kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Су.Табиғаттағы су айналымы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Су туралы, судың табиғаттағы айналымы туралы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Су.Табиғаттағы су айналымы»

Сабақтың атауы

Су. Табиғаттағы су айналымы

Мақсаты






Күтілетін нәтиже

1.Судың қасиеті,табиғаттағы су айналымы туралы ұғым қалыптастыру.Су айналымы қалай жүретінін түсіндіру.

2.Оқушылардың оқыған тақырып бойынша ойын жинақтап, өз бетінше қорытынды жасай білуге машықтандыру.

3.Тіршілік судың қатысымен жүзеге асатынын ұғындыра отырып, суды қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Табиғатта су айналымы қалай жүретінін түсінеді.Табиғаттағы су айналымының маңызын анықтайды.Негізгі ойды анықтап,өзіндік көзқарасымен бағалайды.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтағы әдіс-тәсілдер: Психологиялық тренинг, тест тапсырмалары, СТО стратегиялары, шығармашылық жұмыс,сарамандық жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: сабаққа презентация, карта,бейне таспа, оқулық, су айналымы салынған кесте, дәптер, тест тапсырмалары, тақырыпқа сай схемалар,глобус,сарамандық жұмысқа қажетті заттар.

Психологиялық ахуал

Күн мен сені сүйемін.

Саған басымды иемін,

Жылу бер, шуақ бер.

Мейірімді қуат бер.

Оқушылармұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ұйымдастыру кезеңі






Үй жұмысын пысықтау

Балалар, адам өмір сүруі үшін нелер қажет?

Олай болса, алдымыздағы ыдыстағы суды ішіп,ыдыстың астындағы есепті шығарамыз.Сонда есептің мәні қанша болса, сонша әріптен құралған топқа барып отырамыз.

Топтық және жеке бағалау

«Кезбе тілші»әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу.

1.Ас тұзын қайдан алады?

2.Фосфориттің қандай пайдасы бар?

3.Асбестті қайда қолданылады.

4.Құрылыс материалдары тобына нелер жатады?

5.Цемент қалай өндіріледі?

6.Үй тұрғызу үшін құрылыс материалдарынан басқа не қажет?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.(ауа,қоректік заттар,жарық, жылу,су т.б.)

1.27:9≈3(мұз)

2.16:4≈4 (бұлт)

3.6х1≈6(жаңбыр)

Әрбір дұрыс жауап берген оқушыны, топты бағалау.

Оқушылар тілшінің берген сұрақтарына нақты жауап береді.



Су қажет.


Қызығушылықты ояту

Балалар, ыңғайланып отырып, мына дыбысты естіп көрейікші!(тыңдалым).

-Бұл ненің дыбысы?-Су туралы не білеміз?

Сарамандық жұмыс

1-топ.Судың қасиеттері .

2-топ.Судың адам өміріндегі маңызы.

3-топ.Суды үнемді пайдалану.

Су туралы тыйым сөздер, мақал-мәтелдер айту.Проблемалық сұрақ.-Балалар, неліктен табиғатта су таусылып қалмайды?

Тәжірибе жасау.

Ыдысқа су құйып,оны қайнатамыз.Су қайнағаннан кейін қақпағын жауып қоямыз.Судан бу көтеріледі.Ал қақпақ терлей бастайды.Пайда болған су тамшылары ұлғайып, бір-біріне бірігеді де салмағын көтере алмай төменге тамшылай бастайды.Бұл қозғалыс қайталана береді.Осындай қозғалыс табиғатта да кездеседі.Мұны табиғаттағы су айналымы дейді.

Мағынаны тану






Жеке жұмыс








Топтық жұмыс

Мұғалімнің түсіндірмесі :

. Су-табиғатта ең көп таралған зат.Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық.(Глобустан көрсету) Судың кереметі- оның жер бетінде тынымсыз айналыста жүруі.Ол қысы-жазы үнемі айналыста болады.Мұндай су айналымы болмаса , тіршілікте болмайды.

/Судың табиғаттағы айналымы слайд бойынша түсіндіріледі./

Мәтінмен жұмыс. Топтағы оқушыларға мәтін бөліктері абзац бойынша бөлініп беріледі.Инсерт әдісі бойынша мәтінмен жұмыс кезінде белгілер қояды.Егер оқып отырған ақпарат таныс болса,мәтіннің шетіне «V» (қанат)белгісін қояды. Егер оқып отырған ақпарат таныс болмаса,онда «-» (алу)белгісін қояды.Егер алынған ақпарат жаңа болса онда «+» (қосу) белгісін қояды.

Әрбір топ мәтіннен өзінің тобымен аталатын жаңбыр,бұлт, мұз жайлы оқып, оқыған бөлігін қасындағыларға түсіндіреді.

Жауын тобы:Су –тіршілік көзі.Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік ететін құбылыстардың бәрі судың қатысуымен жүреді.Сондықтан ағзалар денесі50-ден 90 пайызына дейін судан тұрады.Салмағы 70кг адамның денесінде 50кгсу бар.Оның мөлшері 17 кг кемісе адам халі нашарлайды.Адам су ішпей бір апта ғана шыдай алады.

Мұз тобы:Су –ғажайып зат.Табиғаттағы су үш түрлі:сұйық, қатты және газ тәріздес бу күйінде кездеседі.Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық.Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.Күн сәулесінің қызуынан мұхит,теңіз,көл,өзен суы буланып,ауа қабатына барады.Сонымен қатар топырақ,өсімдік,жануарлардан буланған субуы ауа қабатына көтеріледі.

Бұлт тобы:Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып,бұлт түзеді.Бұлт ауаның ағысымен қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып,құрлыққа оралады. ./Бұлт туралы білімдерін еске түсіру./Күн қыздырғаннда қайтадан буланып,ауаға көтеріледі.

Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді.Онда өсімдік қорегіне айналып,құрлықты жасыл жамылғысына орайды.Топырақ қабатынан өткен сусүзіліп тазарады

Саусақтар арқылы мадақтау.

Постер қорғау

1-топ.Табиғаттағы су айналымын кесте бойынша көрсет.

2-топ.Сәйкестендір.

3-топ.Судың пайдасы мен зияны.

Ойын «Иә», «Жоқ»

-Жер бетінің үштен бір бөлігін су алып жатыр./жоқ/

-Су табиғатта тынымсыз айналыста болады./иә/

-Күн сәулесінің қызуынан су буланып, ауа қабатына бармайды./жоқ/

-Ауаның салқын қабатында су буы бұлт түзбейді./жоқ/

-Сусыз тіршілік ететін ағза кездеседі./жоқ/

-Ағзалар денесі ден пайызына дейін судан тұрмайды./жоқ/

Сергіту сәті

Қоюланып қара бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп,

Жапырақты жамылып,

Жата қалды көбелек.

Ой толғаныс

Деректер мен дәйектер.

1,5 литр су адам ағзасында азайса, адам шөлдейді 6-8 % су азайса адам есінен танады.

10% азайса, сілекейін жұтады.

12 % азайса, адам өліп кетеді.

Сарамандық жұмыс.

Үйгетапсырма

Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Түсті дөңгелектер арқылы бағалау,мадақтау.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Естествознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Су.Табиғаттағы су айналымы

Автор: Есболова Карлыгаш Жаксыбаевна

Дата: 03.12.2019

Номер свидетельства: 529960


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства