kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кассадағы ұлттық және шетел валютасы операцияларының есебі және құжатпен рәсімделуі

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ақша қаражатының қозғаласы туралы есеп» ҚХЕС/IAS 7 бухгалтерлік есеп стандартында ақшалай қаражат - кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол ақша ретінде анықталады. Ақша қаражаты қозғаласы – олардың операциялық, инвестици-ялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.

«Ақша қаражатының қозғаласы туралы есеп» ҚХЕС/IAS 7 сәйкес, ақша қаража-тына қолма-қол ақшамен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кассадағы ұлттық және шетел валютасы операцияларының есебі және құжатпен рәсімделуі»

3 Тақырып. Кассадағы ұлттық және шетел валютасы операцияларының есебі

және құжатпен рәсімделуі


Жоспар:

1. «Ақша қаражатының қозғаласы туралы есеп» ҚХЕС/IAS 7

2. Кассалық операцияларды құжаттық рәсімдеу

3. Кассалық операциялардың синтетикалық есебі

4. Касса операцияларына түгендеу жүргізу және оның нәтижесін бухгалтерлік есеп

шоттарында көрсету


«Ақша қаражатының қозғаласы туралы есеп» ҚХЕС/IAS 7 бухгалтерлік есеп стандартында ақшалай қаражат - кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол ақша ретінде анықталады. Ақша қаражаты қозғаласы – олардың операциялық, инвестици-ялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.

«Ақша қаражатының қозғаласы туралы есеп» ҚХЕС/IAS 7 сәйкес, ақша қаража-тына қолма-қол ақшамен талап етілгенге дейінгі салымдар кіреді.

Кассадағы ақша қаражатын сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектінің дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелерінде белгіленген.

Касса – бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Операция жүргізілетін уақытта есіктер ішкі жағынан жабылады, сейфтің және темір шкафтың кілтері кассирде сақталады, ал кілттердің көшірмелері мөрленген пакетте кәсіпорын басшысында болады. Қабылдаған құндылықтардың сақталуы үшін материалдық толық жауапкершілік көтеретін кассир кассалық операцияларды жүргізеді. Кассирді – жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шыққаннан кейін басшы оны кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен таныстыруға міндетті және толық жеке жауапкершілік жайлы шарт жасасады.

Кәсіпорындар өздерінің есепшоттарынан қолма-қол ақша алады, бұл мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып, онда талап етілетін соманың тағайындалуын (еңбекақы төлеуге, жәрдемақыға және шаруашылық шығындарына және т.б.) көрсетуге міндетті. Қолма – қол ақша алу үшін субъект банкке алдын ала талап етілген сомаға тапсырыс жолдайды.


2. Кассалық операцияларды құжаттық рәсімдеу

Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер қол қойған кассалық кіріс ордерімен(ККО) (ф. № КО-1) ресімделеді. Кассалық кіріс ордерін бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырады, кассалық кіріс және шығыс құжаттар тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушының қолына түбіртекті беріледі, ал ордер кассада қалада.

Қолма-қол ақша берумен байланысты операциялар кассалық шығыс ордерімен (КШО) (ф. №КО-2) немесе басқа құжатармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) және фискалды жады бар бақылау – кассалық аппараттар арқылы жүргізіледі. Бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер мен ұйым басшысы қол қояды, кассалық кіріс және шығыс құжаттар тіркеу журналында тіркеледі. Ақша беру туралы құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. ККО, КШО және оларды ауыстыратын құжаттар сиямен немесе шарикті қаламмен (қызыл мен жасыл түстен басқасымен) анық, түсініктті толтырылуға тиісті, не болмаса компьютерде басылады. Бұл құжаттардың түзетілген жері, түзетуі болмау керек. ККО, КШО- ларында оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін құжаттар аталады. ККО, КШО кассаға тапсырылуға дейін бухгалтерияда кіріс және шығыс құралдарды тіркеу журналында (ф.№КО-3) тіркеледі.

Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир 1 жылға ашылатын (№КО-4 ф.) кассалық кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары нөмерленіп, жіппен қайымдалуы тиіс және парақтардың жалпы саны кассалық кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрмен мөрленіп, бас бухгалтер мен басшының қолдарымен бекітіледі. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы 2 дана болып жүргізіледі. ККО, КШО жазбалары басталмас бұрын кассалық кітапта күн басындағы ақша қалдығы операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшаның қалған қалдығын шығарады. Кассалық кітап беттерінің екінші даналары жыртылады және кассирдің есебі болып қызмет етеді. Есеп оған тіркелген бастапқы құжаттармен (ККО, КШО) бірге бухгалтерияға тапсырылады.

Кассирден қабылданған есеп пен құжаттарды бухгалтерия қызметкерлері тексереді, ал кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бас бухгалтер бақылайды. Алушының КШО-да қолхатпен расталмай, кассадан ақша берілуі табылса, бұл сома кем шығу деп саналады және кассирден төлеттіріп алынады, мұндайда кассирдің атына кассалық шығыс ордері жазылады. Егер қолма-қол ақша сомасы кассалық кіріс ордерімен кіріске алынбаса, онда ол касса артығы деп саналады және кассалық кіріс ордерінің көшірмесі жолымен субъект кірісіне есептеледі.

Егер кәсіпорында жұмысшылар саны көп болса және жалақы банкоматпен емес қолма-қол берілсе, жалақы төлеу үшін кассир атына кассалық шығыс ордері толтырып, бас бухгалтер мен басшының қолы қойылып, төлем ведомосы ресімделеді. Алайда жалақы төлеуді тездету үшін басшы бұйрығымен «қоғамдық кассирлер» тағайындалып, олардың кассадан ақша алып, өз бөлімшесіне тізімдеме негізінде ақша төлеуіне болады. Кассир қоғамдық кассирге ақшаны «Кассир қабылдаған және берген ақшалар кітабын» тіркеу арқылы қолхат бойынша береді (ф.№КО-5). Бұл құжаттар сенімді тұлғаға мекеме кассасынан айлық төлеу үшін берілген ақшаны есептеу үшін және төленген құжаттар мен қайтарылған қолма-қол ақшаны есептеу үшін пайдалынады. Бұл кітапты кассир жүргізеді. Ақшаны беру мен қайтару қол қою арқылы бекітіледі.

Еңбекақы төленген кейін қоғамдық кассир қалған ақшаны және қол қойылған ведомосты кассаға өткізеді.

Кассирдің есеп беру (кассалық кітабінің) кезінде толтырылған беті төменде келтірілген.

Құжат

Кімнен алынды немесе

кімге берілді

Корреспонден- цияланатын шот

Кіріс

Шығыс

1

2

3

4

5


Күн басындағы қалдық


60000-00


352

Л. Ниязовадан пәтер ақы

1252

50000-00


352

Чек бойынша банктен еңбек ақы төлеуге

1030

540000-00


243

Г.Мұқашеваға еңбекақы

3350


50000-00


Жиыны


590000-00

50000-00


Күн соңындағы қалдық,

Соның ішінде еңбек ақыға


600000-00 490000-00


Кассир-----(қолы)

Кассалық кітаптағы жазуларды тексердім және екі кіріс және бір шығыс құжатын қабылдадым.

Бухгалтер ---------- (қолы)


3. Кассалық операциялардың синтетикалық есебі

Кассалық операциялардың синтетикалық есебі 1010 «Кассадағы ұлттық валютадағы ақша қаражаты», 1011 «Шетел валютасындағы ақша қаражаты» деп аталатын активті шоттарда есепке алынады. Дебеті бойынша 1010, 1011 шоттарының кассаға түскен қолма-қол ақша сомасы, ал кредиті бойынша кассадан жұмсалған ақша қаражаты сомасы көрсетіледі.

Дебет бойынша 1010 шотында кассаға түскен қолма-қол ақша сомасы көрсетіледі:


Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дебет

Кредит

1

2

3

4

1

Банктегі есептшоты кассаға түскен ақша қаражаты (еңбекақы беруге, шаруашылық шығындары және т.б.)

1010

1030

2

Тапсырыс берушілерден, сатып алушылардан, көрсеткен қызмет, өнім үшін кассаға түскен қолма қол ақша

1010

1210

3

Өнім өткізіп, қолма-қол есеп айырысудан (өткізуден түскен, жұмыстан, көрсеткен қызметтен) түсім

1010

6010

4

Өткізілген негізгі құралдар, МЕА құнды қағаздар үшін төленген түсім

1010

6210

5

Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға түсті

1010

1030

6

Жұмсалған есеп берілетін сома кассаға қайтарылды

1010

1250

7

Банктен қысқа мерзімді қарыз қолма-қол ақшамен алынды

1010

3010

8

Алдағы кезеңдер табысы шотына әртүрлі төлемдер кассаға түсті (жалға беру ақысы және т.б.)

1010

3520

9

Түгендеу кезінде анықталып, кіріске алынған кассадағы ақшаның артық шығуы

1010

6280

10

Жабдықтағаны орындалған қызмет үшін аванс түскенде

1010

3510

11

Еншілес серіктестіктерден (тәуелді, бірлесіп бақылана-тын) қайтқан берешектер

1010

1220,

1230


1010 шотының кредиті бойынша кассадан төленген ақша қаражатының сомасы жазылады:

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Дебет

Кредит

1

2

3

4

1

Қолма-қол ақша төленген НҚ, МЕА сатып алынды және кіріске алынды

2410

2730

1010

2

Кассадан есепшотқа ақшалай қаражат тапсырылды

1030

1010

3

Кассадан еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы берілді

3350

1010

4

Қолма-қол ақша төленген, өнімді тиеу мен өткізу шығындары

7110

1010

5

Қолма-қол есеп айырысумен алынған акциялар, облигациялар

1130

1010

6

Жабдықтаушылардың шоттарына кассадан қолма-қол ақша төлеу

3311

1010

7

Кассадан есеп берілетін ақша берілді

1251

1010

8

Жалға қолма-қол ақшамен төленгенде

3360

1010

9

ТМҚ жабдықталған, орындалған жұмыспен көрсетілген қызмет үшін берілген аванстар сомасы

1610

1010

10

Қарыздарды (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) жеке және заңды тұлғаларға кассадан қолма-қол ақшамен қайтыру

3020

1010

11

Алынған аванстың қайтарылуы

3510

1010

12

Түгендеу кезінде анықталған кассадағы ақша қаражатының кем шығуы

1280

1010

13

Анықталған кем шығу кінәліге қойылады

1252

1280

14

Кінәлі кем шығуды өтеді

1010

1252

15

Егер кінәлі табылмаса немесе сот өндіруден бас тартса

7470

1280

16

Түсім банкке инкассатор арқылы тапсырылады

1020

1010


4. Касса операцияларына түгендеу жүргізу және оның нәтижесін бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету

Түгендеу – шаруашылық құралдары мен қаржылық міндеттемелердің нақты барын белгілі бір мерзімге бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру жолымен аңықтау.

Кассадағы ақшалай қаражаты - кассада деп саналатын ақшалай қаражаттың бар-жоғын айқындау және қатаң есептегі банкноттарды парақтау санап шығу жолымен туген-дейді. Түгендеу қорытындыларын «Ақшалай қаражаттың бар-жоғын түгендеу актісімен» жеке ресімдейді.

Кассаны түгендеу шаруа қожалығының басқармасы бекіткен касса операцияларын жүргізу туралы ережелерге сай өткізіледі.

Қатаң есептегі құжаттар мен бланкілер (авиа және теміржол билеттері, бензинге талон және басқалары) кассаларын түгендеу әдетте кенеттен, кассир мен бас бухгалтердің қатысуымен, кассада сақталатын басқа құндылықтарды тексеріп және қолма-қол ақшаны түгел парақтап санау арқылы жүргізіледі.

Ақша түгендеу актісі - ұйым кассасында тұрған ақшалай құжаттардың, ақшаның бар-жоғын түгендеу нәтижелерін көрсету үшін қолданылады. Комисссия ұйым кассасындағы тұрған ақшалай құжаттарды, барлық ақшаны түгел қайтадан есептеу жолымен ақшаның бар болуын тексереді. Акт екі дана болып жасалады және түгендеу комиссиясы мен материалдарға жауапты адам қол қояды. Бір данасы ұйым бухгалтериясына беріледі, екіншісі материалдық жауапкершілікті адамда қалады. Түгендеу басталғанға дейін ақша, ақшалай қаражаттардың сақтаулы үшін жауап беретін материалдарға жауапты адамның қолхат алынады. Қолхат форманың тақырыптық бөлігіне кірген. Материалдарға жауапкер адам құжаттарды тапсырған материалдарға жауапты.

Мысалы, кассаны түгендегенде 150 теңге мөлшерінде артық шығу табылды, бұл жағдайда кассалық кіріс ордері жазалады:

Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

Кт 6280 «Өзге кірістер» - 150 теңге

Егер кассаны түгендеу кезінде 5 000 теңге кем шықса, мұндай жағдайда шығыс ордері жазалады:

Дт 1281 «Кем шығу, құндылықты бүлдіру»

Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» - 5 000 теңге

Кем шығу кассир есебіне қойылды

Дт 1252 «Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысулар»

Кт 1281 «Кем шығу, құндылықты бүлдіру шығындары» - 5 000 теңге

Кассирдің кем шығуды өтеуі (кассалық кіріс ордері жазалады)

Дт 1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

Кт 1250 «Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысулар


Әдебиеттер тізімі және оқыту құралдары

Heгiзгi оқу әдебиеттері:


  1. 28.02.2007ж. №234-111 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

  2. 24.12.1994ж. К,Р Азаматтық кодекс! (кейінгі өзгертулер және толықтырулармен)

  3. Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да төлемдер туралы» кодекс. (кейінгі өзгертулер және толықтырулармен)

  4. 2004 жылдың 01 маусымынан Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.

  5. 13.11.96ж. бухгалтерлік есеп бойынша K.P. ұлттық комиссиясы бекіткен бухгалтерлік есептің стандарттары және оларға кейінгі толықтырулары мен өзгертпелері бар әдістемелік нұсқаулар

6. Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары

7. 22.12.2005ж. №426 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бекіткен бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Акпараттық бюллетені.

  2. Нормативтік акттер - Қазақстан Республикасы Министрлігінің арнайы шығарылымы

  1. 2.11.1997ж. №72 Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелерінің Департаментінің бұйрыгымен бекітілген «Бухгалтерлік есеп тіркегіштерін толтыру бойынша нұсқаулық».

  2. В.К.Радостовец. Кәсіпорындық қаржылық және басқарма eceбі. - Алматы, 1997

  3. В.Л. Назарова, М.С. Жапбарханова. Бухгалтерлік есеп. – Алматы, 2012


Қосымша әдебиеттер:


    1. В.К.Радостовец. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. - Алматы, 2002ж.

    2. В.К.Радостовец. Бухгалтерлік есептің теориясы мен салалық ерекшеліктері, - Алматы, 2000ж.

    3. Ф.С.Сейдахметова. Қазipri заманғы бухгалтерлік есеп, - Алматы, Экономика, 2000 ж.

    4. К.К.Кеулімжаев, Н.А.Кудайбергенов. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. - Алматы, Экономика, 2006ж.


Оқыту құралдары


1. Техникалық оқыту құралдары (компьютер).

2. Карталар, сызбалар және плакаттар.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Экономика

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Кассадағы ұлттық және шетел валютасы операцияларының есебі және құжатпен рәсімделуі

Автор: Камардинов Ержан Кайрылдаұлы

Дата: 06.06.2019

Номер свидетельства: 513599


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства