kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

География сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

География сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту жолдары. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«География сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту жолдары»

«ҚОСКӨЛ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ







Тақырыбы:

"География сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту жолдары"























Өткізген: жоғары санатты география пәнінің мұғалімі З.О.Қодарова





«География сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту жолдары»

Қазiргi таңда   бiлiм беру жүйесiндегi оқушының құзыреттiлiгiнiң теориялық негiзiн айқындап алу үшiн,  «құзыреттiлiк» деген  ұғымға  нақты тоқталатын болсақ: құзыреттiлiк- жеке тұлғаның  кәсiби  iс-әрекеттi атқаруға теориялық және практикалық  әзiрлiгi мен қабiлеттiлiгнiң бiрлiгi.  Яғни құзыреттілік- жеке тұлғаның бiлiмiмен  тәжiриебесiн нақты бiр жағдайда қолдана бiлу iскерлiгiмен байланысты тұлға қасиетiн бiлдiретiн ұғым.  Кей жағдайда бiлiктiлiк ұғымын  құзыреттiлiк  ұғымымен нақтылайды, алайда бұл екi ұғымда салыстарған жағдайда, құзыреттiлiк  ұғымының мағынасы кең. Себебi: құзыреттiлiкке  бiлiктiлiктi сипаттайтын  таза кәсiби бiлiммен iскерлiкке қоса,  топта, әлеуметтiк ортада жұмыс iстеуге ынталылық,  ынтымақтастық,  қабiлеттiлiк, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпарат алу оны пайдаланут.б. iскерлiктер жатады.
Қазiргi бiлiм беру жүйесiнде оқушының құзыреттiлiгi  мына үш аспектiнiпен сипатталады:

- Мәндiк аспект-ахуалды жете түсiну, оны ұғыну, және оған деген қарым-қатынас, теориялық негiзiн, маңызды мәселелердi  ұғыну;

- Проблемалық-практикалық аспект- оқушының алдына мақсат, мiндет нормалары қойып және орындау жолдарын анықтау;

- Коммуникативтi аспект- оқушының осы үрдiске, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етедi.

Жоғарыда аталып кеткен аспектiлердi талдай отырып, бiлiм беру жүйесiндегi мұғалiм құзыреттiлiгi жансыз жаттанды бiлiм  түрiнде емес, оқушының жеке тұлға ретiнде  танымға, ойлауға қатысын,  әрекетке, белгiлi  бір мәселелердi ұсынып, шешiм жасауға, оның барысы мен нәтижесiн талдауға, ұтымды тұрде ескертулер мен түзетулер енгiзiп отыруға деген iскерлiгiнiң белсендiлiгiнен көрiнедi.

Құзыреттiлiк- оқу нәтижесiнде өзгермелi жағдайда меңгерген бiлiм, дағдыны тәжiребеден қолдана алу.  Проблемены шеше бiлу, оқушылар дайындығы сапасының құрамдық сипатын анықтатын жаңа сапа.

Сонымен  орта бiлiм беру тұжырымдамасында оқушыдан  орта бiлiм берудiң негiзгi күтiлетiн нәтижелерi ретiнде мектеп түлегiнiң негiзгi құрлылығы төмендегiше анықталады:

  1. Құндылықты- бағдарлы құзiреттiлiк- жасампаз қоғам өмiрiнде өз ролiн таба бiлу бiлiктiлiгi, азамматық белсендiлiк, саяси жүйенi түсiну, ең бастысы- өз Отанының патриоты болу.

  2. Мәдениеттанымдылық құзыреттiлiк- рухани келiсiм мен толераттық идеяларына бейiм болу. Өз халқының мәдениетi мен әлемнiң мәдени көп түрлiлiгiн түсiну, бағалау: жалпы азаматтық мәдениет  жетiстiктерi мен этномәдниеттiк құбылыстарды тани бiлу.

  3. Оқу- танымдылық құзыреттiлiгi- оқушының зерттеу әрекетi мен өзiндiк оқу-танымдылық процесiн қамтамасыз ететiн кешендi құзырлық. Әлемнiң ғылыми бағытын iзденушiлiк-зерттеушiлiк әрекет арқылы игеру.

  4. Коммуникативтi құзыреттiлiк- адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсiлдерiн бiлу, түрлi әлеуметтiк топтармен жұмыс iстеу.

  5. Ақпараттық технологиялық құзыреттілік- өз бетінше іздей білу, талдау, таңдай білу,  ақпараттық технологияны игеру, интерпртациялау.

  6. Әлеуметтік еңбек құзыреттілігі-отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси, қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді қоғамдық азаматтық тәрбие мен білімге ие болу. Әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білу.

  7. Тұлғалық өзін өзі дамыту құзыреттілігі-қызметін өзіндік қадір қасиет сезімімен ұйымдастыра білу, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарау, өз мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарламен салыстыра білу, сонда осында мектеп түлегі бірнеше құзыреттілігін игеруге міндетті. Ол:

1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет.

2. Әлеуметтік құзыреттілік- бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдану/ топпен/  қабілеті, қызметету, кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдану.

3. Білім алу  құзыреттілігі- білім алу қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге қызығушылығы және білім беру қызметінде субъектілік және креативтіліктің дамуына ынталылық, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі.

Қазіргі кезде география пәнін мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері заман талабына қарай өзгерді.  Мен бұл пәнді оқыту барысында оқушыларды белгілі  бір көзқарастар мен ұстанымдар жүиесін  және географиялық ортада өзін ұстай білу біліктілігін қалыптастырамын.      Сонымен қатар сабақтарда оқушылардың табиғат  пен қоғамның ара қатынасын табиғат  қорларды тиімді пайдалану идеясын  түсінуге,  қазіргі заманғы экологиялық проблемаларды оңтайлы шешу жолдарын қарастырып,  табиғат  заңдылықтарын  ұғынуға,  қажетті дүниетанымдық  көзқарастарын қалыптастырып,  географиялық білімдерді  күнделікті өмірде  қолдана  білуге икемділіктерін арттырамын.Жалпы білім  беру саласында оқушы – ізденуші, зертеуші,  басқарушы,  ұйымдастырушы,  кеңесші, үйлестіруші дербес тұлға.  Сондықтан  оқушының  мақсаты : өзінің және  қоғамның  мүддесіне  өзін – өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі  ортада өмір сүруге  бейім,  бәсекеге  қабілеті және құзыретті , шығармашыл,  білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.Қазіргі өскелең талап бойынша білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз талап болып саналады. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеден қолдана алу. Проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрамдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.Мен география сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамытуға тырысамын, оқушылармен  қарым–қатынасымды өзара түсінушілікке негіздеймін;                                                                                                                            

- оқушылардың таным әрекетін өздігінен дамытуға күш саламын;

- оқушылардың пәнге деген шығармашылық  қызығушылығын ойын элементтерін және т.б. еңгізу арқылы арттырамын;

- әрбір тақырыптың аясында оқушыларға тәлім

- тәрбие берудің мүмкіншіліктерін тиімді пайдаланамын.

Сабақтарды түрлендіріп, әсіресе дәстүрлі емес сабақтарды өткіземін. Бұндай сабақтарды өткізуге географияда толық мүмкіндік бар.

Мысалы, саяхат – сабақтарда оқушылардың тынымдық іс – әрекеттерін жоғары ұйымдасқан деңгейге көтеруге болады. Оқушылар белгіленіп берілген табиғат обьектісі бойынша картамен саяхат жасау барысында сол жердің табиғат жағдайына сүйене отырып, саяхат жасаудың жолдары  ( жаяу,  атпен, қайықпен, салмен, теңіз кемесімен, ұшақпен және т.б.) мен оның ұзақтығын (бір күндік, апталық, айлық және т.б.) анықтайды. Сонымен қатар саяхаттың жүру жолдарының сызбасын жасайды, қажетті құрал –жабдықтардың жиынтығын анықтайды. Саяхаттың күнделігі мен есебін құрастырады. Жұмысты интерактивті тақта жеңілдетеді.Ал сынақ сабақтар өткен бөлімдер бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігін сынау мақсатын көздеймін. Оларды викториналық сұрақтарға жауап, тапқырлар сайысы, білім байқаулары түрінде өткізуге болады. Сонымен қатар тест өткізіп, сұрақтары біртіндеп күрделендіру арқылы сынақты бірнеше кезеңге бөліп өткізуге болады.

Дәстүрлі емес сабақтардың қолданылатын және нәтижелі түрлерінің бірі – конференция- сабақ. Бұл сабақтын басты құндылығы пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуымен анықталады. Материктер мен мұхиттардың ашылу және зерттеу тарихы, саяси карта, материктердің халқы мен елдері және т.б. тақырыптар бойынша өткізілген конференция сабақтары тарих пен география пәндерінің, ал табиғат зоналары, биіктік белдеулері, мұхиттардағы тіршілік және т.б. тақырыптар бойынша өткізілген конференция сабақтары биология мен география пәндерінің арасындағы пәнаралық байланыстарды жүзеге асырып күрделі ұғымдар мен түсініктерді қабылдауды жеңілдетеді. Бұл сабақ түрін өткізу үшін алдын ала белгілі бір дайындық кезеңі қажет. Онда конференцияның  тақырыбы, қарастырылатын мәселелері, қажетті құрал – жабдықтары анықталады және ол шараларды жүзеге асыру барысында оқушылар нақты тапсырмалар алады. Конференцияға дайындық кезеңінде оқушылар тақырыпқа қатысты ғылыми – көпшілік әдебиеттермен, күнделікті баспасөз материалдармен танысу арқылы шығармашылық белсенділігін арттырады.

Соңғы жылы әр түрлі бағыттағы интерактивтік ойынға негізделген сабақтарды өткіздім. Өйткені ойынға құрылған сабақтарда оқушылардың белсенділігі артып, әдетте түсінуі, есте сақтауы қиынға түсетін мәселелерді игеруге ерекше шабытпен кіріседі. Бұл сабақтар оқушылардан тиянақты біліммен қатар ұшқырлықты, шығармашылық ізденісті талап етеді. Сондықтан ойынға негізделген сабақтардың танымдық мәнімен қатар, тәлім – тәрбиелік маңызы өте зор.

Қазіргі кезде «5 әдістен» - 50 әдіске» тәсілімен «Ақылдың алты ойлау қалпағы», «Гүл мен тілек», «Галереяны шарлау», «Класстер», «Ыстық орындық», «Қара жәшік», «Бес саусақ» т.б әдіс-тәсілдерді сабақ барысында пайдаланып оқушыларыдың ынтасын, қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді.

Осы сабақтар нәтижесінде оқушылар:                                                        

  1. Нақты мақсат қоюға дағдыланады.

  2. Оқу процесіне белсенді қатысады.

  3. Өз ойын айтады, оны дәлелдей біледі.

  4. Айтылған жауаптарының құндылығы жоғары болады және алуан түрлі жауап бере алады.

  5. Сараптауға, бағалауға дағдыланады.

Мен өзімнің жұмыс барысымда жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдерді пайдалануда оқушылардың өз пәніме деген қызығушылығының, сабаққа деген белсенділігінің артқандығын байқадым. Жалпы өз сөзімді қорытындылай отырып, құзыреттілік қалыптастыру аяқталмайтын үрдіс және оны дамыту әр педагогтың міндеті деп ойлаймын.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Естествознание

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
География сабағында оқушылардың құзыреттілігін дамыту жолдары

Автор: Қодарова Забира Отарбайқызы

Дата: 09.02.2018

Номер свидетельства: 455958


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства