kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Вмтвлоытломывбсьлоывисфыгтвлоы

Нажмите, чтобы узнать подробности

сделано на банк.

Поле 'Описание' должно быть не менее 50 символов.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Вмтвлоытломывбсьлоывисфыгтвлоы»

Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер аралық қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме мен талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін

Банк сөзінің мағынасы[өңдеу]

1970

Өкінішке орай, «банк» сөзінің өзі бізге оның мәнін ғана белгісіз етіп коймай, алғашқы несиелік мекеме туралы біздің жорамалымызлын ақиқаттығына күмән туғызады.

«Банк» сөзі «banco» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын аландарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі нысандағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардын, алдында ақша-сауда капиталының өкілдері саудагерлердіңақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт ете келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналады.

Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланыстытүсіндіріледі.

Банк— ерекше кәсіпорын. Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал Банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады. Коммерциялық Банктер бұлармен қатар делдалдық және сенімдік (коммандиттік) операцияларды да жасайды. Атқаратын қызметі мен сипатына қарай — орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның жергілікті филиалдары), коммерциялық, инвестициялық, салалық, ал меншік түріне қарай мемл., акцион., корпоративтік, аралас, мемлекетаралық Банктер болып бөлінеді.

Тарихы[өңдеу]

Жеке қаржы

Несие · Борыш

* Ипотека * Автонесие * Кредиттік карта *Кепілсіз жеке несие * Өзі үшін жалға алу *Студенттік несие * Ломбардтар * Title несие* Payday несие * Қайтару күту несие *Қайта қаржыландыру *Борыштық шоғырландыру * Банкроттық

Еңбек келісім-шарты

* Жалақы * Еңбекақы * Жалақылық орау *Қызметкерлер қор опциясы *Қызметкерлер сыйақысы

Зейнеткерлік

* Зейнетақы * Белгіленген төлемдер *Белгіленген жарналар *Әлеуметтік қамсыздандыру *Бизнес-жоспар * Корпоративтік іс-шаралар

Жеке бюджет

* Қаржылық жоспарлау *Қаржылық кеңесшісі * Стокброкер *Қаржылық тәуелсіздік * Мүлік жоспарлау

Тағы қараңыз

* Банк * Кооператив * Несие одағы

қ · т · ө

Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. VI ғасырда Ежелгі Вавилонда салым операциялары: салымдарды қабылдау және оларға пайыз төлеу операцияларының жасалғағадығын еске сала кетеді. Мұндай операциялар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грекияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған көрінеді.

Сонымен, бұл алғашқы банктік операцияларды орындаған кімдер? — деген сұрақ туады. Тарихшылардың пайымдауынша, олар жекелеген тұлғалар және қолында шоғырланған ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері екен. Шіркеулерқұндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол уақыттары белгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе)ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфадағы Аполлон шіркеуінде барлық еуропалық Грекияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.

Алғашкы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.

Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінін. бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.

Банк қызметтерінің қолайлылығы іскер адамдардың назарынан тыс калмады. Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғаятүсті. Банктер ез кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда-саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің, банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк — Ағылшын банкі1694 жылы қүрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.

Әрине, мұның бөрі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырмайды. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышартын ғана сипаттайды.

Ендеше, осы жерде несие берушінің қандай жағдайларда банкке айналғаны таңғалдырады. Сонымен бізге белгісіз болатын келесі бір нәрсе — бұл несиенің жеке нысаны мен банктік несие арасындағы айырмашылықтың болуы. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың бір тарабы жеке тұлға емес, несиелік мекеменің қалай болғаны түсініксіз болуы мүмкін.

Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғандығы туралы ғана емес, сондай-ақолардың қандайоперацияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.

Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі кездегі сөздіктердегі банк ұғымына мән берелік. Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме» ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналу нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиенттерінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығыныңосы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактурасатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың қүл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ен, бастысы, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуя) XIV—XV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығынын, ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни тауар-ақшақатынастарьшың дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

XVI—XVII ғасырларда Венецияда, Генуяда, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер-клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінін, клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.

Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде — феодализм тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттігінен пайда болғандығын тілге тиек етеді.

Дегенмен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының ей мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.

Алғашқы Банктер орта ғасырда Солтүстік Италияда, кейінірек Германия мен Нидерландтың сауда орталықтарында пайда болды. Банк ісінің ілгері дамуына, әсіресе, 1716—1720 жылы Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемл. қағаз ақшаға айналды. Басты мақсаты пайда табуды көздеген Б. өнеркәсіп пен сауда капиталистерінің мол ақша қаржыларын өзіне тарта бастады. Олар қарызға металл ақша беруден енді ірі өндірісшілерге борышқорлық міндеттемелер арқылы кредит беруге және клиентінің ағымдағы есепшотына ақша аударуға көшті, сөйтіп қарыз капиталының қозғалысын ұйымдастыратын ерекше қаржы кәсіпорны ретінде өріс алды. 20 ғасырдың басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және монополиялануы Банктердің рөлін едәуір өзгертіп, Банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде кредит беруге көше бастады. Олар, көбіне, ұзақ мерзімді қарыз беруге (8 — 10 жылға дейін) ұмтылды. Өнеркәсіп, транспорт, сауда және басқа да акцион. қоғамдардың құнды қағаздарын (акциялар, облигациялар) рынокқа шығару және орналастыру нәтижесінде Банк өнеркәсіппен етене жақындасып, кәсіпорындардың құнды қағаздарының бақылау пакетін өз қолына шоғырландырды. Осының нәтижесінде 20 ғасырдың алғашқы ширегінде Ұлыбритания мен Германияда ірі-ірі Банктер екшеліп шықты. Банк жұмысы барған сайын өркендеп, енді олар жәй делдалдық рөлінен асып, барлық ірі саудагерлер мен ұсақ қожайындардың бүкіл ақша капиталын жинап, белгілі бір елдегі өндіріс құрал-жабдықтары мен шикізат көздерінің көбін билеп отыратын монополиялық құрылымға айналды. Мысалы, 1979 жылы Жапониядағы 13 “қалалық банк” (Мицубиси бэнк, Сумитомо бэнк, т.б.) бүкіл кредит жүйесіндегі активтердің 46%-ін өз қолында ұстады. Ал Ұлыбританияның кредиттік жүйесін 4 банк монополиясы: Нэшнл Вестминстер бэнк, Барклейз бэнк, Мидлэнд бэнк және Ллоидз бэнк билейді. Нью-Йорктегі аса ірі банктер — Чейз Манхеттен бэнк пен Кемикл бэнк қаржылық-монополистік Рокфеллер тобы арқылы жұмыс істеді. Ол ірі өнеркәсіп салаларын (“Боинг”, “Геркулес”, “Монсанто” компанияларды, т.б.) өз уысында ұстап отыр.

Қазақстанға банк жүйесінің енуі[өңдеу]

Қазақстанға банк капиталының енуі және оның территориясында кредит желісінің жасалуы 19 ғасырдың соңында басталды. Ресей империясының кредит жүйесінің бір бөлігі болған Қазақстанның кредит желісі мемлекеттік банкінің бөлімшелерінен, акционерлік коммерциялық банктердің филиалдарынан, сондай-ақ кредит кооперациясынан және ұсақ кредиттің басқа да мекемелерінен құралды. 1-дүниежүзілік соғыстың басталуы қарсаңында Қазақстанда ең қарапайым банк операцияларын жүзеге асырған казначейліктерді, сондай-ақ, 345 кредит және қарыз-сақтық серіктіктерін қоспағанда, 44 Банк мекемесі жұмыс істеді. 20 ғ-дың басында Қазақстандағы негізгі Банктер — Ресей банктері болды. Олардың филиалдары өлкенің орталық қалаларында (Оралда, Омбыда, Петропавлда, Семейде, Верныйда) орналасты. Сауда айналымдарының ұлғаюына байланысты Қоянды жәрмеңкесінде Ресей Мемлекеттік банкінің уақытша бөлімшесі 1894 жылдан жұмыс істеді, ал 1912 жылы Ресей сыртқы сауда банкісінің бөлімшесі ашылды. Сауда-өнеркәсіп ісін тікелей қаржыландыру жөніндегі операциялар — вексельдерді есепке алу және тауарларды кепілдікке алып қарыз беру ісі неғұрлым дамыды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де Қазақстандағы банк жүйесі КСРО банк жүйесінің бір тармағы ретінде қызмет етті. Қазақстанда КСРО Мемлекеттік банкінің 260, жинақ кассаның 4147 мекемесі жұмыс істеді. Тек Қазақстан дербес мемлекетке айналғаннан кейін ғана елдің жеке банк жүйесі құрылды, шетелдік ірі банктердің өкілдіктері ашыла бастады. (Дүниежүзілік банк, Дойче банк, т.б.)

Қазақстанда 1991 жылы басталған Банк реформасының нәтижесінде қос деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі Банк — ҚР Ұлттық банкі. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі және уәкілеттігі ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар Жарлығында (30.3.1995) белгіленген. Өзге Банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Көбінесе олар “коммерциялық Банктер” деп аталады. Себебі, олардың жарғылық қорлары мемл. меншіктен шығарылып, жарналық акцион. капиталдан құралады. Ұлттық Б. эмиссиялық айналымға ақша шығаруға, реттеп отыруға құқылы. Сондай-ақ, коммерциялық Банктер мен олардың бөлімшелері үшін міндетті экономикалық нормативтерді белгілейді, қызметтерін бақылайды және ақша мен алтын қорын сақтайды.[1] Екінші деңгейдегі Банктер халық шарасы мен халыққа сан-салалы қызмет көрсететін коммерциялық-несиелік мекемелерге айналдырылған. Қазақстанда алғашқы коммерциялық Банктер (Интеринвестбанк, Крамдсбанк) 1989 жылдан пайда бола бастады. 1992 жылы олардың саны 232-ге жетіп, 1994 жылы күрт қысқарды. 1999 жылдың басында Ұлттық Банк пен Үкіметтің арнайы ақша-несие саясатының нәтижесінде (жарғылық капиталды өсіру арқылы) Банктер саны бұрынғыдан да азайып, олардың өзіндік капиталы 53,7%-ке (41,2 млрд. теңге), активтерінің жалпы көлемі 10,4%-ке (186 млрд. теңге) жетті. Депозит көлемі ұлттық валюта есебінде 22 млрд-тан асты (1999, қаңтар). Ұлттық Банктің перспективалық жоспарында Банктерді одан әрі шоғырландыра түсу көзделген. Осыған орай олардың жарғылық капиталының ең төм. мөлшерін 300 млн. теңгеге жеткізіп, оны бірте-бірте 1 млрд. теңгеге дейін өсіре беру межеленген. Қазақстандағы екінші деңгейдегі Банктердің ең ірілері қатарына Қазкоммерцбанк, Қазақстанның халықтық банкі, Тұранәлембанк, т.б. жатады (1999). [2]

Банктердің мәні және қызметтері[өңдеу]

Банк жүйесінің, маңызды элементі — банктер болып табылады.

Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

  • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  • жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

  • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын aшy және жүргізу;

  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

  • кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

  • аударым операциялары; заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

  • есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

  • заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай нысанда несиелер беру;

  • заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент- банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуоперацияларын жүргізу;

  • сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

  • клиринттік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза ұстанымын анық- тау;

  • сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін керсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

  • ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

  • төлем карточкаларын шығару;

  • банкнот пен монеталарды және бағалы заттары инкассациялау және жөнелту;

  • шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдасытыру;

  • төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

  • чек кітапшаларын шығару;

  • бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

  • аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

  • ақшалай нысанда орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;

  • үшінші тұлғаның атынан ақшалай нысанда орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.[3]

Ежелгі Римде банк және несие құқының нормалары болған. Осы нормаларға сәйкес, б.э.д. III ғасырда айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерді кумулияр деп атады. Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қоймай, сондай-ақ жер Төлімшелерін сатып алу-сату, және басқа да операцияларды орындаған.

Банктің пайда болуы туралы қарастырғандар оның мәнін ашуға жақындайды, бірақ та банктің толық Мәні әлі де болса жұмбақ болып қала бермек.

Банктік мекемелердің кызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады; Банктер аркылы халық шаруашылығын қаржыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.

Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады: заңи және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы «банктік операциялар» ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады.

Қай Жағынан алсақ та банктің мәнін заң тұрғысынан карау жеткіліксіз болып табылады. Банктің мәнін айқындау оның қызметінің заңмен қатынасын білумен ғана шектелмейді. Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң, емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.

Банктің мәнін талдағанда оның бастапқы атқарған қызметтерін (валюта айырбасы, несие беру, есеп айырысу) жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, кез келгенқұбылыстың мәнін танып білуде, оның қандай операцияларды орындайтыны немесе орындағандығы туралы сұраққа жауап іздеудің қажеті шамалы, бұл жерде ең бастысы, оның сапасына және басқа институттардан өзара айырмашылығына мән берген дұрыс.

Банктің мәнін басқа институттардан өзара айырмашылығына байланысты қарастырсақ, банк ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын болып саналады. КСРО тұсында кәсіпорын ретінде тек фабрика, зауыт, немесе материалдық өнім жасайтын өндіріс саласы түсінілген. Бірақ экономиканын, басқада буындарына«кәсіпорын» деген атақты иеленуге ешқандай да тыйым салынбаған.

Ежелгі Русьте «кәсіпорын» деп қандай да бір іспен немесе қызметпен айналысатын субъектіні айтқан. Сондықтан да белгілі бір қызметпен айналысатын банк сияқты субъектіге «банк — бұл кәсіпорын» деп айту, өзінше дұрыс нәрсе. Мұнымен біз нүкте қоюға тиіс емеспіз, себебі «кәсіпорын» — бұл біздің ойымыздағының бәрін толығымен ашпайды.

Сонымен бірге ол дұрыс нақтылауды қажет етеді, себебі, банк шын мәнінде фабрика да, зауытта емес. Ол бұлардан өзіндік ерекше қызмет көрсетуіне қарай ажыратылады. Ең бастысы — банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан езара ажыратылатыны, оның қызметінін, өндіріс саласы емес, айналыс және айырбас саласында жүзеге асуына байланысты болуы.

Банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс сапасының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше,ягни ақша, төлем құралдары түрінде шығады.

Қызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі «несие» болғандықтан, банкті — «несиелік мекеме» деп атаған.

Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.

Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтықемес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.

Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі — несие ісі түсіндіріледі.

Сонымен, қазіргі түсінікте «коммерциялық банк» — бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңнын, 1-бабына сәйкес, «банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Экономика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Вмтвлоытломывбсьлоывисфыгтвлоы

Автор: Сейсенбек Даурен Ибадиллажанович

Дата: 16.03.2019

Номер свидетельства: 503294


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства