Г.Галилей өзінің жүргізген тәжірибелерімен барлық еркін денелер, өздерінің массаларына тәуелсіз жерге бірдей үдеумен түсетінін тағайындады. Ал Ньютон тұжырымдаған қозғалыс заңдары мен бүкіләлемдік тартылыс заңы еркін түсудің, яғни денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалуының негізіг ерекшеліктерін түсіндіруге мүмкіндік берді. Бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісінің бірі – денелердің Жерге тартылу күші. Бұл күшті ауырлық күші деп атайтынын білесіңдер. Бүкіләлемдік тартылыс заңына сәйкес денелердің Жерге тартылу күші F=G (1) m – дененің массасы, Mж – Жердің массасы, R – Жердің радиусы, h- дененің Жер бетінен биіктігі. Ауырлық күші денеге еркін түсу үдеуін тудырады. Ньютонның екінші заңына сәйкес: g= Формуланы ескере отырып, Жер бетінен һ биіктіктегі еркін түсу үдеунің модулі үшін: gh= G (2) өрнегін аламыз, ал Жер бетінде (һ=0) g=G болады. (2)формуладан еркін түсу үдеунің дененің m массасына тәуелсіздігі, ал оның шамасының дене Жер бетінен көтерілген сайын азая беретіні байқалады. Алайда, егер дененің Жер бетінен көтерілу биіктігі 100 км-ден аспаса, онда Жер радиусымен салыстырғанда, бұл биіктікті ескермеуге болады. 100 км –ге дейінгі биіктікте еркін түсу үдеуін шамамен 9,8 м/с2-қа тең деп есептеуге болады. |