kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кәсіпорынның айналым құралдарын басқарудың теориялық негізі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық субъект, шаруашылық қызметін жүргізу үшін құрылған және оның мақсаты пайда табу мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру. Кәсіпорын негізінен заңды тұлға ретінде құралады және жиынтық белгілер арқылы анықталады. Ол дербес бухгалтерлік баланстың бар болуы, банкте есеп шоттың ашылуы, мүлік пен міндеттемелер үшін жауапкершілігі және өз атынан қызмет жасауы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің мәні өндірісті ұйымдастырудан және тауарды өткізуден құралады. Кәсіпорын басқа да кәсіпорындарымен қарым-қатынаста болады. Олар жабдықтаушылар мен сатып алушылар, біріккен қызмет бойынша серіктестер және банктер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кәсіпорынның айналым құралдарын басқарудың теориялық негізі»

КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛДАРЫН БАСҚАРУДЫҢ

ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ


Серікқажиева Толғанай Беймбетқызы

«Innovative college» мекемесі Семей қ.

Экономикалық пәндер мұғалімі

Кәсіпорын – бұл дербес шаруашылық субъект, шаруашылық қызметін жүргізу үшін құрылған және оның мақсаты пайда табу мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру. Кәсіпорын негізінен заңды тұлға ретінде құралады және жиынтық белгілер арқылы анықталады. Ол дербес бухгалтерлік баланстың бар болуы, банкте есеп шоттың ашылуы, мүлік пен міндеттемелер үшін жауапкершілігі және өз атынан қызмет жасауы. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің мәні өндірісті ұйымдастырудан және тауарды өткізуден құралады. Кәсіпорын басқа да кәсіпорындарымен қарым-қатынаста болады. Олар жабдықтаушылар мен сатып алушылар, біріккен қызмет бойынша серіктестер және банктер.

Қаржы қатынастар ақша қаражаттардың негізінен кәсіпорынның кірісі мен меншікті құралдардың құрылуынан, шаруашылық қызметін қаржыландырудан, қаржы көздерінен қарыздарды жұмылдырудан және кірістерді таратудан пайда болады.

Кәсіпорынды құру кезінде негізгі қорларды және айналым қорларды керекті мөлшерде қалыптастыру өндірістік-шаруашылық қызметті дұрыс жүргізуге әсерін тигізеді. Сонымен, бастапқы капитал өндіріске инвестицияланады да, өндіріс процесс кезінде өнім құны құралады. Сол өнімді өткізу кезінде өнім ақша формасына айналады да, кәсіпорынның есеп шотына түседі.

Айналым активтері кәсіпорынның мүлкінің бір бөлігі ретінде қаралады. Айналым активтері – бұл өндірістік ақша қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процесстер мен өнімді өткізудің қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы.

Кәсіпорынның айналым активтерін ұйымдастыру кәсіпорынның жалпы тиімділігін арттыру проблемасының негізі болып есептелінеді. Оған мыналар жатады:

- айналым қаражатының құрамын және құрылымын анықтау;

- кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін анықтау;

- айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;

- айналым қаражаттарын пайдалану туралы өкім және ептілік жасау;

- айналым қаражаттарын сақтау және тиімді пайдалануға жауапкершілік ету.

Айналым қаражаттарының құрамына көптеген элементтер кіреді.

Өндірістік айналым активтерінің негізгі бөлігі – шикізат, негізгі және қосымша материалдар, жартылай фабрикаттар, жанар және жағар майлар, ыдыстар және т.б. құрылады.

Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт – қолда бар айналым капиталының болуы.

Кәсіпорын меншігіндегі айналым қаражаттарын басқа кәсіпорындарға сатуға, беруге, жалға беруге еркі бар.

Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс қосалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, олар бір мезгілде айналымның барлық үш сатысында да белгілі орында болады. Бір нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамтамасыз етеді. Сонымен, бұдан ескеретін жай - әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.

Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:1

А – Қ ... Ө ... Д – А1 ,

мұнда, А – шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;

Қ - өндіріс құралы;

Ө - өндіріс;

Д – дайын өнім;

А1 - өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаражаттары.

Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе жағдайында кәсіпорын экономикасын дамытуда оны айналым қаражаттармен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.

Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішіндегі ең қарапайымы – айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:2

Қақ = ­­­

мұнда, Өқ– белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны (өнімді өткізуден алынған түсім),

Оқ– сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.

Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады. Өндіріс процесінің үздіксіз айналымдылығы, айналым қаражатының тоқтаусыз айналуына байланысты.

Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен экономикалық өнім жасаудан құрылады. Кәсіпорын өнім шығарады, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.

Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл-әміршілдік экономика жағдайында мына тәсілмен жұмыс істейді:

Ресурстар → Өндіру → Өткізім

Бұл тәсілде ең негізгісі – ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі өнім шығарылымының көлемі болып саналады. Сонымен, жоспарлы экономика жағдайында кәсіпорындарда өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады.

Қазақстан кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бұл жөніндегі жағдай түбірінен өзгерді. Кәсіпорындар бүгінде бүтіндей қарама – қарсы басқа тәсілде жұмыс істеуге мәжбүр болды:

Өткізім → Өндіру → Ресурстар

Бұл тәсілде негізгісі – сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдаятын, сатып алушылардың сұрау салуларын, нарық сиымдылығын, әлуетті бәсекелес өнімдердің сапалылығын және т.б. нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын ескеру қажет. Жасыратыны жоқ, көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептермен аталған тәсілмен жұмыс істеуге қабілетсіздігін көрсетті және де дайын емес еді, олардың ішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге, ал кейбіреулері өтіп жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбеді, қайтадан жоспарлы экономика дәуіріне қайтып келуіне үміттенді.

Кәсіпорындарда негізгі қорларды тиімді пайдалануды сипаттайтын басты көрсеткіш – қор қайтарымы болып табылады. Қор қайтарымының көрсеткіші мына формуламен есептелінеді:


Ққ = ­­­


мұнда, V – жыл ішінде өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн есебімен;

Қ – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.

Бұл формула негізгі өндірістік қорды пайдалану деңгейін егжей-тегжей талдау үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтанғанға қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, бұл өте онды нұсқа болып есептеледі. Өйткені, осы жағдайда ғана өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымының қарсы көрсеткіші - өнімнің қор сиымдылығы (Қс). Бұл өнімнің өлшеміне шаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды.

Қс =


мұнда, Қө - жыл ішінде өндірілген өнімнің тауарлы немесе қалыпты бөлігінің құны;

Өқ – негізгі өндіріс қордың орташа жылдық құны.

Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сиымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. «Қаржы менеджменті» Алматы, 2002.

  2. Балабанов И.Т. «Основы финансового менеджмента» Москва, 1996.

  3. Бочаров В.В., Леонтьев В.Е. «Корпоративные финансы» Москва, 2004.

  4. Ковалев В.В. «Введение в финансовый менеджмент» Москва, 2000.








1

2


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Экономика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Кәсіпорынның айналым құралдарын басқарудың теориялық негізі

Автор: Толганай Сериккажиева Беймбетовна

Дата: 25.04.2019

Номер свидетельства: 508387


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства