kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

5 сыныпқа арналған жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: "Тірі ағзаларға тән қасиеттер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тірі заттарды- ағза деп атаймыз. Тірі ағзалардың ортақ  қасиеттері мен белгілері болады: жасушадан құрылуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, көбеюі, қозғалуы, тітіркенуі, бейімделуі, өсуі мен дамуы. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«5 сыныпқа арналған жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: "Тірі ағзаларға тән қасиеттер"»

Сабақ:

Мектеп:№41МЛ


Күні: 18.04.18

Мұғалімнің аты-жөні:Нургожина

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 5

Қатысқан оқушылар саны: 24

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

4-БӨЛІМ: Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер

Тірі ағзалардың қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.2.1.Тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады: Тірі ағзаларға тән ортақ қасиеттерді атайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Тірі ағзалардың ерекше қасиеттерін біледі. Жер шарында түрдің сақталуына әсер ететін қасиеттерді сипаттап айтады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Тірі ағзалардың кейбір қасиеттерінің айырмашылықтарын айқындап оларға мысалдар келтіреді.

Бағалау критерийлері:

  • Тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін атайды;

  • Тірі ағзалардың ортақ қасиетіне мысалдар келтіреді;

  • Өсу мен дамудың, қоректену мен тыныс алудың, бейімделу мен тітіркенудің өзара айырмашылығын біледі;

  • Топтық, жұптық және жеке жұмыстарды орындайды

Тілдік мақсат

Пән бойынша оқыту мақсаты:

  • Тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау;

  • Ортақ қасиеттердің тірі ағза үшін маңызын түсіну

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

  • Тітіркену, зат алмасу, қозғалыс,тыныс алу, қоректену, көбею

Диалог құруға/ жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

  1. Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер......

  2. Тірі ағзалардың құрылысы неден тұрады?

  3. Ортақ қасиеттердің тірі ағза үшін маңызы қандай?

Құндылықтарға баулу

  • сын тұрғысынан ойлау;

  • топтық тапсырмалар орындату арқылы жұмылып еңбек етуге баулу, бір шешімге келу;

  • жер бетіндегі тірі ағзаларға қамқорлықпен қарауға, оларға күтім жасауға баулу;

Пәнаралық байланыс

Дүниетану- тірі ағзаларға тән қасиеттер

Алдыңғы білім

Жалпы тірі ағзаларға тән ерекшеліктерді біледі

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрі

Дереккөздері

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин









І ШИРАТУ « Бинго» әдісі

Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрады, қолдарындағы түймедаққа өткен тақырып бойынша өздері білетін табиғаттағы қауіпті құбылыстарды жазады. Оқушылар кезекпен жазғандарын оқиды. Ең көп жазған оқушы анықталады және бағаланады.

ІІ Топқа бөлу

«Түймедақ» әдісі

Ширату бөлімінде қолданған түймедақтың түсіне қарай үш топқа бөлінеді.

Қызыл, көк, жасыл

Ақ қағазға салынған түймедақ суреттері



Түймедақ суреттері

Сабақтың ортасы

27 минут



5 минут











































10 минут

































18 минут


С. «Болжау» әдісі.

«Тірі ағзалардың қасиеттері» бейнефильмі көрсетіліп, жаңа сабақ тақырыбын анықтау.

1.Бұл фильм не туралы?

2.Тірі ағзалар туралы не білеміз?

3. Бейнефильм арқылы сабақ тақырыбын болжай аламыз ба?

4.Сабақ не туралы деп ойлайсыңдар?

Сабақ тақырыбына шығу, мақсаттарымен таныстыру, бағалау критерийлерін талқылау








1-тапсырма Оқулықпен жұмыс.

Ж. Мәтінді мұқият оқып шық.

Тірі заттарды- ағза деп атаймыз. Тірі ағзалардың ортақ қасиеттері мен белгілері болады: жасушадан құрылуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, көбеюі, қозғалуы, тітіркенуі, бейімделуі, өсуі және дамуы. Жасуша- ағзада өз бетінше зат алмасуды жүргізе алатын, тірі ағзаның ең кіші бөлігі.

Қоректену- ағзаның тағам арқылы қажетті энергияныжәне затты қабылдауы.

Көбею- белгілі бір тіршілік иелерінің жойылып кетпей, сақталып қалуына көмегін тигізеді.

Қозғалыс- тірі ағзалардың тағы бір ерекшелігі.

Тітіркену- сыртқы ортадан келген әсерлерді қабылдауы және жауап беруі.

Тапсырма:

  • Жоғарыда мәтінде берілген негізгі қасиеттерге мысал келтіріп, дәлелдеңіз.

  • Өсу мен дамудың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

  • Қоректену мен тыныс алудың айырмашылығы қандай?

  • Тітіркену мен бейімделудің айырмашылығы қандай?

Дескриптор




Білім алушы

  • мәтіндегі ақпаратты басшылыққа ала отырып, тірі ағзалардың қасиетіне мысалдар келтіреді

  • өсу мен дамудың, қоректену мен тыныс алудың, тітіркену мен бейімделудің айырмашылығын сипаттайды..


ҚБ: «Бес саусақ» әдісі

2-тапсырма

Т.« Суретті коллаж» әдісі арқылы суреттерді тақырыпқа сай жинақтап,сурет арқылы тірек сөздер құрастырады.

Оқушыларға суреттерді тақырыпқа сай жинақтап,сурет мазмұына қатысты сөздер тізбегін жасайды.

Дескриптор:

  • Суреттерді тақырып мазмұнына сай таңдайды.

  • Сурет мазмұнына сай сөздер тізбегін жасайды.

Саралау жұмысы жуан және жіңішке сұрақтар арқылы жүргізіледі.

ҚБ: «Бес саусақ» әдісі

3- тапсырма

«Ұшақтар шеруі» әдісі

Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында 3 топқа ұшақтар беріледі. Оқушылар топпен ақылдаса отырып жаңа сабаққа байланысты қорытындылау сұрағын жазып бір- біріне жолдайды. Топ мүшелері ұшып келген ұшақты қабылдап алып сұрақтарға жауап береді.

Бейнефильм





Мәтін Massaget.kz

Презентация







Оқулық

































Конверттегі суреттер















Қағаздан жасалынған ұшақтар

Сабақтың соңы:

2 мин.


Сабақты қорытындылау:

Оқушының аты- жөні:

Бүгінгі сабақ........

Тапсырмалар мен үшін....

Мен үшін оңайы.....

Мен үшін қиыны.......

Кері байланыс:

«Сөйлемді аяқта»





Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік;

Рефлексия



Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлекция жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары

Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім?

Тақырыптың өмірмен байланысы болды ма?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Естествознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Автор: Нургожина Айдана Шынтасқызы

Дата: 09.04.2019

Номер свидетельства: 506641


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства