kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Физ Арт емханасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

б?л Физ Арт емханасы атты 7 сынып?а арнал?ан физика п?ні бойынша сыныптан тыс шара. шарада физика п?ні бойынша жан жа?ты с?ра?тар ?амтыл?ан. саба?ты? ма?саты физика п?ні бойынша білімдерін тексеру, ?абілеттерін арттыру. о?ушыларды ой ?орытындыларын жасау?а ?йрету.о?ушыларды ??ыпылы??а, е?бек с?йгіштікке, ?жымды??а т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Физ Арт емханасы »

Күні

Сыныбы: 7 сыныптар

Сабақтың тақырыбы:«ФизАрт емханасы»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Физика бойынша білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін арттыру.

  2. Дамытушылық:Оқушыларды ой-қорытындыларын жасауға үйрету.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбек сүйгштікке, ұжымдық жұмысқа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ғалымдар суреті, слайд, шар

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақ типі: білімді жинақтау, қорытындылау

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, талдау

Сабақ жоспары:

І. Таныстыру

ІІ. Медициналық тексерістен өткізу

  1. Окулист

  2. Неврпотолог

  3. Лор

  4. Терапевт

ІІІ. Диагноз қою, марапаттау

іV.Қорытынды

Жүргізушілер:________________________________________

Физарт емханасының директоры ________________________

Окулист_____________________________________________

Неврпотолог_________________________________________

Лор_________________________________________________

Терапевт______________________________________________

Сабақ барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! «Физарт емханасы» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер! Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән аптылықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – оқушылар информатика мен математиканы, физиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, өмірмен де байланысты екенін түсіндіру. Түрлі сайыстар мен іс- шаралар өткіземіз. Сол іс-шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді ояту. Олай болса 11а сынып оқушыларымен бірге ұйымдастырылып отырған өткелі жатқан сыныптан тыс шарамыз ашық деп жариялаймын. Ендігі кезекті жүргізушілерге беремін.



1- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме оқушылар ?

Нақты ғылымдарға қызығушылар

Естігенін естіп тұрып

Оқығаның миға тоқушылар.



2- жүргізуші: Сәлеметсіздерме ұстаздар !

Айтар ойын тұспалдар

Сіз оқытқан оқушылардың

Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші: Физика патшалығы өмір сүрген

Заңдары ашылыпты дана тілмен!

Патшалыққа саяхат жасай жүріп,

Әр адам табиғаттың сырын білген.

2-жүргізуші: Шақырамыз келіңіздер жарысуға

Күш, өнер, білімменен алысуға

Бар өнерді салайық, ортамызға

Ал қане, кім шығады, сайысуға – депбүгінгі сайысымызға барлық 7а,б,в, сынып оқушылары қатысады. Бұл сайыста топ оқушылары «Физарт»емханасынан медицтиналық тексерілістен өтеді.Олай болса і «Физарт»атты емхананың дәрігерлерімен таныс болыңыздар!

(Осы кезде слайд көрсетіледі)

1-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі шарамызды бағалап, әділ баға беретін әділқазылар мүшесімен таныстырайық

2-жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз мынандай бөлімдерден тұрады:

І. Таныстыру. Онда әрбір топ өздерін таныстырады.

ІІ. Медициналық тексерісу, яғнп әрбір топ жеке жеке тексерілістен өтеді.

  1. Окулист

  2. Неврпотолог

  3. Лор

  4. Терапевт

ІІІ. Диагноз қою, марапаттау

ІV.Қорытынды.

Егер бағдарламамызбен таныс болсаңыздар апталық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:1-ші бөліміміз таныстыру, қазір әрбір топ басшылары кезекпен кезек шығып карточкаларды суырып, жауап беру арқылы топтың атын анықтап, өздерін таныстырады. (карточка суыру арқалы команданын атын белгілеу. Әр командадан 1 оқушы шығып, карточка суырады.)

1 сұрақ: Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеген ғалым? (Паскаль)

2 сұрақ:Ғылыми еңбектері механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. Механиканың 3 заңын ашқан.Бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқан? (Ньютон)

3 сұрақ:Инерция заңын ашқан ғалым ? (Галилей)

2-жүргізуші: Қазір бізге «Физарт» емханасынан медициналық тексерілістен өтуге үш топ келіп отыр. Олар Ньютон шәкірттері, Паскаль шәкірттері, Галилей шәкірттері.Бұл топтардың барлығы жеке жеке медициналық тексерілістен өтеді. Алғашқы тексерілісті окулистен бастаймыз.

Окулист :

  • Мен көз дәрігері ретінде сіздерді медициналық тексерістен өткіземін.Әрбір топтан бір –бір оқушыдан шығып көз тексерісіне келеді.Ғалымдардың атын бір көз бен қарау арқылы табу керек. Қалған топ мүшелері орнында анаграмма шешеді. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

(Көз дәрігерінің тексеріс қорытындысын қасындағы медбике жазып отырады. Көз дәрігері медициналық тексерісін өткізгеннен кейін әрбір топ анаграмма бойынша шешкен жауаптарын әділқазыларға береді.)

Окулист: -Медбике физиктердің шәкірттерін өткізген медициналық сараптаманың қорытындысын бас маманға көрсетерсіз. Ал енді шәкірттер медициналық сараптаманың қорытындысын әділқазылар алқасынан білетін боласыздар.

1-жүргізуші: Келесі екінші тексеріс неврпотологтан өту.

Неврпотолог: (Оған екінші кісі бөлек шығады.) Сіздердің логикалық ойлау қабілеттеріңізді тексерімен. Мен әзір сұрақтар қоямын, оған карточканы көтеру арқылы әрбір топкезекпен кезек, рет ретімен жауап бересіздер. Барлығы 24 сұрақ, әрбір топқа 6сұрақтан келеді. Жауап бере алмаған топтың сұрағына қалған топтардан бірінші болып көтерген топ жауап бере алады. Сондықтан бір топқа сұрақ қойылған кезде, қалған топта қол көтеріп отыруға болады. Ойын шарты түсінікті болса, бастаймыз.

(Медбике жауап берген топтардың карточкаларын жинап отырады, сұрақ қойылып болғаннан кейін неврпотологқа көрсетіп, бас маманға береді.)

1-жүргізуші: Келесі тексеріс лордан өту.

Лор:Мен бөлмеден сіздердің дыбыстық қабылдауларыңызды тексеремін. Ол үшін тақтада ілінген сөз жұмбақтарды шешулеріңіз керек.Ол сөз жұмбақтың сұрағы шарды жару арқылы таба аласыздар. Шарды менің қолымдағы оқ арқылы жарасыздар. Түсінікті болса бастаймыз.

1(Медбике жауап берген топтардың ұпай санын жазып, лорға көрсетіп, бас маманға береді.)

2-жүргізуші: - Келесі тексеріліс терапевттен өту.

Терапевт: Біздің соңғы тексерісіміз терапевт. Бұл тексерістен сіздердің даму дағдыларыңызды байқаймыз Ол үшін кезекпен кезек әрбір топ мен қойған жұмбақтың шешуін тауып,белгіленуі мен өлшем бірліктерін анықтайсыз және сол шаманың өлшем бірліктерін әр қадам басқан сайын айтып, әділқазыларға дейін жету керек.Егер топ өзіне қойылған сұраққа жауап бере алмаса басқа топ қол көтеріп жауап беруге болады.

(Медбике жауап берген топтардың ұпай санын жазып, лорға көрсетіп, бас маманға береді.)

2-жүргізуші: Барлық медециналық тексерістен өтіп болсақ, келесі бөліміміз диагноз қою, марапаттау бөлімі. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Резервтік тапсырма.(Әділқазылар дайын болғанша, көрермендерге сұрақтар қойылады.)

Көрермендерге сұрақтар:

  1. Екіжұмыртқабіреуіпіскен, екіншісішикіқалайажыратамыз? (Айналдыруарқылы)

  2. Қиярыстық суда әлдесуық суда тез тұздалама? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез тарайды)

  3. Үстінеқұм, не күлсепсекқар тез ериді, неге? (Қаратүскүнсәулесін тез жұтады )

  4. Таудантүскендеавтомобильдіңқайдөңгелегіайналмайды? (артықдөңгелегі, запаска)

  5. Жердіңқайжеріндееңұзақтәулік? (Барлықжеріндебірдей (24 сағ))

  6. Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- дегенсұраққа «Сегіздіңжартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсыз»- деп жауап береді? Балықшы қанша балық аулаған?

  7. Шешуі:Сегіздің жартысын алып тастасаң нөл, алтының басын алып тастасаң нөл,

  8. Мұздатқыштан жаңа шыққан суық мұз салынған ыдысты ұстап көргенсіз бе? Ұстаған болсаңыз саусақтарыңыздың ыдысқа жабысып қалғанын байқаған боларсыз. Неліктен солай жабысатынын білесіз бе?Жауабы

Саусақтарымыз қашанда аздап болса да ылғалды болады. Мұздатқыштан жаңа шыққан мұз ыдысын ұстағанда қолымыздағы ылғал тез арада тоңады. Саусақтарымыздың қысымы да бұл тоңған ылғалдың ыдыстағы мұз кристаллдарына жабысуына себеп болады. Мұз салынған ыдысты жалайтын болсаңыз тіліңіз ыдысқа жабысып қалады және тіліңізді ажыратуға тырысқаныңызда терісінің бір қабаты жұлынып кетуі де әбден мүмкін.

1-жүргізуші: Бүгінгі кештің қорытынды сөзін «Физарт» емханасының бас маманына береміз.

1-жүргізуші:Дүниедегі құбылыстың мәнінде

Табиғаттың қозғалысы бәрінде

Мүмкін емес физикасыз түсіну

Физика дүние кілті бүгінде

2-жүргізуші:

Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,

Салған ән, айтылған сөз,  ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика ғой.

Сондықтан табиғаттың сырын терең,

Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.

Демесең болсын егер еңбегің еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем- дей келе ән шашуымызды ұсына отырып, физикалық сайысымызды аяқтаймыз.

Әншашу:                                               ФИЗИКА ( «Анатуралыжыр» әнініңмотиві)

Әлемдіктартылыс,

Күшін сен сыйладың

Ауырлық, үйкеліс,

Күшін сен сыйладың

Сыйладың сен маған,

Тұрақтысандарды.

Ом мененНьютонның

Әртүрлізаңдарын

Электр қуатынсыйладың сен маған,

Жасандыкөзнұрынсыйладың сен маған.

Сенсізбұлөмірдежүру де жоқмаған.

Сенсізбұлөмірдісүру дежоқмаған.

Сау болыңыздар!!!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Физ Арт емханасы

Автор: Стамгазиева Аксамал Жумажановна

Дата: 09.02.2015

Номер свидетельства: 169972


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства