kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Экология негіздері " пәніне арналған тесттер жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды табиғатпен таныстыруда  және экология негіздері сабағына арналған тесттер жинағы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Экология негіздері " пәніне арналған тесттер жинағы»

Тіл дамыту пәнінен сынақ тапсырмалары


1.Балаларға ана тілін меңгертудегі оқытудың рөлі

2.Тіл дамыту – балаларды тәрбиелеу мен оқытудың жалпы негізі

3. Балалардың ана тілін меңгерту заңдылықтары

4. Тіл дамыту әдістемесінің пәні

5.Тіл дамыту әдістемесінің әдістемелік негізі қоғамдық- тарихи дамудың өнімі – тіл

6. Әдістеменің психологиялық негізі

7. Сөйлеу дағдылары

8.Сөйлеу шеберлігі

9.Лингвистикалық негізі

10.Тіл дамыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы: анатомия, мектепке дейінгі дидактика, бастауышта оқыту әдістемесі, ана тілі

11. Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту құралдары

12.Сөйлеудің дамушы ортасын ортасының құру

13.Балалардың сөйлеу тілін дамытудағы педагогтің рөлі

14. Қазақстан Республикасындағы әдістеменің дамуы

15. Қазіргі МДТҰ арналған білім беру бағдарламасында мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың мақсаты, мазмұны және ұстанымдары

16.Балалардың сөйлеу тілін дамытудың міндеттеріне сипаттама

17. Сөздік қордың дамуы - бала тілін дамытудың негізі

18.Сөзді тындаудың дамуы, дыбыстарды дұрыс айту – сөйлеудің дыбыстау мәдениетіне тәрбиелеусөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру – барлық сөз таптарын және сөз жасау тісілдері

19. «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу».

20.Әрбір жас ерекшелік топтарында тіл дамыту бағдарламасының міндеттері

21.Қоршаған ортамен таныстыру бағдарламасымен байланысы

22. Әрбір жас ерекшелік топтарында тілге тәрбиелеудің мазмұнының сабақтастығы

23.«Балбөбек» бағдарламасы

24.«Алғашқы қадам» бағдарламасы

25. «Зерек бала» бағдарламасы

26.«Біз мектепке барамыз» бағдарламасы

27. Сауат ашуға дайындаудың мәні

28. Әрбір жас ерекшелік топтарындағы сауат ашуға дайындаудың мазмұны және міндеттері

29. Сөз және сөйлеммен таныстыру

30.Сөздің буыннан құрылуымен, сөйлемнің ауызша құрылымымен таныстыру

31. Дыбыстық талдау әдістеменің қалыптасуы – ерекше ақыл-ой іс-әрекеті

32. Жазуға қолды, көзді дайындау мектепке дайындық топтарының негізгі міндеттері

33. Тілдің дамыту әдістерінің жіктелу және олардың сипаттамасы

34.Әр түрлі жас ерекшелік топтарда баланың тілін дамыту әдістерін қолдану ерекшеліктері

35.Байланыстары сөйлеу түсінігі және оның баланың дамыуындағы маңызы

36. Әрбір жас ерекшелік топта балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің мазмұны мен міндеттері

37. Әртүрлі жастағы балалардың байланысыстырып сөйлеуін дамыту әдістері

38. Әртүрлі жас ерекшелік топтардағы балаларды әңгімелеп беруге үйретудің міндеттері

39. Балаларға арналған көркем әдебиеттің рөлі және әдеби шығармаларды балалардың қабылдау ерекшеліктері

40. Балаларды көркем шығармалармен таныстырудың мазмұны мен міндеттері

41. Әртүрлі жастағы балаларға әңгімелеп беру және көркем оқып беру әдістері

42. Көркемдік – сөздік іс-әрекет

43. Балалардың сөйлеуін дамытуда жатқа дауыстап оқу мен жаттаудың рөлі

44. Мектепке дейінгі жастағы балалардың күнделікті өмірдегі әртүрлі іс – әрекеттерінде балалардың сөйлеуді дамыту міндеттерін жүзеге асыру

45. Сабақ мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытуды сабағын ұйымдастыруға қойылатын талаптар

46. Балаларды сауат ашуға дайындаудағы маңызы

47.Қазіргі кездегі МДТҰ – ның білім беру бағдарламаларындағы балаларды сауаттылықты меңгертуге дайындаудың мазмұны және міндеттері

48. Балаларға сауаттылық элементтерін меңгертуге дайындауда дидактикалық жаттығулар мен ойындардың рөлі

49. Балалардың сауат ашуға дайындаудың дидактикалық және ұйымдастырушылық шарттары

50.Балалардың сауат ашуға дайындаудың тиімді технологиялары




Практикалық тапсырмалар


1.Баланың кеңістікті бағдарлануын, дәлме-дәл көріп қабылдауын, көз мөлшерін, қолының саусақтарын дамыту: (бейнелеу іс-әрекетінде, Монтессоридің дидактикалық жаттығулар жүйесінде, сурет сабағында, әріп элементтерінің суреттерін салу, түрлі сызықтар сызу) жаттығуларды дайындаңыз

2.Қазіргі кездегі білім беретін бағдарламалардағы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытудың мазмұны және міндеттерін жазыңыз

3.Бағдарламаларға тиянақты талдау жасап шығу («Балабақшада оқыту және тәрбиелеу», «Балбөбек», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз») әртүрлі бөлімдерде берілген тіл дамытудың негізгі міндеттерін бөлу және әрбір жас ерекшелік кезеңдеріне қарай күрделенуін көрсетіңіз

4.Бір жас ерекшелік тобындағы балалар тілінің даму сипаттамасын жасыңыз

5.Келесі тараулар бойынша бір жас ерекшелігі топта тілдің даму жағдайын зерделеу: сөздің дыбыстау мәдениеті, дұрыс сөйлеу грамматикасы, байланыстра сөйлеуін жазыңыз

6.Қортындылау барысында балалардың тілін дамыту жағдайың міндеттерге сәйкестігін көрсетіңіз

7.Қандай әдістемелік құралдардың көмегінмен материалдардың күрделендірілгендігін жазыңыз

8. Балалармен тіл дамыту жұмыстарының сапасын жақсартуға өз ұсынысыңызды жазыңыз

9.Қазіргі кездегі әдебиеттердегі мектепке дейінгі балалардың сөйлеуін дамыту мәселелерін талдау және мақсаттарда авторлардың берген ұсыныстарына, тиімді техника мен технологияларды жазыңыз

10.Тіл дамыту әдістемесінің балама бағдарламаларына, тіл дамыту әдістемесінің оқу құралдарына қысқаша библиографиялық сипаттама құрастырыңыз

11. Балалармен жұмыс жүргізу барысында қазіргі заманғы қандай техника мен технологияны пайдаланғаныңыз туралы жазыңыз.





12.Қорытындылау барысында сіздің тобыңыздағы балалардың сөйлеу тілінің даму нәтижесін көрсетіңіз

13.Балалардың қарым-қатынастарын қалыптастыру мәселелерін баяндайтын әдебиеттерді зерделеу, олардың түрлерін, сонымен бірге бала мен педагогтың қарым-қатынасы үрдісіндегі өзара әрекет ету жолдарын және қарым-қатынасты ұйымдастырудың психологиялық – педагогикалық шарттарын көрсетіңіз

14.Балалар мен педагогтің қарым-қатынасына бақылау жүргізу. Олардың әңгімелерінің тақырыптарын анықтау. Келесі көрсеткіштер бойынша бақылау қорытындыларын жинақтау: балалар қандай сұрақтармен үлкендермен қарым-қатынас жасайды, жиілігі қалай?; жауап бергенде олар қандай сөйлемдерді көбірек қолданады? Мысалдар келтіріңіздер. Қорытындысын таблица түрінде ресімдеңіз. Өзіңіз қолданатын қарым-қатынасты ұйымдастырудың түрлі әдістерін, құралдарын, нысандарын сипаттап беріңіз.

15.Қорытындылау барысында балалардың жан-жақты сөйлеуін дамытуда үлкендермен қарым-қатынасының қандай маңызы бар екендігін атап көрсету: лексиканы байыту мен белсендіру, сөздерді дұрыс айту, сөйлеуді дамыту, грамматикалық құрылысты, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру бойынша. Бала мен үлкендердің қарым-қатынасын оңтайландыру бойынша өз ұсыныстарыңызды беріңіз.

16.Әдеби деректер негізінде естияр және ересек топтарындағы балалардың сөйлеу тілдерін дамытудың жетекші әдісі ретінде әңгіменің рөлін көрсетіңіз.

17.Әртүрлі жас ерекшелік топтарында әңгімелердің тақырыптары мен мазмұндарын талдау жасаңыз

18. Әңгіме жүргізуден бұрын қандай жұмыстар жүргізіледі, олардың құрылысы қандай. Әңгіме жүргізу әдістерін дайындаңыз

19.Әрбір жас ерекшелік топтарында кез-келген тақырыпта әңгімеге жоспар құрастырыңыз. Осы тақырып бойынша сабақ өткізу және нәтижесін талдау жасаңыз

20.Қорытындылау барысында сөйлеу тілін дамытудағы әңгімелеудің тиімділігін көрсетіңіз

21.Сөйлеу тілін дамыту сабақтарын дайындау және өткізу кезінде ескеруге қажетті тіл мен ақыл-ойды дамытудың өзара байланыстарын ашып көрсетіңіз

22.Сабаққа қазіргі кезде қойылатын талаптарды, сабақ өткізудің тиімді әдіс-тәсілдерін сипаттаңыз, сабақты құрылысына талдау жасаңыз.

23.Тілді меңгеру міндеттерін шешудің кешенді және кіріктірілген тәсілдемелерінің қажеттілігін негіздеп көрсетіңіз.

24. Балалар дамуындағы сөйлеу іс-әрекетінің түрі ретінде көркем шығармалардың рөлі мен өз сөзімен баяндаудың маңызын көрсетіңіз

25. Өз сөзімен баяндау үшін көркем шығармаларды іріктеуге қойылатын талаптарды жазу (әрбір жас ерекшелік топтарда). Балаларды қайталап айтып беруге үйрету әдістемесін дайындаңыз

26. Естиярлар мен ересектер тобында көркем мәтінді қайталап айтқызу бойынша бір сабақтың жоспарын құрастырыңыз

27. Сабақта балалар мәтіннің мазмұнын түсініп, ретімен баяндай алды ма, талдаңыз

28. Тіл дамытудың құралдары: лексика, грамматикалық өңдеу, тілдің көркемдеуші құралдары дұрыс қолданылды ма? Қорытындылау барысында балалардың қандай қателер жібергендігін, балаларды қайталап айтуға үйретудің тиімді әдіс – тәсілдерін көрсетіңіз

29.Балалар психологиясы («Қабылдау» бөлімі) және тіл дамыту әдістемесі («Әңгімелеп айтуды қабылдау» бөлімі) бойынша әдебиеттерді зерделеңіздер. Бір топтан екінші топқа ауысқанда әңгімелердің сипаттаушы мазмұндарының күрделенуін көрсетіңіз

30. Естиярлар мен ересектер тобындағы бір сабақтың жоспарын құрастырыңыз

31.Жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалардың күрделенуін, әдістемелік тәсілдердің ерекшеліктерін көрсетіңіз

32.Балаға жеке – бағдарлылық тәсілдемесінің ұстанымдары қалай жүзеге асырылатынын көрсетіңіз.

33.Әдеби деректер бойынша жад (есі) бойынша әңгімелеудің ерекшеліктерімен танысу. Өз іс-тәжірибесі негізінде әңгімелеуді құрастыруға қандай талаптар қойылатынын жазыңыз

34. Балаларды әңгіме айтуға үйретудің тиімді техникалары мен технологияларын жазыңыз

35.Сабақ жоспарын құрастыру (ересектер, мектепке даярлық топтарында)

36. Балалардың әңгімесін талдап, оларда кездесетін қиындықтарды көрсету, тілдік жұмыстарды жақсарту бойынша ұсыныстар жазыңыз


37.Мектепке дейінгі психологиядан «Қиял» бөлімін және «Тіл дамыту әдістемесі» бойынша «Қиял арқылы әңгімелесу» бөлімін зерделеу; балалардың шығармашылық әңгімелеулерінің психологиялық-педогогикалық даму негізін көрсетіңіз

38. Балалармен жұмыс барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетіңіз

39. Балалардың шығармашылық әңгімелеулерінің санасын анықтайтын көрсеткіштерін көрсетіңіз

40. Балаларға шығармашылық әңгімелер құрастыруға үйрету бойынша (кез-келген нысанда) сабақ дайындаңыз















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Экология

Категория: Тесты

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
" Экология негіздері " пәніне арналған тесттер жинағы

Автор: Башикова Динара Турсынбаевна

Дата: 09.12.2018

Номер свидетельства: 489675


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства