңіл бөліп бұл кешке,

                       Келгендерге мың рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

Осымен біздің кешіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
«ФИЗИКА ?ЛЕМІНЕ САЯХАТ» атты саба?тан тыс іс-шара

Автор: Терликбаева Алма Нурсултановна

Дата: 03.02.2015

Номер свидетельства: 166716


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства