kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Планирование на тему:"Кәсіпорын кіріс түрлері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кірістың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады.

      Экономикалық қөзқарас бойынша кіріс дегеніміз - бұл ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан

қарастыратын болсақ, кіріс - бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде кіріс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық – шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі кірістарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді. Біз білетіндей, кәсіпорын кірістары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:

 • негізгі қызметтен алынған кіріс;

• өзге де кірістар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Планирование на тему:"Кәсіпорын кіріс түрлері"»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Талдықорған политехникалық колледжі

САБАҚ ЖОСПАРЫ № 27

Күні

Топ





Пән: Нарықтық экономика негіздері.

Сабақ тақырыбы: Кәсіпорын кіріс түрлері

Сабақтың типі: аралас

Пәнаралық байланыс: эконмика негіздері, кәсіпорын экономикасы, математика, бухгалтерлік есеп т.б.



Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге кәсіпорын және оның кірісі жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: Кәсіпорын және кәсіпкерлік жайлы алған білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Студенттерді адалдыққа, ұқыптылыққа пән сүйгіштікке, тазалыққа тәрбиелеу.


Сабақты жабдықтау.

Көрнекі құралдар: Лекция-конспект, тест тапсырмалары, бақылау сұрақтары

Негізгі әдебиет: Г.И.Әбдікерімова «Кәсіпорын экономикасы»

Сабақты жүргізу кезеңдері.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын бақылау, кабинеттін тазалығын тексеру.

ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.

Кіріс дегеніміз не? Кіріс түрлерін атаңыз. Кірістің өсуінің басты көзі неде? Кіріс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі дегенді қалай түсінеміз? т.б.

ІІІ.Жаңа тақырыпты баяндау.

1. Кәсіпорын кірісіның экономикалық мәні

2. Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері

3. Кірістың кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары

4. Кәсіпоын кірістерінің есебін ұйымдастыру

IV.Жаңа тақырыпты бекіту.

Кәсіпорын дегеніміз не? Кәсіпорынның орталарын атаңыз. Кәсіпорын функцияларына не жатады? Кіріс түрлерін атаңыз. т.б.

V. Үй тапсырмасы.

Г.И.Әбдікерімова «Кәсіпорын экономикасы» 117 бет

VІ. Сабақты қорытындылау

Сабақты қорыта келе студенттердің сабақта белсене қатысқандарына байланысты бағаларын қою.

Оқытушы: Байдилданова М. С.

Әдіскер: Жанысбекова Г.А.

Кәсіпорындағы кіріс есептерін анықтау

1. Кәсіпорын кірісіның экономикалық мәні

2. Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері

3. Кірістың кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары

4. Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастыру

3. Кәсіпорын кірісіның экономикалық мәні

Кірістың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады.

Экономикалық қөзқарас бойынша кіріс дегеніміз - бұл ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан

қарастыратын болсақ, кіріс - бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде кіріс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық – шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі кірістарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді. Біз білетіндей, кәсіпорын кірістары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:

• негізгі қызметтен алынған кіріс;

• өзге де кірістар.

Негізі қызметтен алынған кіріс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат крістерін қамтиды. Өзге кірістарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған кіріс жатады. Кірістің кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады. Кәсіпорын іс-әрекетінің маңызды көрсеткішінің бірі кірістілік болып табылады. Кірістілік – бұл өндіріс кәсіпорын жұмысының саласын сипаттайтын жалпы көрсеткіш. Себебі тапқан пайда көлеміне қарамай кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің толық салалық бағасын тек кірістіліктің деңгейі ғана көрсете алады. Ол пайданың өндіріс қорына немесе өнімнің өзіндік құнына қатынасын білдіреді. Кірістіліктің көрсеткіші өндіріске кеткен шығын мен кірісті салыстыра отырып, өндірістің тиімділігін бағалайды. Кәсіпорындарда кірістілік деңгейінің жоғарылауына тікелей әсер ететін негізгі факторларға келесілер жатады:

-өндірілген өнім көлемінің өсуі;

-өндірістің өзіндік құнының төмендеуі;

-өндірістік негізгі қор мен айналым қаражаттарының уақытының қысқаруы;

-кіріс көлемінің өсуі;

-қорлардың дұрыс пайдалануы;

-құрал-жабдықтарға, ғимаратқа және құрылысқа деген бағаны дұрыс қалыптастыратын баға жүйесі;

-материалдық ресурстардың аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің запас мөлшерлерін дұрыс , тиянақты ұстап тұру;

-жоспарлы және жүйелі түрде ғылым мен технологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін ендіру;

-еңбек ресурстры мен өндіріс қорларын тиімді пайдалану.

Кірістіліктің экономикалық мәні өнімнің бірлігіне кететін нақты және заттай еңбектің шығынымен ғана шектелмейді. Өндіріс үрдісіне қатынасатын қаражаттардың көлемі өнімді дайындауға кеткен шығындар қосындысынан елеулі айырмашылығы болады. Өндіріс үрдісінде ғимарат, құрылыс, құрал-жабдық және саймандар түрінде болатын негізгі қордың біраз мөлшері қатысады.

Кірістіліктің өсуінің басты көзі - өндіріске кететін шығындарды, өнімнің өзіндік құнын төмендету болып саналады. Өнімнің өзіндік құнын төмендету көбінесе, негізгі қордың тиімділігін жоғарылату, материалдық ресурстарды үнемдеу, еңбек өнімділігін өсіру арқылы жетуі болады.


2. Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері


Кіріс – белгілі бір уақыт аралығы ішінде кәсіпорынның тауарлар жасау мен қызмет көрсетуінің динамикалық процесі. Кірістер ұйымның өмір сүру көзі болып саналады. Кіріссіз пайда жоқ, пайдасыз кәсіпорын да жоқ. Сондықтан да әрбір кәсіпорынның шаруашылық процесіндегі негізгі мақсаты – табыс табу болып табылды. Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражаттарының түсімі немесе материалдық құндылықты алуды көрсетеді. Яғни, кірістер (табыс) – есептік кезең ішінде экономикалық пайданың көбеюі немесе активтердің ұлғаюы, міндеттемелердің азаюы. Алайда құрылтайшылардың салымдары кәсіпорынға табыс болып саналмайды. Кәсіпорын табысының негізгі функциялары:

1.Ол мемлекеттік бюджеттің табыстарының көзі болып табылады;

2.Ол кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі;

Табысқа тез қол жеткізу үшін кәсіпорын өз әрекетінің өрісінде төменгі қағидаларды басшылыққа алу қажет:

1.Бір өнімге, не қызметке монополиясының болуы;

2.Экономикалық циклдың кезеңдеріне бизнестің өсуі тәуелсіз болуы қажет, яғни өндірістің құлдырау уақытында фирманың айналымы өсуін тоқтатпайды;

3.Кәсіпорын өз кірісін өнімді өткізуден алса, коммерциялық табысқа жету

үшін сатылатын тауардан алынатын пайданың үлесі жоғары болады;

4.Кәсіпорынның пайда мөлшері және тапсырманың өсу қарқыны әрқашан жоғары болып, өнімге қайталап берілетін тапсырма мол болу қажет;

5.Кәсіпорын баяндамалар мен биржаның оперативтік есептерінде аз жазылатын бизнес өрісінде қызмет істеуі қажет;

6.Кәсіпорын өз шаруашылық әрекетіне, менеджерлердің қабілетіне тәуелді өрісті таңдауы қажет;

Кіріс:

• тауарлы материалды қорларды сатудан;

• қызметтер көрсетуден

• ұйымға жататын, сыйақы, роялти мен дивиденттерден әкелетін активтерді пайдалануға беруден алынады.

Алынған кірістерді есебі өз кезегінде әр түрлі әдістері: жеткізу бойынша есеп әдісі, келісім шартты (контрактіні) пайдалану кезеңдері бойынша есеп әдісі, өндіріс бойынша есеп әдісі, мерзімін ұзарту әдісі қолданылады.

Табыстарды өлшеу – операция нәтижесінде толық алынуы тиіс ақшаға берілген құқықтың дисконтталған ағымдағы құны немес ақшалай баламасы. Көптеген жағдайларда ақша баламасы шартпен белгіленеді. Ережелер бойынша қайтарып берулер, саудалық жеңілдіктер және басқа азаюлар шаруашылық операциялармен құрылған табыстан шегерілуі тиіс.

Табыс – капиталды көбейтуге әкелетін жарғылық қызмет барысында кәсіпорынның есеп беру кезеңіндегі экономикалық пайданың жалпы түсуі. Капиталдың көбеюі деп құрылтайшылар жарнасынан басқа оның кез келген көбеюі түсініледі.

Сатылған тауарлардың кірістері танылады, егер:

- кіріске алу ақылар мен тәуекелділіктерді кәсіпорын сатып алушыға аударып тастаса;

- егер кәсіпорын сатылған тауарларға бақылау жасамаса;

- егер кірістер сенімді бағаланса; - егер жасалған делдалдықтан пайда алуына сенімді болса;

- егер жасалған делдалдықтан алынатын табыс дұрыс бағаланса;

Көрсетілген қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:

• есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;

• мәмілені жүргізу кезінде жұмсалатын шығыстары да, мәмлені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса;

Кәсіпорын барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді.

Мәміленің сипатына қарап, оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланылады:

• белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;

• белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтердің пайыздық қатынасы;

• орындалған жұмысты талдау

Аралық негізде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардын алынатын аванстар, табыс болып танылмайды. Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалатын шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар:

  • өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс;

  • жалпы табыс;

  • негізгі қызметтен алынатын табыс;

  • салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс;

  • салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс;

  • төтенше жағдайлардан алынған табыс;

  • кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді. Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай артты. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында табыстың рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:

• мемлекеттік бюджет табысының көзі;

• кәсіпорын мен бірлестіктердің өндірістік және әлеуметтік даму көзі.

3. Кірістың кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары

Нарықтық жағдайда кірістың рөлі айтарлықтай өсті. Кіріс табу кез келген кәсіпорынның мақсаты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен кіріс кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды.Тек кіріс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Кіріс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістікжәне әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принціп өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді.Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелермен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдары банктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін. Нарықтық экономикада кәсіпорын кірісының рөлі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде кірістар бірқатар маңызды функцияларды атқарады.

Біріншеден, кіріс кәсіпорын қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. Себебі кәсіпорынға кез-келген бір кіріс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет.

Екіншіден, кіріс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, кіріс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші рөл атқарады. Кіріс «кәсіпорынның басты мақсаты» деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы кірістың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне байланысты. Кіріс-меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын кіріс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивиденттік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды. Нарықтық экономикада кіріс-өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғушы күші болып табылады. Тағы да айта кететін жағдай-кіріс кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады.Салықтарды, дивидендтерді және де басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын кіріс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.

Үшіншіден, кіріс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Кіріс мемлекеттік бюджет қазынасы салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде кездеседі. Бұл қаражаттар,өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды

түрде бекітілген мақсаттарына бағытталды. Сонымен кәсіпорынның кірісі-оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады.

4. Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастыру

Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдарының өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектісі әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отыратыны дұрыс. Кәсіпорындарға негізгі құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамның сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғары үкімет орындарының беруі және тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау- тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

• объектінің аты;

• объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;

• салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;

• құрылыстың салынып біткен уақыты; • амортизациялық аударым мөлшері;

• бастапқы құны;

• басқа шартты белгілері.

Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтыралатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу мөлшері, істен шығарылу себебі) және тағы да басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады. Негізгі құралдарғы толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен ұйымның бухгалтериясына тапсырылуы тиіс. Актімен бірге объектінің техникалық төлқұжаттары да беріліді. Бухгалтерия бұл құжаттардың негізінде тиісті түгендеу карточкалар мен негізгі құралдарды есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар кәсіпорыннның тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні ұйымның басшысы бекітеді.



































Бақылау сұрақтары


1.Кәсіпорын дегеніміз не?


2.Кәсіпорынның орталарын ата.


3.Кәсіпорын қандай заттарды шығарады?


4.Капитал дегеніміз не?


5. Кәсіпорын фукцияларына не жатады?


6. Кіріс дегеніміз не?


7. Кірістіліктің өсуінің басты көзі неде


8. Кәсіпорынның табыстылығы қандай көрсеткіштермен сипатталады?


9. Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл



10. Табыстарды өлшеу дегеніміз не?




























Тақырып бойынша тест сұрақтары:


1.Кәсіпорын дегеніміз - ...

А) экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі

Б) ақша айналымы

В) несиемен қамтамасыз ететін мекеме

Г) мемлекеттік бюджет

Д) әкімшілік есеп


2.Кәсіпорынның орталарын көрсет:

А) сыртқы орта және ішкі орта

Б) қоршаған орта

В) жай орта

Г) әлеуметтік орта

Д) табиғи орта


3.Кәсіпорын фукцияларына жатады –

А) өндірісте және жеке тұтынылатын өнім шығару.

Б) ақша шығару

В) қалдық шығару

Г) зат шығару

Д) сұраныс жасау


4.Ғылыми зерттеулер, проект, конструкциялау, дайындау, жөндеу, бақылау, қызмет ету, сақтау, тасымалдау, түптеу, басқару бұлар - ...

А) Кәсіпорын жүргізетін процесстер

Б) кәсіпорын ресурстары

В) кәсіпорын шығындары

Г) кәсіпорын кірістері

Д) дұрыс жауап жоқ


5. Кірістіліктің өсуінің басты көзі неде?

А) өндіріске кететін шығындарды, өнімнің өзіндік құнын төмендету болып саналады

Б) өнімнің өзіндік құнын жоғарлату

В) өндіріске кететін шығындарды жоғарлату

Г) қосымша ақшалар

Д) дұрыс жауап жоқ



6.Кіріс дегеніміз не?

А) белгілі бір уақыт аралығы ішінде кәсіпорынның тауарлар жасау мен қызмет көрсетуінің динамикалық процесі.

Б) кәсіпорын шығындары

В) жұмысшыға төленетін төлем

Г) салықтар

Д) өнім шағару процесі



7.Кәсіпорынның табыстылығы қандай көрсеткіштермен сипатталады?

А) абсолюттік және салыстырмалы

Б) ашық және жабық

В) арнайы және қосымша

Г) шынайы және жалпы

Д) аралас және құралас


8.Табыстар немесе пайдалардың сомасы – бұл...

А) табыстылықтың абсолютті көрсеткіші

Б) төленетін сомма

В) төленетін қарыздар

Г) табыстын жарты бөлігі

Д) барлық жауап дұрыс


9.Операция нәтижесінде толық алынуы тиіс ақшаға берілген құқықтың дисконтталған ағымдағы құны немес ақшалай баламасы бұл - ...

А) табыстарды өлшеу

Б) шығынды өлшеу

В) инвестиция тарту

Г) кәсіпорын өндірісін несиелендіру

Д) табыстылықтың абсолютті көрсеткіші



10. Ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы болып табылады- бұл...

А) кіріс

Б) шығын

В) тауар

Г) салық

Д) инвестиция






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Экономика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Планирование на тему:"Кәсіпорын кіріс түрлері"

Автор: Кукшибаева Махаббат Лияновна

Дата: 19.02.2018

Номер свидетельства: 458486


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства