kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Технологиялы? карта: Т?лкі мен ?оян (ертегі).

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я Ныгыметова Амина Жанатовна. Работаю в ясли сад №18 «Гномик». Хочу на своем сайте обобщить и систематизировать результаты работы, раскрыть особенности  методической системы, продемонстрировать наиболее значимые авторские методические разработки, образовательные проекты, творческие работы учащихся в целях внешней оценки своей профессиональной  компетенции.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Технологиялы? карта: Т?лкі мен ?оян (ертегі).»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы:

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қорыққанға қос көрінеді (ертегі)

Мақсаты: ертегіні соңына дейін тыңдауға үйрету, «Г», «к» дыбыстарымен таныстыру; балалардың сөйлеу шеберлігін, сөздік қорларын дамыту; баланы өжеттілікке, батырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қолайна, демонстрациялық құрал, жұмыс дәптері.

Сөздік жұмысы: оймақтай

Билингвальдық компонент:немере - внук, әже - бабушка, тауық - курица, шелек - ведро.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

  • Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ

1.Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды.


2.Алуан түсті, аңқыған иісті,

Қырларда олар жаңбырмен өсті.


Балалар жұмбақты тыңдап, жауабын айтады.


- Жауабы: күн.

-Жауабы: гүл.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

-Балалар, бүгін «күн», «гүл» сөздерінің басында кездесіп тұрған дыбыстармен танысамыз.

-Балалар, «күн» сөзі қандай дыбыстан басталады?

-Бәріміз бірге «күн» деп айтайықшы.


-Енді «гүл» деп айтайық.


-«Гүл» сөзі қандай дыбыстан басталады?


«Г» мен «к» дыбыстарының дқрыс артикуляциясы мынадай: ерін ашылып, тілдің ұшы астыңғы тістің түбіне тиеді.Тілдің үстіңгі жағы таңдайға тиеді. Дем жоғары көтеріліп, тіл мен таңдайдың арасынан шыққанда «к» дыбысы жасалады. Дауыс шымылдығының дірілінен «г» дыбысы естіледі.Бұл екі дыбыс та дауыссыз дыбыстар.


-Қолайналарыңды алып, «г», «к» деп айтып көріңдер.


-Бұл екі дыбыс бір – біріне ұқсас ағайынды дыбыстар.


-«Г», «к» дыбыстарынан басталатын сөздерді айтыңдаршы?


-Иә, сендер осы екі дыбыстан басталатын біраз сөздер біледі екенсіндер.


-Балалар, мына сөздерде «г», «к» дыбыстары қай буында кездесіп тұрғанын айтыңдар:

Гү-лім, кө-гім.

Гү-ріл, жү-гір.

Кө-лік, көк, ө-рік.

Ке-се, кес-те.

Сергіту сәті:

Сергіту жаттығулары үнтаспадан қойылған әуен ырғағымен жасалады.

-Балалар, орыс халқының «Қорыққанға қос көрінеді» ертегісін тыңдаңдар.


Қорыққанға қос көрінеді.

- Баяғыда әже, күлегеш немере, қыт-қыттай беретін тауық және пештің астын мекендейтін тышқан болыпты. Олар күнде су тасиды екен. Әжесінің қолында үлкен шелек, немересінің қолында кішірек шелек, тауықта қиярдың үлкендігіндей, тышқанда оймақтай шелек бар. Әжесі суды құдықтан, немересі астаудан, тауық шалшықтан, тышқан торайдың тұяғы кірген жерден алады екен. Олар кейін қайтқанда су шолп – шолп етеді екен. Жол бойындағы бақшада самсап алмаағаш өсіп тұратын. Бұтақтарында самсаған алма болатын.Оның астында қоян отыратын.Бір жолы суға барып қайтып келе жатқанда жел соғып, алмаағаштың бұтағынан бір алма түсіп, қоянның басына тиеді.Қоян ытқып жөнеліп, су әкеле жатқандардың аяғына оралады. Сушылар үрейлері ұшып, үйлеріне қашады.Әжесі сәкіге құлай кетеді,немересі әжесіне тығылады, тауық пештің үстіне қонақтайды, тышқан пеш астындағы інге тығылады. Әжесі: «Ойпырмай!Аюдың мені таптап кете жаздағаны-ай!»- деп сарнайды.

Немересі: «Әже, бір құбыжықтай қасқыр маған тап берді!»- деп жылайды.

Тауық: «Қыт қыт қыт! Түлкі мені аңдып жүр екен, жеп қоя жаздады!»- дейді.

Тышқан: «Әлгі мұрты едірейген дәу мысықтың үрейімді ұшырғаны, жаным шығып кете жаздады!» - дейді.

Ал бұл кезде зытып орманға келген қоян: «Басыма мұндай қауіп төнбес!Төрт бірдей аңшы соңыма түсті, бәрінің де иті бар, зорға қашып құтылып кеттім ау!» - деп ентігіп отырды. «Қорыққанға қос көрінеді» деген осы.

-Ертегі сендерге ұнады ма?


Билингвальды компонент: немере - внук, әже - бабушка, тауық - курица, шелек - ведро.

«Оймақтай – кішкентай» деген мағынада екенін айтып өтеді.

Тәрбиеші ертегі мазмұнын сұрақтар қою арқылы сұрайды.

- Ертегі кейіпкерлерін атап беріңдерші?

- Олар күнде не тасиды?


- Суды немен тасиды?


- Суды олар қайдан тасиды?





- Сушылар қайтарда қай жолмен жүреді?

- Бақта ағаш түбінде не отырады?

- Бірде қоянның төбесіне не түсті?

- Қоян қорқып не істейді?


- Қорыққан сушылар не істеді?







- Сушыларға қоян қалай елестеді?





- Ал қоянға ше?


- Міне, балалар, «қорыққанға қос көрінеді» деген осы екен.

- Балалар, осы ертегінің авторы сендер болсаңдар ертегінің қандай тақырып қойған болар едіңдер, ойланып көріңдерші?

Дидактикалық ойын:

«Белгілі дыбысқа сөз таңда». Ойын шарты: ертегідегі кейіпкерлердің бас әрпіне сөз құрастырады.Мысалы,

«Әже» сөзіндегі «ә» дыбысына;


«Қыз» сөзіндегі «к» дыбысына;


«Тауық» және «тышқан» деген сөздегі «т» дыбысына.

Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі № 2 тапсырма бойынша орындалады.


Жеке жұмыс жүргізеді.






- «Күн» сөзі «к» дыбысынан басталады.

- Күн.


- Гүл.


- «Гүл» сөзі «г» дыбысынан басталады.














Айнаға қарап, «г», «к» дыбыстарын айтады.




- Гүл,Гүлнар, газет, гитара, гүлстан, кесе, күн, көз, күз, керней, кесте.





Балалар «г», «к» дыбыстарының қай буында кездесіп тұрғанын айтып отырады.




Әуеннің мазмұнына сәйкес қимылмен жасайды.















Балалар ынта қойып тыңдайды.



































Ертегі соңында бәрі де ертегі кейіпкерлерінің қылығына күледі.





-Иә ұнады, ертегі өте қызық екен.


Қайталайды.






-Әже, немере, тауық,тышқан.

- Су тасиды.


- Әрқайсысы өз шелегімен тасиды.

- Әже құдықтан, немере астаудан, тауық шалшықтан, торайдың тұяғы кірген ізінен тасиды.

- Бақтың ішіндегі жолмен жүреді.

- Қоян отырады.


- Алма ағашынан алма түсті.

- Сушылардың аяғына оратылады.

- Әже сәкіге құлады, немере әжесіне тығылады, тауық пештің үстіне қонақтайды, тышқан пештің астыедағы інге кіреді.

- Әжесіне аюға ұқсап, немересіне құбыжық болып, тауыққа түлкі болып, тышұанға мысық болып елестеді.

- Ит ерткен аңшылар болып елестеді.


Балалар ойланып, өз ойларын айтады.









- Әтеш, әке, әкел, әкім.

- Қошақан, қаз, қорқақ, қайшы.

- Тарақ, тоқаш, Тоқтар, текемет.


Балалар тапсырманы орындайды.

Рефлекциялық - түзетушілік

- Балалар, бүгінгі оқу іс әрекетінде қорыққанда көзіңе әр нәрсе елестейтінін білдіңдер. «Батыр бір өледі, қорқақ мың өледі» деген мақал осындай жағдайда айтылады екен.

Балалар «біз батыр боламыз» деген ұранмен бойларына батырлық сезімін ұялатады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: «г», «к» дыбыстарына сөз ойлап айтады, ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, әр кейіпкерлердің өз шелегін өз орнына қоюға берілген тапсырманы.

Игереді: ертегі мазмұнын.

Меңгереді: Өз ойларыннан ертегі құрастыра білу дағдыларын.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Технологиялы? карта: Т?лкі мен ?оян (ертегі).

Автор: Ныгыметова Амина Жанатовна

Дата: 27.02.2016

Номер свидетельства: 299579


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства