Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы 5.3.А Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер | Мектеп: «Ы.Алтынарин атындағы орта мектеп» КММ |
Күні: 22-23.01.2018 | Мұғалімнің аты-жөні: Сабырбекова И.О. |
Сынып: 5а,ә,б,в | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы: | Тірі ағзалардың қасиеттері |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.4.2.1. тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттерді атайды Оқушылардың басым бөлігі: Тірі ағзалардың негізгі қасиеттерінің маңызын тұжырымдай алады. Кейбір оқушылар: тірі ағзалардың бір – бірінен негізгі айырмашылықтарын түсіндіріп, мысалдар келтіреді |
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу, түсіну |
Бағалау критерийі | Тірі ағзаларды ажырата алады |
Тілдік мақсаттар
| Тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін анықтауда оларды жазады. Топтасып жұмыс істеу барысында бір – бірін тыңдайды Терминдерді 3 тілде айтады: Оқулық мәтінін оқиды Негізгі сөздер мен тіркестер: тірі ағза, жасуша, тірі ағзалардың қасиеттері Сыныптағы диалог/ жазылым/ үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: Жазылым бойынша ұсыныстар: тақырыпқа байланысты қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын дәптерде және жұмыс дәптерінде орындайды, жазады. |
Құндылықтарға баулу | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының 7 құндылығына сай – Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы жер бетіндегі тірі ағзаларға қамқорлықпен қарауға, оларға күтім жасауға баулу; |
Пән аралық байланыс | Биология - тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттерді сипаттау барысы биология пәнімен тығыз байланысты |
Алдыңғы білім
| Жалпы тірі ағзаларға тән негізгі ерекшеліктерді бастауыш сыныптардың жаратылыстану, дүниетану пәндерінен біледі |
Жоспар |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
| Ресурстар |
Сабақтың басы 10 мин | Сәлемедесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларға алдағы жұмысқа сәттілік тілей отырып, жақсы психологиялық ахуал тудыру үшін «Досыңа гүл сыйла» тренингін өткізу. Оқушылар шеңберге тұрып бір – біріне гүл суретін ұсыну арқылы жақсы тілектер айтады оқушыларды топтастыру түрлі жемістердің суреттері арқылы топтастыру Үй тапсырмасын сұрау: «Зымыран» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойылады Табиғаттағы қауіпті құбылыстарды білу не үшін қажет? Табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтау деген не? Жер сілкініс және күшті жел соққанда қай орындар қауіпсіз екендігін ата «Миға шабуыл» сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу |
|
Сабақтың ортасы 25 мин | Тапсырма 1: ТЖ (топтық жұмыс) 1 - тапсырма. Суреттерге қарап, тірі ағзаларға тән қасиеттердің атауын және сипатын кестеге толтырыңыз. Критерий: Оқулықты пайдалана отырып кестені толтыра алады Дескриптор: Білім алушылар Қалыптастырушы бағалау түрі: Ауызша уәждеу арқылы бағалаймын. - Иә, бұл дұрыс, енді Сіз … аласыз.
САРАЛАУ: Тапсырма 2: Д (дара) «ОЙЛАН, ТАП» әдісі пайдаланылады Критерий | Дискриптор: | Тірі ағзалардың маңызды қасиеттерін біледі | - сипаттамасы арқылы тірі тіршілік иесінің атын табады - Таралған орнын кескін картаға түсіреді - Берілген тіршілік иесі туралы кең ауқымды қосымша мәліметтер келтіреді | Қалыптастырушы бағалау түрі: Ишара арқылы бағалаймын / СМАЙЛИК/ Тапсырма 3: Тж (топтық жұмыс) «ТОПТАСТЫР» әдісі Оқулық мәтініндегі 119 суреттегі кестені пайдалана отырып, түрлі тірі ағзалардың ортақ қасиеттерінің ішіндегі ең негізгісі ҚОРЕКТЕНУГЕ сипаттама бер. «Сиқырлы қоржында» жасырылған оқушы денсаулығына пайдалы және пайдасыз тағамдарды тітіркену сезімін пайдалана отырып оқушыларға түсіндір. Қалыптастырушы бағалау түрі: Бесбармақ әдісі арқылы бағалаймын | Оқулықты пайдалану 120 – 122 б. Мысалы: - Жарайсың! - Тағы да ойлан! - Бұл ойға қонымды, ойыңыздың бағыты дұрыс! |
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс: «АЛМА АҒАШЫ» әдісі - Оқушыларға сабақ басында 2 түсті алмалар берілді - Сабақ соңында оқушылар алма ағашы суретіне апарып 2 түсті алма суретінің біреуін жабыстырады. - Жасыл алма – Мен бәрін жақсы орындадым, көңіл – күйім тамаша! - Қызыл алма – мен тапсырманы дұрыс орындай алмадым, көңіл күйім жоқ |
|
Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану |
Сабақ барысындағы деңгейлік сұрақтар тізбегі; Мұғалімнің қолдауы Қарқын | Ынталандыру, қолдау көрсету, формальды емес бағалау түрлері; Оқушылар өзара бағалайды; Жұппен бағалау жүргізеді;
| Кабинеттегі тазалық ережелерін сақтайды |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? | Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
Қорытынды бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |