kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Физика ?лемінде" сыныптан тыс ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? білім де?гейін, логикалы? ойлау ?абілеттерін, п?нге деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру. О?ушыларды? ал?ан білімдерін тексеру. Физика п?нінен ал?ан білімдерін толы?тырып жетілдіру. О?ушыларды е?бекс?йгіштікке, ?зара к?мектесуге, бірлесе ж?мыс жасау?а ?йрету. Ал?ан білімдерін практикада ?олдана білуге да?дыландыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Физика ?лемінде" сыныптан тыс ж?мыс »

Физика әлемінде

(8-11 сыныптар аралығындағы ойын-сайыс)


Мақсаты: оқушылырдың білім деңгейін, ойлау қабілеттерін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Көрнекілігі: апталықтың аты жазылған плакаттар, формулалар, сөз жұмбақтар

Барысы:

«Фюзис» деген – табиғат,

Грек сөзінен алынған.

Ғылымға қажет жаңалық

Осы сөзден табылған.

Қоршаған барлық дүние

Табиғатты құрайды.

Сарқылмас оның сырлары

Өзгеріп тұрар ұдайы.

Жоспар:

  1. «Білгенге маржан, білмеске арзан». (Әр топқа 10 физикалық сұрақ, дұрыс жауап – 5 ұпай)

  2. Кезекпен келіп физикалық шама белгіленуі мен бірліктерін жазу. (Әр жауап – 1 ұпай)

  3. «Серігін тап». Формуланың жалғасын табу. (Карточкада берілген формулалардың сыңарын тауып сәйкестендіру керек. Дұрыс жауап – 1 ұпай)

  4. «Ойлан, тап» (жұмбақ шешу, 15-жұмбақ, 1 – ұпай)

  5. Бұл физик туралы не білесің? Физикалық сұрақтарға жауап бере отырып қай физик екенін табу. (дұрыс жауап – 40 ұпай)

  6. Логикалық сұрақтар.

  7. Сөз жұмбақ шешу. (дұрыс жауап – 5 ұпай)


Сайысқа қатысатын оқушылар алға шығып, алдын ала дайындаған дөңгелек стол басына жайғасады. Әр сыныптан құралған топ өздерін таныстырып өтеді.


«Күш» тобы:

«Күш» деп атап тобымызды

Келдік бүгін сайысқа.

Біздің топтың ұраны бар:

«Қарсыластан қалыспа».

Күштің көп қой түрлері,

Күшсіз күндер болмас.

Ауырлық күші болмаса,

Адам жерде тұра алмас.

Сәлем бердік сіздерге

Әділқазы алқасы.

Бүгінгі сайыс біздерге

Өмірдің әрі жалғасы.


«Энергия» тобы:

Сәлем бердік баршаға,

Тұрмыз міне сайыста .

«Энергия» тобынан

Сәлем бердік қарсыластарға.

Әр тарауды ашқанда,

Сырын бізге ұқтырған.

Есептерін шығарып,

Өлшеуін дәл тапқызған.

Физика атты бұл пәнге

Қарыздармыз әрқашан.

Қарсылас пен жанкүйерлерге

Иіліп сәлем береміз.

Жеңіп шықсақ бұл сайыста

Осы аптаның «жұлдызы» боп жүреміз.


«Білгенге маржан, білмеске арзан».


«Күш» тобына:

  1. Денелердің өзара әсерлесуін сипаттайтын шама. (күш)

  2. Зарядталған бөлшектердің реттеліп қозғалу құбылысы. (ток)

  3. км/сағ қай шаманың бірлігі. (жылдамдық)

  4. Бірінші ток көзін жасаушы Италия ғалымы. (Вольта)

  5. Жылдамдықтың өзгерісін сипаттайтын шама. (үдеу)

  6. Q=ΔU+A. Бұл қай заң? (термодинамиканың I-ші заңы)

  7. Дененің инерттілігін сипаттайтын шама. (масса)

  8. Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама. (дене импульсі)

  9. Сұйық күйден қатты күйге айналу процесі қалай аталады? (қатаю немесе кристалдану)

  10. Температурасы тұрақты, ал көлемі мен қысымы өзгеретін термодинамикалық процесс? (изотермиялық)


«Энергия» тобына:

  1. Жылу берілудің түрлерін ата? (жылуөткізгіштік, сәулелену, конвекеция)

  2. кг/м3 қай шаманың бірлігі? (тығыздық)

  3. Температураны өлшейтін құрал. (термометр)

  4. ІЖҚ-нің неше тактісі бар? (4)

  5. Су неше градуста қайнайды? (1000С)

  6. m=kq. Бұл қай заң? (электролиз немесе Фарадей заңы)

  7. Сұйықтың тығыздығын өлшейтін құрал. (ареометр)

  8. Будың сұйыққа айналу құбылысы қалай аталады? (конденсация)

  9. Жылу алмасусыз жүретін процесс. (адиабаталық)

  10. Электр зарядтарын өткізу қабілетіне қарай зарядтар 2-ге бөлінеді. Оларды атаңыз? (электр өткізгіштер және электр өткізбейтіндер)


«Күш» тобына:





Физикалық шама атауы


Белгіленуі


Бірлігі

1.

Жылу мөлшері



2.

Кедергі

R


3.



Па

4.

Жылдамдық

υ


5.

Тығыздық


кг/м3

6.


ν

Гц

7.

Көлем



8.

Заряд

q


9.

Отынның меншікті жану жылуы



10.



Дж/кг∙0С

11.

Қатаңдық коэффициенті

k


12.

Жұмыс


Дж

13.

Салмақ



14.


g

м/с2

15.

Кернеу




«Энергия» тобына:





Физикалық шама атауы


Белгіленуі


Бірлігі

1.


A


2.

Күш



3.

Масса



4.


υ

м/с

5.

Орын ауыстыру



6.

Температура


К

7.


λ

Дж/кг

8.

Биіктік



9.


P

Вт

10.


T

С

11.

Индуктивтілік



12.

Үдеу



13.


ω

рад/с

14.

Мольдік масса



15.

Сыйымдылық

C

Ф

«Серігін тап»

Бұл кезеңде әр топтың алдына карточкалар қойылады. Сол корточкаларды сәйкестендіріп қою керек. Сонда формула шығады.


«Ойлан, тап» жұмбақтар шешу

Бұл жұмбақтар топқа да қойылады. Қайсы топ бірінші жауап берсе, сол топ ұпай санына ие болады.

  1. Пайдаланады мені жұрт

Отын және жарыққа.

Қызмет етем әрқашан

Түсіне білген халыққа.

(электр тогы)

  1. Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды.

(масса)

  1. Кеудесі толған күш,

Табаны толған тіс.

(трактор)

  1. Көмір де жоқ, ағаш та жоқ,

Күйеде жоқ, лас та жоқ.

Көк жалынын ойнатады,

Үндемей-ақ қайнатады.

(газ плитасы)

  1. Бірге жатып, бірге тұрар

Озуға алға ұмтылар.

Екеуі мәңгі жарысып,

Көрген жоқ әлі қалысып.

(сағат тілі)

  1. Ақ қоян қара жерде секіріп жүр.

(бор мен тақта)

  1. Қос құлақты, жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті.

(ара)

  1. Керегенің басында кетпен жаулық,

Кет десем де кетпейді, неткен жаулық.

(күн сәулесі)

  1. Бар жоғын білмейсің,

Онсыз өмір сүрмейсің.

(ауа)

  1. Суға салсаң батпайды.

Отқа салсаң жанбайды.

(мұз)




«Бұл физик туралы не білесің?»


«Энергия» тобына:

Мына ғалымның атын тап?

Оның бірінші әрпі – ток көзіне оң полюсіне жалғанатын электрод атауының 1-әрпі.

Екіншісі – кедергі бірлігі атауының 2-әрпі.

Үшіншісі – ток күшін өлшеуге арналған прибор атауының 3-әрпі.

Төртіншісі – ток күші бірлігі атауының 4-әрпі.

Ең соңғысы – керенеуді өлшеуге арналған прибордың ең соңғы әрпі.

  1. Анод (А)

  2. Ом )

  3. Амперметр (п)

  4. Ампер (е)

  5. Вольтметр (р)

Жауабы: Ампер


«Күш» тобына:

Оның бірінші әрпі – 9 планетаның ең кішісінің 1-әрпі.

Екінші әрпі – диаметрі жағынан жерден 2есе кіші, қазақша аты «Аңырақай» немесе «Қызыл жұлдыз» планетаның 2-әрпі.

Үшінші әрпі – физикалық шама m-нің атауының 3-әрпі.

Төртіншгі әрпі – қысым бірлігінің 4-әрпі.

Бесінші әрпі – сұйықтағы бу көпіршіктерімен қатар жүретін процестің 5-әрпі.

Алтыншы әрпі – заттың ең ұсақ бөлшегінің 3-әрпі.

Жетінші әрпі – жылу мөлшері бірлігінің ең соңғы әрпі.

  1. Плутон (П)

  2. Марс (а)

  3. Масса (с)

  4. Паскаль (к)

  5. Қайнау (а)

  6. Молекула (л)

  7. Джоуль (ь)

Жауабы: Паскаль


«Логикалық сұрақтар»

  1. Суда қандай тастар жоқ? (құрғақ тас)

  2. Ток көзінде неше полюс болады? (оң және теріс)

  3. Қалың қарда шаңғымен жүру неге оңай? (бетінің ауданы үлкен)

  4. Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші немесе өлшеуіші? (тауық)

  5. Елеуішпен су әкелуге болама? Болса қалай? (болады, қармен мұз күйінде)

  6. Дүниедегі ең жүйрік не? (ой қиял)

  7. Дүние жүзіндегі ең көп тараған сұйық? (су)




«Сөзжұмбақ» шешу.

  1. Табиғаттағы барлық денелер мен құбылыстарды зерттейтін ғылым? (Физика)

  2. Ньютонның есімі? (Исаак)

  3. Материяның екі түрі бар: өріс және ...... (зат)

  4. Электролит арқылы электр тогы өткенде, электродтарда зат бөліну процесі қалай аталады? (электролиз)

  5. Бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек (электрон)

  6. Ток күшінің өлшем бірлігі? (ампер)

Әділ қазылар алқасы екі топтың ұпай сандарын айтады. Содан соң жеңіске жеткен топқа сыйлықтар ұсынылады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Физика ?лемінде" сыныптан тыс ж?мыс

Автор: Кульмурзина Жаркын Сарсенбаевна

Дата: 16.10.2015

Номер свидетельства: 240201


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства